Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к., Абдрахманова А.Е. ф.ғ.к.,

Носиева Н.К. ф.ғ.к. Қабиева А.Ш.ф.ғ.м., Жүсіпова Ә.Р.

 

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

 

Парадокстың жасалу жолы: абстракт түсініктер

 

 

 

Абстракт түсініктер. Дербестену: уақыт өлтіру – Әншейінде у тілді Жомарт қазір зығырданы қайнаса да, аузын баға қалған. Уақыт өлтіру үшін ана-мынаны шалып қана отыр (Т.Қ.). Ұяты оянды – Бірі қырт, бірі дарақы, мақтаншақ, бірі ұр да жық, даңғой атанғанда, осындай көп жиын үстінде масайып атақ алатыны бар-тын. Осы жолы ұяты оянды ма қалай, кім білсін, елден ерек ерте келіп отырғанына жұрт таң қалысты (Т.Қ.). Парсы тілінде sab-ra sobh rasandan – түнді таңға жеткізу, яғни, уақыт өткізу деген мағынадағы сонымен қатар, margra be cesm-e xod didan – өлімді өз көзімен көру, яғни, өлім аузында болу, ажал аузынан алып қалу мағынасындағы тіркес кездеседі.

Материалдану:жеңіл жүріс - Әке қаншама ағынан жарылдым дегенде де әлде бірдеңелерді бүгіп қалған. Әрине ол Сәуленің жеңіл жүрісі туралы әңгімені әлдеқашан естіген(Р.Т.). Жаны мұрнының ұшына келу – Жаны мұрнының ұшына келе үш рет ауырды (Ғ.Мұс.). Жаны көзіне көріну – Жаны көзіне көрінген Сайран: - Шекер жаным, Шекертай, - деп тәуір-ақ жалынып көрді, бірақ Шекер үн қата қоймады(Ә.Ә). Жанын жаһаннамға жіберу – Отырған жеріңде мойныңды шілде бұрап алайын ба, қоян жүрек қорқақ? Кәне сақтанып көрші, жаныңды жаһаннамға жіберейін! – деп тұра ұмтылды (Қ.Ж.). Жанын көзіне көрсету – Бақсыбайдың әлгі оқыс қолқасы не? Сонда ұл қылам деді ме, құл қылам деді ме Нұрнанымды?... Бес байталдың терін бұлдап жанымды көзіме көрсеткен-ау, ә? (С.См.). Жанын қоярға жер таппау – Салқын қораға үйренген Ахметтің ала биесі жанын қоярға жер таппай тұр (Ғ.Мұс.). Жанын салу – Мұндай адамды өз жұмысына жанын салады, жақсы көреді деп мақтауға болады, өмірдің өзге тілегінде жұмысы жоқ деп кінәлауға да болады (Ғ.Мұс.). Сақалын сату - Пайдаға кенелемін деп арын сатып, сақалын сатып жүрген ақсақалдарды қайтерсің... (ЖА). Ақымақ баладан сақалын сатқан шал жаман (АӘ). Зәресі (зәре-құты) зәр түбіне кету – Түні бойы ұйықтай алған жоқпын, зәрем зәр түбінде (Ғ.Мұс.).  Зәр (зәре) иманы қашу (қалмау) - Дәу қызыл қасқа өгіз өкіріп, маңдайымен жер сүзіп, айбат шегіп жүр. Қасқыр шапты ма деп Саматтың зәре-иманы қалмады (Б.Т.). Иманы ұшып кету – Бір-біріне отты шала лақтырып, адамның иманын ұшырды (І.Ж.). Үрейі ұшу - Хаттың сөзінен үйдегілердің, әсіресе, ояз бен оның әйелінің үрейі ұшты (С.М.). Башқұрт тілінде күнеленде киң тот – жаныңды аш, яғни тосарсың, күткенің сол ма деген мағынадағы, ақыл өләшкәндә урынынды булмаған – ақыл үлестіргенде орнынан табылмаған, яғни аздап жетіспейді деген мағынадағы тіркес кездеседі. 

Жоғарыда аталған жаһандық категориядан басқа пропозиция субъектісі предикатын білдіретін жеке категория бар [1]. Осы предикаттың (жеке категорияның) күтілетін предикатпен сәйкессіздігі, нәтижесінде субъектінің семантикалық және прагматикалық сәйкессіздігінен қайшылық туындайды [2]. Оларға жеке-жеке тоқталатын болсақ, төмендегідей: (а) Сапа мен санның қатынасы. Ағаш артынан орманды көрмей қалу, бір жарым адам, яғни өте аз деген мағынада. (ә) Тұлғаның жармақтануы (екіұштылық)өзінен өзі қашу, мен мен емеспін; (б) Неантизация (яғни жойылу, жоғалу) – жейденің жеңіндей, тулақтай (өте аз деген мағынада).

Эллипсис: табаны жалтырады – Табанымды жалтыратайын деген ой сап ете түсті (ЕҚ). Табан тайдыру – Ұлықтан сайлау жасай алмайтыны айдан анық еді. Енді бөгелместен табан тайдырып, Семейге қарай жөнелу қажет(М.Ә.). Табан таймай – Ерліктің, ептің үлкені бопсаға шыдау екеніне көзіміз жетті. Жүрек қобалжымай, табан таймай қасқайып тұрып салысуға шыдастық (М.Ә.).

Мағынасыздық: үріп ауызға салғандай – Өзі жоқта кемпірі өліпті... (Дулат) қазір үлкен ұлының қолында. Үріп ауызға салғандай немерелері бар. Ендігі алданары – солар(Қ.Ж.). Жұтып қоярдай – Өзге жаяу қалған балалар атты, тайлы балалардың жарысқанын қызық көріп, соңдарынан шуласып жүгіргенде, Нұртайжұтып қоярдай уылжыған қызға көзі түсіп біраз тұрды да, үйге кіріп жер бауырлап жатып алды(Ғ.С.). Желкесінде көзі бар – Мансап десе, ішкен асын жерге қоятын, біреудің лауазымынан ләззат алып, шоғына жылынып күн көретін осындай желім ауыз, құнарсыз қулар қайдан пайда болды екен? Онысымен қоймай өзінің желкесінде көзі бар дерсің, тегі.... (Қ.Ж.). Ешкінің құйрығы көкке, түйенің құйрығы жерге жеткенде – Мен өзім қазақ қыздарының мектеп бітірген бойда оқуға түсіп, бір мамандық алып шыққанын мақұл көремін. Әйтсе де, ешкінің құйрығы көкке, түйенің құйрығы жерге жеткенде көресің деген қауесет сөздер де шаршатып бітті(С.Б.).

Уәжді жөнсіздік, қисынсыздық:көзі шарасынан (ұясынан) шығу – Қара бала қарғып тұрды орнынан, қызараңдап үлкен көзі шарасынан шыға жаздады(Ғ.Мұс.). Бит терісінен биалай тоқу – Есен аға кешіріңіз, мен сіздің көзіңізге көрінуге бетім шыдамай жолықпастан кеттім. Бәрін кейін толықтай жазармын деп ойлайды. Бит терісінен биалай тоқыған ағасын ренжіткені есіне түсіп өзін қоярға жер таппай басы салбырап келе жатыр... (М.И.). Аяғы аяғына жұқпау, аяғы-аяғына тимеу, аяғы жерге тимеу – Мұнда келгелі Еламанның аяғы жерге тимеді (Ә.Н.). Қашпаған қашардың уызын ішу - Таняның жүзінде иненің жасуындай да реніш жоқ. Үйдің тарлығы, тұрмыстың нашарлығы – сондайдың бірде-бірі оның қаперіне де кірмейді. Сәкеннің қашпаған қашардың уызын ішкен әңгімесі есіне түсіп сәл күліп алды да, тағы да тәтті ойға шомып кеткен (М.И.). Уақытынан ерте (жасына жетпей) қартайған – Өзің жоқта олардан көрген қорлықты, міне, жетпістен асып, сексенге жақындадым, әлі ешкімнен көргем доқ, - деп зарлайды кәрі би ұзақ жүріп сағындырып келген баласына ... – Жауырды жаба тоқыдым. Іштей қайнадым. Сені көрер күнге жеттім, әйтеуір. Жасына жетпей қартайғандар менің жасыма келсе не халде болады екен... (Ғ.С.). Қу бастан қуырдақтық ет алады – Бұл күнде Жігітектің бұрынғы басшылары – Бөжей ғана емес, Байдалы, Түсіп те қайтыс болған. Енді ел сөзіне ие болып, біркелкі жас буын шығып еді. Олар: Бөжейдің балалары Жабай, Әділ. Сонан соң жаңа пері боп атанған табанды, қырыс Бейсембі. Және қу бастан қуындақтық ет алады дейтін, қансүлік Әбділда болатын(М.Ә.). Қырықтың қылауынан – Төргі үйге кіріп шыққан кемпірдің күңіреніп сөйлегені естіліп тұр. Жасаған-ай, оң толғағын бере гөр. Қырықтың қылауынан қалған қарашығым-ай. Ақжолтайым болса екен! –деп, Жәнібектің қасына отыра кетті(Қ.Ж.).

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.                 Шалабаев Б., Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми теориялық негіздері. Алматы: «Рауан», 1997, Б-8

2.                 Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, рр. 46-49.