УДК 65.052:2
Абдрахманова А.Е.,
Жәңгір хан
атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық
университеті
Казахстан, Орал қаласы, «Есеп және қаржы»
кафедрасының аға оқытушысы
Ауыл шаруашылығы бухгалтерлік есебі және оның есеп
жүйесіндегі орны
Ауыл шаруашылығы
Қазақстан экономикасының маңызды
салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының
деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және
мемлекеттің экономикалық және
қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын
анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.
Шаруашылық операциялар, екі жақты
жазбаны және субьектінің қаржылық-шаруашылық
қызметінің бухгалтерлік есеп жоспар шотын қолданбай,
хронологиялық тәртіп бойынша позициялы тәсілмен кітапта
көрсетіледі. Кітапты жүргізу кезінде, кәсіпкер,
ақпараттарды қолданушылардың әрқайсысына
жеткілікті тілді қолдануы керек. Қысқартуларды
пайдаланған жағдайда шартты белгіленген жазбалар және
олардың мағыналарынығ рәиізіне әрбір нақты
жағдайда ашық түрде түсінік берілуі керек. Кітап
біркүнтізбелік жылға ашылады және ол нөмірленіп, жіппен
байланып және салық органдарының мөр басылған
бедерлемесімен бекілілуі керек. Кәсіпкердің қолымен
куәландырылған соңғы бетте парақтар саны
жазылады. Кәсіпкер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін
пайдаланылатын тұқрақты түрге негізделген еңбек
ақыны төлеу бойынша есеп
айырысу есебі үшін кітаппен қатар, есеп айырысу ведмостын
жүргізу керек. Ол өз алдында төлем құжаты болып
табылғанымен еңбек ақысын рәсімдеуге арналған.
Кәсіпкерлерге қаржылық есеп беруін құрастыру мен
көрсету туралы талап таратылмайды.
Заңды тұлға болып табылатын шағын
кәсіпкерлік субьектілері салық базасын анықтайтын
жеңілденген жүйесін қолданылады. Өздерінің
шаруашылық операцияларын тізімде бухгалтерлік есеп стандарттарында
қарастырылғандай екі жақты жазба тәсілдерін,
қаржылық –шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп
жоспар шотын және басқа да талаптарды қолданбау керек.
Республиканың экономикалық
дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл
шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді.
Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі
жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және
мал шаруашылығының
дамуына
әсер етеді.Қазақстанның
ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7,3 млн адам немесе
елдегі жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде
байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік
кешені мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік
және салалық бағдарламалар қабылданған. Ауыл шаруашылығы материалдық
өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады.
Оның басты мақсаты халықтың тамақ
өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын
толық қанағаттандыру үшін өсімдік
шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін
өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл
шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан
және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны
ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай
мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің
және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік,
ұжымдық, жеке, акционерлік және басқаларының
ерекшеліктерінен туындайды.Бухгалтерлік есеп әр ұйым мен әр
кәсіпорында жүргізіледі. Бұл жұмыспен барлық
жұмысшы бухгалтерлер айналысады. Бухгалтерлік есептің барлық
мәліметтерін кәсіпорынның жоспарын құру
үшін басшылар, инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар
және басқалар да қолданады. Олардың барлығына
дұрыс қызмет атқарып және көп пайда табу
үшін бухгалтерлік есеп керек.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
Анохина Н. Разбор ситуаций// Бюллетень Бухгалтера стр.
12-13, №30 июль 2010
2.
Амирешова А. Разбор ситуаций// Бюллетень Бухгалтера стр.
8-9, №2, қаңнтар 2011
3.
Нұрсейітов
Э.О.
Оценка себестоимости товарно-материальных запасов: Бухгалтерский учет //
Вестник предпринимателя. – 2001. №9 – 21-22 стр.
4.
Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет в отраслях»; Алматы
-2005 жыл: Экономика 75-94 беттер