Макашев Еркебулан Слушашович
Қазақстан Қарағанды
қаласы ЖББОМ№12
Деңгейлеп
оқыту оқушының шыгармашылық деңгейн дамыту негізі
Қазіргі
уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында
тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық
деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру.
Еліміздің
басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім
беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы
«білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім
қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа
салынсақ алдымызда отырған бейкүнә
шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік.
Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған
өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау.
Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену
жолындағы алғашқы қадамдар.
Инновациялық арақашықтықтан басқару
жүйесі мектепішілік басқаруға өте тиімді.
Мұғалімнің сабағын монитор арқылы
қадағалап отыруға, ата-ана әлемторға еніп On-Line
арқылы Web браузер мектептің сайтына еніп баласының
қалай жауап беріп жатқанын, тәртібін өзі тікелей
көре алады.
Егер оқушы сабаққа келе алмай қалса архивке еніп,
сол күнгі өткен сабақты қайта көре алады.
Ең бастысы мектеп мектеп сайтында электронды кітапханада әр
пәннен үй жұмыстары, тапсырмалар, мұғалімдер мен
оқушылардың каталогтары, үлгерімі мен сабаққа
қатысуы жөнінен кез-келген уақытта мәлімет ала аласыз [1].
Тағы бір ерекшелігі бұл жүйе мектепішілік сыныптар
арасында түрлі сабақтар, конференциялар өткізуге өте
қолайлы. Келешекте Қазақстанның кез-келген мектебімен интерактивті
сабақтар өткізу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл
дегеніңіз ғажап мүмкіншілік.
Инновациялық арақашықтықтан басқару,
оқыту жүйесінің тағы да аспактісі
·
Басқа байланыс
құралдарымен сабақтасып жұмыс істеу
·
Хабарламаларды жоғары
жиілікте жеткізуге
·
Дыбыс ырғақтарын
тікелей естірту және көрсетілуі
·
Төтенше жағдайларды
дыбыс беру және көрсетілім арқылы хабарлау.
Жаңа технологияға сәйкес
оқыту моделі дамытушы модель, жеке тұлғаны дамытуға
бағытталған ол оқу процесінде мұғалім мен
оқушы арасында «субъект- субъект» қатынасын қалыптастырады.
Мұндай оқытуда оқушы қызмет субъектісі, ал педагог
оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы,
яғни технология- белгілі педагогикалық жүйенің
практикада (тәжірибеде) жүзеге асатын жобасы.
Оқушының жан- жақты
үйлесімді дамуы үшін тәрбие жұмыстарына мынадай
талаптар қойылады.
1. Тәрбие жұмыстарын жоспарлы,
жүйелі жүргізу.
2. Тәрбие жұмыстары
оқушылардың шығармашылық істерін насихаттап,
ізденістерін дамытатындай болу керек.
3. Оқушылардың
қызығушылығын арттырып, белсенділігін көтеру.
4. Ұжымдық, жеке іс-
әрекеттің дамуы және оқушының әрекет етуіне
жол беру.
5. Басқалармен үйлесімді
қарым- қатынас құруы, тұлғаның
өзін- өзі тануына тәрбиелеу.
6. Өзгелердің мүддесін,
өз мүддесінен жоғары қою, кеңпейіл болу,
тәкәппарлыққа жол бермеу.
7. Достарының, отбасының,
отанының сенімін ақтауға үйрету.
Қоғамның қай кезеңінде болсын, жеке
тұлғаның жан- жақты тәрбие алуын
ұйымдастыруда оларға сапалы білім беру көзделген. Бұл мәселе
ұлы ғұламалар еңбектерінде кеңінен орын алып,
өзіндік сабақтастығын тауып келген[1].
Оқушының жеке тұлға
ретінде қалыптасуы, бір жағынан оқу үрдісіндегі
оқушының белсенділігінің, өздік ізденіс жасай
білуінің, қызығушылығының т.б. өзгеруіне
байланысты болса, екінші жағынан айналасындағы адамдармен
қарым- қатынасына байланысты болады. Сондықтан
мұғалім оқушы бойындағы өзгерісті назардан тыс
қалдырмай нақтылы ситуацияларда оқушы белсенділігін, өз
бетінше жұмыс істей білу қабілетін, танымдық
қызығушылығын, шығармашылық қабілетін
дамытуға қажетті жағдай туғызып отыру керек.
Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-
өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруға көмектеседі.
Еліміздің басынан
өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру
жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз,
сол білгеніңді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын
үсынады» деп құрайлыққа салынсақ, алдымызда
отырған бейкүнэ шэкірттердің тагдырына қиянат
жасаған болар едік. Не ексең, соны орасың. Мақсатымыз -
алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз
қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім
кеңістігіне ену жолындагы алгашқы қадамдар жасау [2].
Қай
заманда,қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы -
Мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім
арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда
мектептің, мүғалімнің қасиетті міндеті - рухани
бай, жан - жақты дамыған жеке түлға қалыптастыру.
Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың
ұлттық әдет - салты, көзқарасы шыққан
түп - тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты
бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып
келеді.
Баланың
бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар
іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай окушының
таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті
қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық,
эмоционалдық, жігерлік іс - әрекетке оқушылардың
белсене қатысуы жатады. Осындай нэтижеге жету үшін сабақ
мазмұнының түрлерін, оқытудың амал –
тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір
жалпылама баяндау, сұрақ - жауап, лекция тәрізді сабақ
әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан
сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс –
тәсілі, деңгейлеп - саралап оқыту педагогикалық
технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлеп - саралап
оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің
барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу
үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.
Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы
жаңаша өзерген мақсатпен оқушылардың
өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап
етеді. Бұл технология да бірінші орында оқушы тұрады
және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп - саралап
оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңейлік,
қосымша шыгармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Оның басты мақсаты -сынып оқушыларын «қабілетті»,
«қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта
қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан
жүмысты I деңгейде орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау
мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындауына кепілдік береді. I
деңгейді орындаған оқушы «3» деген багамен бағаланады.
Әрбір оқушы I деңгейді орындауга міндетті жэне одан
жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға
қүқылы. Осы түрғыдан алғанда
«үлгерімі томен» оқушы жақсы оқитын оқушыга ілесе
алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. I
деңгейден аса алмай жатқан жағдайда калган тапсырмаларды
үйде орындауга беру керек. Деңгейлеп - саралап оқыту
технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды
дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг -
ұпай әдісіне баулу [2].
Деңгейлік
тапсырмалар рейтинг - ұпай - балл жинау әдісімен
бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік
сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген
қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тэсілдеріне
анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге
мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым
көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан,
жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.рофессор
Ж.Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту
технологиясының өзектілігі жаңаша мақсатпен
оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін
меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы
тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса
назар аударады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Іргебаева Ә.И. Оқыту технологиясы ұғымы,
мәні, сипаттамасы // білім берудегі менеджмент №2, 61-65б. 2000ж.
2. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының
мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9,
1999ж.