Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануды арттыру жолдары

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Оспанова Г.А

 

 

Нарық экономика жағдайында негізгі құралдарды тиімді қолдану шығарылатын өнімнің сапасын көтеру және бәсекелестік нарықта тез сатылатын және үлкен сұранысқа ие болатын сапалы өнім шығару қазіргі уақытта экономикалық  реформаларды шешуде тығыз байланысты. 

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.

Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.

Кәсіпорын скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.

Негізгі қорларды неғұрлым толығымен қолдану, өндіріс көлемін ұлғайта отырып, жаңа өндірістік қуаттылықтарын енгізу мұқтаждығын төмендетуге, соның арқасында кәсіпорын пайдасын дұрыс пайдалануға алып келеді (тұтыну қорына аударылатын үлесті ұлғайту, жинақтау  қорының басым бөлігін технологиялық процестерді механикаландыру мен автоматтандыру және т.б.).

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту – олардың айналымдылығын үдету, техдету деген мағынаы білдіреді, ол өз кезегінде табиғи және моральдық тозу уақыттарының арасындағы айырмашылықты, алшақтықты қысқартуға, жақынжатуға едәуір ықпал етеді және негізгі қорларды жаңалау қарқынын тездетеді.

Кәсіпорын кызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді, Қол жеткізілеген тиімділікті авансталған немесе қолданылған ресурстармен салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігін бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

1. Қорытындылаушы;

2. Технико – экономикалық.

Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, материал қайтарымдылығы, капитал салудың қайтарымдылығы жатады.

Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштің бірі – қор қайтарымы, ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаушы көрсеткіш болып табылады.

Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге есыру үшін материалдық - техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды.

Негізгі құралдарды нәтижелі қолдануды халық шаруашылығы  мағынасында қайта бағалау қиын. Оның шешімін табу қоғамға керек өнімнің өндірісін көбейту, жасалған өнідірістік потенциалдың қайтарымдылығын өсіру және халық қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, елдегі жабдықтардың теңдігін жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өндіріс рентабельділігін өсіру және кәсіпорын қорын көбейтуді білдіреді, егер икемді құралдар нарық қажеттіліктерін қанағаттандыратын болса, онда талдаушы бұл икемді жүйенің барлық қажетті компонеттері бар-жоқтығын анықтау керек.

Қазіргі кезде кәсіпорындар өте қымбат тұратын құралдармен, роботталған жиынтықтармен, көлік құралдарымен және т.б. негізгі қор түрлерімен жабдықталған. Жұмыс процесі кезінде олар өздерінің жұмыс сапасын жоғарлатады, яғни бөлшек бұйымдарының тозуынан құрал өзінің дәлдігін, қуатын, өнімділігін жоғарлатады.

Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылай пайдалану жолымен, негізгі көрсеткіштердің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдық коэффициенті, жабдықтау жүктемесінің коэффициентін арттыруы мүмкін.

Кәсіпорында негізгі қорларды пайдалануды жақсарту жолдары:

- кәсіпорынды артық құралдардан, машиналардан босату және жалға беру;

-  жаңа жағдайдағы, сапалы, жоспарлы, күрделі жөндеулер жүргізу;

- жоғары сапалы негізгі өндірістік қорды сатып алу;

- қызмет көрсетуінде персоналдың біліктілік деңгейін көтеру;

- негізгі қордың физикалық және моральдық тозуын шектен тыс   болдырмай жаңа жағдайда жақсарту;

- кәсіпорынның жұмыс істеу ауысымының коэффициентін көтеру;

- өндірістік процеске қажетті шикізаттар мен материалдарды дайындаудың сапасын жақсарту;

- жаңа техника және прогрессивті технологияны, аз қалдықты, қалдықсыз технологияны енгізу;

- өндірісті біріктіру, мамандандыру.

Негізгі қорларды тиімді пайдалану мәселесін шешу қоғамға қажетті өнім өндірісін арттыруды, құрылған потенциал қайтарымын арттыруды, халықтың қажеттерін толық қанағаттандыруды, елдегі жабдықтардың балансын жақсартуды, өнімнің өзіндік құнын төмендетуді, өндіріс рентабельділігін өсіруді, кәсіпорын қорын жинақтауды білдіреді.

Негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды аса толығымен пайдалану өндіріс көлемі өзгерген жағдайда жаңа өндірістік қуаттардың енгізілуі қажеттілігінің азаюына әкеп соғады, нәтижесінде кәсіпорын пайдасын жақсы пайдалануға ықпал етеді [1].

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту олардың айналымдылығын жылдамдатуды білдіреді, мұның өзі моральдік және физикалық тозу мерзімін қысқарту және негізгі қорлардың айырмашылықтарын жаңару қарқынын жылдамдату мәселелерін шешуге елеулі түрде әсер етеді.

Ақырында негізгі қорларды тиімді пайдалану шығарылатын өнім сапасын арттырумен байланысты, өйткені нарықтық бәсекелестік жағдайында жоғары сапалы өнім үлкен сұранысқа ие және тез сатылады [2].

Негізгі қорлар мен өндірістік қуаттардың табысты қызмет атқаруы оларды пайдалануды жақсартудың интенсивті және экстенсивті факторларына байланысты.

Жабдықтың жұмыс уақытын арттырудың негізгі бағыттары:

- жабдықтың ішкі ауысымдық тұрып қалуын қысқарту және жою, оған қол жеткізу үшін жабдықты жөндеу санын арттыру, негізгі өндірісті уақытылы еңбек күшімен, шикізатпен, материалдармен, ойынмен қамтамасыз ету керек;

- жабдықтың күні бойы тұрып қалуын қысқарту, оның жұмысында ауысымдық коэффициентін арттыру.

Бұл аталғандар негізгі қорды экстенсивті жақсартуға жатады, бұл бір жағынан күнтізбелік кезеңде жұмыс істеп тұрған жабдықтардың жұмыс уақытын арттыруды білдірсе, екінші жағынан – кәсіпорында бар барлық жабдықтың құрамында жұмыс істеп тұрған жабдықтың үлес салмағын арттыратындығын білдіреді.

Негізгі қорларды және өндірістік қуаттарды пайдалану тиімділігін арттырудың маңызды жолы басы артық жабдықтың санын азайту және орнатылмаған жабдықтарды өндіріске жылдам қатыстыру болып табылады. Еңбек құралдарының көп бөлігінің тұрып қалуды өндіріс өсіміне кедергі жасап, олардың физикалық тозуы салдарынан тікелей шығындарға әкеп соғады, өйткені жабдықтарды ұзақ сақтау нәтижесінде олар жарамсыз болып қалады. Ал физикалық жақсы болғанымен өзге жабдықтар моральды тозуға ұшырап, физикалық тозу қатарына жатқызылады.

Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қайтарымына оң ықпалын тигізді. Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің қайтарым деңгейінің артуы бірінші себептің әсерін жоғарлатты.

Кәсіпорында негізгі қорларды пайдалануды жақсарту жолдары:

1) Кәсіпорынды артық құралдардан, машиналардан босату және жалға беру;

2) жаңа жағдайдағы, сапалы, жоспарлы, күрделі жөндеулер жүргізу;

3) жоғары сапалы негізгі өндірістік қорды сатып алу;

4) қызмет көрсетуінде персоналдың біліктілік деңгейін көтеру;

5) негізгі қордың физикалық және моральдық тозуын шектен тыс   болдырмай жаңа жағдайда жақсарту;

6) кәсіпорынның жұмыс істеу ауысымының коэффициентін көтеру;

7) өндірістік процеске қажетті шикізаттар, материалдарды дайындаудың сапасын жақсарту;

8) жаңа техника және прогрессивті технологияны, аз қалдықты, қалдықсыз технологияны енгізу;

9) өндірісті біріктіру, мамандандыру.

Негізгі қорларды тиімді пайдалану мәселесін шешу қоғамға қажетті өнім өндірісін арттыруды, құрылған потенциал қайтарымын арттыруды, халықтың қажеттерін толық қанағаттандыруды, елдегі жабдықтардың балансын жақсартуды, өнімнің өзіндік құнын төмендетуді, өндіріс рентабельділігін өсіруді, кәсіпорын қорын жинақтауды білдіреді.

Негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды аса толығымен пайдалану өндіріс көлемі өзгерген жағдайда жаңа өндірістік қуаттардың енгізілуі қажеттілігінің азаюына әкеп соғады, нәтижесінде кәсіпорын пайдасын жақсы пайдалануға ықпал етеді.

 Кәсіпорын активтерін (мүмкін) пайдалану тиімділігі – берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың  дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі ¾ табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға)  қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

- кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

табысты болжау әдісі;

- шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ  мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші  болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың  тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдалануды жақсартудың экстенсивті жолы толығымен әлі пайдаланылмаған және оның өз шегі бар. Интенсивті жолдың мүмкіндіктері әлде қайда кең.

Негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдалануды интенсивті жақсарту уақыт бірлігінде жабдықты жүктеу дәрежесін арттыруды білдіреді. Жүктеу интенсивтілігін арттыру жұмыс істеп тұрған машиналар мен жабдықтарды модернизациялау арқылы, олардың оптимальды жұмыс режимін белілеу арқылы мүмкін болады.

Технологиялық процестің оптимальды режимі жағдайындағы жұмыс негізгі қорлардың құрамын өзгертпестен және уақыт бірлігіне шаққандағы материалдық ресурстар мен шығындарды төмендету арқылы өнім өндірісін жақсартуға жағдай жасайды.

Негізгі қорларды интенсивті жақсарту еңбек құрамын техникалық жетілдіру жолымен өндіріс технологиясын жетілдіру жолымен, «осал жерлерді» өндірсте жою жолымен, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мерзімін қысқарту арқылы, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы мүмкін болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2007

2.     Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. Оқулық,- Қарағанды: «ҚарағандыПолиграфия» баспасы, 2009