К.ф.н.доцент Ибрагимова
Ж.А., Солтаева Б.Е.
Южно-Казахстанский
педагогический институт.Казахстан
Ә.Кекілбаевтың Үркер
романындағы аңыздық
проза дәстүрі
Ә.Кекілбаев
шығармашылығында халықтық дәстүрді
кеңінен қолданады. Халықтың өткендегі тарихын,
салт-санасын бүгінгі жұртшылыққа таныстыруда
фольклордың терең мәні бар екендігі мәлім, қаламгер өз шығармаларында
осы мәселеге аса мән берген.
Жалпы
қазақта сонау замандардан қеле
жатқан көптеген қалыптасып қалған
салт-дәстүрлер бар. Міне, солардың қатарына егер адам
баласы қандай да болсын түс көрген кезеңде оны кез
келген жанға жорыта бермеуге тиісті болған. Түсті жоритындар
оны тек жақсылыкқа қарай жору қажет деп есептеген. Егер
жағымсыз түстерді сол қалпында жори салар болса, ол
бақытсыздыққа алып барады деген халықта сенім бар.
Міне, осы дәстүрді «Үркер» романынан байқаймыз. Буаз әйел түс көрмейтін
бе еді. Түсінде екі бөлтірік екі емшегін сорып жатпайтын ба еді.
Ояна кетіп, абысынына айтса: «Ойбай, сорлы, сені қасқыр жеп
қояды екен!» -демейтін бе еді. Отынға кеткен бейшараны, шынында да,
қасқыр талап өлтірмейтін бе еді. Апа-сапа боп,
марқұмды жерлеп қойған соң, әлгі жайды абысыны
енесіне айтқанда: «Қап, жүзіқара-ай, түсті
сөйтіп, жаман жорушы ма еді. Ол бейбақ егіз ұл табатын еді ғой», —демеуші ме еді?
Ә.Кекілбаев
«Үркер» романында мақал-мәтелдерді кеңінен
қолданады. Мақал-мәтел - бұл ауыз
әдебиетінің бір жанры. Барлық фольклорлық
жанрлардың эстетикалық иринциптері бір ол ұлттық
өзгешеліктерімізден шығады. Мақал - бұл коллективтік
жанр.
Мақал -
ғибрат, өнеге, ақыл мәнінде айтылатын
халықтың өткір нақыл сөзі /1./
«Байтал
түгіл бас қайғы» (16-6.)
«Жолаушының
кешіккенінен дәмет» (35-6.)
«Қайда
барсаң да Қорқыттың көрі» (36-6.)
«Жолда
аттың сүрінгені — олжаға көрінеді» (39-6.)
«Жел тұрмаса —
шөптің басы қимылдамайды» (111-6.)
«Отыз тістен
шыққан сөз - отыз рулы елге жайылады»
«Хатынға
аға өлсе - іні мұра,
Таққа
әке өлсе - бала мұра» (226-6.)
«Аяз
әлін, құмырсқа жолын» -
«Көрпесіне
қарай көсілген» (227-6.)
«Айлас
қатын, мұңдас» (209-6.)
«Үркер»
романындағы бұл мақалдар жазушы ойын айшықтай
бейнелеуге мол әсерін тигізіп тұр. Осы романда кездесетін
өзге мақалдардың бірнешеуіне тоқтала сөз
қозғаған жөн секілді.
«Үркер»
романының мына бір тұстарында:
«Қаз-қатар
жарыстырып төрткіл шұңқырлар қазылғанды.
Сол шұңқырларға әлгі бүрілген
құландар салынғанды. Үстін топырақпен
мықтап тұрып көмгенді. Көмбенің бетіне тау-тау
қып отын үйіліп алаулатып от жағылғанды. Манадан бері
Итжеместің көзін арбап тұрған әзәзіл оттар
соларды. Ал оның бойын балбыратып, әкетіп бара жатқан
әдемі иістің көктен де, оттан да емес, кәдімгі
қара жердің өзінен шығып жатқандай боп
көрінгені сондықтан-ды.
Лапылдаған
алаудың жалыны басылды. Орнында жайнаған қызыл шоқ
қалды. Ол бірте-бірте қаламтаға айналды. Қаламта
бозара-бозара күлге айналды. Күлді жігіттер аулағырақ
күреп тастады. Соның өзінде оттың орны қол
апартпай өртеніп тұрды. Топырақтың бетінің
қызуы басыла шұңқыр аршылды. Жер астының
ыстық табы бет шарпыды. Қарулы жігіттер оған қарамастан
ақ тер, көк тер боп көмбені аршып бақты. Бір
уақыттарда барып буы бұрқырап көмбе де көрінді.
Оны киіз қолғап киген жігіттер жер астынан суырып алып, анадай
жердегі алаңқай көгалдың үстіне апарды.
Бұтамен бүрген көмбе жарылды. Қыныңнан сапынды
суыр да таласа-тармаса жайғасып жатқан жұртпен бірге
қатарласып отыра кет. Пышағы бар - сүйгенін жейді,
пышағы жоқ — тигенін жейді. Өз буына өзі піскен семіз
аңның жас еті таңдайды жұлады. Құныға
түсесің. Сұғынған жұртпен сен де өңмеңдеп
бағасың»/2/.
Романнан
алынған бұл үзінді сонау замандардағы
қазақтардың жол-жөнекей, жорықтарда жабыла жасай
салатын ауыздан көпке дейін дәмі
кетпейтіндей көмбенің
қалай, неден жасалатынын ұғындыра баяндайды.
Көмбенің дәмі тұрмақ, атын да естімеген келер
ұрпақ үшін ата-бабаларымыз қолданған астың
сырын білу керек-ақ. Дегенмен, біздің бұл үзіндіден
алғалы отырғаныныз мына мақал: «Пышағы бар —
сүйгенін жейді, пышағы жоқ - тигенін жейді».
Мақал
коллективтік жанр болғанымен, оның ел арасына тарап
қалыптасқан қалпын өзгерте беруге де болмайды.
Бұл мақалдың бастапқы қалпы мынау секілді.
«Аяғы кіші - сүйгенін киеді, аяғы үлкен -
сыйғанын киеді». Жазушы бұл
мақалды ситуацияға байланысты өзгеріске түсіріп отыр.
Тағы
бір көңіл бөлер жай «Үркер» романында Ә.Кекілбаев
әдет-ғұрып, наным-сенімдерге байланысты айтылатын
сөздерді кеңінен қолданады. Қазақта кішкене
нәрестеге, сәби балаға, мейірімі түсіп кетер болса,
көз тиіп-назарланып қалмасын деген мақсатпен әлгі кісі
түкіріп, жаман бала деп айтып отырған. Осындай тұстарды біз
романнан кездестіреміз:
«Балалар
ұқсап жүгіре жөнелмей, аяңдап келеді. Жете беріп, состиып тұрып
қалды. Ат жақты, қыр мұрын, томаға көз...
«Күшік, шешесіне
тартыңқырап
кеткен бе, қалай?» - деп
ойлады Әбілқайыр. Иіліп маңдайынан сипады.
— Тфу, тфу! Тіл-аузым тасқа!
Үп-үлкен жігіт болыпсың ғой өзің/30/.
Осы аталған романның мына бір
тұстары ауыз
әдебиетіндегі
алып, дәулердің бет-әлпетін, киім
киісін бейнелейтін ертегілерде
кездесетін сюжеттерге ұқсап кетеді:
«Әбілқайыр ердің артына
өңгерген
құлжаны
көтеріп апарып, үйдің оң жақ босағасына
жықты. Арамдап жүрер көлденең сұғанақ тұмсық жоқ па екен деп, төңірекке
қарап еді, табалдырықтың сыртынан абажадай екі бірдеңе
қарауытты. Ит аяқ деуге тым үлкен. Мұндай ит аяқтан ит түгілі
арыстанға ас берсең де, артықтық етпес түрі
байқалады. Сөйтсе, ақ жемденіп тозған, киіп-киіп сірісі қисайған кебіс боп шыққаны.
Әуелі көзі шарасынан шыға таңырқады, артынан
миығынан күлді» /3./.
«Үркер» романында жазушының
Шақмақтан туған Көшейдің әйелінің сұлулығын бейнелейтін жерлері ертегі,
аңыздардағы арулар келбетін елестетеді:
«Бар
гәп Көшейдің қыздай алған бәйбішесінде
деседі. Ол өзі ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, кіріп
келген үй караңғы болса, жарқырап жүре беретін,
жарық болса, көзіңді қарықтырып қаратпайтын
асқан сұлу адам болыпты. Оның көркі жайындағы
лақап сол заманда қазақтың үйінің сыртына
кәрі үлектей күркілдеп көп сүйкенетін
Жоңғардың бір ұрыншақ ханының да
құлағына шалынады»/4. /.
Немесе
батырлық жырларда, сол алып батыр жігіттер дүниеге келер
кезеңдерде анасының не нәрсеге жерік болуына байланысты
құрсақта жатқан баланың қандай болып
дүниеге келерін болжап отырған. Анасы арыстан, аю, жолбарыс, т.б.
жыртқыш аңдардың етіне жерік болар болса дүниеге тегін
бала келмейді деп есептеген. Міне, осындай сюжетті «Үркер» романынан
кездестіреміз. Көмейден жоңғар ханының сол тентек
қызы Аю, Қарабас, Қошқар деген үш ұл
туыпты.
Алғашында
келіншек: «Мен бұл баламның тұсында аюдың етіне
талғап едім. Ұл тусам, әкемнің сендердегі кегін
қайтаратын осы болар деп, көзін ашпай тұрып,
қалмаққа сіңіріп жібермекші ем», — депті. Ондай
ұлдан арғын тірі айырылсын ба! Дүзей жеңгесін алдына
өңгеріп ауылға алып келіпті. Екінші жолы келіншек: «Бұл
баламның тұсында аққарабас ісектің басына
талғап ем, ұл тусам, еендерден әкемнің кегін
қайтаратын осы бала болар деп төркініме апара жатыр едім», - депті.
Үшінші
жолы келіншек: «Бұл баламды ай мүйізді ор
қошқардың олжа торсығына талғап ем. Өзі
ғана емес, тұқым теберімен батыр, қол бастаған
қошқар болады ғой деп ем. Ең болмаса, осынымды
қазақтарға бұйыртпай, төркініме сіңірейін деп
едім» /5./.
Ә.Кекілбаев
шығармаларынан да түрлі адамзат тағдырының
қыр-сырларын байқаймыз.
Жазба
әдебиет өкілдерінің ғасырлардың сырын бойына
жинап, кейінгі
ұрпаққа алып келген ауыз әдебиетінен, оның
нәрлі бұлағынан, қазіргі ұрпақ
өміріне қажетті, адамзат тағдырына тамырлас арналарды іздеп
тауып болашақ үшін, оқырман үшін, қоғам
үшін жаратып жатса, әдебиет әлеміне құнарлы
туындылар келіп тұрса. Бұл тек құптарлық,
құшақ жая қарсы аларлық жайлар саналмақ.
Литература
1. Кекілбаев Ә. «Үркер». А., Жазушы, 1981 ж., 17, 24,50,107,34 беттер
2. Кургинян М.С. Трагический конфликт в романе XX в. Роль
поступка. ВКН: Советская литература и мировой литературный
процесс. Изображение человека. М., 1972 г. стр. 60.
3.Вургун С. Произведения. Т. 41. Баку, 1972 г. стр. 360.
4.Майтанов Б. Қазақ
романы және психологиялық талдау.
А., «Санат», 1996 ж. 291-бет.
5.Дүйсенов М. Қазақ
драматургиясының жанр, стиль мәселесі.
А., «Ғылым», 1977 ж.
52-бет.
6.Сидоров Е. Эхо историй. Заря. 1989 ж. №11 стр. 10.
|
|