Экономические науки/Финансовые отношения

Джрауова К.С

э.ғ.к, доцент

Жунусова Э.Ж.

экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНДА БЮДЖЕТТІК ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ТАЛДАУ

 

Жергілікті бюджеттердің жүйесі мемлекеттік құрылғы және тиісті әкімшілік – аумақтық бөлумен сипатталады. Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің екінші деңгейін білдіреді. Және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті, астана, аудан бюджеттерінен тұрады (облыстық сипаты бар қалалар). Олардың әрқайсысы жергілікті органдармен өздерінің қызметтерін орындау үшін қаржымен қамтамасыз ету үшін арналған ақшалай қаражаттың орталықтандырылған қоры болып табылады.

Жергілікті бюджет табыстарының құрамы және құрылымы Бюджеттік кодекстің ережелерімен анықталады және жекелеген ерекшеліктері бар:

-         табыстардың тиісті көздері өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейіне тіркелген;

-         бюджеттер арсында шығындар билік құрылымдарының өкілеттіктерін бөлуге және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру қажеттілігіне сәйкес бөлінген;

-         жергілікті бюджеттердің шығындары тиісті табыстармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жергілікті бюджеттердің табыстарына жергілікті салықтар, алымдар және айыппұлдар, ұзақ мерзімді негізде тіркелген, ҚР заңымен белгіленген нормативтерге сәйкес республикалық салықтардан түсетін аударымдар, жекелеген мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін биліктің мемлекеттік органдары арқылы жергілікті өзін өзі басқау органдарына берілетін қаржы құралдары, мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер, муниципалдық мүлікті жалға өткізуден түскен түсім, жергілікті қарыздар мен лотореялар, жергілікті аймақтық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар пайдасының бөлігі, заңға және жергілікті басқару органдарының шешіміне сәйкес дотациялар, субвенциялар, траснферттік төлемдер және басқа да түсімдер.

Жергілікті өзін өзі басқару органдары жергілікті бюджеттердің қаражатын дербес негізде жұмсайды. Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығынды бөліктерінде жергілікті сипаттағы сұрақтар және жекелеген республикалық өкілеттіктердің жергілікті өзін өзі басқару органдарының жүзеге асыру сұрақтары жекелеген түрде шешіледі және қарастырылады.

Сол сияқты жергілікті бюджеттерден жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жұмсалатын шығында қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жұмсалатын шығындар, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген әрбір жұмысшыға ағымдағы шығындар нормативтері мен штаттық санының лимиті негізінде белгіленеді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін ұстауға қажетті қаражат егер ол заң актілерімен қарастырылмаған жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттен басқа, қаржыландыру көздерінің есебінен қаржыландырылмайды. Бір жағынан, бұл шара жергілікті билік органдарына бақылау жүргізуге және тікелей қызметтерін басқаруға мүмкіндік береді. Мұнда басқарудың аймақтық органдары кәсіпкерлік қызметтің субъектісіне айналмауына негізгі көңіл бөлінген («қоғамдық маңызды мақсаттарды» қолдана отырып, жергілікті бюджет табыстарын толықтыру). Басқа жағына, бұл шара бағдарламалардың орындалу кезінде бюрократизмнің «объективтілігін» және басшылардың «қозғалмайтындығын» көрсетеді, яғни өздерінің қызметіне деген тиімділігін арттыруды тежейді.

Сол сияқты тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінен басқа, жергілікті бюджеттің шығындарының ең аз, шекті немесе тіркелген мөлшерін олардың жекелеген бағыттары немесе басқа нормативті құқықтық актілерде жекелеген жерілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша белгілеуге тыйым салынады. Бұл жағдайда дәл осы бюджеттік шығындарды жұмсауға қатысты Ресей бюджет қатынастарының құрылу тәжірибесінде, шығындардың «ең аз мөлшері» деген тәртіп қарастырылды. Бұл норматив әлеуметтік шығындарға, білім беру және медициналық мекемелердің қызмет етуі үшін белгіленеді.

Мәслихаттардың шешімі бойынша жерілікті атқарушы органдар заңға қайшы келмейтін және республикалық бюджеттік бағдарламаларға қатысы жоқ, қызметтің басқа да бағыттары бойынша бюджеттік бағдарламаларды енгізуге құқығы бар.

Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген жергілікті бюджеттердің қаражаты, оларды бөлу кезіндегі ұлттық валютаның ресми айырбас бағамы бойынша шығындалады.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының жекелеген мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары, жыл сайын республикалық бюджетте қарастырылады. Республикалық органдармен қабылданған шешімдердің нәтижесінде туындаған жергілікті өзін - өзі басқару органдарының шығындары мен табыстарының ұлғаюы, шешім қабылдаған органдар есебінен өтеледі.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қосымша шығындарына жетелейтін мемлекеттік билік органдарының шешімдерді өтеуге қаражаттар түрінде олардың өздері іске асырады.

Жергілікті бюджеттерді бюджетік реттеу сұрақтарына қатысты мемлекеттік билік мынадай кепіл береді:

1)                     Жергілікті өзін - өзі басқарудың өкілді органдарының жергілікті бюджеттердің қаражатын қолдану бағыттарын дербес анықтау құқығы;

2)                     Жергілікті өзін - өзі басқарудың өкілді органдарының, табыстар түсімнің ұлғаюы немесе шығындардың қысқаруы нәтижесінде қаржы жылының соңында пайда болған жергілікті бюджеттердің еркін қалдық қаражатын дербес иелік ету құқығы;

3)                     Республикалық заңдарды қабылдау нәтижесінде туындаған жергілікті бюджеттердің шығындарының ұлғаюы немесе табыстарның азаюын өтеу.

Жергілікті бюджеттердің құрамдас бөлігі ретінде муниципалдық құрылыстар болып табылмайтын жекелеген елді мекендердің табыстар және шығындар сметасы қрастырылады. Бұл сметаларды әзірлеу, бекіту және орындау тәртібі жергілікті басқару органдарымен дербес түрде анықталады.

Осылайша, жергілікті бюджеттердің табысты бөлігі жеке табыстар мен реттелетін табыстардың түсімдері, өзара есеп айырысулар бойынша қаражат, әр түрлі нысандағы қаржылық көмек: дотациялар, субвенциялар, муниципалдық құрылыстарға қаржылық қолдау қорының қаражатынан тұрады. Мұнда жергілікті бюджеттердің жеке табыстары мыналардан тұрады: жергілікті салықтар және алымдар, басқа да жеке табыстары, тұрақты негізде жергілікті бюджеттерге тіркелген республикалық тіркелген республикалық салықтардың үлестері.

Бюджеттік ресурстар аймақтың қаржылық қорының басты бөлігі болып табылатындықтан, қаржылардың қалыптасуымен бөлінуіне талдау жасау жалпы аймақтың қаржылық қорының қалыптасуы мен қолданылуында маңызды роль атқарады.

Жергілікті бюджеттерді құру тұрақтылығының талдауы, әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарына қарамастан, 2009 жылы зерттелген кезеңдегі ең үздік көрсеткіштер қалыптасты. Бірақ даму көрсеткіштері өте төмен болып саналады: барлық жергілікті бюджеттердің қызмет етуін қамтамасыз ететін ресурстар мемлекеттің ЖІӨ тек 11,19 % құрайды. Бұл, Қазақстан аймақтарының қызмет етуі мемлекеттің ЖІӨ әр бір 100 теңгесін тек 11,19 теңгеге жабатынын білдіреді.

Бюджеттік реформаларды жүргізу барысында бюджеттік салада шекаралар анықталады, орталық органдар арасында қызметтер бөлінді, сонымен қатар биліктің орталық және жергілікті органдары арасында заңды түрде бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары, республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерінің бағыты бекітілді, мемлекеттік бюджеттің негізгі параметрлерінің орта мерзімді болжамына көшуі жүргізілді.

Әр түрлі деңгейдің бюджеттері арасында шығындарды бөлу және күшейту мемлекеттік билік органдарының келісімі бойынша жүргізіледі және тиісті нормативті актілермен бекітіледі. Заңды немесе басқа да құқық актілерінде әр түрлі деңгейдің бюджеттерінен жүзеге асырылатын бюджеттік міндеттемелер белгіленген. Қызылорда қаласы бойынша жалпы бюджеттің атқарылуын талдайтын болсақ, кесте мәліметтеріне сүйене  отырып мынадай қорытындылар жасауға болады. Қала бюджетінің кірістер бөлігі 2011 жыл мен 2013 жылдарды салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Ашып айтар болсақ, 2011 жылы кірістер 22647145,8 мың теңгені құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 12800320 мың теңгеге артқан. Ал шығындар бөлігі 2011 жылы 22181991,1 мың теңгені құраған, ал 2013 жылы бұл сома 12707536 мың теңгеге өскен. Таза бюджеттік кредит беру 2011 жылы 16417,1 мың теңгені құраса 2013 жылы 21710,5 мың теңгені құраған. Яғни 2011 жыл мен 2013 жылды салыстырғанда 32,2 %-ға өскен. Ал қаржы активтерімен болатын операциялар бойынша сальдо 2011 жылы 341445,3 мың теңгені құраса, 2013 жылы 1393352,0 мың теңгені құрап, екі жылды салыстырғанда қаражат мөлшері үш есеге артқан. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдығы 2011 жылы 600283,1 мың теңгені құраса 2013 жылы 876818,1 мың теңгені құраған, өзгерісі 276535 мың теңгені құрап отыр. Есепті кезең соңындағы қалдық 2011 жылы 787085,3 мың теңге болса 2013 жылы 10885189,9 мың теңге, екі жылды салыстырғанда өзгерісі 298105 мың теңге яғни 37,8 %-ға артып отыр.

Қызылорда қаласының бюджет түсімдерін болжау аймақтың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жүзеге асырылады. 

Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген жергілікті бюджеттерді, тіркелген, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді.

Бюджетті атқару маңында бюджеттік құралдарды жұмылдыру мен оларды пайдалану бойынша Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері түсініледі.

Бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің жалпы және әрбір көздері бойынша толық және уақытында түсуін, белгіленген сомалар көлемінде барлық шараларды сол бюджет бекітілген қаржы жылында қаржыландыруын қамтамасыз ету бюджетті атқарудың ең маңызды мақсаты.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Бюджетті айқындалу түсінігімен, яғни оның көрсеткіштерін өзгертумен секвестр түсінігі тығыз байланысты.

Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

 1. Өмірбаев  С.М., Ынтықбаева С.Ж., Адамбекова А.А., Парманов Р.С. Мемлекеттік бюджет : Алматы 2009 – 640 б.

2.    Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для ВУЗов. Алматы, 2001 – 120 б

3.  Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайты www.

 kyzylorda-city.kz