Махашова З.Б., Кеңес Ш.
Жамбыл
атындағы шағын жинақталған орта мектебі,
Қазақстан
БІЛІМ
МАЗМҰНЫН АРТТЫРУДАҒЫ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Ақпараттандыру жүйесінде
оқыту- прогресшіл саясат жүргізу. «ХХІ
ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық –
деген Қазақстан Республикасы Призиденті
Н.Ә. Назарбаевтың ұлықты
сөзі-оны іске асырушы болашақ мамандарға
бағдарламалық сілтеме.Қазіргі
Қазақстан мектебіндегі жаңа
өзгерістер әлемдік білім беру
жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып,
баланың жеке дара күйінің
дамуын қамтамасыз ететін жаңа
ақпараттық технологияларды іздестіруге
және оларды қолдануға
бағытталған.Жаңа ақпараттық технология
білім берудің стратегиясы мақсаттарына
қызмет етеді. Атап айтқанда, проблемаларды
сараптай алатын, жүйелі байланысты
құра білетін қайшылықтарды
ашуға мейлінше жетілген, шешім қабылдауға,
оны түрлі дамыта білуге қабілетті,ойлаушы шығармашылық
түрде қалыптасқан жеке тұлғаның
интеллектуалдық-психологиялық дамуын қамтамассыз ететін
болуға тиіс.Уақыттың өзіндей ұшқыр
ақпараттар ағыны сәт сайын жаңаланып,толассыз
тіршілікте күн сайын жаңа кітаптар мен баспасөз басылымдары
жарық көріп жатыр.
Қазақстан Республикасы Білім беру
стандартына қоғамның қазіргі даму кезеңінен
туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай баланың
тұлға ретінде қалыптасуына,ақыл-ойын
дамытуға,интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін
қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа математикалық
білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды
ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап
көрсетілген. Алайда,ғылыми зеріттеулер және біздің тәжірибеміз
көрсеткендей баланы тұлға ретінде қалыптастыру
үшін,қазіргі дидактиканың көкейтесті
мәселесі-мектеппәндерін соның ішінде математика мектеп курсын
педагогика ғылымына сай әдістемелік жаңарту,білім беру
жүйесін технологияландыру керек екендігін көрсетіп отыр. Кез келген
өндіріс саласы өз өнімін өндірер алдында
«нені,қалай,кім үшін? деген сауалға жауап іздейді. Ол
үшін өзінің бәсекелесіне,тұтынушыға
жан-жақты зеріттеулер жүргізеді. Сонда ғана оның тауары
өтімді бола алады. Математика пәнін оқытудағы тиімді
жолды таңдап алу үшін эканомиканың осы қағидасын
сүйгенді жөн көрдік. Әрбір бала мектепке білім алуды
мақсат етіп келетіні аян. Бірақ нарықтық қатынас
жағдайында оқушының білім алуға деген ынтасының
төмендеп кеткені бізді қатты алаңдатады. «Оқушының
ынта-қызығушылығы,ұмтылысы неге төмен?» - деген
сауал әрбір ұстаздың көкейінде тұратыны
мәлім. Кәне кімде? Әлде ұстаз сабағын
қызықты өткізе алмайды ма,әлде оқушы ынта
қойып тыңдамайды ма? Қазіргі таңда мектепте математика
пәнінен оқушының үлгерімі төмен. Неліктен
пәннің өткізілуі деңгейі қандай?
Сұрақ көп.Ұстаздың алға қойған
мақсаттарының бірі оқушы белсенділігін арттыру,олардың
іс-әрекеттерін басқару арқылы іздестіру,олардың
іс-әрекеттерін басқару арқылы іздестіру ойталасын
туғызу. Оқушылардың қабылдау, түйсіну
әрекеттерін дамытуда, қалыптастыруда математика,физика
сабақтарының маңызы зор. Осы мақсатта
өзімнің сабақтарымда «Сатылай комплексті талдау»
технологиясын қолданамын.
Сатылай комплексті талдау дегеніміз- оқыту
мақсаты,міндеттері,әдіс тәсілдері, өзіндік ерекшелігі
бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай
жүйелі, комплексті меңгертіп,оларға ұлттық
құндылықтарда бағалай, қолдана білуге
машықтандыратын оқыту. Бұл технологияның басты
ерекшелігі-оқушы өз бетімен ізденіп,шығармашылықпен
жұмыс жасайды,оның сабаққа деген
ынтасы,қызығушылығы артады. Сабақта осы
мақсаттарды іске асыруда түпкі нәтижеге жету үшін
фонтальдық, жеке, жұптап, топтап оқыту әдістерін
қолданған геометрия пәнінен «Пифагор
теоремасынқолданып,үшбұрыштарды шешу» сабағын ұсынып
отырмын. Мұндағы «Менің есебім тапсырмасы «Тікбұрышты
үшбұрыштың қабырғалары арасындағы
қатынастар»және «Тригонометрия
ұғымы»тақырыптарымен беріліп ашық схема түрінде
барлық оқушыларға таратылды. Ашық схемада есеп шартты
түрде белгілеулермен А,В,С, деңгейіндегі сызба
нұсқаулар берілді. Оқушы ойша талдай отырып қажетті
теорема,қасиеттерді түрлендірулер арқылы ізделінді шаманы
тапқан соң келесі деңгейге көшеді. Оқушы осы тор
көздердегі шаманы анықтау есептеу жұмыстарындағы
айырмашылық пен ұқсастықты ажыратып өз бетінше
ойлауын дамыта отырып өз мүмкіндігіне сенімін арттырады.
Орта білім беру жүйесін
ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ақпараттық мәдениет бұл әңгімелесе
білу,алынған мәліметті ой елегінен өткізіп талдай білу
және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін
жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу. ХХІ ғасыр
ақпарат ғасыры болғандықтан адамзаттқа
компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл
сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен
басталады мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар
практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеру тиіс.
Әдебиет:
1. П.М. Эрдниев. Укрупнение
дидактических единиц как технология обучения.-М.,2008г.
2. В.Г. Болтянский. Лекции и задачи по
элементарной математике.-М.,2001г.
3. А.Н. Колмогаров. Алгебра және анализ
бастамалары. -А.: Ғылым, 2010ж.
4.
А.Я Симонов и другие Система тренировочных задач и
упражнений по математике. -Л.: ЛГУ,
1991 г.