Жүсіпов А.Е.
ф.ғ.к., Абдрахманова А.Е. ф.ғ.к.,
Носиева Н.К. ф.ғ.к. Қабиева А.Ш.ф.ғ.м.,
Жүсіпова Ә.Р.
«С.Сейфуллин атындағы қазақ
агротехникалық университеті» АҚ
Парадокстың
қазақ, орыс, башқұрт, парсы
тілдеріндегі қолданысы
Парадокс түрлі тілде бір-бірінің
мағынасын ашатындай, не болмаса ұқсас мағынада
жұмсалатыны белгілі. Әлемнің тілдік бейнесіндегі
мақал-мәтелдің, адам бойындағы түрлі қасиетті
сипаттауға бағытталға тұрақты тіркестер мен
сөздер қай тілдің боллмасын қорында жеткілікті. Осы
мақалада бірнеше тілдегі ұқсас парадокстарға
тоқталуды жөн көрдік[1;2;3;4;5;6;7].
Башқұрт тілінде кездескен
тіркестердің ішінен ауызы
көрәк менән тешкан – ауызы күрекпен тесілген,
яғни өсекші мағынасында; ауыз
эсендә бутка бешерү – аузында ботқа пісірген, яғни
түсініксіз сөйлеу, міңгірлеу деген мағынада, былтыр үлгән ябалақты
быйыл атып алу – былтыр өлген жапалақты биыл атып алу, яғни
баяғыдан белгілі нәрсе туралы ой қозғау деген
мағынадағы фразеологизмді мысалға келтіруге болады. Парсы
тіліндегі тіркестің мағынасы dast
az pa deraztar bargastan – аяқтан ұзын қолымен оралу,
яғни аузы құрғап қайту, аузын құр
шөппен сүртіп қайту дегенді білдіреді. Араб тіліндегі yamζi mukabban εala wajihi –
бетін жауып келе жату, яғни көрмес түйені көрмес,
көз алдындағыны көрмей қалу деген мағынадан хабар
береді де, saqata s-sama u – аспан
құлады, яғни жауын жауып өтті деген мағынан
үстейді. Жапон тіліндегі heso-o-kamu
– кіндігін тістеу, санын соғып қалу, өкіну
мағынасында қолданылады.
Уәжді
сәйкессіздік: Мар қасқа – Кришан Чандр,
Ходжа Ахмед Аббас сияқты үнді әдебиетінің мар
қасқалары, бізге белгілі Радж Капур, Болрадж Сахни тәрізді
үнді киносының ең жарық жұлдыздары да кеңес
еліне келіп жүреді(Т.А.). Жүрек
жалғау – Әуелі жақын жерден біздің үйден
жүрек жалғап алмайсың ба? Жұмысқа сосын бірге
шығармыз (Қ.Ж.).
Уәжсіздік
(синхрондық):
синхрондық уәжсіздік даусыз дұрыс болуы сирек кездесетін
диахрондық уәжділіктің болуын меңзейді. Көбінесе
шынайы уәж мейлінше ұқсас гипотетикалық уәжбен
ауыстырыла салуы да ықтимал. Жапонның aruba-o uru «май сату» деген идиомасы қазақтың «шошқа тағалау» – Екі
күннен бері қайда жүрсің шақыртқанда
келмей, демалыстарсың ғой, шошқа тағаладың ба? (АТ), немесе «екі қолы алдына
сыймау» - Екі қолың алдыңа сыймай бос отырғанша,
өнерге үйренсең еттің (Т.А.)., фразеолгизміне
ұқсас. Жапонның осы фразеологизмінің мағынасын
түсіндіру үшін мынадай мысал алынған. Әйелдер
үйді-үйге жүріп, бай әйелге басқа жағатын
май сатқан. Бұл жұмысты олар асықпай, саспай,
жүрдім-бардым, әшейін, жолшыбай істеген деген түсінік
беріледі.
Сойып
қаптап қойғандай – Сойып қаптап қойғандай Шыңғысханның
өзінен айнымайтын Жошы деген ұлы бар еді (АҚ).Күн
көру – Есеннің ойынша, әкесінің арқасында
күн көрген Мәлікке келер де, кетер де жоқ, жетер де
күш жоқ (Е.Н.).Тақырға отырғызу,
тақыр мұзға отырғызу – Сен түгіл сельпоны
тақырға отырғызып кеткен алаяқ емес пе Сатыпалды (Қ.Ж.). Башқұрт
тілінде әнә ашаған
әт кеүек – ине қылғытқан ит секілді,
өте арық адам туралы айтылатын тіркес, тәртіһе ерек – ашушаң, өкпелегіш деген
мағына беретін тіркес. Парсы тіліндегі фразеологизмге кезек берсек, олар
біршама: аb be ab sodan – су суға
айналады, яғни қайтыс болу дегенді білдіреді; аs-I baraye kas-I poxtan – біреу үшін
ботқа даярлау, біреуге қастандық жасау дегенді білдіреді;
qab-e kas-i-ra ba cub zadan – ойнау
үшін асықты ұрлап алу, біреудің
көңілінен шығу деген мағынада жұмсалады; za –e siyah-e kas-i-ra ba cub zadan - біреудің қарғасын
ағашпен ұру, құпия түрде біреуді аңду
деген мағынаны білдіреді; kolah de sar-e
kas-I gozastan – біреудің басына малақай (бас киімді) кигізу),
яғни алдау, арбау, тақырға отырғызып кету
мағынасынан хабар бететін тұрақты тіркес. Жапон тіліндегі
жоғарыда аталған тіркестен басқа екі фразеологизмді келтіре
кетуге болады, олар: abura ga noru –
семіру, яғни қызығушылық таныту, бір
жұмысқа құлшына кірісу дегенді білдіреді; екінші
тіркестің аудармасы көз
қарашығын жеу дегенді білдіреді, omedama-o kuu, мағынасы - таяқ жеу, ұрыс есту.
Бейнелі
метафоралық аллофрония: жүрегі жоқ -
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан, Жүрегі жоқ
адамдардан қорқамын (М.Ш.).
Ит қылу –
Қойдың жылдам баспағанына зығырданы қайнап, Зекен
бәрін есіне түсіріп, қасындағыларды ит қылып,
боқтық астына алды(Т.А.).Аяғы ауыр – Апыр-ай, мына
байғұста ес қалмапты ғой. Әйелі Бәтештің
аяғы ауыр еді, ұл тапқан ғой шамасы деген ой басымнан
зымырап өте шықты (ҚӘ).Өкше көтеру – Бір күні
апақ-сапақта қасында төрт адамы бар Сарман келіп
тоқтады. Зәрезап болған ауыл тұрғындары
тығылып, қашқаны қашып,
ұйқы-тұйқы болып жатқан-тын. Өкше
көтеріп кеткені қаншама дерсің (Т.А.). Соңғы кездегі ақша айналымына
қатысты, әсіресе, көршілес елдің «грести деньги лопатой» деген тіркесінің баламасы ретінде
жұмсалып жүрген тіркес күректеп
ақша табу.- Күректеп ақша табу дәмесі зор
ағамның қала жаңалап кеткеніне міне аттай алты жыл
болып қалыпты... (АҮ). Артын жалау – Күн көріс
үшін бастықтың артын жалап жүргенін ұмытып
кеткен, өзінше бай болып ақшаны әрлі-берлі шашып жүрген
Сымайылды жұрт енді ауылға жолатпайды(Ғ.С.).
Ирониялық
аллофрония: күте тұр – Әрине, жерден жеті қоян
тапқандайсың ғой тегі, күте тұр,
қуырдақтың көкесін түйе сойғанда
көресің... (АА).Жақсы бопты/болыпты – Сөз
құмар, пәле құмар Байтастар аз ба? Алдап, арбап
жора-жолдастарын мұзға отырғызып кеткенін талай рет
күлкі ғып айтып жүргенін естігенбіз. Жақсы бопты дейміз
де қоямыз, баяғы(АА). Қуанышын/м/да шек жоқ –
Оқымай қалсаң да, бізден сен артықсың.
Сенің тырнағыңа да татымаймыз деп қоямыз.... Ал ол
«байғұстың» қуанышында шек жоқ (Т.А.).Жолы болды – Бұл жігітті не оңға бастап жүр
де, не сор түртіп құйрығына қалжуыр байлайын деп
жүр. Айтқандай, көп уақыт өткен де жоқ, ақыры – жолы болды –
істі болып қамауға алдынды(АА)
Әсірелеу
метафоралық аллофрония:
көздері жану, алтын, күміс, қорғасын
жауын/жаңбыр, Шық бермес
Шығайбай – Жер еңбексіз, еріншекке шық бермес
Шығайбай тәрізді (Ө.Т.).
Сынық ине, сыдырым таспа бермеу
– жақын ағайындары мыңғыраған бай бола
тұра, сынық ине, сыдырым таспа бермейді оған (ҚЕ).Бетінен қан шықпас – Өмірімде ондай адамды
көрсем, көзім шықсын, бетінен ет кесіп алсаң қан
шықпайды-ау... (А).Ине шаншар жер жоқ –
Жаңылған үйі тойға қамдалғалы біраз болып
та қалды. Міне, бүгінгі жиында тіпті ине шаншар жер жоқ,
абыр-сабыр адам: сарысы, сақалы, мұрты бәрі осында (А).Үш қайнаса сорпасы қосылмау – Үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын Сәбиттің өзі мені
туыс қылғысы келіп, соңғы кезде күні-түні
үйден шықпайдынды шығарды(Қ.Ж.).
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1.
Kuusi
M., Concerning Folk
Paradoxes Mind and Form in Folklore. Selected articles of MattiKuusi. Helsinki
1994. – P. 131-141.
2.
Mieder
W., Popular views of the proverb. Proverbium 2 (1985). P. 109-14.
3.
Шалабаев
Б., Қазақ көркем прозасының тілін
зерттеудің ғылыми теориялық негіздері. Алматы: «Рауан», 1997,
Б-8
4.
Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің
тарихи
даму
үрдісі, лингвомәдени
көзқарас. Материалы
ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy
-2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, рр. 46-49.
5.
Колесников
Н., Омонимия в предложении и вопросы ее устранения (на
материале русского языка). Докт.дисс., Тбилиси, 1967.-С57.
6.
Жүсіпов А., Қайшылық
туралы
ойшылдар
көзқарасына
шолу. Материалы
ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan»,
07-15 lipca 2013 roku, Praga, рр. 51-54.
7.
Исаева
Л., Семантическая двойственность синтаксических отношений в
современном русском языке. Дисс.канд.филол.наук. Ростовна Дону. 1989. 160с.