Қазақстандағы
мұнай-газ кешендерінің қазіргі жағдайы және
ғаламдану барысындағы стратегиялық бағыттары
Садыбекова Л.С., студент
Рашидқызы М.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті
Ғаламдану
процесі әлемнің барлық елдерін қамти отырып, сол елдердің
экономикалық құрылымына үлкен әсер етуде.
Әлемдік нарықтың қатысушысы ретінде
Қазақстанға да бұл әсер өз ықпалын
тигізуде. Соның бір мысалы ретінде ғаламдық
нарықтың құрылымына негізделген бірлескен
кәсіпорындары түріндегі меншік формасының пайда болуы.
Бірлескен кәсіпорындар құру Қазақстанның
индустриясының даму жолында сапалы қадам жасай отырып индустрия
дамуын түрлендіруге мүмкіндік берді. Сонымен бірге
ұлттық компанияларды да ұмытуға болмайды, дегенмен
олардың дамуына ішкі инфрақұрылымды салып және
сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту қажет болды, себебі
осы байланыстардың қатынасы мен ішінара бірлескен
кәсіпорындардың қатысуын қажет етті. Әсіресе
бұл үрдіс «Қазақстан-Қытай құбырлы
желісі» ЖМК АҚ (бірлескен «ҚазТрансОйл»
АҚ-еншілес-тәуелді ұйым (ЕТҰ),
«ҚазМұнайГаз» (ҰК) және «СЗТК МұнайТас» БК
АҚ (құрылтайшы «ҚазТрансОйл-ЕТҰ ҰК
«ҚазМұнайГаз») сынды құбырлы желісі көлігіне
қатысты. Сыртқы құбырлы магистраль желісін дамыту
әсіресе Қазақстанның мұнай-газ секторын дамытуды
жылдамдатты .
Қазақстан
Республикасы стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктеріне ие мемлекет.
Бұл мынадай факторларға негізделген, Қазақстан
мұнай өндіруден ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші
орынды иеленеді, ал 90 елдік әлемдік қауымдастықта бірінші
отыздықта және сонда 13 орынды иеленеді.
Қазақстанның мұнай-газ өндіру көлемі
бойынша басқа кешеннен алда келе жатқан кешеннің бірі болып
табылады. Барлық экономиканы барлай келе мұнай
өнеркәсібіне де дағдарыс өз әсерін тигізгені
сөзсіз, мұны мұнай мен газ конденсатын өндіру барысының
төмендеуінен байқауға болады [1].


1-сурет
– «ҚазМұнайГаз» АҚ мұнай өндіру мәліметі
«ҚазМұнайГаз
өндіруді шолу» АҚ (ҚМГӨШ) 2012ж. мәліметі бойынша
1- суретте
«ҚазМұнайГаз» АҚ компаниясының мұнай
өндіруде толық немесе үлестік қатысуы келтірілген.
1990
жылдардың бастапқы және ортаңғы шегінде
экономикалық тоқырау және қаржыландырудың
жетіспеуі «ҚазМұнайГаз ӨШ» кенінің мұнай
өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне
әкеліп соқты [2].
Дегенмен 1990
жылдардың соңында компания өндірістің төмендеуін
тоқтатып, содан кейін мұнай өндірудің айтарлықтай
өсуін қамтамасыз етті. 1998 жылдан 2006 жылға мұнай
өндіру көлемі 80% өсті. Бұл өсім
құрғап қалған
ұңғымалардың орнына жаңа
ұңғымаларды барлап, іске қосудың арқасында
өндірістің өсуі жоғарлады.
Ұңғымаларды қайта жөндеу жұмысынан
өткізіп және жаңа технологиялармен жабдықтау барысы
маңызды роль атқарады. Сонымен қатар өндірудің
жоғарлауы бірлескен кәсіпорындардың арқасында да іске
асты .
Республикамыздағы
мұнай-газ кешені отандық және шетел инвесторларының
қаржыларын салуға қызықтыратын кешеннің бірі
болып табылады. Бұл кешен әлемдік деңгейде шикізатты
өндіру мен өңдеу инфрақұрылымын дамытуда ең
қуатты шикізат базасы болып табылады. Дегенмен бұл
қызметтің нәтижесі мұнай мен газға деген
әлемдік коньюктура бағасына үлкен тәуелді.
Экономиканың басқа секторларындай Қазақстанның
мұнай-газ сектор өнеркәсібінің нарықтық
жағдайда бір мезгілде жаңаруымен позитивті және
келеңсіз үрдістері де байқалды. Соның ішінде
келеңсіз жақтары - кәсіпорынның нақты
мақсаты мен міндетінің болмауы, нарықтық
мүмкіндіктерге ашатын жолды білмеуі, жоспарлау мен қаржы
қызметтерінің қарым-қатынасының бірікпеуі,
кәсіпорынның жаңаша жұмыс істеу жүйесінің
болмауы және т.б. Нарықтық жағдайда мұнай-газ
секторы кәсіпорынының табысты жұмыс істеуі және ары
қарай дамуы үшін басқару жүйесі мен әдісін
қайта қарастыру қажет, әрі ең алдымен
стратегиялық көзқарас негізінде болуы тиіс. Көптеген
өнеркәсіп негізінде стратегиялық жоспарлау өрісін
кеңейтудің түбегейлік шарты Қазақстанның
ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуін
қамтамасыз ету болып табылады [3].
Стратегиялық
жоспарлауды қолданудың маңызды артықшылығы
кәсіпорынның жақсы жұмыс жасауына мүмкіндік
береді: сыртқы ортаның өзгерісіне кәсіпорынды
дайындайды; сыртқы ортаның өзгеруімен оның ресурстарын
үйлестіреді; пайда болған проблемаларды шешеді; оның
түрлі құрылымдық бөлімдерінің
жұмыстарын реттейді; кәсіпорынға бақылауды
жақсартады. Нарықтық экономика жағдайында
өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін
стратегиялық жоспарлауда теориялық және тәжірибелік
сауалдарға байланысты өте маңызды және ғылыми
көңіл бөлуді туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Панов
Г.Е., Петряшин Л.Ф., Лысяный Г.Н. Охрана окружающей среды на предприятиях
нефтяной и газовой промышленности – М: Недра, 1986 – 250с.
2. Семеновская И.В., Тарараева Е.М. Радиологические
проблемы при нефтедобыче // информационный бюл. №1992-М., 1993.
3. Иманбаева Б.М. Радиоэкология
нефтепромыслов Мангистау // Нефть и газ – 2002, №3 – С 104-106.