Педагогические науки
/ 5. Современные
методы преподавания
Момбаев
К.Ж., Курмашова Г.С.
М.Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Информатиканы оқыту әдістемесі
Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің
ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу
формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа
қолданылуына толық мүмкіншілігі бар.
Сабақ
өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
- Сабақтың мазмұны;
- Оны өткізу тәсілдері мен
әдістерін таңдау;
- Сабақтың нәтижелігі.
Студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен
үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің
бірден-бір жолы болып табылады. Студенттердің өз бетімен
жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде
ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен
жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның
қиындық дәрежесі студенттердің оқу
мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы оқытушының
талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика
пәнінің Оқытушыі үшін, алгоритмдеу негіздерін
оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік
меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай
жұмыстар студенттердің ой-өрісінің жан-жақты
дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің
құрамдас бөлігі болып табылады.
Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды
орындау студенттің ақыл-ойын, қиялын, ой
ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар
студенттердің әр түрлі мәтінді есептер шығаруда,
есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін
табуға жетелейді.
1. Дәріс өткізу
әдістемесі келесі түрде
өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын PowerPoint презентациясы
интерактивті тақтаның мүмкіншіліктері, яғни флипчартта
ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың
құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар,
гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы
тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және
объектілерді көрсете алады және өзгертеді.
Дәрістің соңында қолданылған материалды есте
сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады.
Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар
белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да
сақтап, студентке электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Сонымен «Актив экран» бағдармалық-техникалық кешенін
қолдану барысында студентке дәрістің мәтінін жазу
қажет емес екендігі анықталады.
2. Практикалық сабақты өткізу
әдістемесі келесі
түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын ала дайындаған
дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты
қайталауға және студенттің білімін, біліктілігін,
дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды
орындауға береді. Сабақтың басында тапсырманы орындау бойынша
ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану
арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті
жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті
шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды
қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы студентті
тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған
қалғандардың көңіл бөлу үшін
бағыт береді және бақылап отырады.
Оқытушы алдыңғы сабақта өтілген материалды
ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай
әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік
береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен студенттің
орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта
қолдануға болады.
3. Семинарды өткізу әдістемесі бағдарламалық-техникалық кешенді
қолданып келесі түрде жүргізуге болады. Семинар сабағы
белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия
формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және
қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық
материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі
сұрақтарды және сабақта белсенділікпен
қызуғышылықты тудыратын семинар тақырыбын
түгелдей ашуға қажет ақпараттық объекттерді
кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта
арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар
сұрақтарын ұжымдық топтық игеру үшін
студенттер графикалық ақпаратты қолданады. Сонымен,
интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың
барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет
ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған
ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді
құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу
матералдарды - презентациялар, мәтіндік, графикалық
ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы
өтуін және барлық ақпарат түрлерін
қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін
қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық
мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық
және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа
ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады.
Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі
арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп
келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде
қолданудың ең маңызды факторы негізгі
қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі
принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның
шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті
жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа
коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника
және электрондық анықтамалық жүйелері мен
адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен
пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай
өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық
оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация - бұл
жаңалықтардың таралуы және құрылуы.
Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды
өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін
дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл
ізденіс «педагогикалық технология» деген ұғымға ие. ХХІ
ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп,
ғарыштап дамып келе жатқанын бәріміз білеміз,
өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі
құралы ақпараттық ресурстар болып табылады.
Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ
уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып,
оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен
әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі
базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан
да қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері өкімет
тарапынан қолдау тауып жатыр. Оқыту процесінде қолданылатын
жаңа әдістердің бірі қашықтықтан
оқыту әдісі болып табылады.
Жаңа технологияны қолдану оқытушыларға
дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір
оқытушымен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс -
жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды
және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет
етеді.
Телекоммуникация тақырыптарын оқытуда әрбір студентке
компьютерлік желі жөнінде білім және қолдану туралы
мағлұмат береміз. Негізгі мақсат компьютерлік желіні
сабақта қолданып, болашақ маман иелерін
ақпараттық қоғамға дайындау. Компьютерлік желі
қоршаған ортаны білудің ең негізгі құралы
болып табылады. Бұл оқыту құралының
күштілігі соншалықты, онымен бірге басқа ЖОО-мен,
оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен
алмасады. Оқытушылар осы тақырып бойынша өз беттерімен орыс
тіліндегі оқулықтарды оқымаса, бұл пәнді
оқыту үшін оқу - әдістемелік кешен, оқытушы мен
студентке қажетті бағдарлама, қазақ тіліндегі
оқулықтар мен көмекші құралдары жеткіліксіз. Ал,
жалпы білім беру жөнінен басқа озық елдердің
тәжірибесін зер салып отыру, өзінің білімін жоғарылату,
жаңашылдық, озат тәжірибе, компьютерлік коммуникацияны
үйрену - әрбір оқытушының кәсіптік міндеті,
қажетті парызы.
WEB - беттер жасауда студенттер өздерінің жұмысын желіден
көріп ғылыми жұмыстар немесе басқа
шығармалардың авторлары болады. Өзінің жұмыстарын
жақсы, қызықты етіп көрсету үшін олар
гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс істейді.
Қашықтықтан оқытуда студентте арасында байланыс орната
алады. Басқа елмен сұхбаттасу үшін сол елдің
мәдениетін жақсы білу керек. Қашықтықтан
оқытудың міндетін түсіну үшін студенттердің
арасында мониторингтік сараптама жүргізіледі. Мониторинг нәтижесі
бойынша қашықтықтан оқыту оқу процесіне
жағымды әсер етеді.
|
Р/с |
Жағымды әсері |
|
|
1 |
Ақпараттық
мәдениетінің дамуы |
65% |
|
2 |
Жаңа
мәлімет аламыз |
85% |
|
3 |
Қызығушылық
танытады |
90% |
|
4 |
Логикалық
ойлауды дамыту |
55% |
|
5 |
Қашықтықтан
оқытуды болашақта жалғасуын сұраймыз |
87% |
Қазіргі кезеңде республикамызда білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық
білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа
педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты,
жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа
технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып,
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі.
Өз бетімен шығармашылық
әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке
тұлғаны қалыптастыруды көздеуге
бағытталған оқытушы мен студент әрекетінің
тиімділігін арттырудың жолдарының бірі - педагогикалық
жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Оқытушы
білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу
үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың
әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі.
Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер
падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа
шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және
шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты
болмақ.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің
дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин
мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің
ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.М.Монаховтың,
В.П.Беспальконың және басқа да көптеген
ғалымдардың технологиялары оқу үрдісінде кеңінен
танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаевтың дамыта
оқыту технологиясы, М.М.Жанпейісовтың модульдік оқыту
технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу үрдісінде
қолданылуда.
Әрбір оқытушы өз оқу
үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай
өз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолдана
алатыны белгілі. Ал, студенттердің біліктілігін шыңдау
мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды
жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған
болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта
оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.
Қорыта айтқанда жаңа педагогикалық
технологиялар студенттерге білім берудің мазмұны мен формасын
ілгерілеушілік жағынан өзгерістер ендіріп келе жатқанын
толық сеніммен айтуға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Л.Искакова,
Ә.Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық
негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003.
2.
Ә.Беркутов. Компьютер
- оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.
3.
«Библиотечные
компьютерные сети: Россия и Запад. Современные тенденции корпоративной работы
библиотек в сетях передачи данных». Москва – Либерия, 1998 год.
4.
А.Шәріпов. Информатика.
Алматы, «Қазақ университеті», 1992 жыл.
5.
М.Қ.
Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева. Информатика. Астана,
2004 жыл.