Асқаров
С.Т
Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінің магистранты
Жетекшісі: Оразбаева Ф.Ш., педагогика
ғылымдарының докторы, профессор
Сөз
тарихынан сыр шерткен ғалым
Түйіндеме: Мақалада академик Рәбиға Сыздықтың тіл
біліміндегі алар орны, зерттеу бағыттары сөз болады. Тарихи-
лексикология саласына арнаған: «Сөздер сөйлейді» және
«Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» еңбектерінің танымдық-
тағылымдық мәні,
ғылыми жаңалығы, екі еңбектің өзара
ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданады. Бұл екі еңбекте де
сөздердің шығу тарихы, қолданыс аясы,
сөздердің сипаты, бұл күнде қолданыста жоқ,
мағыналары түсініксіз немесе қолданыс аясы басқаша
сипат алған ескіліктер (ескірген, көнерген сөздер) талданады,
мағынасы ашылады. Сонымен қатар, мақалада ескіліктердің
бүгінгі қоғамдағы орны, маңыздылығы
көрсетіліп, ғалымның
ескіліктерді талдап- танытуда алдына
қойған мақсаттары айтылады.
Түйін
сөздер: ескіліктер, батырлық жырлар,
ғашықтық жырлар,
таным, тағылым.
Аскаров
С.Т.
Магистрант, Казахский Национальный педагогический университет
Руководитель:
Оразбаева Ф.Ш ., доктор педагогических наук, профессор
Ученый
познавший тайну историй слов
Резюме: В статье говорится о занимаемом месте направления исследований академика
Рабиги Сыздык в языкознаний. В трудах «Слова говорят» и «Устаревшие слова и
неологизмы в казахском языке» посвященных историко- лексикологическому разделу
анализируется позновательно- воспитательное значение, научная новинка,
аналогичность и различие двух работ. В этих двух работах, анализируется история
образования слов, сфера их применения описание слов, устаревшие слова с
непонятными значениями или сфера применение другого характера, раскрывается
смысл. А так же, в статье говорится о занимаемом месте устаревших слов в
современном обществе, отмечается значение и поставленные цели ученого в
анализирований и познаний устаревших слов.
Ключевые слова: устаревшие слова, георические эпосы, лирические эпосы, поэзия сказателей,
познание, влияние.
Askarov.S.T.
Kazakh
National Pedagogical University,
Postgraduate
student
Supervisor:
Orazbayeva F.S., PhD of pedagogical sciences, professor
The
scientist who has perceived the history of words
Summary: In this article academician RabigaSyzdyk’s place in
language sciences and her research directions will be discussed.Moreover, her “Words say” and “News
and olds in Kazakh language” tretises’, which are dedicated to historical
lexicology, cognitive and educational meaning, scientific discoveries will be
analyzed. One of the purpose of this article is to determine
similarities and differences of both books.
In both tretises the history of words’ formation and their field of appliance
is profoundly explored. In addition, significance
of obsolete words in modern world and society and its own place will be marked
by author as one of the important purposes of her research.
Key
words: archaisms, hero epics, love
stories, cognition, impact.
Академик
Рәбиға Сыздық тіл білімінің барлық саласына
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғалым тіл білімін тағдырым
деп танып, осы ғылыми арнаға барынша ден қойып, жемісті
жетістіктерге жеткен.
Рәбиға Сыздықова бойындағы дарындылықты
байқаған Мұхтар Әуезов: «Рәбиға
Сыздықованың сөзіндегі бір ерекшелік тіл мамандары мен
әдебиетшілерге қатар айтар орынды, кенеулі ойы бар және сол
ойды таратып айта аларлық «тіл құдіреті» мейлінше
жеткілікті», – деп өз тарпынан жоғары бағасын берген болатын.
Ал, өз
кезегінде Ғабит Мүсірепов: «Ғылым академиясының
корреспондент мүшесі, тіл мәселесіне күйіп- жанып араласып
келе жатқан нағыз ғалым адам– Рәбиға
қарындас Сыздықова», – деп ғалым бойындағы тілге деген
жанашырлықты, ғалымдық қабілетті
аңғарған еді. Рәбиға Сыздықова өзге
де «алыптардың» жоғары бағасына сан рет ие болған дарын
иесі.
Академик Рәбиға Сыздықтың зерттеу
бағыттарының басты арналары: абайтану, алаштану, түркітану,
қазақ әдеби тілінің тарихы, лингвостилистика және
сөз мәдениеті, терминология,
орфография, орфоэпия, лексикография, тарихи лексикология.
Ғылымдағы адымы қарымды, ойы ұшқыр
Рәбиға Сыздықовадай болу ғылым көшіне енді келіп
қосылған әрбір жас ғалымның арман- тілегі.
Әркім өз керегінше болашақ бағыт- бағдарын осы
мектептен бастайды.
Академик Рәбиға Сыздықтың
өзіндік мектеп қалыптастыра білген саласының бірі - тарихи
лексикология. Ғалым бұл салаға бірнеше жылдан бері
үздіксіз еңбек етіп келеді. Ғалымның сөз тарихына
арнаған қос сүбелі еңбегі «Сөздер сөйлейді»
және «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар».
Екеуі де оқырман қауымға сөздің шығу
тарихын, қолданыс аясын, сипатын талдап, танытатын құнды еңбектер.
«Сөздер сөйлейді» автордың өзі
айтпақшы өзіне ең ыстық, ең жақсы
көретін кітабы. Оқырман қауымда үлкен
қызығушылықпен оқитын оқулық. Бұл
еңбек таза ғылыми емес, яғни тек қана ғалымдар
түсінетін немесе арнаулы маман иелері ғана түсінетін емес,
«кез- келген қазақ тілін білетін, қазақша
сөйлейтін, қазақ тілінің шырынын білгісі келетіндер оқитын
еңбек». «Сөздер сөйлейдіде» сөйлейтін «Сыздықова
емес», сөйлейтін сөздердің өздері.
Өздерінің тарихын, алғашқы мағынасын,
алғашқы фонетикалық тұлғасын, түсіндіретін,
көрсететін, танытатын сөздің өзі. Ғалым кейде бір сөздің
мағынасын ашу үшін бір жыл бойы ізденген сәттері де бар.
Қай жырда, қай авторда, қай романда қолданылған,
контексте қандай мағынаға ие сынды
сұрақтарға жауап іздеу барысында бір сөздің
тарихы шығады. Мұндай ізденушілік үлкен жауапкершілікті,
табандылықты, еңбекқорлықты талап етеді.
Ғалым бұл тақырыпқа өз
бетімен ізденіп, «жүрек
қалауымен» келген. Мағынасы түсініксіз келетін
сөздердің сырын ашу сол кезеңдегі заман талабы да болар.
Себебі, мектеп оқушылары болсын, ересектер болсын батырлық
жырлармен ғашықтық жырларда, жекелеген авторларда кездесетін
ескірген сөздердің мағынасын толық түсініп,
танымаулары мүмкін. Ал, ол уақытта олардың мағынасын
ашып, танытатын сөздіктер де жоқ, мектеп мұғалімдері де
түсіндіріп бере алмайды.
Ғалым
«Сөздер сөйледіге» үлкен дайындықпен келген. Осы
тақырыптың кіріспесі ретінде 1972 жылы «Мұғалімдер
мектебі» журналына «Махамбет өлеңдерін оқығанда» атты
мақала жариялайды. Бұл мақалада Махамбетте кездесетін
ескіліктерді тауып, мысалдар келтіріп, 15- шақты сөзге талдау
жүргізеді. Соның бірі:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай, - деп басталатын
жыр жолдары. Мұндағы ескілік «ереуіл ат». Ереуілдің жеке
өзін немесе ереуілге шықты тіркесін алсақ «көтеріліске
шықты, қыр көрсетті» мағынасына ие. Ал Махамбетте ат сөзімен тіркесіп тұр. Ереуіл
аттың өзінен басқа тағы да үш нұсқасы
бар: еруіл ат, ерулі ат, ерттеулі ат. Құлмат Өмірәлиев
түсіндірмесі бойынша ереуіл деп қазақтар мен
қалмақтар арасындағы соғыс кезінде батырлырдың
жекпе- жекке шығуын айтқан. Ереуілдің тағы бір
мағынасы, соғыс кезінде батырлар өзінің мініп
жүрген атымен қоса, тағы бір атты жетегіне алып жүрген.
Соны атаса керек. Соғысқа байланысты кейбір терминдердің
«-уыл» аффиксімен келетінін ескерсек
(жасауыл, айдауыл, қарауыл, тосқауыл т.б.), ер түбіріне
жіңішке «-уіл» қосымшасының жалғанғаннан пайда
болған сөз. Ғалым ереуіл деп келетін нұсқасын
дұрыс деп таниды.
Ғалым нысанасына іліккен сөздің бірі –
«барымта» сөзі. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде «барымта – жауласқан екі рудың бірінің- бірі
мал- мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы» [1.110] деп түсініктеме береді. Н.Гродековтың түсіндіруі бойынша, «барымта, біріншіден, алдын ала ескертіліп ашық түрде
жасалады; екіншіден, түнде емес, күндіз жасалады; үшіншіден,
барымта жасауға негіз керек, мысалы, оның жесірін,
қалыңдығын алып қашқан, айыбын төлемеген,
ұрлық жасағанда т.б. Сондай-ақ барымта біреу айыпкер
болып, би кесіп берген айыпты төлеуден бас тартқан жағдайда
да жасалады»,- дейді. .Барымтаның
түпкі мағынасы зорлықпен тартып алу, талау, ұрлап алу
емес, билердің заңды деп тапқан шешімін орындамаған
жағдайда жасалатын әрекет болса керек. Академик барымта
сөзінің шығу төркінін тілдік деректермен талдай отырып,
мынадай қорытындыға келеді: «барымта – билер кескен үкімді
жазықты жақтың дұрыс орындамағанын даулаушы
жақтың дәлелдеу актісі».
[2.56] «Сөздер
сөйлейдіде» жырларда, мақал- мәтелде, тұрақты
тіркестерде кездесетін көне сөздердің ертеректегі
мағыналары, шығу тарихы,
мағыналық өзгерістеріне талдау жасалады.
Ғалым «Сөздер сөйледінің»
жалғасы ретінде оқырман қауымға «Қазақ
тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» атты еңбекті
ұсынды.
Бұл еңбекте бүгінгі қазақ
оқырмандарына әр алуан әдебиеттерде кездесетін бірқатар
сөздердің жаңалығы мен ескілік сипаты талданады.
Ескіліктер мен жаңалықтардың
тақырыптық топтары, ескіру немесе жаңа болып танылу
уәждері, кезеңдері, морфологиялық тұлға- бітімі, жасалу жолдары сөз болады.
Бұл еңбектің «Сөздер сөйледімен»
ұқсастығы екеуінде де батырлық жырлардан,
ғашықтық жырлардан, ХV – ХІХ ғасырларда өмір
сүрген ақын- жыраулардың шығармаларында, мақал-
мәтелдерде, мағынасы
түсініксіз немесе архаизмге
айналған сөздердің сыры ашылады, сөздердің
шығу тарихы жан- жақты
талданады, қолданылу аясы,
қызметтері көрсетіледі.
Айырмашылығы «Сөздер сөйлейді»
сөз мағыналарының құбылып (өзгеріп,
ескіріп, жаңарып, ауысып, ұмытылып) отырған сәттерін
көрсететін семасиологиялық және этимологиялық
ізденістер болса, бұл
оқулық тарихи лексикология саласына жататын ғылыми-
теориялық еңбек». [3.6]
Бұл еңбектің ерекшелігі ғалым
өзі атап өткендей «түсіндірме сөздік те емес,
толық мәндегі тарихи сөздік те емес, ішінара осы
сөздіктердің элементтері араласқан ғылыми монография».
[3.6] Қазақ тіліндегі ескіліктер мен
жаңалықтардың
шығу төркіні талданып, сөз мағыналары барынша
түсінікті тілмен түсініріледі.
Академиктің бұл екі еңбекті
жазудағы басты мақсаты оқырмандарға қазақ
тілінің бай мұрасын жақсы түсініп оқуларына
көмектесу. Қазақ тілінің лексикалық
қазынасын барынша түгендеп, қалың
жұртшылыққа және ғылым- білім әлеміне
көрсету.
Қолданыстан шығып бара жатқан тілдік
бірліктердің бір кездердегі мағынасын, қолданыс аясын,
қызметін білу арқылы халықтың рухани- мәдени
тарихына үңілуге мүмкіндік жасау. Атап айтқанда,
қазақ халқы сол кезеңдерде (ертеректе) қандай
салт- дәстүрді ұстанды, кімдермен қарым- қатынас
орнатып, кімдермен жауласты, наным- сенімі қандай болды деген
сауалдарға ескілік болып сақталған сөздер мен сөз
тіркестері жауап бере алады. Мысалы,
қазақ даласында ұрыс- соғыстардың көп
болғаны тарихтан белгілі. Соған байланысты тілде кездесетін
ескірген тіркестер бар. Олар: ту
түбінде тұру (ұрысқа қатысатын сарбаз,
жауынгер болып қатарға ену), ұран
отын жағу (жау әскерінің келе жатқанын хабарлап
белгі беру).
Сонымен қатар, қазақ
халқының көшпенді тұрмысынан хабардар ететін мынадай
сөз тіркестеріне түсініктеме береді: қосалықтап отау тігу (киіз үйлерді екі- екіден
қатар не бірінің ішіне екіншісін қосарлап, енгізіп тігуі),
өте сирек кездесетін ескі қолданыстардың бірі бартал тарту (жүк артқан
көлікпен көшу). Ғалымның ескіліктерді талдап- танытуы
арқылы қазақ халқының ертеректегі тұрмысын,
әлеуметтік жағдайын білуге болады.
«Қазақ тіліндегі ескіліктер мен
жаңалықтар» атты
еңбегінің екінші бөлімінде әңгіменің
арқауы болатын әр
уақыттарда тілге енген жаңа бірліктер. Бұл бөлімінде
жаңа сөздердің жасалу көздері, кезеңдері,
тақырыптық топтары, түрлері, түсінігі жайлы хабардар
етеді.
|
Кезеңдері |
Жаңа сөздер тобы |
Негізгі тақырыптары |
Тудырушы
факторлар |
|
ХVІІІ
ғасыр |
Күлдірмамай, жекеауыз, бірауыз, қандыауыз,
жездіауыз, шиті, шыңдауыл, ертеуіл, шығауыл, айдауыл, торуыл,
тосқауыл, қонтайжы (бас әмірші, хан), тәйжі (князь),
лама, зайсаң, уан, топ, зеңбірек т.б. |
Жаугершілік, әлеуметтік тақырыптарға қатысты атаулар |
Қазақ даласында ұрыс- соғыс
қимылдарының көп орын алуы |
|
ХІХ ғасырдың екінші жартысы |
Пысық, төре, елубасы, онбасы,
атқамінер, аға сұлтан, сайлау, мәселе кітап,
насиқат айту, шығын, қара шығын, шаңырақ
салығы, жол сауда, қағаздату |
Әлеуметтік, экономикалық, саяси-
мәдени тақырыптарға қатысты атаулар |
Мұсылманша оқу- ағарту,
алғашқы баспа сөз үлгілері, ислам дінінің
жандануы, қазақ қоғамына енген экономикалық
жағдайлар |
|
ХХ ғасырдың алғашқы
онжылдықтары |
Бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, үстеу,
есімдік, шылау, одағай, нүкте, үтір, сызықша,
жұрнақ, жалғау, ұяң дыбыс, қатаң
дыбыс, шумақ, тармақ, бунақ, бейнелеу, кейіптеу,
қышқылтуым (кислород), сутуым (водород), қышқыл
көмір (углерод), жап- жайша (простейше), ұлпа, газ, градус,
атмосфера және т.б. |
Лингвистикалық және әдебиеттану
терминдері, ғылыми танымдық интертерминдер |
Оқу- ағарту ісінің жандануы,
баспасөздің дамуы, баспа ісінің ұлғаюы |
|
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары |
Төңкеріс, кеңес, теңдік, тап
тартысы, бәлшебек, жолдас(тар), баяндама, жиылыс/жиналыс, өкіл,
нұсқаушы, ауылнай, тап тартысы, кедей шаруа, социалды
құрылыс, ауылдық кеңес, кеңес үкіметі,
газеттің басқармасы (редакциясы), қаулы шығару,
халық жауы, кәмпеске, еңбек ақы, дауысқа салу,
бірлесу, біріктіру, екпінділер және т.б. |
Қазақ тіліндегі жаңа
ұғым, адамға қатысты атаулар, саяси-
экономикалық терминдер |
Саяси, мәдени, әлеуметтік,
экономикалық оқиғалардың орын алуы, қазақ
баспасөзінің аумағының кеңеюі, оқу
орындарының ашылуы, оқулықтардың жазылуы. |
|
ХХ ғасырдың 40-50 жылдары |
Жеңіс қоры, қорғаныс
қоры, жауынгерлік тапсырма, қарақағаз,
ұшқыш, барлау, жарылыс, дивизия, полк, генерал, ефрейтор, солдат,
самолет, танк және т.б. |
Соғыс жағдайына байланысты пайда
болған жаңа қолданыстар |
Ұлы Отан соғысының орын алуы |
|
1970- 1990 жылдар |
Тың игеру, аялдама, саяжай,
балмұздақ, көкөніс, қондырғы,
құрылғы, оқулық, сұраныс, оқырман,
көрермен, әдіс, тәлімгер, қайта құру, бақылау,
салауаттылық, тәлімгер,
және т.б. |
Өнеркәсіп, шаруашылық, ғылыми
салаларға қатысты атаулар |
Тың игеру, космонавтика мен ғылыми-
техникалық жаңалықтардың жандануы, ұлттық
тәуелсіздіктің қажеттігін сезіну |
|
1990- 2005 жылдар |
Егемен, әнұран, елбасы, ғаламшар,
іссапар, жылжымайтын мүлік, жемқорлық, бірлік (единица),
ұялы телефон, ғаламтор, бағаны ырықтандыру, несие,
демеуші, кеден, бағдарлама, хаттама, жолсерік, зейнеткер,
зейнетақы, өркениет, жекешелендіру, сауалнама және т.б. |
Саясат, экономика, мәдениет, әлеуметтік
жағдайларға қатысты атаулар |
Қазақ елінің тәуелсіздікке
қол жеткізуі, саяси, мәдени, экономикалық
жағдайлардың орын алуы |
Академик
Рәбиға Сыздықтың тарихи лексикология саласына
арнаған бұл екі
еңбегінің тіл білімінде алар орындары ерекше. Бұл іспеттес
еңбектер өзге түркі халықтарының ешбірінде
жоқ. Ескіліктер
өткенімізден, тарихымызбен мәдениетімізден хабардар етсе,
жаңалықтар бүгінгі өміріміздің нақты
көрінісі. Бұл екі еңбек өткенімізбен бүгінгімізді
бір арнаға тоғыстыруымен құнды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы:
Дайк- Пресс, 2008.- 968 б.
2. Сыздықова Р. «Сөздер сөйлейді». Алматы, «Санат», 1994.
-190 б.
3. Сыздық Р. «Қазақ
тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар».
Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. -272 б.