Сатанбаева Алматай Өтекқызы

 Ш.Есенов атындағы КМТИУ,  Ақтау қ., Экономика және құқық факультеті

Қазақстан Республикасының пластикалық карточка нарығының қазіргі жағдайы

 

Қазіргі уақытта төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің үлкен  ассортименті көрсетілді және түрлі  карточкалық бағдарламалардың елеулі саны ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызметін, салық және кеден төлемдерін төлеуге,  кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға, Интернет немесе телефонды пайдалану арқылы тауарларға және қызмет көрсетуге тапсырыс беруге болады.

Бұл ретте Қазақстанның банктерінде мынадай халықаралық (VISA International, Europay International, American Express International және Diners Club International, China Union Pay), сондай-ақ жергілікті төлем жүйелерінің карточкаларын (Altyn Card, SmartAlemCard, TemirCard, сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ және «Ситибанк Казахстан» АҚ карточкалары) карточкаларын алуға болады. Қазақстан Республикасында «карточка» бағдарламасына енудің қуатты дүмпуі 90 – шы жылдарда коммерциялық банктердің санының өсуі мен банктік қызмет көрсету саласындағы бәсекелестіктің шығуы.

Қазақстан  егемендігін  жариялау,  елдің  экономикасы  мен  банк  жүйесін реформалау сенімділігі,  қауіпсіздігі  мен  тиімділігімен  ерекшеленетін,  жедел  жəне  көп  тəуекелсіз төлемдер жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйелерін құру қажеттілігін тудырды. Республиканың  тəуелсіздігі жылдары  ішінде Ұлттық  Банк  төлем жүйелерін  дамыту жəне  жетілдіру  бойынша  айтарлықтай  жұмыс  жүргізді.  Халықаралық  қаржы  ұйымдарының сарапшылары  ел аумағында уақтылы төлем жүргізу  жəне  ақша  аударуды  қамтамасыз  ететін  Қазақстанның  төлем жүйелерінің  жоғары тиімділігі  мен  сенімділігін  атап  өткен  болатын. Негізгі қағидаттарға толық сəйкес келеді.  Бұл  ретте  ұлттық  төлем  жүйелерінің  сенімділік  деңгейін  арттыру  мақсатында Қазақстан  Ұлттық  Банкі  тұрақты  түрде  алдыңғы  қатарлы  ақпараттық  технологияларды ескеру  арқылы  төлем  жүйесінің  серверлерін  жаңарту  бойынша  жұмыстар  атқаруда, нормативтік құқықтық базаны жетілдіруде.  Қазақстан Ұлттық Банкінің  ел  аумағында  қауіпсіз жəне  үздіксіз  төлем жүргізу жəне ақша  аударуға  бағытталған  негізгі  функцияларының  бірі  төлем  жүйелерін  қадағалау (оверсайт) болып табылады.  Төлем  жүйелерін  қадағалауға  нақты  уақыт  режимінде  төлем  жүйелерінің мониторингі, банктерден жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан  ақша  аудару  жəне  төлемдер  бойынша  статистикалық ақпаратты  жинау  жəне талдау,  төлем  жүйелерінің  жұмыс  істеу  тиімділігін  бағалау кіреді.  Оверсайт  шеңберінде Қазақстанның Ұлттық Банкі төлем жүйелерінің операторын жəне қатысушыларын тексеруді жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық  Банкі Қазақстанның  банк жүйесін  реформалау  барысында  жаңа  төлем  жүйелерін  жасау  бойынша жұмыстар бастаған  болатын.  Қазақстанның  төлем  жүйесін  реформалаудың  негізгі  мақсаты  ел аумағында  төлемдер  мен  ақша  аударымдарын  өңдеудің  жылдамдығы  мен  қауіпсіздігін ұлғайту болып табылады.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкінің  төлем  жүйесін  жасау  барысында дамыған  елдерде  сонымен  қатар  Шығыс  Еуропа,  Балтық  жəне  ТМД  елдерінде  жұмыс істейтін  төлем  жүйелерінің  тəжірибесі  зерттелген.

Төлем карталары нарығының соңғы жылдардағы жағдайы жаксаруда.

Қазақстанда электронды әмиандардың саны жыл санап артып келеді. Оған ресми статистика дәлел болып отыр. Ұлттық банкі таратқан ресми деректерге сүйенер болсақ, 2012 жылы республикамызда 12 миллионнан аса төлем каточкалары шығарылды. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 25% артық. Қаржы нарығының ойыншылары жүргізген зерттеулерге сүйенер болсақ, елде карталарды ұстап жүргендердің дені жас және орта жастаға, орта табысы бар азаматтар. Негізгі яғни шығарылған карточкалардың 85% - дебеттік карталардың үлесіне иесілі. Бұлар жалақы төлеу жобаларында белсенді қолданылып отыр. алайда сарапшылардың пікірінше, соңғы уақытта несие карточкаларын қолданушылар қатары артып келеді. Өткен ждылы осы құралмен 2 млннан аса адам қолданған екен. Қазір қаржы саласының компаниялары нарықта ұсынып отырған бірқатар қызық болатындай ұсыныстары бар. Айта кететін жайт, қаржының дені кіші және орта көлемді тауарларды сатып алуға жұмсалып отыр.

2012 жылдың тағы бір тренді төлем жасау жүйелерінің қарқынды жаңаша дами түсуі болды. Бұлардың барлығы ғаламтор жүйесіне бекітілген. Қазақстандық банктердің басым бөлігі өз порталдарын ашып, клиенттер қашықтықтан коммуналдық төлемдер жасау мүмкіндігіне ие болды. Тіпті ұялы байланыс шоттарын да осылайша толтыра алады. Бұл үрдіс 2013 жылы да жалғасын  тапты. 2012 жылдың 1 қарашасында яғни 2012 жылдың 11 айында төлем карталары арқылы 12 млн. 486 мың транзакция жасалып, 419 млрд. 217 млн. теңгенің ақша шығару операциясы жүзеге асырылған. Қолма қол ақшасыз есеп айырылысу көлемі 3 млн. 833 мың трансакция арқылы 72 млрд. 16 млн. теңгенің сомасымен төлем жасалған. Жасалған операциялардың дені халықаралық төлем жүйелеріне тиесілі. Сарапшылар, отандық банк жүйесі шетелдік үлгілерден қалып отырған жоқ, оған қатты ұқсас екендігін атап отыр.

Қазақстандықтарға тұтынушылық несиелердің несиелік картада жатқан қаржыдан айырмашылығының бар екендігін түсінгендігі маңызды. Қаржысыз төлемдерге көшу қаржы нарығының негізгі жетістігі болып саналады. 2013 жылғы қаңтардың бірінен бастап Үкімет жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға салықтық төлемдерді жеңілдету үшін карталар арқылы төлем қабылдауды ұсынды. Енді оларда міндетті түрде осы қондырғы болуы шарт. Бүгінде карта өнімдерінің мүмкіндіктері қаржылық операциялармен шектеліп отырған жоқ. Соңғы бірнеше жылда банктың емес, пластикалық карталарға да сұраныс артты. Олардың саны өте көп. Төлем картасынан бастау алып, жеңілдік картасына дейін жетіп жатыр. Кейбір карталарда оның ұстаушысы туралы ақпарат жинақталады. 2012 жылы елдегі дисконт, клуб, қызметтік карталардың өндірісі 10 пайызға артып кетті. Биыл да салада 30 пайыздық өсім болады деп болжануда. Өсімге әсер ететін негізгі фактор – республикада іскерлік белсенділіктің артуы, ритейл жүйелері мен көңіл көтеру орталықтарының көптеп ашылуы мен халық тарапынан техникалық жаңалықтарға қызығушылық әсер етеді. Сарапшылар нарықта алғашқы белсенділік 2010 жылы басталды деп отыр. Оған пластикалық картаны электронды кілт ретінде пайдаланып отырған коммерциялық компаниялар әсер етті.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 24 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 95,6%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express Internationa және, China Union Pay. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card –  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «БТА Банк» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер 16,5 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 14,4 млн. адам болды (2013 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 36,3% және 29,8% өсу). Барынша таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 69,2%, кредиттік карточкалардың үлесі – 21,0%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесәіне тиісінше 1,2% және 8,5% сәйкес келеді.

Елімізде төлем карточкалары жүйесiн дамыту қолма-қолсыз ақша айналысын кеңейтуге, ақша эмиссиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға, тиiмдiлігі аз төлем құралдарынан (мәселен, чек) оның тиiмдiрек жаңа түрлерiне көшуге мүмкiндiк бередi.

 

Қолданылған әдебиет:

1.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы »ҚР Заңы

2.29.06.1998 ж. шыққан №237 «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» ҚР Заңы

3.Ілияс А.Ә., Сәулембекова Ә.Қ. Төлем жүйесі:теория және практикасы.Оқу құралы . Алматы: Экономика, 2007