Самеков М., Избасаров Е.

«Өрлеу» БАҰО АК Жамбыл обылысы бойынша педагог қызметкерлердің              біліктілігін арттыру институты филиалы, Қазақстан

 

БІЛІМ  БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Қазіргі кезде елімізде оқу жоспары базистік оқу жоспарының нормативтерін сақтай отырып жасалады және оның екі түрі болады: біріншісі, мектептің өз оқу жоспары, ол  мемлекеттік  базистік оқу жоспарының негізінде ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді (мектептің оқу жоспары ретінде типтік оқу жоспарларының бірі алынуы мүмкін);  екіншісі, жұмыстық оқу жоспары ағымдағы жайттарды ескере отырып жасалады да, жыл сайын  мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті  жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, бір сөзбен айтқанда компетентті мектеп басшыларының жаңа түрлерін тағайындауды талап ететінін айғақтайды.

«Құзырлылық» - латын тілінен аударғанда «дегеніме жетемін», «сәйкеспін», «лайықпын» деген, яғни белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжірибені айтуға болады. Педагогикалық әдебиетте жете білушіліктің көрсеткіші деп кәсіби кәмелеттілікті, кәсіби іс-әрекетті шығармашылық деңгейінде қазіргі сәтте социумда қабылданған нормалар мен стандартқа сәйкес жүзеге асыруды санайды. Бергоунның пайымдауынша: «Құзырлылық - тапсырманы орындау қабілеті мен әзірлігі. Ол - білімді, білікті, түсіністік пен жігерді көрсетеді».

Құзырлылықтың құрылымдық моделін жасауда көптеген пікірлер, көзқарастар кездеседі. Негізінде, ол жұмыс нәтижесін талдау мен жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Біздің білім беру мекемелеріміз үшін қойылатын кәсіптік талаптар бірдей болып келеді. Ал, шетелдік мамандар болса, әркім өзінің көзқарасын ұстанады. Мысалы, американдық менеджерлер ассоциациясы:

-                                          мақсаттылық және басқару іс-әрекеті;

-                                          субординациялық қатынастар;

-                                          адам ресурстарын басқару;

-                                          басшылық жасау және т.б. талаптарды қарастырса;

Бритш Петролиум компаниясы менеджерге:

-                                          нәтижеге бағыттала білуі (ұйымдастыру қабілетінің болуы);

-                                          адам ерекшеліктерін білуі;

-                                          командада жұмыс істеуі (елді сендіре білуі);

-                                          ойлай білуі (талдау қабілеті, стратегиялық және сын тұрғыдан ойлау, коммерцияға бейім болуы);

-                                          жағдайға бейімделгіштігі және т.б. талаптарды қояды.

Бұл шетел мамандарының менеджерлердің кәсіби құзырлылығына аса назар аударып отырғанын, жұмыс нәтижесінің жоғары сапада болуы, олардың осындай талаптарға сай болуына байланысты екендігін дәлелдейді.

Соңғы жылдары біздің мемлекетімізде де білім беру жүйесінің жаңа парадигмасы жағдайында білім беру менеджерлерінің кәсіби құзырлылығын дамыту мәселесіне аса мән беріліп отыр. Ал, бұл болса, жалпы білім беретін мектеп басшыларының басқару ісі бойынша кәсіби біліктілігін, хабардарлығын, іскерлігін арттыруды талап етеді.

Қазіргі кезде тәжірибелі, білікті, іскер басшылар арасында да ұдайы ізденісте жүретін, әлемнің дамыған елдерінен тәжірибе жинақтаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, менеджмент негіздерін, мектепішілік басқару ісі бағыттарын терең меңгерген құзырлы мамандар баршылық. Әйтсе де, менеджмент негізінде жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін басқару тәжірибеге кеңінен ене қойған жоқ.

Білім беру саласында менеджмент мәселелері бойынша басылым көрген ғылыми әдебиеттерге, менеджерлерді даярлаудағы озық тәжірибелерге жасаған талдау жаңа парадигмалы жағдайда білім беру менеджерлерінің кәсіби құзырлылығын дамытудың бірқатар жолдарын табуға болатындығын айғақтайды.

Білім беру менеджерлерінің кәсіби құзырлылығын дамытуға байланысты аталған бұл шаралар мектеп директорлары мен олардың орынбасарларында, мектепті басқару иерархиясының барша буындарына қатысты басшыларында менеджмент негізінде басқаруға қажетті қасиеттерді қалыптастыру мен дамытуды мақсат етеді. Бұл қасиеттердің қатарына кәсіпкерлік және өнертапқыштық, кішіпейілділік, сауаттылық, болашақты «болжай білу»  қабілеті, басқару ісінің ғылыми негізін жетік білу, сын-пікірді қабылдай білу, жылы жүзді, әдепті болу, өзіне сын көзімен қарау, кек сақтамау, өзін-өзі көрсетуге талпыныс жасамау және т.б. жатқызуға болады.

Қазіргі заманда басқаруды демократиялық тұрғыда жүргізу сапалы нәтижеге жеткізеді. Ол үшін басшы тарапынан қатаң талап, ұжымда бірегей тәртіп болуы керек.

Білім беру менеджерлерінің кәсіби құзырлылығын дамыту жалпы білім беретін мектептердің басқару ісіне басшылық етуді жаңа сапалық деңгейге көтереді. Бұл өз кезегінде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін арттыруға, оқушыны өзін-өзі дамытатын тұлға ретінде қалыптастыруға жағдай жасайды. Сонымен бірге білім беруді ұйымдастырушылардан басқару ісін жете білуді, яғни құзырлылықты талап етеді. 

Мемлекетіміздің егемендік алуына байланысты пайда болған демократиялық өзгерістер білім берумен қатар оны басқару жүйесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Ал бұл болса, басқару жүйелерін олардың деңгейіне қарамай, жаңа талаптарға сәйкестендіруді қажет етуде. Басқару ісіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті жоғары жаңа көзқарастағы басшыларды тағайындау мәселесінің шешімі іздестірілуде.

Біздің пайымдауымызша, қазіргі басшының кәсіби құзырлылығы оның педагогикалық басқару жұмысында педагогика, психология, социология, құқық, басқарудағы білім мен ұйымдастырушылық, экономикалық, материалдық-техникалық, технологиялық мәселелерді шешудегі жоғары біліктілігінен көрінеді.

 

Әдебиет:

1.                   Мұғалім мәртебесін қайтсек көтереміз?. //Қазақстан мұғалімі, №23-24, 17 қыркүйек 2004.-1 бет.

2.                   Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. //Начнем с понедельника, №54, 5-11 ноября  2004.- стр.2.

3.                   Басқару қызметіндегі инновациялар туралы. //Мектеп директоры, №2, 2005. 3-7 бет.

4.                   В преддверии августовского педсовета.//Директор школы, №4, 2005.-стр.30-32.