Қамысбаева Д.Қ.,

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ аға оқытушы

Мусабеков А.С.,

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ аға оқытушы

СҮЙЕК СЫНҒАНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

Сүйектің сынуы - сырттан келген күштің әсерінен сүйектің анатомиялық қүрылысының бұзылуы. Оның бірнеше себептері бар:

1.  Травматологиялық немесе сыртқы күштің әсерінен (құлап қалу, соққыға жығылу, жол апаты, спорт сайыстарында жарақаттану т.б.).

2.  Патологиялық - әртүрлі аурудың салдарынан (мысалы, қатерлі ісік, сүйек туберкулезі, сүйек қабынуы т.б.)

3.  Химиялық – ертінділер, қышқылдардың әсері.

4.  Электрлік - күйіп қалу, тоқ ұру.

5.  Радиациялық - сәуленің әсерінен т.б.

Сынық ашық және жабық болып екіге бөлінеді.   Егер тері, тері астындағы шелді қабат, бұлшық ет бүлініп сынған сүйек сыртқа шығып тұрса онда оны ашық сынық дейді. Ал тері бүлінбесе - оны жабық сынық деп атайды.

Жіліктерде сынықтың кездесетін түріне байланысы диафизарлық (ортасынан бөлінген), метафизарлық (жілік мойны үзілгенде) және эпифизарлық (жілік басы немесе буын зақымданғанда) болып үшке бөлінеді.

Жасөспірім, балаларда сынықтың екі түрі кездеседі. Біріншісі - эпифизеолиз - жілік басының өсетін жерінен жұлынып кетуі. Екіншісі - "тал шыбықтай" майысу. Жас балалар сүйегінде минералдық заттар мен су көп мөлшерде болады, сондықтан сүйек қабығының ішінде сынады,, ал қабығы бүлінбей тұтас қалады.

Сүйек сыну сызығында байланысты бірнеше түрде кездеседі: көлденең, көлбеу, қиғаш, бұралып, ілгектеніп, уақ бөлшектерге бытырап, бөлшектердің бір-біріне нығыздала шөгіп т.б.

Көптеген сынған сүйектер сыртқы күштің әсерінен орнынан тайып кетеді. Оған бұлшық еттің жиырылу да ықпал жасайды. Мысалы, ұзыннан үзақ, көлденең бұрышталып, бұралып сүйек бөлшектері ығысады. Әдетте, мұндай ығысу тек бір түрінде емес, бірнеше түрінде кездеседі.

Сынықтың салдарынан денеде анатомиялық және функционалдық   өзгерістер   барлық   ұлпалар   мен   мүшелерде байқалады. Ол сынған жерде және бүкіл ағзаны қамтиды. Сондықтан оны жарақаттану ауруы деп атайды.

Сынған жердің жансыздануы, қан тамырларының жарылуы, жүйке талшықтарының шайқалуы, зат алмасуының бузылуы анықталады. Осы жер жағымсыз тітіркендіргіш көзі болып табылады. Өйткені онда пайда болған импульс жоғарғы жүйке жүйесі-миға жетеді де оның реттеуші қызметін бұзады. Соның салдарынан адамның ойлау қабілеті төмендеп, ішкі ағзарлардың (өкпе, жүрек, ас қорыту, ішкі секреция бездері т.б.) қызметі нашарлайды. Есінен танып құлап қалады. Осыған орай жарақат алған жердің белгілері: ауру, ісіп кету, қан ағу немесе көгеру, сүйек сынған бөлшектерінің, басқан кезде сықырлауы, қимыл-козғалыстың тапшылығы т.б.

Сынған сүйектің анатомиялық тұтастығын және қызметін қалпына келтіру ең негізгі мақсат.  Осыған орай орындалатын шаралар:

1.  Сынған сүйек бөлшектерін орнына салу-репозиция.

2.  Жақсылап қозғалмастай танып тастау-ммобилизация.

3.  Жарақаттанған жердің қан айналымын жақсарту.

4.Дер кезінде, фукционалды емдеу немесе емдік
дене шынықтыруды  тағайындау.

    Сынған сүйек бөлшектерін орнына салу екі түрге бөлінеді. Біріншісі қолмен сынған сүйекті екі жаққа тартып орнына түсіріп, гипс таңғыштармен тартып байлап тастау. Екіншісі күрделі сынықтарда, жіліктің басынан сүйектің ішіне сымтемір өткізіп, арнайы шеге, болт-винттер арқылы екі жағынан бекітеді. Оны "металлоостеосинтез" деп атайды. Оның әсері, сынған сүйектегі бұлшық еттерді тітіркендіріп жиырылуға ықпал жасайды, сол кезде сынған бөлшектер орнына түсуі. Емдеу әдісінде үлкен орын алған Илизаров аппараты немесе компрессия - дистракциялық аппарат деп атайды. Мұның ерекшелігі сүйек бөлшектерін орнына түсіріп, қимылсыз ұстап тұрумен қатар, қысқарған сүйекті 20-22 см ұзартуға ықпал жасайды. Тағы бір артықшылығы, аяғы сынған адамдар осы аппараты киген күннен бастап түрегеліп жүріп, әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасай алады. Кейінгі кезде сүйекті тез жетілдіруге ультрадыбысты кеңінен қолданып жүр.Осындай күрделі емдеу әдістерінің ішіне функционалды немесе емдік жаттығулар да кіреді. Оны үш кезеңге бөледі: иммобилизациялық, постиммобилизациялық және қалпына келтіру.

Бірінші кезеңде емдік дене шынықтыру жарақаттану ауруының бір бөлікке және жалпы денеге тигізетін әсерін бәсеңсіту үшін тағайындалады. Сол сияқты ішке ағзарлардың жүмысына нұқсан келтірмеуін, қызметін тұрақты атқаруын қадағалайды.

Бірінші кезең алғашқы сүйек мүйізше қалыптасқанша созылады.

Функционалды емдеу әдісінің негізгі мақсаты жараланған немесе сынған жердің қимыл-қозғалысын арттырып, тез жетілуіне, күнделікті түрмысқа бейімдеу. Жалпылама жаттығуларға коса арнайы емдік дене шынықтыруы беріледі ол сынған аяқ-қолдың бос саусақтарына жаттығулар беріледі. Бүл кезде еске сақтайтын жай, сынған сүйек бөлшектері ығысып кетпеуіне баса назар аударылады. Жаттығулар асықпай байыппен, орташа жылдамдықпен 10-15 мин орындалады.Сүйек сым темірмен тартылып жатса, арнайы жаттығулар арқылы екі жаққа аударылуға, бөксені көтеруге икемдейді.

Сүйек-буын ауыр закымданса, берілетін жаттығулар ауруын асқындырмау үшін тағайындалады. Әсіресе өкпе қабыну, ішек жиырылмау, бұлшық ет солу, жамбас не құймышақ ойылу т.б. Жарақаттанған жерде баса назар аударатыны, буындардың қатып қалмауы, сүйек "сұйылмауы" . Ол үшін бұлшық етті қатайтып - босату, оймен орындалатын жаттығуларды бірнеше қайталау керек.

Сүйек тез жетілу үшін екі балдақпен бөлме ішінде жүрген пайдалы және тұрмыс-тіршілікке қажет қозғалыстар жасаған абзал. Тек бәрінде де сақтықпен орындалады, өйткені сынған сүйек бөлшектері орнынан тайып кетіп қан тамырларын жарақаттауы немесе бұлшық еттерді қысып тастауы ықтимал.

Екінші кезеңде сүйек мүйізшесі өзінің жетілген түрақты құрылысын құрады ал оған ықпал жасайтын тек жаттығулар. Жарақаттанған жерді өзінің атқаратын қызметіне байланысты қимылдатады. Ол үшін барлық буындарға белсенді жұмыс беріп, бұлшық еттерді қатайтып, көптеген тұрмыс-тіршілікке лайықты қозғалыстар жасайды.

Бұл кезеңде байланып жатқан аяқ-қолдың буындарына баса назар аударады. Сол сияқты жүйке мен бұлшық еттің солмауын қадағалайды.

Ол үшін күніне бірнеше рет сынған аяқ-қолды әртүрлі қалыпта ұстайды (жоғары көтеріп, екі жағынан құм салған дорбашамен тіреп, сау қолмен оңға-солға қимылдатып т.б.).

Екінші кезеңде жаттығулар құрал жабдықтармен, механикалық аппараттармен, арнайы еңбек терапиясымен атқарылады.

Жаттығулар орташа жылдамдықпен, екпінді, күшпен 25-30 минут орындалады.

Үшінші кезенде емдік дене шынықтырудың негізгі мақсаты сүйекті толық жетілдіріл, өз қызметіне бейімдеу. Адамның ақсаңдамай шайқалмай, сылтпай жүруіне ықпал жасау. Ол үшін бұлшық етті толық жетілдіріп, оның серпімділігін арттыру және сау адамға лайықты жүмыстарды орындау. Әлеуметтік, медициналық, тұрмыстық және спорттық дәрежелерді қалпына келтіру бір сөзбен айтқанына ағзаға толық реабилитация жасау.

Ол үшін спорттың-қолданбалы жаттығулар, ойын түрлері (баскетбол, волейбол, шаңғы тебу т.б.) кеңінен қолданылады. Оның ұзақтығы 35-45 минутқа созылады. Жаттығулар жинағын тағайындағанда бірінші кезеңде 25 % - арнайы, 75% - жалпы жаттығулар, екінші кезеңде тепе тең 50%, 50 - ал үшінші кезеңде 75% арнайы, 25% - жалпы жаттығулар тағайындалады.

Жілік сынғанда аяқ-қол сүйектері орта есебімен 3-5 аптадан 4 айға дейін қозғалтпай таңып тастайды. Ол адамның жасына жынысына, алған жарақатына байланысты өзгеріп отырады.

Үшінші кезеңде ауруды толық қалпына келтіріп, орындалатын жаттығулар күрделі болуға тиісті.