Педагогические  науки/ 5.Современные методы преподавания

 

Курмашова Г.С., Кусмухамбетов Е.М.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Казахстан

 

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялар

 

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениет аралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Шетел тілін оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Оқытушылардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер тузығады.

Оқытушылардың біліктілігі олардың педагогикалық қарым – қатынаста жағдай жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:

·                білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т.б.

·                жеке тұлғаны жетілдіру (тұлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т.б.

·                әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т.б.)

·                оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пән аралық байланыстарды тереңдету және т.б.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ.

Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т.б. Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады.

Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның, олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді. Бұдан оқытушының шетел тілі  сабағындағы орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек. Керісінше оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қорытындысын белгілейтін әлеуметтік психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жұмысына бағыт – бағдар беретін  бір субъект.

Аталған ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениет аралық біліктілікті дамытудың алғы шартын жасайды.

Студент мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой, құнды пікір айту өте маңызды. Және ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел тілін оқыту технологиясының тиімділігінің көрсеткіштері мыналар:

·                студенттердің моральдық психологиялық, интеллектуалдық және жас ерекшеліктерін ескеру.

·                оқуға жағымды көңіл күй қалыптастыру.

·                Оқытушы мен студент арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас және әріптестік принципін орнықтыру.

·                студенттердің еске сақтау қабілеті мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.

·                сабақтардың бітуімен студенттердің келешекке қанағаттануының қорытынды нәтижесі.

 Білім беру технологиясының үш түрлі типі бар. Олар дәстүрлік,                                инновациялық және ақпараттық. Бастысы технологияның                                                       жиынтығы емес, оның дәрежесі. Студенттің әр түрлі ақпарат көздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның    көмегімен өздерінің дербесізденуі арқылы тілді игеруге кәсіби шеберлігін шындайды.                                  Жаңа ақпараттық технологияға әр түрлі ақпараттарды электронды әдіспен енгізу, сақтау және беру болып табылады.

Ақпарат  жиынтығы базасының қалыптасуы. Электрондық пошта, телеконференция, шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар. Электронды кітапханалар. Бұл технологиялар білім саласында оларды пайдаланудан гөрі тезірек дамиды.  Жоғары оқу орындарында көбіне – көп электрондық почталар жиі пайдаланылады. Қазіргі кезде аудио ақпарат алмасу, виртуалды аудиторлық тақта, тақырыптық  ақпарат енгізілген клавиатуралар, файлды алмасу, көп жақты конференциялар өткізу кеңнен таралған көпке белгілі компьютерлік видео конференция байланыстың әдістемесіне жатқызылады.

Бұл технологиялар ағылшын тілін біршама меңгерген студенттің еншісі болып табылады. Өйткені бұл материалдар тек ағылшын тілінде ғана беріледі. Компьютер жүйесі оқу процесін жетілдіру құралы болып табылады. Дегенмен, Интернет жүйесіндегі оқуға байланысты ақпараттар сирек, аз, жүйеленбеген. Оқу процесін аралық байланыс арқылы басқару электрондық почта арқылы материалдар қабылдау, жіберу, курс және диплом жұмыстарын көшіру, интерактивтік хабарлар алмасу арқылы жүргізіледі. Бүгінде бұл технологиялар оқытудан гөрі жаңа дамушылық маңызға ие. Дегенмен, түрлі ақпараттық ағымды пайдалану арқылы шет тілін меңгеруге талпыныс келешек медик-студенттерге өздерінің жан-жақты дамып, сауатты маман ретінде қалыптасуына игі ықпал етеді.

Студенттердің техникалық білімінің кәсіби бағдарламаға сәйкес шет тілін меңгере отырып игеруі, олардың осы мақсатта жүйелі түрде технологиялық ақпараттарды және педагогикалық технологияны пайдалана отырып үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне байланысты. Жаңа педагогикалық технология студенттерді шет тілін меңгеруге жеке бағыттап, даярлық кезінде олардың қарым – қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Технология нәтиженің тұрақтылығына негізделген. Оқудың жағдай мен түрлі факторларына қарамайды. Жеке іскерлік тұрғысынан педагогикалық технология жоғары нәтижеге жету үшін оқу процесіне эмперикалық инновацияны пайдалану арқылы ғылымды игеруге дидактикалық білімнің қасиетін нақтылау. Ол үшін оқудың мазмұнын, әдісін, оқу процесін ұйымдастыру формасын, оқу құралын жетілдіру қажет.

Интернет – технологияның мәселелерін зерттеушілер кез келген педагогикалық технология ақпараттық екенін баса көрсетеді. Ақпараттық технология оқупроцесінеи кеңіненкомпьютерлік технологияны пайдалану мен ерекшеленеді. Оқуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану негізгі педагогикалық технологияның негізгі принцинтерін  қанағаттандырады.   Шет тілін кәсіби бағдар ретінде оқып үйренуде жаңа педагогикалық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану бүгінгі күнгі білім жетілдірудің инновациялық түрі болып табылады.

Педагогикалық технология деп оқудың сапасын жақсарту және жобалық қортындыға жету мақсатында оқытушы мен студенттер біріккен технологиялық іс - қимылын айтады.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану  - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден-бір жолы, ал ол өз  кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл  көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағыттылған оқытудың   үлкен жетістігі болып табылады, сондай-ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жету мен қатар өмірдің сапасын көтеруге үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамамсыз етеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.   Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеообразовательной школе. М.: Просвещение.-1985.

2.   Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. - №3, 4, -1999.

3.   «Информатика негіздері»  журналы  №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» 

4.   Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.