А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл даярлау
орталығының оқытушысы
Кушкинбаева
Қарлыға Теміржанқызы
Мемлекеттік тілді үйретудегі тиімді технологиялардың
үлгілері
Мемлекеттің
көп ұлтты жағдайында тілдерді жетік меңгеру ғылым
мен техниканың жетістіктерін меңгеруге, отандық және
әлемдік мәдениетті үйренуге кең жол ашады.
Қазіргі таңда қойылған міндеттердің орындалуы
мемлекеттік тілді үйретудің ары қарайғы жетілдіруін
талап етеді.
Тіл
үйретуші мамандарда тілді меңгерту барысында негізгі мақсаты
тіл меңгерушілерге сауатты білім беру, оларды сөйлету. Осы
мақсат барысында мынадай мәселелер: -қалай оқыту?;
-оқыту сапасын қалай көтеру? –деген сұрақтар
туындайды.
Тілді
оқыту барысында тілді оқыту салаларын көруге болады. Әр
оқыту салаларының өз ерекшелігі бар.
Тілді
оқыту салалары:
-
балабақшада оқыту;
-
білім ордаларында;
-
арнайы орталықтарда.
Балабақшада
тілді тиімді оқытуға:
-
Дыбыстық;
-
Ойын;
-
Түсіндіру;
-
Көрнекілік әдістері т.б. жатады.
Мысалы:
Шақ — шақ — шақ — кішкентай құлыншақ.
Ыр- ыр — ыр — ырылдайды қасқыр.
Ян — ян — ян — секіреді қоян
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай
Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»;
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Балалықтың қанына
ойын азық»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады.
Ойын түрлері:
-
Дидактикалық ойындар;
-
Сюжеттік-рөлдік ойындар;
-
Қимыл-қозғалыс ойындар;
-
Ұлттық ойындар;
-
Саусақ ойындары;
-
Үстел үсті ойындары.

Қазіргі
уақытта орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуда
тиімділігі жоғары түрлі оқыту технологиялары
қолданылады. Олардың ішінде проблемалық
оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік оқыту, ойындық
технологиялық оқыту, коммуникативтік оқыту тағы
басқа технологиялар қазақ тілін екінші тіл ретінде
үйренушілердің белсенділігін арттыруда қолайлы болып
табылады.
Тілді
үйрену технологиясында коммуникативтік құзіреттілікті дамыту
оқу-тәрбие міндеттерін өнімді шешу, мамандықты
тұлға қалыптастыру құрамына айналдыру
қабілеті 5 бөлімнен тұрады. (Н.В.Кузьмина)
Кесте 1. Н.В. Кузмина белгілеуі бойынша
мұғалім құзіреттілігі.
|
Дифференциал-ды-
психологиялық |
Коммуникативтік
(әлеуметтік- психолоиялық) |
Арнайы және
кәсіптік |
Әдістемелік |
Аутопси
хологиялық |
|
Оқушының
жеке, жас, психологиялық ерекшеліктері |
Мұғалімнің
ата-ана, әріптестері, оқушылармен қарым-қатынас |
Сабақ беретін
пәнін терең меңгеруі |
Әдіс-тәсілдер
мен технологияларды қолдануы |
Жетістіктері мен
олқылықтарын білуі, жоюға жұмыс істеуі |

Сабақтан
үзінді көрсету үшін, аудиотаспадан үзінді
тыңдалады. Арнай тапсырмалар, сұрақтар, таратылым
парақшалары беріледі. Мысалы, жаңа
сөздер:
Нәсіп- доля
Брынза- сүзбе ірімшік
Пұлды-ценный
Сарысу-сыворотка кислого молока
Несібе-благо, доля, участь
Сұрақтарға
жауап беріңіздер:
-
Таспадан кімдердің сұхбатын тыңдадыңыздар?
-
Басты тақырып қандай?
-
Кәсіпкер кім?
-
Кәсіп қалай ашылады?
-
Кәсіптің халыққа пайдасы қандай?
Сөйлемді
аяқтауға таспадан алынған аяталмаған сөйлем
беріледі, аяқ тау керек.
Қарағанды
облысының Шопа ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер
Сайран Дүйсенбаев ...
Ешқандай несие
алмай-ақ шаруашылық ашқан азамат ...
Қолдан жасалған
өнім шет елден келген өнімге қарағанда ...
Сайранның банктен несие
алып шаруашылығын дамытуға мүмкіндігі жоқ,
өйткені ...
Сонымен,
Тиімді технологияны таңдау барысында: «-нені қолдану керек?»,
«қайда қолдану керек?», «Қалай қолдану керек?» - деген
сұрақтар шеңберінде жұмысты іске асыру керек.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең
алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші,
біздің парызымыз - өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік
тілді меңгерту.