Тұрдалиева
Ш.Т., Сейдалиева А.Р.
М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ, Диқан тірек
мектебі (РО, Қазақстан
12 ЖЫЛДЫҚ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА ТІРЕК МЕКТЕПТІҢ
(РО) ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының басты мақсаты 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу. Бұл қоғамның
қазіргі таңдағы өзгерістеріне сай білім берудің қызметіне жаңа
көзқараспен
қарау, әлемдік
озық тәжірибеге және жетістіктерге
сыни тұрғыда талдау мен бағалау және оны өзімізге
ұлттық ерекшеліктерді ескере
отырып оқыту мен
тәрбиелеу үдерісінде қолданудың
тиімді жолдарын анықтау. Ал 12 жылдық білім берудің басты
ерекшелігі, біріншіден, білім беру парадигмасының өзгеруі. Ол
білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан -
құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу,
оқушылардың психикалық саулығы мен физикалық денсаулығын
сақтау мәселесі, әлеуметтік ортаға бейімдеу,
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқушы тұлғасын
әлеуметтендіру, білім сапасын арттыру, отандық білім беру сапасы
мен деңгейін шетел мемлекеттерінің талаптарына сәйкестендіру.
Жоғарыда
көрсетілген өзгерістер өскелең
ұрпақтың тұлғалық өсуіне тікелей
әсер етеді. Ол ең алдымен
тұлғаның өзіне деген көзқарасы,
қоғамдық ортадағы орны мен болашаққа деген
жоспарын құруға мүмкіндік жасайды. Отандық
психолог С.М.Жақыповтың пікірінше білім беру жүйесінің
оқу-тәрбие үдерісіндег, басқалармен қарым-қатынастағы
субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы былай деген: «Оқыту процесіндегі
субьектілердің қарым-қатынасындағы
мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің
мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына
мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру,
біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін
қажетті шартты жасайды». Демек
дұрыс ұйымдастырылған кез келген іс-әрекет түрі,
мейлі ол білім беру немесе тәрбие болсын, қарым-қатынастың
нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына
орасан зор ықпал етеді. Сол себепті,12 жылдық мектепте оқу-тәрбие
үдерісін ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен
бірге шешуші мәні бар төмендегі принциптерге ие болады:
- жеке
тұлғаның жас және психофизиологиялық даму
ерекшелігінің ескерілуі;
-
күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;
-
ашықтығы;
- интерактивтігі.
12
жылдық жалпы орта білім берудің
құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі
ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: жеке
тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі, күтілетін
нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы,
оқытудың сабақтастығы, әрбір оқыту
сатысының даралығы.
Демек, болашақ педагогтарды 12 жылдық
мектептегі оқу-тәрбие жұмыс жағдайларына бейімдеу
мәселесі, кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын
қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы негізінде
оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне
тікелей әсері мол шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық
тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы
қатарға шығарады.
Жалпы білім беру
- қоғам мүшелерінің
адамгершілік, интеллектуалды, мәдени дамуында және олардың
денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары
деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен
оқытудың үздіксіз процесі. Білімділіктің басты
өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың ұшқырлығы
мен логикалылығы. Сондықтан осы мақсатта
ұйымдастырылған дихан тірек
(ро) «12 жылдық білім беру
жүйесіне көшу жағдайында тірек мектептің (ро)
ғылыми-әдістемелік жұмысының педагогикалық негіздері»
эксперименттік алаңның негізгі мақсаты: тірек мектептің
(ро) білім беру сапасын дамытатын
және 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
жағдайында ұйымдастырылатын ғылыми-әдістемелік
жұмыс жүйесін құру.
Эксперименттің
басты міндеттері тірек мектептің (ро) оқу-тәрбие
үрдісінің сапасын арттыру, ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жүйесін ұйымдастыру, қажетті материалдар
базасын дайындау, оқушылардың
бәсекеге қабілетті маңызды
жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру және
педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігін,
шығармашылық потенциалын, жаңа технологияны қолдану
шеберлігін арттыру негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне
көшу даярлығын арттыру.
Экспериментті
жүзеге асырудан күтілетін түпкі нәтижесі: 12 жылдық білім беру
жүйесіне көшу жағдайында тірек мектептің (ро)
ғылыми-әдістемелік жұмысының бірізді жүйесі
құрастырылады, білім берудің
жаңа үлгісі қалыптасады, оқушылардың бәсекеге
қабілеттілігін дамыту, шығармашылық
потециалын дамыту мақсатындағы педагог іс-әрекетін
жаңаша ұйымдастыру мүмкіндігі артады, 12 жылдық білім
беру жүйесіне бағдарланған, интеллектуалды дамыған,
бойында ұлтжандылық қасиеті қалыптасқан
тұлға даярланады.
Жалпы 12 жылдық орта білімге
көшу барысында мына мәселелерге аса көңіл аударылуы
қажет:
1. Білім
беруге арналған оқулықтар мен оқу
құралдарының оқушылар жасерекшелігіне сәйкестігі.
2.
Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын
әдіс-тәсілдерінің оқушылармен жұмыс тиімділігін
арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.
3. Бірінші
сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп
оқу әрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар
баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.
4.
Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін
сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.
5. Берілетін
білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен,
жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету
мүмкіндігі.
6. Білім беру
барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе
әдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.
7.
Сабақ мерзімінің 30-35 минуттан аспауы.
8.
Мұғалімнің оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану
және оған талдау жасау шеберлігі.
9. Мектеп
басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік
сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.
12
жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда
қазақстандық білім беруді реформалаудың
стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл
тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған
жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, «баршаға
білім беру» үлгісінен әрбір адамға өмір бойында білім
беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және
әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Білім берудің 12 жылдық
жүйесіне көшу мектептің құрылымдық
және мазмұндық
жағын
жаңартудың
маңызды бағыттары:
-
мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі
қоғам
қызметінің
серпінді
құрылымымен сәйкес келтіру;
-
оқушыларды өз бетінше
білім алуға және
оны тәжірибеде қолдануға, оқытудың әр
түрлі саласында өз
мүмкіндіктерін
тануға және жақсы
қасиеттерін
ашуға тәрбиелеу;
-
әрбір жас кезеңіндегі негізгі
психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі
оқу үрдісін жолға
қою;
-
оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне
мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі
мотивациялық үрдістерді
айқындайтын оқу ахуалдарын
кеңінен қолдану.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын жаңартуда төмендегі міндеттерді жүзеге асыруымыз қажет:
-
оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты
және дәйекті дамуына
жағдай жасау;
-
оқушылардың белгілі-бір білімді
таңдауы мен меңгеруін,
олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен
құқықтарын
қамтамасыз ету;
-
оқу-тәрбие
үрдісінде
ынтымақтастық
педагогикасының ізгі қатынастарын
орнықтыру;
- білім мазмұнын барынша
ізгілендіруді
қамтамасыз ету;
- психологиялық білім
берудің
бастапқы негіздерін қалыптастыру;
- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық
және
жаратылыстану-ғылыми
білімдердің диалектикалық
бірлігін қамтамасыз ету;
-
оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.
Көтеріліп
отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында, ҚР стратегиялық дамуының
«Қазақстан-2050»
бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында
мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның
шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы
сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында
қойылған.
Білім берудің 12 жылдық жүйесіне
көшу жағдайынде тірек мектептің басты міндеттері -
ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және әлеуметтендіруге, жан-жақты
үйлесімді дамытуға және кәсіпке үйретуге
бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Ол
мұғалімдердің де сәйкесінше тұлғалық
өсуі мен кәсіби даярлығының жан-жақтылығын
қамтамасыз етуді талап етеді. Демек, педагогтарды да 12
жылдық білім мектептегі оқу-тәрбие жұмыс
жағдайларына бейімдеу мәселесі, кәсіби құзырлы,
шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа
парадигмасы негізінде оқытудың субъектін және
оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол
шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың педагогикалық тұғырларын
айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға
шығарады.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің
жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның
инновациялық бағыттылығын қалыптастыру. Осы мақсаттағы Байзақ
аудандағы Дихан орта мектебі эксперименттік алаң
болғандықтан тірек мектеп
және магниттік мектеп мұғалімдерімен ғылыми-әдістемелік жұмысты
тиімді ұйымдастыру мақсатында оқу-әдістемелік
құралдар, электронды
оқулықтар, дидактикалық үлестірме материалдар, ғылыми
зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларды даярлауда бірлесе
жұмыс жасауда. Магнитті мектептермен желі аралық семинарлар,
дәрістер мен онлайн курстарын ұйымдастыру жүзеге асырылуда. Тірек
мектепте жылына 3 рет оқу сессиясы ұйымдастырылады. Оқу сессиялары кезінде
оқушылардың білім сапасының көтерілгендігі және оқушылардың
оқуға деген мотивациясының артқаны анықталды.
Себебі тірек мектептің магнитті мектеп оқушыларының білім
алуына қажетті жағдайлар жасалған.
Ғылыми-әдістемелік
жұмысының өзгеруі, педагог кадрлардың
біліктілігінің артуы мен оқушылардың білім
сапасының көтерілуіне мүмкіндік туды. Тірек мектебінің
басты жетістігі - әрбір оқушының білім деңгейінің
көтерілуі және жеке тұлғаның әлеуметтенуі
болып табылады. Осы жетістікке жету үшін біз толық күнді
мектеп моделінде жұмыс жүргіземіз. Онда 2 блокта жұмыс
атқардық. Біріншісі -
оқыту блогы, екіншісі - дамыту блогы. Оқыту блогында мемлекеттік білім стандартын игерту
жұмыстары жүргізілді, ал дамыту блогында жеке
тұлғаның әлеуметтік дамуы мен шығармашылық
қабілеттерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан
Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасы.
2. Жалпы білім беретін оқу мекемелерінің
жұмыс оқу жоспарын жасауға ұсыныстар. М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова – Алматы, 2004 ж.
3. Бейінді білім беру тұжырымдамасы, Астана, 2010 ж.
4. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Астана,
2010 ж.
5. Жазықбаева
Ұ. «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы 12 жылдық
білім берудің тиімділігі». Білім әлемі. №1, 2007.
6. Джакупов С.М.
Психология познавательной деятельности.- А, 1982