Касымова
Г.А., Сейтжапарова А.С.
«Өрлеу» БАҰО АК Жамбыл обылысы бойынша
педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты филиалы, Қазақстан
ӘЛЕУМЕТТІК
ПЕДАГОГИКАНЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жүз жыл
бұрын А.Дистерверг ұсынған әлеуметтік педагогика
ұғымының қазіргі кезеңге дейінгі біркелкі
түсіндірілуі жоқ.Осы жылдары әлеуметтік педагогика идеялары
М.В.Крупенина, А.П.Пинкевич, С.Т.Шацкий, В.Н.Шульгин т.б.
ғалымдардың еңбектерінде дами бастады.
С.Т.Шацкий мектеп пен қоршаған ортаның өзара
әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісіне,
яғни сыныптағы баланың көңіл-күйіне,
ұжымның қалыптасу ерекшелігіне мән береді.
Ол мектепте әр бала өзін төмендегідей сезінетіндей болуы
керек деп түсіндірді. «Мен оқуға барғалы өзімді
жақсы сезінемін, маған өмір сүру
қызығырақ бола бастады, мен енді өзімді ересектерше
сезінемін, менің пікірімді олар ескереді, мен оқуға
барғалы достар да таба алдым, мен енді өмір ағысына ілесе
аламын және өмірді түсіне бастадым» деген өмірге
позитивті қатынас қалыптасуы қажеттігіне
тоқталады.Әлеуметтанушы және
әлеуметтік-психологиялық зерттеулері нәтижесінде
жинақтаған қорытындылары педагогикалық ұжымда
зерделенеді.
«...Саналы әрекет етуші педагог пен бала ортасын ұйымдастыру
арқылы күрделі міндетті шешу мүмкіндігі туындайды,
бұрын мектепте тәрбиелеудің жалғыз факторы және
құралы педагогтың балаға тікелей ықпалы болса,
енді даралық педагогикадан әлеуметтік педагогикаға көшу
қажет», деген С.Т.Шацкий өзінің көрегендік идеясын
педагогикалық қауымға ұсынады.
С.Т.Шацкий өз еңбектерінде «педагогикалық орта» деген
терминді қолданады, бұл терминді ол төмендегідей
мағынада түсіндірді:
• мектепішілік тәрбие процесін ұйымдастыруда
қоршаған ортаның ықпалын есепке алу;
• мектеп ұжымының қоршаған ортаны жетілдіруге
белсенді түрде қатысуы;
• тәрбиелік мүмкіншіліктерді қолдана білу;
• мектептің оқу-тәрбие мекемесі мен одан да тысқары
жерлерде өзін ұстай білу;
Тәрбие мекемесіндегі мұғалімдер ұжымының
балаларды басқару мен ұйымдастырудағы ролі зор. Тәрбие
сәтті болуы үшін талап қоюшылық пен бала
тұлғасын сыйлаудың бірлікте жүргізілуі, сонымен бірге
мұғалім дос, жолдас бола білуі, бала көзқарасын
қабылдай білуі керек деген А.С.Макаренко идеялары да өз
маңыздылығын жойған емес.
Коммуналар тәрбиесінің тағы да бір ерекшелігі саяси
сипатының болуы еді. Сол себепті өткен ғасырдың 20-30
жылдардағы төмендегідей әлеуметтік-педагогикалық
идеяларының маңыздылығы зор екендігін айтып, оларды атап
өтейік:
• мектептің негізгі мемелекеттік оқу-тәрбие мекеме
ретіндегі болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі
жетекші ролін айқындау;
• әлеуметтік ортаның тәрбиелік мүмкіншіліктерін
қолдануда мектепке көмектесе білу;
• мектептің әлеуметтік орта ерекшелігін зерттеуі мен есепке
алуы, ортамен өзара әрекет етудің нақты
алғышарттарын білуі, әлеуметтік міндеттерді шешу үшін
мектептің, отбасы, мекеме, кәсіпорын, ұйым,
қауымдастықтың тәрбиелік ықпалдарын тиімді
қолдана білуі.Педагогикада 60-70 жылдары оқу-тәрбие ұжымын
және әлеуметтік ортамен байланысын жүйелі талдау идеялары мен
әдістері, оқушылардың мектептегі және мектептен тыс,
ресми және биресми қатынасының мазмұны мен
құрылымын, оқушыларды тұрғылықты мекен
жайында тәрбиелеу мәселесі, тұлға мен оның
шығармашылық даралығын айқындау маңызды болып
табылады.Осы кезеңдерде әлеуметтік-педагогикалық кешендер
құрылды.
Әлеуметтік педагогиканың нысанасы адамның
әлеуметтік өзара әрекетінің бүтіндей
жүйесі, ал пәні-әр түрлі шағын ортадағы
тұлғаның барлық жас кезеңдеріндегі өзара
әрекет процесі деп айқындалады. Әлеуметтік педагогика
кешенді, интегративті ғылым, практикада әлеуметтік мәселе
тудыратын, «виктимогендікті» тоқтататын әлеуметтік оңалту мен
қорғаудың кешенді мекемелерін ұйымдастыру,
әлеуметтік қолдау болып табылады.
Қазіргі таңда әлеуметтік педагогика ғылымымен
практикасы қоғам мен адам, социум мен тұлға
арасындағы шиеленістерді шешуге және әр түрлі
ықпалдарды интеграциялауға көмектесуі қажет деп
есептейміз.
Әдебиет:
1.Бочарова В.Г. Социальная педагогика – М. 1994
2.Бочарова В.Г. Социальное воспитание учащихся – М., 1991
3.Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику – Пенза, 1994