Қасымбекова Э.М.

«Өрлеу» БАҰО АК Жамбыл обылысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты филиалы, Қазақстан

Кокимбаева А.А.

Ақыртөбе орта мектебінің мұғалімі, Қазақстан

 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕНГІЗУ- БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік лайық орын алуы сол мемлекеттің білім сапасына байланысты екенін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты Халыққа Жолдауында білімнің сапасын арттыру туралы ерекше айтылуы да сондықтан. Соған байланысты оқу-тәрбие үрдісін жақсартып, оқытуда жаңа  педагогикалық технологияларды кеңінен қолдана отырып, білімді терең игерудің жолдарын  әр пәннің ғылыми негіздерін меңгерту мәселелерін оқушының ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін  дамыту сияқты ұтымды түрлеріне сенгеніміз жөн. Сонымен қатар оқытылатын пәнге нақты да жүйелі жасалынған бағдарлама, кәсіби сапасы жоғары маман, сапалы мазмұндағы оқулық керек. Білім сапасын көтеретін оқыту технологияларымен және жаңашыл, ізденімпаз мұғалімдермен толықтырып, насихаттап отырған жөн секілді.

Мектептерде жаңа технологиялық оқытудың тиімді жолдарын іздестіру жалғасуда. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, сабақта пікір таластырып, өз ойларын ортаға емін –еркін сала отырып, ашық айтуының да маңызы зор. Оқушылармен шығармашылық бағытта жұмыс жасаудың ұтымды жағы:

1.       Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.

2.       Ойлағаны мен оқығанын саралап, салыстыра біледі.

3.       Көпшілік алдында шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.

4.       Оқуға, білімге, ғылымға қызығушылығы артып, одан әрі дами береді.

Жаңаша педагогикалық технология- ғылым жетістігі. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны  қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Жаңа технологияны күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагог мақсат-мүддесін өз шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруды, мұғалім белсенділігін, шығармашылық ізденісін, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін әділ бағалауы ерекше орын алады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы әр сабақта баланың танымдылық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, сабақты қызықты, жеңіл өтетіндігіне, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігіне, бірін-бірі тыңдауға әдеттенетін жақтары тиімді. Сабақта ДЖИГСО -1,2, эссе жазу, бес жолды өлең, болжау, идеялар жинау т.б. стратегияларын сабақта пайдаланудың тиімділігі көп деп ойлаймын.

ХІ ғасыр Тәуелсіз еліміздің Дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры.  Мектепті дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Сондықтан жаңаша көзқарас қажеттілігі өмір талабы. Жаңа технология әдістері азаматтарды жан-жақты білімді етіп шаығару үшін өте қолайлы әдіс деп ойлаймын және тәжірибеде қолданамын. Жаңа педагогикалық технологияны  пайдалану мұғалімді де үнемі ізденіске, шығармашылықпен еңбек етуге жетелейді.  Іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру, оқу және тәрбие жұмысын одан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Жалпы оқытудың мақсаты – бір ғана міндетті нәтижеге жету емес, ол әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігі дамытуға жағдай жасау. Оқуғңа қызықтырудың басты мақсаты нәтижеге жетуге ынталандыру.

 Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімді болуына негізгі пәндерді игеріп, сапалы білім алып, сауатты да қабілетті азамат болып шығуына ұстаздар жауапты.  Олай болса мұғалім үздіксіз білім жетілдіріп, ізденіспен жұмыс жасауы қажет.  Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану адам қоғамының барлық саласына еркін кіріп, кең қолданыс табуда. Әр мұғалім өз пәнінде ақпараттандыру технологиясын пайдалануы: Мультимедия, электронды оқулықтармен жұмыс істеу, керекті ақпараттарды интернеттен шығарып алып пайдалануды іс жүзінде үйренуі керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Жаңа ғасыр – адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы – мектеп. Ауыл баласының білімі мен тәрбиесі жаһандану аясында ұлтты рухани мәңгүрттіктен сақтандыру ұлттық тәрбие мен білімнің қайнар бұлағы» - деген еді.  Ал, әлемдік өркениетке жету, мектепті компьютерлендіру, интернет желісіне енгізу және қолданудан көрінбек.

 

Әдебиет:

1.  Білімді модернизациялау //Дауыс пен көрініс журналы,  №4, 2006 ж.

2. Тұрғынбаева Б.А.Дамыта оқыту технологиялары. -Алматы, 2000 ж.

3.  Инновациялық әдістерді биология сабағында қолданудың жолдары //Білім және ғылым  журналы, №7, 2008ж.