УДК 65.052:2
Джакупова А.К.,
Жәңгір хан
атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық
университеті
Казахстан, Орал қаласы, «Есеп және қаржы»
кафедрасының аға оқытушысы, экономикалық ғылымның
магистрі
Салық
есебі және оның есеп жүйесіндегі орны
Салық
есебі – бұл объектілері, субъектілері және өзіне тән
әдістері бар есептік жекеше бір түрі болып табылады. Салық
заңдылығына сәйкес салық салатын табыс бухгалтерлік есеп көрсеткіштері
бойынша шаруашылық субъектілердің қаржылық
қортындыларына тәуелсіз анықталады. Бірақ салық
есебінде пайдалынылған ақпарат бухгалтерлік есеп көрсеткіштен
алынады, және салық есебін жүргізу процесінде
құралады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп
мамандарының салық есебін жүргізуі үшін
сәйкесінше білімі болу керек. Сондықтанда бұл
пәндердің жүргізу мақсаты ол экономиканы жетілдіру шарттарына, талаптарына сәйкес болып
табылады. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен ақпараттың
салық есебінде пайдалану үшін жүйелеу, өндеу және
тіркеу. Ағымдағы салық есебінің регистрлерін
жүргізу.Жылдық жиынтық табыс туралы және одан шегерілетін
шегерістер туралы декларация толтыру. Салық халықаралық
стандарттарды және халықаралық бухгалтерлік есептің
негізін білу қажет.
Салық
заңдарынын Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға,
заңды тұлғалар қолданады. Жаңа салалар және
бюджетке төленетін басқада міндеті төлемдер белгілеу,
қолданыстағы салық және бюджетке төленетін
басқада міндетті төлемдер, ставкамен салық базасын өзгерту
бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізетін
Қазақстан Республикасының заң актілері
ағымдағы жылдық бірінші желтоқсанынан кешіктірілмей
қабылдануы және олар қабылданған жылдың 1
қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі
мүмкін. Қазақстан Республикасының салық саясаты принциптері:
1. Салық салу міндеттілігі принцепі
2. Салық салу айқындығы принцепі
3. Салық салу
жүйесінің бір тұтастығы принцепі
4. Салық салу заңдарының жариялылығы
принцепі
КТС төлеушілерге
Қазақстан Республикасының ұлтық банкімен
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының резидент заңды тұлға, сондай –
ақ Қазақстан
Республикасының қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасындағы
көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлға
жатады. Арнайы салық режимін қолданушы заңды
тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеп
отырады.
Арнайы
салық режимдері мыналарға төлейді:
1.
Шағын
бизнес субъектісіне
2.
Шаруа
қожалықтарына
3.
Ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіруші заңды тұлға
4.
Кәсіпкерлік
қызметтің жекелеген түрлеріне.
Салық салу объектілері мыналар:
1.
Салық
салынатын табыс.
2.
Төлем
көзінен салық салынатын табыс.
3.
Қазақстан
Республикасында қызметерінін емес заңды тұлғаның таза табысы КТС салынатын объектілер болып
табылады.
Салық
есебін ұйымдастыру салық төлемдерінің сомаларын
анықтау есептік кезеңіндегі құрылған табыстар
және шегерістер бойынша тәжірибелердін және теориялық
білімдерді алу салық есебінің курсының мақсаты болып
табылады.
Әдебиеттер:
1.
Назарова
В.Л. Бухгалтерский учет: учебное пособие для экономических вузов/ В.Л.
Назарова, М.В. Петровская, 2011 г.
2. Нурсеитов
Э.О., Бухгалтерский учет в организациях: учебное пособие для студентов вузов, Алматы, 2012 г.
3. Омашева А.Б.,
Бухгалтерский учет в соответствии с международными стандартами финансовый
отчетности: учебное пособие.-Астана, учебный центр «Зерде», 2012 г.
4. Проскурина
В.П., Сборник задач по бухгалтерскому учету, Алматы, 2012 г.
5. Рустенова
Э.А., Джакупова А.К., Курс лекций по дисциплине «Бухгалтерский учет» для
студентов экономических специальности, Уральск, 2014 г.