ӘӨЖ 372.04:
Несиенің кайтарылуын
қамтамасыз етудің дәстүрсіз әдісі
Нұрбосынова Ж.Н.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжиниринг университеті «Қаржы»
кафедрасының аға оқытушысы
Несиенің түпкі тамыры
тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан
кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің
маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде
де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым - қатынасты
жаңартудың және түрлендірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында
мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін
қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Банктердің
қарыз портфелінің құрылымында
несие стандартының үлесі 71,3%-дан 61,1%-ға азайды, ал
үмітсіз несиенің үлесі 26,7%-дан 36,8%-ға және
2,0%-дан 2,1%-ға үлкейді. Қарыздық қызметсіз
үлесі 2,10% құрады, ал мүмкін болатын зиянның
қарызы 6,20%-ға өсті. Сапасының нашарлауы
активтердің классификациясының ережесінің және
міндеттеменің өзгеруімен байланысты. Бірақ,
экономикадағы несиелік сектордың тәуекелін сақтау да
керек. Банктер жоғарғы несиелік активтердің арқасында
көптеген несиелік айырылудан азынша қорғалады.
Қазақстандық банктердің меншік капиталдары өз
зияндарын реттеуге көшті, өйткені капиталдың несиеге деген катынасы
41,2% 2009 жылдан 22,9% 2012 жыл аяғында қысқарды.
Соған қарамастан банктердің меншікті капиталын өсіруі
шектеулі болып калады.
Банктік сектордың негізгі көрсеткіштері.
|
Көрсеткіштер |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Меншікті капитал,млрд.тг |
97,6 |
122,1 |
161,2 |
223,5 |
|
Экономикадағы несие,млрд.тг |
276,2 |
489,8 |
672,4 |
978,1 |
|
Меншік капитал |
3,8 |
3,8 |
4,3 |
50, |
|
Экономикадағы несие |
10,6 |
15,1 |
17,9 |
22,0 |
Қазақстандық
банктердің несиелік портфелінің масштабы ұлғайуын тек экономикалық
темптің өсуі ғана емес, активтердің және меншік
капиталының өсуі де озып шығады делінген. Жоғарғы
нарықтық -шаруашылық шарты несиені қайтаруға
арналған әдісті ойлап тапты.
Дәстүрсіз
әдісте несиелік қайтаруға мыналар жатады:
-
Несиеге деген жауапкершілік сақтандыруы
;
-
Вексель;
-
Аккредитив;
-
Қарызды дисконтпен өтеу;
-
Факторинг және форфейтинг;
-
Өнеркәсіп өтімділігі;
-
Қарызгердің шетелдегі шоттарын іздестіру. Берілген тәсілдердің
кіріспесін қарап шығарайық.
Қайта
ұйымдастырылған және ұлтаралық стандартқа жеткен
сақтандыру ұлттык экономикалық басты мәні болып
табылады, ол мемлекеттегі жүргізілетін реформалар мен инвестициялық
климатқа сай реттелген және ынталандырушы әсерін тигізеді. Осы
әдіске үш
қатысушының өзара тиімді келісімі керек. Мысалы, несиелік -
банк несиенің қайтарылуына сенімді кепіл алады , (заемщик) несие
қарызын уақытында төлемеуден туындайтын іскерлік
абыройлығынан кепілді болады, ал сақтандырушы өз
қызметіне сақтандыру тарифі түрінде материалды сыйақы
түрде алады. Сақтандыру оқиғасы несие жабу кезінде , несие
құралын әр
түрлі жағдайымен қайтармау (банкрот болған
жағдайда) кезінде туындайды және несие келісіміне сәйкес қарызгердің
өз міндетін орындамау, егер берілген жағдай одан туындамаса
(мысалға: форс-мажорлық жағдайлар) сақтанушының
сақтандыру премиясы - сақтандыру тарифін пайдаланып берілген
мерзімде сақтандыру төлемін жүргізуді айтамыз.
Сақтандыру тарифі – бұл сақтандыру объектісін есепке ала отырып
сақтандыру сыйақасының мөлшерін анықтайтын
және сақтандыру тәуекелінің мінезін көрсететін шкала.
Сақтандыру субъектілер арасындағы несиені жабу жауапкершілігі
көрсетілген сақтандыру келісіміне сәйкес анықталынады. Көрсетілген
келісімнің реті мен шарты сақтандыру стандарттар негізінде
сақтандырушымен бірлескен сақтандырушының қабылданган
келісімі арқылы орнатылады.
Шет мемлекеттерде несиені
сақтандыру ресурстары кең түрде практикадан өткен. Мысалы,
көрсетілген үлкен сақтандырушы АҚШ
Эксимбанкі, несиені сақтандырудың АҚ «Гермес» Германияда және тағы басқалары.
Несиенің
қайтарылуының дәстүрлі емес тәсілінің рөлін вексель және аккредитив атқарады.
Вексель - сөзсіз, дауыссыз
қатаң орнатылған қалпында қарызды
құжат, ақшаның міндеттемесі бар бағалы
қағаздың түрі. Вексельді пайдалану арқылы вексель
несиесін беру формасы пайдаланылады. Көрсетілген несиені берілген есеп бойынша
жабу, несие берілген субъектіге жүктеледі. Қарызды жапқаннан
кейін вексель өзіне қайтарылады. Сонымен қатар қарызды жабу,
клиенттің басқаруы бойынша құралдарды қайта есептеу
кезінде жүргізіледі.
Банктік
вексельдер клиенттер үшін жоғарғы мүмкіндіктерге ие. Бұл
жиі кездесетін көрсеткіш, өйткені мықты банктердің
ақшадан қарағанда, вексельдермен жұмыс істеуі
оларға тиімдірек көрінеді. Бұл келесі жағдайлармен
түсіндіріледі . Ақша пайда әкелу үшін , оларды
бағалы қағаздарға, несиелерге, дпозиттерге салу керек. Сол
арқылы құйылған ақшаларды есеп айырысуға
қолдануға болмайды.
Қазіргі
қаржылық нарықта аккредитивтің рөлі мен
мағынасы, несиелеу мен төлем жүргізу үшін қажет.
Аккредитив - бір несиелік
банктің екіншісіне жазбаша түрде тапсырмасы және белгіленген
акша сомасын көрсетушіге беру.
Аккредитивті критерилер бойынша қамтамасыздандыру
3 түрлі болады.
1.шақырылған;
2.шақырылмаған-расталмаған;
3.шақырылған-расталған.
Шақырылған аккредитив – бұл , берілген
мерзімде аккредитивтің банкпен жойылуы, яғни ол бенефициардың
берілген субъектіге хабарсыз ашылуы. Бұның артықшылығы әріптестер
арасында төлемнің жылдам жүргізілуінде көрсетілген. Ал
басқа жағдайларда шақырылған аккредитивпен пайдалану ұсынылады
, оның мәні келесідей , олар экспорттердің келісімінсіз
уақытынан бұрын өзгермейді.
Шақырылмаған
- расталмаған аккредитив – мұнда аккредитив , несие алушыға
қызмет ететін банк. Несиелерге қатысты барльщ төлемнің
уақытылы жүргізілу міндетін өзіне алады. бірақ есте
сақтайтын бір жайт, экономикалық және саяси тұрақсыздық
кезінде пайда болатын төлемнің уақтылы мерзімде төленбеуіне
байланысты банк бұған жауап бере алмайды, сондықтан көптеген
мәселелер пайда болады. Осындай кезде, шақырылмаған-расталмаған
аккредитиве пайдаланған дұрыс, өйткені банк
- эмитентке
екінші банк аккредитивті кезінде төлем жүргізуіне сауабын тигізеді.
Осыған байланысты несиеленген банк көптеген эконоикалық , әлеуметтік,
саяси тәуекелден қорғалады, яғни кез-келген
жағдайда аккредитивті растайтын банк өзіне барлық
қызметті алады. Сонымен қатар, растайтын банк осы міндеттерді
орындау үшін, келесі талап қояды:
-
аккредитиве шақырылмаған күйінде ашу;
-
аккредитив расталған банкте пайдалануы және төленуі керек.
-
аккредитивте
банк-эмитенттің банк-корреспондентке өкілеттіктердің төленуі мен айдарымы
қаралуы керек;
-
аккредитив мазмұнында дұрыс талдамау соның
ішінде түсініктемелер болмауы тиіс.
Несиені кайтаруды
қамтамасыздандыру үшін қарыздың дисконтпен сатылуы
практикаланады. Көрсетілген
жеңілдіктің мөлшері мынадай факторлармен байланысты:
- Берілген
кезеңдегі нарықтық сапасының депозиттік
жеңілдіктері;
-
қарызды қайтару мерзімін қалыптастыру;
-
қарыздың төлемеу жағдайларына байланысты
туындаған банкроттың тәуекелі;
Қарызды сату
несиегердің шотына несие қарызының сомасының
түсуіне тез арада түсуіне ықпал етеді. Осы сатудың
негізі, келесіде: несиегер өзінің дебиттік
қарызын сату кезінде, қарызды тез қайтаруға
мүмкіндігі бар , бірақ, осыған байланысты несиегер өз қарызын қайтару
кезінде, қарыздың сомасының бір
бөлігін сатып алушыға түсіреді. Берілген операция несиегерге
тиімді, өйткені несиені қайтару бірнеше уақытқа созылуы
мүмкін. Ал қарызды сатып алушы болашақта осы соманы
нақты алатынына сенімді болу үшін дебитордан кепілхат алады. Қарызды дисконтпен сату
процедурасы үш жақтың келісімі арқылы жүргізіледі,
яғни несиегермен, осы сатып алушы және қарызгермен осы келісім
бойынша қарызды сатып алушы - сатушыға міндетін өзіне алады,
ал қарызгер сатылған қарыздың барлық
толықтай сомасын пайыз күйінде қайтаруын өз
міндетіне алады. Қарызды сатудағы экономикалық және пратикалық мәні, капитал айналымы қысқарып,
несиелік ресурстарға сұраныс азайып, тәуекелдер жойылып,
өтімділік баланс көрсеткіші жақсарады.
Қазақстан
және басқа да елдер үшін , төлемнің және
басқа да есептесу құралы болып - факторинг табылады. Ол несиелік
операцияның әртүрлілігін көрсетеді, бұл жерде фактор
(бұл жерде агент, делдал ретінде коммерциялық банк, қаржылық
немесе арнаулы факторингін компания саналады) несиегер банктен қарызгерге
белгілі ақша алып, несиегер пайдасына қарызды өзі белгіленген
сыйақыға төлем жүргізеді.
Тәжірибеде
факторинг қызметінің екі түрі бар:
- қарызгерге байланысты несие факторын
сатуға төлемдік талап.
- фактор жағынан несиегерге қызмет көрсету, қарызгердің
қаржы – несие материалының
ақпараттық анализі және оны оқу, несие тәуекелін сақтандыру,
транспорттық , складтық , консультацияның және тағы да баска қызметтер.
Көрсетілген тәсіл ТМД елдерінде және Қазақстанда
таралған, ол банк және басқа да несиемен
айналысатын субъектілерге тәжірибиенің енгізілуі мен
дамуын көрсетеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Банковское дело / под ред. О.И. Лаврушина. - М. 2002
2.
Банковское дело / под ред. Г.С. Сейткасимова. - Алматы: Қаржы-Қаражат,
2001
3.
Вестник Национального банка Республики Казахстан. 2003-2006
4.
Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане» -Алматы:
Экономика 2001, - 186 с
5.
Давлетова
М.Т. Современное состояние банковской системы и перспективы развития рынка
банковских услуг в Казахстане // Финансы Казахстана, 2000 № 9-10
6.
Касабулатова Б. Кредитная политика коммерческого банка // Поиск. 2001 №4-5-с. 124-128
7.
Коммерческие
банки / Рид Э., Коттер Р., Гилд Э. и др., перевод с англ. Под ред. В.М.
Усоскина - М.: СП «Космополис», 1991, - 480 с.
8.
Усоскин
В.И. Современный коммерческий
банк: управление и операции. - М.: ИГЩ «Вазар - Ферро», 1994.- 320 с.