Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к., Баймағамбетова К.Н. ф.ғ.м., Болатбаева З.,

Оралова Г. ф.ғ.м., Жүсіпова Ә.Р.

 

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

 

Парадокстың туыстас емес тілдердегі салыстырмалы сипаты

 

Мақал-мәтелдің парадоксы семантикалық және прагматикалық деңгейде туындайды. Семантикалық деңгейде парадокс туындатушы логикалық қайшылық мәтін ішінде, ал прагматикалық қайшылық – мәтін мен мәнмәтін әрекеттескен кезде туындайды [1].

Үндемегеннен үйдей пәле шығады -  орыс. тихая вода берега помывает; тихие воды глубоки; в тихо омуте черти водятся; баш. йүкә шына имән яра – тынық су жағалауды шаяды; тымык күлдә корт үйнай – тынық көлде сайтан жүрер; тәрән йылға тың аға – ақырын дауыс алыстан естілер; ағыл. still water are deep – тынық су терең болар; суах. ki mya kingi kina mshindo mkuu – терең тыныштықта шу мол (жаңалық болмаса, жамандық күт, тынық көлде сайтан жүрер).

Жаман айтпай жақсы жоқ – орыс. Не было бы счастья, да несчастье помогло; нет худо без добра и добра без худа; баш. Искеһез яны булмас, ямансыз якшы булмас – жамандықсыз жақсы жоқ; ямансыз яхши булмас, яхшысыз яман булмас – зұлымдықсыз - жақсылық, жақсылықсыз – зұлымдық жоқ; жап. сонситэ току торэ – шығыннан да пайда көр (біреуін жоғалтсаң, келесіні табарсың); ағыл. every (dark) cioud has a silver lining – әр бұлт күміспен апталған (жамандықсыз жақсы болмас); it is an ill wind blows nobody good – жақсылық әкелмес желден не қайыр (жамандықсыз жақсы болмас); суах. kipya kinyelmi kingawa kidonda – жара болса да, жаңаның аты жаңа (не істелсе де, жақсылыққа).

Асықпаған арбамен қоянға жетер – орыс. тише едешь - дальше будешь; баш. ашыкһаң да, капаланма – асықсаң да аптықпа; һин ашыкһың, ул кабалана – сен асығасың, ол аптығады; әркән барган тиз житә – ақырын жүрсең, тез жетерсің; ашыксаң, соңга каласың – асыққан – кешігер; ағыл. make haste slowly – ақырындап тездет; more haste, less speed – асыққан сайын жылдамдық тежелер; жап. tanki-wa sonki – асықсаң – күлкіге қаларсың; суах. pole pole ya kobe humfisha mbali – тасбақаның баяулығы алысқа өрмелеп кетуіне кедергі емес.

Қойшы көпте қой арам өледі – орыс. у семи нянек дитя без присмотра; где много пастухов, там овцы дохнут; тат. Ирләр күп болса, утын юк; хатынныр күп булса, су юк – бұл жерде, қазақтың «еркек көп болса, отын жоқ, қатын көп болса, су жоқ» деген мақалына сай. Жап. kiyobimbo – он саусағынан өнер тамған адам бір өнерді де тереңінен білмейді, алтын қолды адам кедей; tagei wa mugei – бәрін істей білу – ештеңе істей алмау дегенді білдіреді; ағыл. too many cooks spoil the broth – аспаз көп болса ботқаны бүлдірер.

Етікші бізге жарымас – балық суда жүріп шөлдейді, орыс. сапожник ходит без сапог; баш. итексенең итеге тишек, тимерсенең балтаһы китек – етікшінің етігі тесік, ұстаның балтасы кетік; тимерсе бысакка йәлсемәс – ұста пышаққа жарымас; ағыл. the coddler’s wife is the worst shod - етікші әйелінің етігі жоқ (басқалардан кем киінген). 

Көріп отырғанымыздай, қайшылыққа негізделген тіркес, парадокс сөздің түрлі тілдегі көрінісі мәдени, этникалық тұрғыдан ортақ бағытта екендігін мысалдардан аңғардық.

Халықтар тiлiнiң қоғамның даму барысындағы атқаратын қызметi өте зор, өйткенi ұлттық мәдени дүниенiң даму деңгейi тiлдiң даму шеңберiмен тығыз байланысты. Ал осы әдеби тiл байлығы мен мәдениетiн, көркемдiгi мен бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория — мақал-мәтел [2]. Мақал-мәтел қалыптасуына белгілі бір жағдаят негiз болады да, әр халықтың мәдени дәстүрi, әдет-ғұрпы, ортасы, дiни нанымы мен дүниетанымы, психологиясын көрсетедi [3].

Бұл мақал-мәтелдің басқа мәдениет қорынан ерекшелігі көлемі жағынан қысқа, мазмұн жағынан тереңдігінде ғана емес, көңілге ерекше қонымды, ұжымдылығында және барлық халыққа бірдей ортақтығында.

Қайшылыққа негізделген тұрақты тіркес жаһандық категориясының сәйкессіздігін әлсіз (жұмсақ) қайшылыққа жатқызамыз. Әлем нысанының жаһандық категориясының төрт түрін алып көрсетуге болады. (1)өлі нысан; (2) жануар;(3)адам;(4)абстаркт түсінік[5].

Алғашқысына жататын: жынды ақша – бұл орыстың «бешеные деньги» фразеологизмінің аудармасы екені дау туғызбайды. Жынды ақшаның буына мас болған «жаңа қазақтың» телпектері теріс айналғанын тарихтың өзі көрсеткен жоқ па?(К). «Өлі үй» - бұл тұрақты тіркестің де көршілес елдің «мертвый дом» тіркесіне балама ретінде алынғанын айта аламыз. Өлі үй емей не, мазардан қай жері артық бұл қу моланың? (ЖА). Бұл жерде дербестеу және анимацияға негізделген қайшылықты көріп отырмыз. Араб тілінде осыған ұқсас тамаша тіркес бар, δaхіkаti I-'ardu – «жер күлді», яғни жер жемісін әкелді деген мағынада жұмсалған.

Екінші топтағы қайшылық жануарға қатысты құрылған. Қазақ тілінде бұл топқа жататын тұрақты тіркес байқалмады. Орыс тіліндегі «медведь на воеводстве», «заяц во хмелю» тіркестерін алуға болады.

Үшінші топ, адамға қатысты қайшылық. Бұл қайшылық қимылдау мен қимылдамау (бейанималдану) яғни, заттануға негізделген.

Қимылдану (анимация) - (біздің жағдайда, жануарға айналу)құйрығын бұтына қысу, бұл тіркес қорқып қашу мағынасында жұмсалады. Ардақтың зәре-құты қалмады, оның үстіне «қорыққанға қос көрінері» бар, құйрығын бұтына қысып қашты дерсің... (А). Күзгі әтеш – аузында уызы кеппеген, аузынан ана сүті кетпеген, жас деген мағынада жұмсалған. Бесіктен белі шықпай жатып, мынауың әңгіме соғып әкетіп барады ғой, күзгі әтеш неме!...(А). Қанаты қырқылды – салы суға кету, демеушісі, көмек күтер адамы жоқ, дегеніне жете алмау мағынасына жақын мәнде жұмсалатын тіркес. Бала кезімнен бірге өскен Сәуле момын, қой аузынан шөп алмас, ал мен болсам керісінше шаш ал десе бас алатын қыз едім. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан қанатым қырқылды емес пе? (АБ). Көзсіз өгіз, көзсіз бұқа – топас, әумесер мағынасында жұмсалады. Бұл тіркес жергілікті қолданыстағы тіркес болуы да мүмкін. Мысал ауызша әңгіме кезінен алынған (мұғалімнің балаларға ұрысқан сәтінен үзінді). Көзсіз өгіздер, бастарында бір грамм ми жоқ, сабақтан қашу деген өнерді қайдан шығардыңдар (ауызша әңгімеден). Парсы тілінде ba dom-t xod gerdu sekastanқұйрығымен грек жаңғағын жару деген тіркес кездеседі, яғни қуанышында шек жоқ, жерден жеті қоян тапқандай қуану мағынасында жұмсалады.

Қимылдамау (заттану): тас бауыр – Осы қарағыма өзгелердің тас бауыр қатыбас мінезін бере көрме деген еді (М.Ә.). Тас бүркену – Тас бүркеніп жатып алдым (О.Б.). Тас жүрек – Осы ұзақ жолында Сәрсен ешкімнің үйіне де қонаған жоқ. Қонаға келіп түскен үйде таң сібірлегенше әңгімемен отырды да: - Таң салқынымен біраз жерге барып қалса қайтар еді? – деп жолдастарына қарады. Қасындағы тас жүрек міз бақпастан отыра берді. (А.Х.). Тісін қайрау – Біз сол үшін найманға кектеніп, енді қалай өш аламыз деп тісімізді қайрап жүргеміз (М.Ә.). Парсы тілінде del dadan va olve gereftanжүрегін беріп, бүйрегін алу деген фразеологизм бар, оның мағынасы – әңгімешінің ырқына көніп, әңгімеге елтіп кету, аузын ашып, көзін жұмып әңгімені қылп етпестен тыңдау. Жапон тіліндегі мына тұрақты тіркесті де айта кетуге болады, hidanimae-ni naruтүйреуіш болу, яғни жұмысын өте нашар орындау деген мағынада жұмсалады. Башқұрт тілінде де осы типтес тіркестер жиі кездеседі: күзле бүкәнкөзді түбір (ағаштың түбірі), топас, әңгүдік деген мағынаны береді, ауыззы сөйгә әлеүауызын шегеге ілу, ашығу деген мағынаны береді, ал бешмәгән бәрәңгә– піспеген картоп, басқа сор болу мағынасын беретін фразеологизм.

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

 

1.                 Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, рр. 46-49.

2.                 Колесников Н., Омонимия в предложении и вопросы ее устранения (на материале русского языка). Докт.дисс., Тбилиси, 1967.-С57.

3.                 Исаева Л., Семантическая двойственность синтаксических отношений в современном русском языке. Дисс.канд.филол.наук. Ростовна Дону. 1989. 160с.