Қарқабаева Ф.П.
«Өрлеу» БАҰО АК Жамбыл обылысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалы,
Қазақстан
ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу
ісіндегі ұлттық үлгінің қалыптасуы, келешекте он
екі жылдық білім беруге көшу, оқу-тәрбие процесіне
инновацияларды ендіру, білім беру мазмұнының, құрылымының,
экономикалық–ұйымдық, құқықтық
жақтарының түбегейлі өзгеруі, мектептің
жаңа типіне көшу, білім беру мекемелеріндегі басқару
деңгейін жаңа сатыға көтеруді, оны дамытудың
тиімді жолдарын қарастыруды талап етеді.
Осылардың ішінде он екі жылдық білім
беруді басқару ісін жаңарту бағыттарына: жалпы білім беретін
мектептегі білім беру ісін қазіргі қоғам талаптарына сай
келтіру; мектеп оқушыларын өздігімен білім алуға және
оны тәжірибеде қолдана білуге үйрету; оқытудың
әртүрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануына және
тұлғалық қасиеттерін ашуына ықпал ету;
оқушыларды танымдық іс-әрекетке мақсатты және
жүйелі түрде қатыстыру, түрлі салалар бойынша негіз
қалыптастыру мақсатында білім беру ісін ұйымдастыру жатады.
Білім берудің басым бағыттарының
бірі-тұлғаға бағытталған педагогикалық
іс-әрекет болып саналады. Сондықтан басшыларға білім беруде,
ең алдымен, тұлғаға бағытталған
көзқарасты жүзеге асырып алу қажет. Бұл
проблема бірқатар зерттеушілердің (С.Степанов, И.Якиманская, А.Хуторский және т.б.) еңбектерінде
көрініс алған. Біз соларды негізге ала отырып, тұлғаға
бағытталған көзқарасты педагогикалық
іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты
және оқушының өзін-өзі дара тұлға
ретінде тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін
өзара тығыз байланыстағы идеялар, түсініктер мен
іс-әрекеттер жиынтығы деп қабылдаймыз.
Тұлғаға бағытталған жаңа
көзқарастың үш компонентін анықтайық:
Бірінші компонент - даралық,
тұлғалық, белсенділік, өзін-өзі көрсету,
мендік тұжырымдама, таңдау, педагогикалық қолдау
ұғымдарын қамтитын тұлғаға
бағытталған көзқарас
ұғымын ашатын негізгі түсініктерді қамтиды. Екінші компонент - тұлғаға
бағытталған көзқарастың негізгі принциптерінен
құралатын оқушыларға білім беру
құрылымының негізгі ережелері мен бастапқы
жағдайын қарастырады. Бұл принциптер белсенді
тұлға, дарашылдық, субъектілік, таңдау, шығармашылық
табыс, сенім және қолдау принциптері деп аталады. Үшінші компонент - технологиялық
компонент. Ол осы бағыттағы педагогикалық
іс-әрекеттің негізін құрайды және бірқатар
принциптерді (диалогтік; шығармашылық іс-әрекет;
баланың жеке басының дамуын қолдауға бағыттау;
оқушыларға өз бетінше шешім қабылдауға,
шығармашылыққа, білім алудың мазмұны мен жолдарын
таңдауға еркіндік беру) тірек етеді.
Демек, тұлғаға
бағытталған білім беру мекемелерінің басты нысанасы-жеке
адамдарды дара тұлға ретінде қарастыру болып табылады. Білім
беру мекемелерінің мұндағы мақсаты-білім беру
процесінде педагогтың, адамның дара тұлға ретінде
қалыптасуына ерекше педагогикалық, психологиялық жағдай
туғызу.Бұл жалпы білім беретін мектептердегі басқарудың
әдіс-тәсілдерінің бәріне, мұғалім мен
оқушының тұлғалық ерекшеліктерін
қалыптастыруға, оның бейімділігін анықтауға
бағыттайды.
Білім беру жүйесіндегі аталған
мәселелерді кешенді түрде шешу үшін, мынадай
бөлімдерден тұратын, жаңа мазмұн мен формаларға
негізделген «Жалпы білім беретін мектепті басқару тұжырымдамасын»
ұсынамыз:
1.
Тұжырымдаманың мақсаты мен
міндеті.
2.
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың
мақсаты мен міндеттері.
3.
Мектепішілік басқару қызметтері.
4.
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың
келешектік мақсаты мен міндеттері.
5.Мектептегі
келешектік білім мазмұны.
6.
Тұжырымдаманы жүзеге асырудан
күтілетін нәтиже.
Тұжырымдаманың
мақсаты: жалпы
білім беретін мектептерді басқарудың негізгі бағыттарын, мазмұнын, педагогикалық
шарттарын айқындау.
Тұжырымдаманың
міндеттері: жалпы білім беретін
мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттерін
анықтау; жалпы білім беретін мектепті басқарудың басым
бағыттарын айқындау және оны жүзеге асыру.
Тұжырымдаманың негізін жаңа
қоғам жағдайындағы жалпы білім беретін орта мектепті
басқарудың теориясы мен тәжірибесі; мектеп басшысының
мұғалім қызметін ұйымдастыруы, оған
бағыт-бағдар берудегі кәсіби жауапкершілігі;
ұжымдағы орнықты
моральдық–психологиялық
ахуалды қалыптастыруы; басшының мектеп ұжымының алдындағы
мақсат пен міндетінің
айқындылығы, соған байланысты ортақ іске оларды
жұмылдыра білуі құрайды.
Тұжырымдама қазіргі білім беру
философиясының негізгі бағыттарын басқару деген не
(басқару антологиясы); ол қалай пайда болды (басқару
логикасы); білімдегі құндылықтардың табиғатын
(басқару аксиологиясы); басқару үрдісіне
қатысушылардың қызметтік мәдениеттерінің
ерекшеліктерін (басқару этикасы); басқару үрдісіне әсер етудің жолдары мен
әдістерін (басқару әдіснамасы) тірек етеді және мектеп
басшысынан: ең алдымен өзінің негізгі мақсатын анықтап
алуды; қарамағындағы адамдар мен жеке
тұлғалардың сұранысын қанағаттандыра
білуді; алға қойған мақсатын жүзеге асыруда
тиімді жолдарды іздестіре білуді; білім сапасын қамтамасыз етуді; мамандардың кәсіби біліктілігін
арттыруды; қол жеткен нәтижелерге талдау жасап, баға бере
білуді; мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігін
жетілдіруге көмектесуді талап етеді.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі
балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, ортаның әлеуметтік-мәдени
өзгерісіне икемделе отырып, ең алдымен оқушылардың жеке
тұлғалық дамуы мен жалпы дамуындағы дайындық
мәселелері бірлігінің шешімін қарастырады. Осыған
байланысты білім беруге қойылатын талаптар да түбегейлі өзгеріп, білімнің қоғамды
қайта жаңғыртуға қосар үлесі артады.
Оқытудың жаңа технологияларын қолдануда жеке
тұлғаға, оның мәселелеріне,
мақсат-мүдделеріне шығармашылық тұрғыда
қарауды талап етеді. Сонымен бірге, білім берудің әлемдік деңгейі де білім сапасын
көтеруде он екі жылдық білім беру мүмкіндігінің мол
екендігін айғақтайды.
Тұжырымдамада көрініс алған жалпы
орта білім берудің басты мақсаты болса, әлемдік білім беру
стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы
сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге,
өздігінен дербес білім алуға, өзін-өзі тануға,
өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға
және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге
дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді
үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл
тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Әдебиет:
1.
Төл оқулыққа
төрімізден орын болсын. //Қазақстан мұғалімі,
№11-12, 1мамыр, 2004. - 2 б.
2.
Педагогтың кәсіби
құзырлылығы жоғары білім сапасының басты
көрсеткіші // Качество педагогического образования: проблемы и
перспективы развития /материалы Международной научно-практической конференции.–
Алматы: КазНПУ им. Абая. – 2004. Май – 18-19. С. 481-484.
3.
Ізденіс бар жерде іс ілгері басады. //Егемен
Қазақстан, № 130, 22 мамыр 2004.- 3 бет.
4.
Ұйымдастыру басқару
қызметінде.//Мектеп директоры, №6, 2004.-3-10 бет.