Айдарбекова К.А.,
Башаева К.М.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Бастауыш мектепте ақпараттық технологияларды
пайдалану
«Қазіргі заманда
жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру
жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор [1].
Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде
ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен
пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі
делінген [2]. Осы тұрғыда оқытудың жаңа ақпараттық-
коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ
ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі
қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық
– коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді
ақпараттандыру және пәндерді ғылыми –
технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға
қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы
кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы
мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің
қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Бүгінгі күні
инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар
қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып,
ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін
арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Дамыған елдердегі білім беру
жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің
бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде
ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі
таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық
қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп,
көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей
отырғандығы мәлім.
Ақпараттандыру
жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік,
дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны
өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім
беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді
тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл
жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше
оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық
мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап
етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу
үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың
жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың
тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды
пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің
ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу
үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік,
дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды
пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық-техникалық базасын
нығайту.
Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны
ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен
оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау
құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі
ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар
екендігін анықтауға мүмкіндік береді
[3].
Бірінші бағыт тұрғысынан алып
қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік,
дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып,
оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай
жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық
технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Ғылым мен техниканың жылдан-жылға
кең өріс алып, жедел жарқынмен дамуы білімнің негізгі
болып табылатын-бастауыш мектеп де өз әсерін тигізуде.
Соған сәйкес бүгінгі танда бастауыш
мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен
шығармашылық қабілеттерін дамытуға жана
ақпараттық (компьютерлік) технологияны пайдалану және
оның тиемді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға
айналып отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның
басты тиімділігі - бұл мұғалімге бастауыштағы оқу
үрдісінің құрылымын түбейгелі өзгертуге,
оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып,
оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке
қаблеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай
жасауы. Сонымен қатар жаңа ақпараттық
технологияның негізгі ерекшелігі- бұл оқушыларға
өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық
жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз
жұмысының нәтижесін көріп,өз-өзіне сын
көзбен қарауын және жеткен жетістігіне ләззат
алуға мүмкіндік беру.
Ақпараттық
технология мектепте оқыту үдерісіне қажетті әдіс,
тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді
психологиялық-педогогикалық іс-әрекеттердің
жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың
тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі
әсер етуімен қатар, педагогиканы нақты ғылымға
жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық,
шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық
іс-тәжірбиенің нәтижелілігіне, жинақтылығына
ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үдерісінің
басты күре тамырының рөлін атқарады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1
«Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз»
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы, 2011 жыл http://www.inform.kz/kaz/article/2345935
2
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы -
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001118
3
Төленова Ұ. Білім беруде жаңа технологияны
қолдану - өмір талабы. // Бастауыш мектеп. №5. 2005.б