Э.ғ.к. Сапарбаева С.С.-ғылыми жетекші

Маратқызы С., Нұрпеисова Д.

107-Есеп және аудит магистранттары

С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Шағын бизнестегі тәуекелділіктің мәні және түрлері

Қазіргі жағдайда нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпкерлік қабілетінің бірі ғана емес, сонымен бірге оның тұрақты сипаттамасы. Ол табиғи-психологиялық сапалармен байланысты:

ü     жоғары белсінділік, шығармашылық әлеуметтің ырықсыздығы, сәттілікке, лидерлікке ұмтылу;

ü     стреске төтеп беру, тәуелсіздік,еркіндік пен өнімдікке бағыт-бағдар алу;

ü     өз мүмкіндіктерін, қоршаған ортаны, қазіргі және болашақ тұтынушылар мен контрагенттердің жеке параметрлерін есепке алып, ақпаратты жедел табу, талдау, қайта өңдеу қабілеті;

ü     тәуекелді шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру жауапкершілігі және жоғары сезгіштік қабілеті;

ü     тәуекелді жағдайларды іздеу, тәуекелге бару қабілеті.

         Мұндай қабілеттерді игере отырып, кәсіпкер жағдайды саналы бағалауға негізделген жаңашыл тәуекелді шешімдерді қабылдап, жүзеге асырады. Өндіріс факторларының жаңа комбинацияларын пайдалану арқылы кәсіпкердің қосымша табыс, кәсіпкерлік пайда табу мүмкіндігі бар. Бұл пайданың бір бөлігі шаруашылықты жүргізу әдістерімен және өндіріс факторларының қарапайым комбинацияларын пайдаланумен салыстырғанда жеке шығындарды төмендеті есебімен, пайдалы нарықтарды және өз өнімдерін өткізу сегменттерін табу есебімен, жоғары сұранысқа ие жаңа тауарды табысты сату есебінен және т.б. құралады [1].

         Кәсіпкерлік тәуекел басқару  және оның барлық функцияларымен өзара тығыз байланысты. Бұл функциялардың әрқайсысы анықсыздық жағдайында ойластырылған тәуекелге мүмкіндік береді.

         Кәсіпкерлік тәуекел  - бұл мүмкін болатын әлеуметті қауіпсіздік, яғни кәсіпкер алдын ала болжанған табыстан төмен табыс алады. Алайда, мыналарды есте сақтау қажет:

ü    Тәуекел шығындаумен және табысты, пайданы және ресурстарды жоғалту қалпымен байланысты болмаиды;

ü    тәуекелді кәсіпкерліктің функцияларынан ажыратып қалыптастыруға болмайды.

         Кәсіпкерлік табыс, пайда табу айқынсыздықпен, тәуекелдік функцияларымен байланыстырылады[2].

         Тәуекел жағдайында кәсіпкер одан қашқақтамауы тиіс, керісінше өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескере отырып , тәуекелді мүмкіндігінше едәуір төмен деңгейге төмендетуге ұмтылу қажет.

         Шағын бизнесте тәуекелде келесілермен байланысты болуы мүмкін:

ü    сатудан түскен табыстардың қысқаруымен ;

ü    эксплутациялық шығындардың көбеюімен ;

ü    қорлардың қысқаруымен ;

ü    қарыздың көбеюімен.

         Шағын бизнесте тәуекелді 3 негізді категорияға біріктіруге болады.

Шағын бизнесті тәуекелдер:

1.Таза тәуекел. Егер олардың нәтижелері жоғалтулар болса немесе пайда болу мүмкіндігіде жоқ болса;

2. Алыпсатарлық тәуекел. Кәсіпкер    ұтпайды да, ұтылмаиды да.

3.Фундаменталды тәуекел. Егер тәуекел барлық компанияларға әсер етсе және даралық сипатта болмаса.

         Таза тәуекелге өрт, клиенттің банкротқа ұшырауы, ұрлық, жол-көлік апаты және т.б. мысал болады. Алыпсатар тәуекел қарапайым акциялармен және қозғалмайтын мүлікпен операциялар жасау барысында орын алады. Фундаменталды тәуекел су тасқыны, жер сілкінісі, инфлиция, соғыс және т.б. кезінде пайда болуы мүмкін[3].

Әдебиеттер:

1.     О.Сәбден, А.Тұрсынбаева Шағын бизнес негіздері.-Астана 2008

2.     А. Блинов Малое предпринимательство. –М., 1998.-8с

3.     О.С.Сабден, А.Н.Токсанова Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики-Астана,2001