Жетимекова Г.Ж., Қали
Ғ.Қ.
Бағдарламалық
өнімді құру ерекшеліктері
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қарағанды
қаласы, Қазақстан
Түйіндеме
Мақалада бағдарламалық
өнімнің анықтамасы, бағдарламалық өнімді
құру жолдары, қойылатын талаптар, ақпараттық
жүйе, деректерді өндейтін ақпараттық
технологияның негізгі компоненттері қарастырылады. Мақала
ақпараттық технологиялар, бағдарламалық
қамтамасыз ету саласында қызмет етушілерге арналған.
Кілтті сөздер: бағдарламалық өнім, ақпараттық өнім,
ақпараттық технологиялар.
Ақпараттың
күрделілігі, оның көп жоспарлылығы, қолдану
аясының кеңдігі және тез дамуы ақпарат пен
ақпараттық технологиялар түсінігінің жаңа
түсіндірмелері пайда болуында бейнеленеді. Сондықтан «Ақпарат
– нақты әлемнің бейнесі» деген жалпы философиялықтан,
«Ақпарат-сақтау, беру, қайта құру объектісі болып
табылатын барлық мәліметтер» деген тар тәжірибелік
түсінікке дейін ақпаратқа көптеген мінездеме беруге
болады. Салыстырма ретінде басқа анықтамалар мен сипаттамалар
келтірейік:
- ақпарат – бізді
қоршаған әлемнің фундаменталды
мәнділіктерінің бірі болып табылады;
- ақпарат ауызша, жазбаша
немесе басқа тәсіл арқылы бір адамдардың басқа
адамдарға беретін мәліметтері;
- ақпарат – негізгі
материяның әмбебап қасиеттерінің бірі болып табылады.
Ақпарат деп заттар мен
процестерді емес, ол олардың сан, формула, сипаттама, сызбалар, белгілер,
үлгілер түріндегі көріністерін түсіну қажет.
Ақпараттық
технологиялар дегеніміз түрлі салаларда ақпараттық
қызметті ақпараттандырудың барлық формалар,
әдістер мен құралдар жиынтығы. Қазіргі
уақытқа дейін жалпы өзара байланысты ақпаратты
өңдеудің әдіс, тәсіл,
құралдарының жүйесі ретінде ақпараттық
өнімдердің (АӨ) жалпы теориясы өңделмеген
және АӨ негізгі түсініктері анықталмаған.
Бірақ АӨ мәнін түсіну, сонымен қатар оның
ғылыми және тәжірибелік мағынасын түсіндіру
жеткілікті болып табылады. Ғылым ретінде АӨ-ға
әдістемелік ережелер, ұйымдастыру тәртіптері,
инструменталды-техникалық құралдарды пайдалану әдістері
жатқызылады, яғни ақпараттық өндіріс пен осы
өндіріске тартылған адамдар қызметін реттеп,
қолдайтындардың барлығы жатады. Жаңа ғылыми
білімдерді нақты ақпараттық технологияға енгізу –
ғылым ретіндегі АӨ-ң негізгі мәселесі.
Әдебиеттерде берілген
АӨ-ға бірнеше түсініктеме беріп өтейік:
- АӨ – бұл есептеу
техникасы мен байланыс құралдарын қолдана отырып,
ақпараттық өнімдер мен қызметтер
өндірісінің ғылыми әдістер мен техникалық
тәсілдерінің жиынтығы;
- АӨ – бұл есептеу
технологиясын, сонымен қатар есептеу техникасын кең түрде
қолдану арқылы оны рационалдайтын нақты әлеуметтік
ақпараттық тәжірибені қамтитын сала;
- АӨ – бұл
ақпаратты құру, өңдеу, беру, бейнелеу,
сақтауды қамтамасыз ететін жаңа құралдардың
жиынтығы.
Ақпараттық
технологиялар – кең пәндер сыныбын және әрекет ету
облысы, есептеуіш техниканы қолданумен басқару технологиясына
және деректерді өңдеуге жатады. Өткен уақытта АӨ
ұғымын компьютерлік технология деп ұғатын. Алайда АӨ
компьютерді және бағдарламалық қамтамасыздандыруды
ақпаратты сақтау, түрлендіру, қорғау,
өңдеу, беру және алу үшін қолданатын. Компьютерлік техника және бағдарламалау
мамандарын көбінесе АӨ – маманы
деп атайды.
Кез келген
тағайындауға ие ақпараттық жүйенің
жұмысын қамтамасыз ететін процесстерді шартты түрде схема
түрінде көрсетуге болады. 1 сурет блоктардан тұрады:
- ақпаратты сыртқы
немесе ішкі қайнарлардан енгізу;
- кіріс ақпаратты
өндеу және оны ыңғайлы түрде көрсету;
- ақпаратты
тұтынушыларға көрсету үшін шығару немесе
басқа жүйеге беру;
- кері байланыс – бұл кіріс
ақпаратты коррекциялау үшін берілген ұйымның
қайта өнделген ақпараты.
Ақпараттық жүйе
келесі қасиеттермен анықталады:
- кез келген
ақпараттық жүйе талдауға салынуы мүмкін,
жүйені құрудың жалпы принциптерінің негізінде
құрылуы және басқарылуы мүмкін;
- ақпараттық
жүйе динамикалық және дамып келе жатқан болып табылады;
- ақпараттық
жүйені құрған кезде жүйелік әдісті
қолдану керек;
- ақпараттық
жүйенің шығатын өнімі болып ақпарат табылады,
оның негізінде шешім қабылданады;
- ақпараттық
жүйені ақпаратты өндеудің адам-компьютер жүйесі
деп қабылдау керек.
1 сурет Ақпараттық
жүйедегі үдерістер
Қазіргі кезде
ақпараттық жүйе туралы компьютерлік техника көмегімен
жұмыс істейтін жүйе сияқты ой қалыптасты. Жалпы
жағдайда ақпараттық жүйені компьютерден тыс
нұсқада да қабылдауға болады.
Ақпараттық
жүйенің жұмысын түсіну үшін ол шешетін
мәселенің мәнін және де ол кіретін
ұйымдастырушылық процесстерді түсіну керек. Осылай,
мысалға, компьютерлік ақпараттық жүйенің
мүмкіндіктерін анықтаған кезде шешімді қабылдау
үшін келесілерді ескеру керек:
- шешіліп жатқан
басқарушылық тапсырмалардың құрылымы;
- фирманы басқару
иерархиясының денгейі, оның негізінде шешім қабылдануы керек;
- бизнестің сол немесе
басқа функционалды сферасында шешіліп жатқан тапсырманың
жабдығы;
- қолданыстағы
ақпараттық технологияның түрі.
Компьютерлік ақпараттық
технологиядағы жұмыс істеу технологиясы компьютер облысындағы
емес, маман үшін түсінуге қол жетерлік және оларды
басқару мен кәсіби әрекет процесстерін басқару
үшін тиімді қолданылуы мүмкін.
Ақпарттық технология
ақпараттық жүйелермен тығыз байланысқан,
ақпараттық жүйе олар үшін негізгі орта болып табылады.
Алғаш қарағанда ақпараттық технологиялар
және жүйелер оқулығында енгізілген анықтамалар
бір біріне ұқсас болып көрінуі мүмкін. Бірақ ол
олай емес.
Ақпараттық технология
компьютерде сақталатын деректерге жасалатын кез келген дәрежедегі
күрделілікке ие операциялар, іс-әрекеттер, кезеңдер
орындалуының нақты регламенттелген тәртіптерінен
тұратын процесс болып табылады.
Ақпараттық жүйе
құрама бөліктері болып компьютерлер, компьютерлік желілер,
бағдарламалық өнімдер, деректер базасы, адамдар, әр
түрдегі байланыстың техникалық және
бағдарламалық құралдары және т.б.
Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты – ақпаратты
сақтауды және беруді ұйымдастыру. Ақапараттық
жүйе ақпаратты өндеудің адам-компьютерлік жүйесі
болып табылады.
Ақпараттық
жүйенің функциясын жүзеге асыру оған
бағытталған ақпараттық технологияның білімінсіз
мүмкін емес. Ақапараттық технология ақпараттық
жүйелер сферасынан тыс бола алады.
Осылай, ақпараттық
технология ақпараттық қоғамда ақпаратты
түрлендіру процессінің қазіргі түсінігін
көрсететін кең ұғым болып табылады. Екі
ақпараттық технологияны – басқарушылық және
компьютерлі – шебер қолдануда ақпараттық жүйенің
жұмысы нәтижеліліктің кепілі болып табылады.
Жоғарыда
аталғандардың барлығын біріктіріп, бұрын айтылған
компьютерлік желі құралдарымен жүзеге асырылған
ақпараттық жүйеге және технологияға дәлірек
анықталулар берейік [1].
Ақпараттық технология
– компьютерде ақпаратты өндеу бойынша қызметкерлердің
нақты анықталған мақсатты бағытталған
іс-әрекеттердің жиынтығы.
Ақпараттық жүйе
– компьютерлік ақпараттық технологиясын қолданатын
ақпараттық өнімдер өндіруді және шешімді
қабылдау үшін адам-компьютерлі жүйе.
Өндірістік сферада
қолданылатын осындай технологиялық ұғымдар, норма,
норматив, технологиялық процесс және т.с. сияқтылар,
ақпараттық технологияларда да қолданылуы мүмкін. Кез
келген технологияда, ақпараттық технологияда да, осы
ұғымдарды құрар алдында әрқашанда
мақсатты анықтаудан бастау керек. Сосын алға
қойылған мақсатқа алып келетін барлық болжанатын
іс-әрекеттерді құрылымдандырып көру керек және
керек бағдарламалық инструментариді таңдау керек.
Деңгей бойынша
иерархиялық құрылым түрінде ақпаратты
өндеудің технологиялық процессі 2 суретте көрсетілген.
2 сурет Ақпаратты өндеудің технологиялық процессі
Кезеңдерден,
іс-әрекеттерден, операциялардан тұратын иерархиялық
құрылым түрінде ақпараттық технологияны
көрсету:
- 1 деңгей – операциялардан
және келесі деңгейлердің іс-әрекеттерінен тұратын
салыстырмалы ұзақ технологиялық процесстер орындалатын
кезеңдер;
- 2 деңгей – бағдарламалық
ортада 1 кезеңде таңдалған,
олардың орындалу нәтижесінде нақты объект
құралатын операциялар;
- 3 деңгей – әрекет –
мақсаттың алға қойылған сәйкес
операциясының орындалуына алып келетін, жұмыс
қабылдауының әрбір бағдарламалық ортасы
үшін стандартты жиынтықтар. Әрбір іс-әрекет экран
құрамын өзгертеді.
Деректерді
өндеудің ақпараттық технологиясы жақсы құрылымдандырылған тапсырманы шешу үшін
арналған, олар арқылы керек кіріс деректер бар және
алгоритмдері мен оны өндеудің басқа стандартты процедуралары
белгілі. Бұл технология басқарушылық еңбектің
кейбір сіресіп қалған, әрқашан қайталанатын
операцияларды автоматтандыру мақсатында орта квалификациялы
қызметкерлердің операциондық қызметі денгейінде
қолданылады. Сондықтан осы денгейде ақпараттық
технологияларды және жүйелерді енгізу қызметкерлердің
еңбек өнімділігін әжептәуір жоғарылатады, оны
сіресіп қалған операциялардан босатады, қызметкерлер
санының азаюына да алып келуі мүмкін.
Операциондық әрекет
денгейінде келесі тапсырмалар шешіледі:
- фирмамен өндірілетін
операциялар туралы деректерді өндеу;
- фирмадаға істердің
жағдайы туралы периодты қадағалайтын есеп берулерді
құру;
- барлық мүмкін
ағымдағы сұраныстарға жауаптар алу және оларды
қағаз бетіндегі құжаттар немесе есеп берулер
түрінде дайындау.
Негізгі компоненттер. Деректерді
өндеудің ақпараттық технологиясының негізгі компоненттерін
елестетіп көрейік (3 сурет) және оларға сипаттамалар берейік
[2].
Деректерді
жинау. Фирма
өнімді шығаруына немесе қызмет атқаруына байланысты
оның әрбір іс-әрекеті деректердің сәйкес жазуымен
сүйемелденеді. Әдетте сыртқы ортаға әсер ететін
фирманың іс-әрекеті фирмамен орындалатын операция ретінде
орындалады.
3 сурет Деректерді өндейтін
ақпараттық технологияның негізгі компоненттері
Деректерді
өндеу. Фирма қызметін көрсететін деректерден ақпаратты
құру үшін келесі типтік операциялар қолданылады:
Классификация немесе топтастыру. Бастапқы деректер
әдетте бір немесе бірнеше символдардан тұратын код түрінде
болады. Объекттің нақты белгілерін білдіретін осы кодтар жазбаларды
идентификациялау және топтастыру үшін қолданылады.
Деректерді
сақтау. Операциондық қызмет денгейіндегі көптеген деректерді
келесі рет қолдану үшін осы, не басқа денгейде сақтау
керек. Оларды сақтау үшін деректер базасы құрылады.
Есеп
берулерді құру. Деректерді өндеудің ақпараттық
технологиясында фирманың қызметкерлері мен басшылары және де
сыртқы серіктестер үшін құжаттарды құру
керек. Мұнымен қоса құжаттар немесе фирмамен
орындалған операцияға байланысты әр айдың,
кварталдың немесе жылдың аяғына периодты түрде болуы
керек.
Ақпараттық технология
қоғамның ақпараттық ресурстарын қолдану
процессінің маңызды құрауышы болып табылады.
Қазіргі уақытта ол бірнеше эволюциялық кезендерден
өтті, олардың ауысуы негізінен ғылыми-техникалық
процесстің дамуымен, ақпаратты өндеудің жаңа
техникалық құралдарының пайда болуымен анықталды.
Қазіргі қоғамда ақпаратты өндеу
технологиясының негізгі техникалық құралы болып жеке
(персональный) компьютер қызмет етеді, ол технологиялық
процесстерді қолдану мен құру концепциясына және
нәтижелік ақпарат сапасына елеулі түрде әсер етті.
Ақпараттық сфераға жеке компьютерді енгізу және
байланыстың телекоммуникациялық құралдарын
қолдану ақпараттық технология дамуының жаңа
кезенін анықтады, бір синонимдардың қосылу есебінен
оның атының өзгеруі: «жаңа», «компьютерлік» немесе
«қазіргі» болды.
«Жаңа» сын есімі осы
технологияның эволюциялық емес, новаторлық технологиясын
ерекшелейді. Оның ендірілуі ұйымдардағы әр түрлі
қызмет ету түрлерінің мазмұнын елеулі түрде
өзгертетін новаторлық акт болып табылады. Жаңа
ақпараттық технология ұғымына коммуникациондық
технологиялар да кірді, олар ақпаратты беруді түрлі құралдармен
қамтамасыз етеді, оның ішінде – телефон, телеграф,
телекоммуникация, факс және т.б.
Жаңа ақпараттық
технология – қолданушы жұмысының «татулық»
(«дружественным») интерфейсіне ие жеке компьютерларды және
телекоммуникациялық құралдарды қолданатын ақпараттық
технология.
Жаңа (компьютерлік)
ақпараттық технологияның үш негізгі принциптері бар:
- компьютермен интерактивті (сұхбаттық)
жұмыс режимі;
- басқа
бағдарламалық өнімдермен интегралдануы (тұтасу, өзара байланыс);
- деректердің және
тапсырма қойылымы процессінің иілгіштігі.
Компьютерлік
ақпараттық технологияға қарағанда жаңа
термині дәлірек деп есетеледі, өйткені ол оның
құрылымында компьютерді қолдануға негізделген
технологияны ғана емес, сонымен қоса басқа техникалық
құралдарға негізделген технологияны, әсіресе
телекоммуникацияны қамтамасыз ететін құралдарды
көрсетеді.
Ақпараттық технология
қоғамның ақпараттық ресурстарын қолдану
процессінің маңызды құрауышы болып табылады.
Қазіргі уақытта ол бірнеше эволюциялық кезендерден өтті,
олардың ауысуы негізінен ғылыми-техникалық процесстің
дамуымен, ақпаратты өндеудің жаңа техникалық
құралдарының пайда болуымен анықталды. Қазіргі
қоғамда ақпаратты өндеу технологиясының негізгі
техникалық құралы болып жеке (персональный) компьютер
қызмет етеді, ол технологиялық процесстерді қолдану мен
құру концепциясына және нәтижелік ақпарат сапасына
елеулі түрде әсер етті [3].
Әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
Министрінің 2014 жылғы «30» желтоқсандағы № 342
бұйрығымен бекітілген ереже
2 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрінің 2008 жылғы «18» қыркүйектегі № 172
бұйрығымен бекітілген талаптар
3 Саркисяна С.А. Теория
прогнозирования и принятия решений. Учебное пособие. // Под ред.. - М.: «Высшая школа», 2003. - 351 с.