Дариға
Сұлтанғалиева
Орал қаласындағы №43 орта жалпы білім
беретін мектептің
жоғары санатты қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі.
«Мұра» орталығын
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында
пайдаланудың тиімді
жолдары
№43 орта жалпы білім беретін
мектепте оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор мұражай
жұмыс істейді. «Мұра» орталығы оқушы игілігі
үшін, оқушыны жан-жақты дамыту үшін аса қажетті
орын.
Бірнеше бөлімнен
тұратын орталықтың қай бөлімін алып
қарасақ та жеке тұлғаны қалыптастыруда
атқарар рөлі ерекше.
Орталықтың
үлкен бір бөлімі көне түркі әдеби ескерткіштері
жайлы ой қозғайды. Қазақтың жазу мәдениеті,
яғни ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы
ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, Білге қаған т.б.)
басталатыны белгілі.
Ежелгі дәуір әдебиетінен
8-сыныпта «Орхон ескерткіштері» (VІІІ ғ.) тақырыбын өткенде
«Мұра» орталығына саяхат жасай отырып, халқымыздың жазу
мәдениетінің тарихы жайында оқушыларға терең
мағлұмат беріледі.
Мысалы: Сақтардың 26
әріптен тұратын жазуы болғанын, сақтардың
көне түркі тілінде сөйлегенін, Есік қаласының
маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс
тостағанда жазылған жазу мен біздің заманымыздағы VІІІ
ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей екенін; кейін тастағы
жазуларды зерттеген ғалымдардың қолжазбасы арқылы бізге
жетіп, оқу-жазу үрдісімен ұлттық педагогика
дамығанын, ғылым болып қалыптасқанын естерінде
қалдыру мақсат етіледі және оқушыларға
орталықтың мүмкіндігін пайдалану кітапханамен байланыс
жасағандай аса қажетті екені ұқтырылады.
Мұражайдағы этнопедагогика
бөлімі халқымыздың өзіне тән ерекшелігін,
дүниетанымын, тәрбиесін, мәдениетін көрсете алады. Атап
айтқанда, Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін
өткенде «Мұра» орталығындағы ұлттық
ою-өрнектерді, қолөнер бұйымдарын көрсете отырып,
оның түрлерін, қолданылу жайы туралы мағлұмат
беру арқылы ұлттық өнерді бағалауға,
қастерлеуге тәрбиелейміз. Ақын өлеңі арқылы
ғасырлардан асып, бізге аман-есен жеткен ою-өрнектерімізді
сақтауды, кейінгі ұрпаққа аманаттаған
ақынның үнін оқушыға жеткізуде орталықта
ұстаздар мен оқушылардың еңбегі арқылы
жинақталған білезік,
сырға, сақина сияқты бұйымдардың, киіз үй,
құрақ көрпе, ұлттық киімдердегі әр
ұлттық ою-өрнектің оқушыларды ұлтын
сүюге, ұлттық құндылықтарды
қастерлеуге тәрбиелеуде маңызы зор.
Сонымен қатар, «Мұра»
орталығының төрінде «Шебер қолдар» үйірмесі
мүшелерінің қолдарынан шыққан ұлттық
құндылықтарымызды танытатын қолөнер туындылары
орналасқан. Осы жұмыстар әр мұғалімге
көмекші құрал.
Оқушыларды қазақтың данасы, кемеңгер ойшыл
ақыны Абай шығармашылығынан сусындату мұғалім
борышы.
Әдебиетіміздің асыл
ірге тасын қалаған, қазақ халқының
халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатқан
ұлы тұлғаны ұрпаққа таныту ұстаздан
үлкен ізденісті, жан-жақтылықты, тұтастықты талап
етеді.
Сондықтан ақын
шығармашылығымен таныстырғанда Абайдың орыс
классиктерінің шығармаларымен терең таныстығын, орыс
халқының ақыны А.С.Пушкинді өзіне рухани ұстаз
тұтуын, орыс классиктерін аударып, қазақ тілінде
сөйлетуін, ұлы Абайдың даналығын танытуда берері мол.
Жалпы ұлылар үндестігін оқушының көкірегіне
ұялатуда «Мұра» орталығындағы оқушылар
тоқыған Абай, Пушкин портреттері
ұстаз бен оқушылар ізденісінің жемісі .
Сондай-ақ, патша
өкіметінің отаршылдық саясатына, әділетсіздікке
қарсы жалынды жырларымен көтерілістің рухани көсемі болған,
қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалысы басшыларының бірі, жауынгер ақын – Махамбет
Өтемісұлы шығармашылығымен таныстыруда орталақта
орналасқан кітапшадан оқушы біраз мағлұмат ала алады.
Сырттай қарағанда кітапшада ақын суреті бейнеленген
сияқты көрінгенмен, зер салып ізденген оқушыға
бұл кітапшадан ақынның өмірі мен
шығармашылығы, күйшілігі, шешендігі, ақын
шығармашылығын зерттеушілер туралы мәліметтер,
жауынгер-ақын жайлы жазылған әңгімелер, пьесалар т.б.
деректер ала алады.
Жас ұрпақты
халқын, Отанын сүюге тәрбиелеуде «Мұра»
орталығының маңызы ерекше.
Ұлы Отан соғысы
тақырыбына арналған шығармаларды өтерде, шығарма
жаздырарда, мысалы, Қ.Аманжоловтың «Дауыл, «Ақын өлімі
туралы аңыз», Ә.Сәрсенбаевтың «Сен құрметте
оны, қарағым» өлеңдері, Б.Момышұлының
«Жауынгер тұлғасы», Б.Бұлқышевтің «Шығыс
ұлына хат» шығармаларын өтерде оқушының ойын
қозғау үшін
орталықтың Ұлы Отан тақырыбына арналған
бөлімінің берері мол. Сондай-ақ, патриоттық
тақырыпта оздырылатын шараларға дайындалғанда
оқушыға материалды қайдан іздеуге болатыны жөнінде
мұғалім бағыт бере алады.
Сондықтан
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
үшін «Мұра» орталығы көмекші құралдың
рөлін атқарады. Әр мұғалімнің алдына
қойған мақсатына жетуде орталықтың тиімділігі
орасан зор.