Аға оқытушы А.А. Адамов, 4 курс студенті Г.К. Мухаметкәрімова

Талдықорған қаласы, Қазақстан

Кәсіпорындағы қысқа мерзімді активтердің қолдану тиімділігін бағалау және жетілдіру

 

Кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерінің қолдану тиімділігін бағалау және талдаудың нәтижелі болу үшін активтердің өтімділігін талдаудың маңызы зор.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және  оның өз шаруашылық қызметін  үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қысқа мерзімді  активтер  мен олардың эквивалентін сұрыптау компанияның  ликвидті дәл баға беру үшін керек. Өндіріс процесі барысында түрлі негізгі рөлді активтер қозғалысының барлық кезеңдеріндегі есебі мен бақылауы, резервтерді пайдалану арқылы өнімнің өзіндік құның төмендету мен пайданы өсіру жолдарын жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерін қолдану тиімділігін бағалау және  талдауының маңызын ашып көрсету. Сол себепті қысқа мерзімді активтерді тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие [1].  

Кәсіпорындар өзінің бос тұрған яғни, уақытша пайдаланылмай тұрған ақшаларын айналысқа салса ғана оны оны тиімді пайдаланғаны болып табылады. Бірақ та бұл үшін кәсіпорындар белгілі бір тәуекелге баруына тура келеді. Мұндай тәуекелге бел байлау кей уақыттарда кәсіпорындарға табыс әкелсе, екінші бір кезеңде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осы айтылғандай шығынға ұшырамау үшін қысқа мерзімді активтерді тиімді қолдана білуі керек.

Қысқа мерзімді активтерді қолдану тиімділігінің мәселелері және шешу жолдары бойынша ұсыныстар:

1. Көп жатып қалған материалдардың кері әсері.

Көптеген кәсіпорындарда көп жылдар бойы пайдаланылып келген қондырғылар бардын қасы. Бірақ та, сол қондырғылар техникалық талаптарға сай келмей жатады. Не болмаса, қырық жылға жуық жөндеу көрмеген. Қырық жыл бойы жөндеу көрмеген қондырғының кез келген уақытта істен шығуы ғажап емес. Ал қондырғыны қайта сатып алуға біршама уақыт кетеді, себебі құрылыс саласында пайдаланылатын қондырғылар Талдықорған қаласында жоқтың қасы. Сол уақыт ішінде өндіріс те тоқтап қалады, ал өндіріс тоқтап қалды деген кәсіпорын шығынға ұшырайды. Осындай жағдайлар болмау үшін бақылап отыру керек.

Осыдан шығатын ұсыныс: Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды, ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондырғыларды ауыстыру. Мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі жоғары болады.

2. Көп жатып қалған материалдарды анықтау.

Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен тауарларға деген сұраныс төмендеп кетеді, солардың салдарынан көп жатып қалатын материалдар пайда болады.

Осыдан шығатын ұсыныс:

Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарлардың көлемін арттыру болып табылады. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері сөзімен бірге сауда жеңілдігі сөзі қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады [2].

Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз .

         3. Қайтып алынуы мүмкін емес дебиторлық қарыздарды анықтау

Дебиторлық берешекті беру-сату мәміле жасау кезінде тараптардың қарым-қатынасы туындайтын міндеттемелерді орындауға бағытталған. Қызмет көрсету, тауарлар сату кезінде тараптардың бірі – дер кезінде ақы төленеді деп ойлайды. Егер мәміле бойынша ақы алдын – ала төленген болса, одан әрі қиындық туындамайды. Егер сатып алушы көзделген мерзімде есеп айырыспай, соның себебінен сатушыда дебиторлық борыш сомасының туындауына әкеп соқтырса, қиындықтар туындайды. Одан кейін сатушының сатып алушыдан борышты акцептсіз өндіріп алуы мүмкін болмайды, өйткені өзара есеп айырысудың негізгі нысаны акцепттік тәртіппен, яғни сатып алушының келісімі бойынша көзделген.

Дебиторлық берешектің ауқымына байланысты кәсіпорында айналымнан қаржыларды оқшауландыру, ақшалай қаражат айналымдылығы мерзімдерінің баяулауы және дебиторлық борышты қайтару мерзімінің ұзақтығы пайда болады [3].

Осыдан шығытын ұсыныс: Берешектің нақтылығын және дебитордың бар екендігін растау жөніндегі  іс- қимылдың бірі есепті күнге салыстырып тексеру актісін жасау болып табылады, бірақ бұл әрекет ақшалай қаражатты қайтаруға кепіл бола алмайды. Міндеттемелерді орындамау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты  «Векселдік айналым туралы» ҚР заңдарында міндеттемедегі талаптан қайту ретіндегі шарт нысаны – цессия көзделген. Анағұрлым кең тараған нысан факторингілік компанияның дебиторлық берешегін сату болып табылады.

Факторингілік компания – бұл белгілі бір сыйақыға кәсіпорынның дебиторлық берешекті сатып алатын, содан кейін тікелей тауар (жұмыстар, қызметтер) сатып алушылардың борыштарды жинайтын қаржы компаниялары немесе банктер.

Яғни факторинг – бұл төлемнің көп бөлігін, берешектің толық өтелу кепілдігін дереу алу, шоттарды жүргізу жөніндегі шығындарды кеміту мақсатымен тауар сатушы тауар мәмілелері бойынша қысқа мерзімді талаптарды қайта табыстайтын қаржыландыру жүйесі .

Әлбетте, өз қызметтеріне факторингілік компаниялар несие мен комиссия үшін проценттер өндіріп алады. Бұл орайда дебиторлық борыш кері талап қою құқығымен не кері талап қою құқығынсыз сатылуы мүмкін.

Дебиторлық борышты кері талап қою құқығынсыз сатқан кезде сатып алушы ақшалай қаражатты жинау жөніндегі тәуекелді өз мойнына алады және қарыз бойынша кез-келген зиянды қабылдайды. Бұл жағдайда алуға шоттар беру – бұл нысаны бойынша да, мазмұны бойынша да дебиторлық берешекті түпкілікті сату.

Төртінші ұсыныс - қорлардың   шектен   тыс   нормаларын   қысқарту, нәтижесінде шығатын ақша қаражаттарын қысқарту.

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Бірақ көптеген жағдайларда жоспарланған нормадан қорлар сатып алынып жатады,  ол өз кезегінде ақша қаражаттарының орынсыз жұмсалуына әкеліп соғады .

Бесінші  ұсыныс: Өзінің аз ғантай касса бөлімінің, соның ішінде кассирлердің ақысын арттырмасқа.

Қызмет барысында кассирге үлкен жүк артылады себебі ол толық мекеменің немесе ұйымның материалдық құндылықтарына жауап береді. Себебі көп жұмыс орындарында ақыны тәуекел көлеміне байланысты төлеп жатады ғана жалақының көлемінде миллиондаған ақшаға жауапты болып басын тәуекелге тігеді.

Алтыншы ұсыныс: Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын  ішкі бақылаудың қажеттілігі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын  ішкі бақылаудың қажеттілігі:

а) активтердің түгелдігін бақылау үшін;

ә) кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін;

б) бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін және тағы да басқа жағдайларға байланысты.

Жетінші ұсыныс: мемлекет жүргізіп отырған қаржы саясатын жетілдіру

Мемлекет жүргізіп отырған қаржы саясаты кәсіпорынның қалыпты өндірістік-қаржы қызметіне кедергі жасауы немесе серпіліс беруі мүмкін. Оның ішіне айналым актитерін рационалды пайдалану да кіреді. Мемлекетгік салық саясаты мұнда басты рөл атқарады. Мысалы, бірқатар салықтарды (жұмыс, қызмет) өнімнің өзіндік құнына енгізу, қосымша құн салығын бюджетке төлеудің ерекшеліктері, пайда салығын аванспен төлеу кәсіпорынның айналым активтерінің өндірістік емес шығындарға жұмсауға жұмылдырады. Бұл кәсіпорындарды үлкен пайызбен қарыздар алуға, жоспардан тыс қаржы көздерін іздеуге, қаржы тәртібін бұзуға мәжбүрлейді. Айналым активтерін басқа арнаға бұру олардың айналымдылығын тежейді, кәсіпорын жұмысының тиімділігін төмендетеді, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың сақталуы мен тиімді пайдалануын жүйелі түрде бақылаумен іске асады. Бұған тексерулер мен статистикалық мәліметтер, операциялық және бухгалтерлік есептер негізіндегі зерттеулерді жатқызуға болады. Бұны активтердің құрылымы мен құрамын адын-ала талдамай іске асыру мүмкін емес.

Сегізінші ұсыныс: Тәжірибелі бухгалтерлерге қысқа мерзімді активтерді қолдану тиімділігі бойынша даярлау курстарын үкімет тарапынан ұйымдастыру қажеттілігі туындайды [4].

Егер қиын өтетін активтер айналым құралдарының көп бөлігін құрайтын болса, онда кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері тез арада қаржы жағдайы мен кәсіпорын жағдайын   тұрақтандыратын   шараларды   қарастыру   керек

Осы мақсатты ескере отырып, кәсіпорын активтерінің қалыптасу үдерісі келесі ұстанымдар негізінде құрылады:

1. Операциялық қызмет пен оның кеңею үлгілерінің жақындағы даму әлеуетін есептеу. Кәсіпорынды құру кезінде оның активтерінің құрылуы ең алдымен кәсіпорынның операциялық қызметінің даму мәселелеріне тәуелді.

2. Қалыптасушы активтердің көлемі мен құрамын өнімді өндіру мен сатудың көлемі мен құрамына сәйкестендіруді қамтамасыз ету. Бұндай сәйкестік жаңа кәсіпорынды құрудың бизнес-жоспарын жасау кезінде активтердің жеке түрлеріне деген қажеттілікті анықтау арқылы қамтамасыз етілуі керек.

Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субьектілері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рынокта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүдделі.

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

            1. Калиева Д.Ш., Байрамова Г.Ш., Макарова С.Б., Бухгалтерский учет и финансовая отчетность в соответствии с МСФООС по методу начисления. – Астана: АО «Центр подготовки, переподготовки и повыщения квалификации специалистов органов финансовой системы», 2012.- 345 б.

            2. Ефименко В.В., Соколова Е.С. Современные проблемы предоставления информации о финансовых инструментах //«Экономические науки», 2009 № 11.-С. 60-62 – 0,4 п.л.

            3. Төлегенқызы Т. Шағын кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудағы ерекшеліктер. Электрондық ресурс. - /http://www.repository.enu.kz/bitstream/handle/data//wagynkyasiporyndardin.pdf

            4. А.К. Шарипов. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп.-Алматы: «Экономика», 2013.-584 б.