Жеткенбаева Р.Т.
«Өрлеу» БАҰО»
АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
Қазақстан
Корпоративтік оқыту МДҰ
педагогтерінің біліктілігін арттыру факторы ретінде
Білім беру заманауи әлемде азаматтық қоғам
институттарының дамуын, әлеуметтік тұрақтылықты,
экономикалық өсуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі
болып табылады. Соңғы жылдары біздің елдегі
өмірдің барлық салалары маңызды инновациялармен
қанықтылғандығы байқалады, соның ішінде
мектепке дейінгі білім беру саласында.
Қазіргі қоғамдағы жаңа
әлеуметтік-экономикалық қатынастар мектепке дейінгі білім
берудегі өзгерістерге себепші болды. Жаңа экономикалық
жағдайда мектепке дейінгі ұйым қызметіне білім беру
саласындағы нормативтік құжаттар жүктеген
қиындатулар, ұйымды басқарудың айтарлықтай
өзгеруін тартады, МДҰ педагогтерінің міндеттерін
күрделендірді, басқару жүйесінің жетілдірілуін талап
етеді.
Білім берудің дамуындағы тенденциялар педагогтердің
кәсіби өсу мен дамуға, жетілуге ынтасынмен, білім беру
үрдісіне педагогикалық жаңашылдықтарды әзірлеу
мен енгізуінің дайындығымен байланысты. Өздігінен
дамуға ұмтылыс пен қабілеттілік психологиялық құзіреттіліктің
қалыптасуының қажетті шарты ретінде
тұлғалық әлеуеттің ашылуы мен өздігінен
ашылуының жүйежасаушы факторы болып табылады [1].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 -
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
анықталғандай, білім берудің барлық деңгейлерінде
адамның өзінің білімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін әр-түрлі
мүмкіндіктердің құрылуы арқасында өмір бойы
оқыту іске асырылады. 2020 жылға қарай жасқа, білім
деңгейі мен кәсіби біліктілікке қарамастан өмір бойы
оқыту үшін жағдайлар жасалады [2].
Үздіксіз білім алу неліктен үлкен маңызға ие?
Бұның екі себебі бар:
1.
«білімге негізделген
қоғам» қалыптасқан, дағдылар мен
ақпараттың тұрақты жаңартылуының
мотивациясы, дамудың шешуші факторы болып табылады;
2.
білім беру кеңінен
алғанда қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамытудың міндеттерін табысты орындауға көмектеседі.
Заманауи жағдайлар педагогикалық және басқарушы
кадрларға жаңа талаптар қояды, педагогикалық
іс-әрекетке, шынайы білім беру үрдісіне көзқарас
өзгерді. Осы жағдайларда мектепке дйігі білім берудің сапасын
дамыту мен қамтамасыз етудің басты ресурсының бірі –
МДҰ-ның педагогикалық кадрларының
тұлғалық-кәсіби дамуы ерекше маңызға
иеленеді.
Әрекет етіп
жатқан біліктілікті арттыру жүйесі педагогтердің
сұраныстары мен күтулеріне толық жауап бере алмайды,
педагогтердің нақты қызығушылықтары мен
қажеттіліктеріне әлсіз бағытталған, көп
жағдайда өзара байланысты емес, сондықтан тұтас
және адекватты инновациялық жүйе болып табылмайды.
МДҰ-ғы инновациялық дамудың міндеттерін шешуді,
үздіксіз білім берудің қағидаларын іске асыруды,
жаңа құзіреттіліктерді игеруді бейресми корпоративтік
оқыту мен біліктілікті арттыруды ұйымдастыру арқылы іске
асыруға болады.
Адамдар кез келген білім беру ұйымының басты стратегиялық
ресурсы мен негізгі бәсекелес басымдылығы болып табылады. Демек
қойылған стратегиялық міндеттерді шешу үшін
барлық ұжымның корпоративтік оқытылуы қажет. Бір
ұйымның барлық қызметкерлерінің жаңа
дағдылар мен біліктерге иеленуі мен білімдерінің арттырылуы
корпоративтік оқыту деп түсіндіріледі. Жеке алғанда әр
қызметкердің және тұтас ұйымның
жұмысының тиімділігін арттыру корпоративтік оқытудың
мақсаты болып табылады.
Зерттеушілердің пікірі бойынша корпоративтік оқыту
жүйесінде мамандарды тиімдірек дайындаудың мүмкіндігі келесі
негізгі факторлармен анықталады:
-
корпоративтік оқыту
жүйесінде сабақтар ұйымшылдықпен, қарқынды,
мотивацияның жоғары деңгейімен және оның
сапасының әділ бақылануымен өтеді;
-
сырттағы курстарға
қызметкерлердің қатысуының
ұзақтығымен байланысты шығын елеулі
қысқарады;
-
оқыту мазмұны
нақтырақ, кәсіби дайындықтың бағыты мен
деңгейінің шынайы қажетке бағынуы;
-
көлік пен іс-сапар
шығынының болмауы;
-
оқытылып жатқан
қызметкерлердің тәжірибемен алмасуы мен кеңес алуын
ұйымдастыру;
-
ұйымның жұмыс
кестесі есепке алынып, сабақ кестесіне түзетілуі мен бейімделуі;
-
оқу бағдарламалары
мен қажетті мерзімдермен оқу топтарына тыңдаушыларды
бөлу мүмкіндігі;
-
оқу үрдісінде
корпоративтік рухты, ынтымақтастық пен оқытудың сапасы
және мерзіміне құруға үлкен жауапкершіліктілігі
[3].
Корпоративтік оқыту жүйесінің
құрылуының керектігі келесі жағдайларда туындайды:
-
білім беру ұйымы
дамуының өзгермейтін ұзақмерзімді
мақсаттарының болуы.
-
оқытудағы
қажеттілік анықталған;
-
педагогтер білім беру
ұйымының стратегиялық ресурсы ретінде танылған.
Корпоративтік
оқыту келесі теориялық негіздерге ие. Үлкендерді
оқытудың андрогогикалық тұжырымдамасының
арнасында дербестікті дамытудың тиімдісі ретінде ұжымдық,
топтық және кооперативтік іс-әрекет формалары қарастырылады
[4].
Корпоративтік
біліктілікті арттыру – білім беру ұйымының айнасы секілді, ол
педагогтер мен басқарушы персоналдың кәсіптіліктері,
құзіреттіліктері, біліктіліктері аясында өзекті
қажеттіліктерін көрсетеді. Корпоративтік оқыту тірі
динамикалық жүйе немесе организм сияқты өйткені ол
білім беру ұйымында туындайтын білімдік қажеттіліктер мен білім
берудегі қандайда болсын инновациялық өзгерістерге
нақты назар аударады.
Корпоративтің
оқытудың қағидаларына тоқталсақ жетекші
болып табылатындары:
‒
нақты білім беру
ұйымындағы кадрлық саясатының даму деңгейі мен
жағдайына корпоративтік оқытудың мазмұны мен
ұйымдастырылуының тәуелдігі;
‒
үздіксіздігі (демалыссыз,
үзіліссіз оқытудың тұрақты, тоқтаусыз,
жаппай ерекшелігі);
‒
оқытудың
әрекеттік ерекшелігі;
‒
оқытудың
құзіреттілік пен рефлексивтік ерекшеліктері;
‒
білім беру ұйымының
практикалық міндеттерін шешу өзгешелігінің есепке алынуы.
Ұсынылған үлгіні қолдану білім беру ұйымына
өзекті міндеттерді шешуге ықпал ететіні сөзсіз:
‒
кадрлардың
кәсіптілігінің өсуі;
‒
педагогтер мен балалардың
өздігінен дамуын қамтамасын ететін креативтік ортаны
құру;
‒
білім беру ұйымының
бәсекеге қабілеттілігін құру[3].
Корпоративтік біліктілікті
арттыру тәжірибесі көрсеткендей корпоративтік оқыту
жүйесінің келесі ерекшеліктерін бөлуге болады:
‒
Мақсаттылық.
Жүйежасаушы фактор ретінде ұйымның даму мақсаттарын
іске асыру мен қоюына өткізілетін шаралардың
бағыттылығы.
‒
Білімдерді жинақтау,
өндіру мен трансляциялау үрдісінің бірлігі. Оқыту мен
өздігінен оқыту бойынша шаралардың ішінде
шығармашылық компоненттердің, әрекетті
оңтайландыру жобалау әзірлемелердің, маңызды шешімдерді
қабылдаудың болуы.
‒
Ашықтық.
Ұжымның ішінде пайдалы тәжірибемен бөлісуге
қызметкерлердің дайындығы, сонымен қатар
ұйымның ақпараттық қорына өз
тәжірибесін табыстау. Жинақталған білімді сату.
Бүгін мектепке дейінгі ұйымда зерттеулерді өткізу немесе
жобаларды іске асыру, тәжірибелік-эксперирименталды немесе
инновациялық әрекет форматындағы даму үшін қажет
проблематика аясында өтетін корпоративтік оқытудың идеясы,
ерекше тиімді болып келеді. Кәсіби өзгерістердің болжалуы
МДҰ педагогының біліктілігін арттырудың басты нәтижесі:
‒
өз ойын білдіру білігін,
жауапкершілік, кретивтілік, қызығушылықтар мен
құндылықтардың құрылымын,
дербестіктің қалыптасуын бағалауды қарастыратын жаңа білім беру стандартын игеретін
педагогтердің тұлғалық дамуының динамикасы;
‒
осы жағдайдағы
өзекті тәртіптік коммуникативтік,
құндылықты-маңызды, этикалық және
басқада аспектілерді есепке алумен қатар МДҰ біліктілікті
арттыруда алынған білім мен біліктердің негізінде педагогтердің базалық
құзіреттіліктері мен функционалдық
сауаттылықтарының жеткілікті жетілуі;
- тьютор
болу қабілеттілігі [6].
Кадрлық менеджмент қағидаларына
негізделе отырып МДҰ педагогтерінің тиімді оқытылуының
психологиялық-педагогикалық және
психологиялық-әлеуметтік жағдайларын белгілеуге болады:
1.
Ең алдымен
мотивацияның болуы. Әр педагог балалардың тәрбиеленуі
мен оқытылуының нәтижелеріне, оның жұмысына
корпоративтік оқытудың қалай әсер ететіндігін
және бұл оның болашақ ауқаттылығында
қаншалықты білінетінін анық түсінуі қажет.
2.МДҰ әкімшілігі оқуға ықпал ететін райды
құру керек, ал бұл оқыту үрдісінде
педагогтердің белсенді қатысуын, жаңаны тануғы
ұмтылысын, өз жетістіктері мен қателерін талдауды
ойластырады.
3.Практикалық дағдылардың бекітілумен қатар
оқыту үрдісін бірнеше кезеңдерге бөлу қажет.
4.Жағымды кері байланыс керек: педагогтың мадақтауы,
мақтауы, қолдауы және т.б. Педагогтердің әлеуетін
дамытудың ұжымдық үлгісін құру үшін
андрогогика негіздері басты болып табылады [6].
Корпоративтік біліктілікті арттырудағы
оқыту жанды, динамикалық жүйе секілді білім берудегі
қандайда болсын инновациялық өзгерістерге сонымен қатар
МДҰ ұжымында туындайтын білімдік қажеттіліктермен
сұраныстарға нақты және тез ілтипат білдіреді.
Мұның барлығы МДҰ негізгі мақсаты – жауапты,
ұйымшыл, жоғары кәсіби ұжымды құруға
жеткізетін кадрлық саясаттың ұзақ мерзімге
жоспарлануына мүмкіндік береді.
Сонымен, біліктілікті арттырудағы корпоративтік
оқыту Педагогикалық ұжымның құзіреттілігін
жетілдіреді, тиімді жұмыс жасайтын команданы қалыптастырады,
МДҰ-ның кадрлық әлеуетін белсендіреді, кәсіби
іс-әрекетте шынайы табысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1.
Митина Л.М. Психология
профессионального развития учителя. –М.: Флинта: Московский
психолого-социальный институт, 1998.–200 С
2.
Государственноя программа развития
образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы, Указ Президента Республики
Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118, Астана
3.
Щёкин Г. В. Теория и практика
управления персоналом: Учеб.-метод. ТЗЗ пособие – 2-е изд., стереотип. – К.:
МАУП, 2003
4. Вершловский С.Г. Педагог эпохи перемен, или Как решаются сегодня проблемы
профессиональной деятельности учителя / М.: Сентябрь, 2002.
5. Кузнецов, В.В. Корпоративное образование: учеб.
пособие для студ. высш.учеб. заведений / В.В.Кузнецов.-Екатеринбург: Изд-во
Рос. гос. проф.–пед. Ун-та, 2010. – 227 С.
6.
Русских Г.А. Подготовка учителя к
проектированию адаптивной образовательной среды ученика: Монография. – М.: –
Киров: ВятГГУ,2003. – 2087 С.