А.Қайыпбаева
филол.ғ.к.,доцент А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ
Қостанай.Қазақстан
В этой статье
рассматривается метод повторов в поэзии
и проведенный на его основе
лингвистический анализ.
This article is
devoted to examination of the method of turn in poet and taking
on its stem
linguistic analysis.
Поэзиядағы
қайталамалар.
Ақын -жазушының шеберлігі туралы сөз
болғанда, стильдік әдістердің бірі
қайталама құбылысы
көңіл аудартпай қоймайды.
Қазақ
тіліндегі ғылыми еңбектерде сөздердің қосарланып
қолданылуы (қайталанып) көптеген зерттеулердің
объектісі болды. Ол жөнінде А. Ысқақов/1-233/,
С.К. Кеңесбаев/2-4/, Т.Б. Қалабаева/3-157/, З.Н. Қожабергенова/4-132/,
Ә. Қайдаров/5-168/, Н. К.Дмитриев/6-501,503/ жазған еңбектер бар.
Осымен
байланысты дәстүрлік тілдік норманы сақтаудың,
әсіресе тілдің лексика грамматикалық кұрылымы мен
жүйесін дұрыс қолданудың мәні айрықша арта
түспек. Бұл ретте тілдік бірліктердің мағынасы мен
қызметін, өзара байланысын жан-жақты талдап, тереңірек
барлай түсу, ерекше белгілерін дәл көрсетіп, айқындап
беру синтаксис туралы ғылымның, оның бір саласы сөз
тіркесі туралы ілімнің, алдында
тұрған аса келелі міндеттердің бірі болып табылады.
Сөз
тіркесінің зерттелу тарихына зер салсақ, сөз тіркестері
туралы ұғым аздап болса да кеңес дәуіріне дейін сөз болғаны белгілі. Бірақ ол кезде сөз тіркестері синтаксистің
негізгі бір саласы ретінде алынбай,
сөйлем мүшелерінің байланысы дәрежесі тұрғысынан қаралды. Бертін
келе сөз тіркесі туралы пікірлер
мен пайымдаулар әсіресе 1937
жылдардан кейін Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н. Сауранбаев, Ә.
Ермеков т.б. ғалымдардың еңбектерінде орын ала бастады.
Бірақ бұл ғалымдардың
зерттеулерінде сөз
тіркестері сөз
таптарының тіркесінен гөрі сөйлем мүшелері
тұрғысынан қарастырылды. Әйтсе де бұл
ғалымдар еңбегінен
сөз тіркесі жайлы
бірсыпыра мағлұмат
алуға болады. Сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің бір
объектісі ,ретінде қарастырылуы
қазақ тіл білімінде, тіпті
түркітануда проф. М. Балақаев есімімен тығыз байланысты. Автор « Қазіргі қазақ
тілі» (1954), атты ұжымдық
еңбекте, «основные типы словосочетаний
в казахском языке» (1957) деген монографиясында сөз тіркесін сөз таптарының тіркесі
тұрғысынан
қарап, оның
ауқымын анықтап,
нақтылап сөйлемде
грамматикалық мағына
тудыра алатын сөздердің тіркесу қабілетін жан-жақты көрсетті. Бұдан кейін
осы саланы Р.Әміров, С.Исаев, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев,
Е.Ағманов, Ә.Әбілақов, С.Нұрханов,т.б.
ғалымдар арнайы зерттеу объектісі
етіп, М.Балақаев пікірін әрі қарай дамыта түсті/7-21/. Сөйтіп, бұл салада бірнеше
кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылды. Аталмыш салада
арнаулы зерттеулер жүргізілгенімен, бұл мәселе
түбегейлі шешілді, оған қатысты мәселелер
түгелдей айтылып , жазылып болды деуден аулақпыз. Бұл салада
әлі де болса арнайы қаралатын мәселелер жеткілікті.
Солардың бірі бір сөздің қайталануы арқылы
жасалған сөздердің өзара сөз байланысын
құрауы.
Қайталау арқылы құралған
сөз тіркестерін жасайтын туынды
есім сөздер өздері әу
баста тіркескен сыңарлармен түбірлес болып келеді де, түрлі қосымшалар арқылы
өз ішінде әр түрлі сөз табына қатысты болады.
Бұған мысалды Мағжан Жұмабаевтан келтірейік: Менің де енді сәл
шыдарлық шыдамым қалды.
«Шыдау» етістігінен
жасалған. Бұл етістіктің түбіріне «шыда»
есімшенің (ар) жұрнағы
және сын есім тудыратын (-лық) жұрнақ
қосылып тұр, ал келесі
туынды зат есімге (-ым)
тәуелдік жалғауы, жалғанып, бір түбірлі есім
сөздердің қайталануынан сөз тіркестері
жасалған.
Бір сөздің
қайталануы арқылы құралған сөз тіркестеріне: зат есім, сын есім,
сан есім, есімдік, етістік, үстеу, модаль сөздер (бар, жоқ),
қыстырма сөздер,
сөйлемдер жатады.
Зат есім
қайталанғанда жеке тұрып та, көптеліп те, септеліп те,
тәуелденіп те келуіне сәйкес олар барлық байланысу
формаларында соның
қасындағы тіркесетін сөз таптарымен жұмсала береді. Бірақ
қайталанған зат есім сол бастапқы тұлғасын
сақтайды, ал оның
қасындағы тіркесетін
сөз таптары өзгеріске түседі.
Бұған мысалды тағы да Мағжан
Жұмабаевтан келтірейік:
Жастық – у ғой,
айнымай у ішіппін.
Бұл күндері кеудені
ой кернеді (М.Ж. 153 б).
Мұндағы –« у
ғой», «у» зат есімі
бастапқы қалпын өзгертпей екінші тіркесте де қайталанып тұр,
бірақ біріншідегі
«ғой» шылауы қайталанбайды, басқа етістікпен, «у» сол
қалпында ал етістік жіктік жалғауын қабылдап, өзгеріске еніп тұр.
Мұнда зат есім «у»
-дың мағынасы күрделі екені байқалады.
Бұл ғалым Т.
Сайрамбаевтың еңбегіндегі тұжырымға оралтады: Профессор
Т. Сайрамбаев сөз тіркесі мен фразеологиялық тіркестер құрамы жағынан
өзара ұқсастығы болмаса да, ішкі ерекшеліктеріне қарай былайша дараланады деп
көрсетеді:
Сөз тіркесі:
1.Сөз тіркесіндегі
әрбір сөздің өзіндік мағынасы бар.
2. Сөз тіркесіндегі
әрбір сыңарының өзіндік синтаксистік қызметі болады.
3. . Сөз тіркесіндегі
сөздердің орын тәртібі еркін болады.
4. . Сөз тіркесіндегі
сөздер өзара байланысу
формасында келеді.
5. . Сөз тіркесіндегі
әрбір сөздің байланысу тәсілдері болады дей келіп,
осыған
керісінше фразеологиялық тіркестер туралы
мынадай қорытындыға келеді.
Тұрақты тіркес:
1.
Тұрақты тіркестердегі әрбір сөздің орны
тұрақты.
2.
Тұрақты тіркестердегі әрбір сөздің мағыналары
айқын емес.
3.
Тұрақты тіркестердегі әрбір сөздің
өзіндік ситаксистік қызметі бар.
4.
Олардың әрбір сыңарының жалғауы т.б.
болғанымен , олардың байланысу формаларға әсері
болмайды. [Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. 1981 ж.
82 б]/8-78/
Зат есімді тіркесі шартты райлы тұлғадағы
етістікпен түйдектелу арқылы да Ф.Т. жасалады.
Бұған да мысалды
Мағжан ақыннан келтіреміз
Қосылса жара
жанның жарасына [М.Ж.142 б.]
Шартты райлы (қосылса)
және жанның есім
сөзінің кіріктірілуі арқылы екі зат есімнің
қайталануынан (жара, жарасына) сөз тіркесі
құралып тұр.
Зат есімнің септік
жалғауда және тәуелдік
жалғауда келіп, қайталама сөз тіркестерін құруына,
тағы да мысалды Мағжан ақыннан келтіреміз:
Мақсатың болса, шерлі
елді.
Шығару өмір
өріне,
Қаш қаладан,
қарағым,
Еліне қайт, еліңе![М.Ж,195
б.]
«Ел» есімін табыс септігінде және тәуелдік формада ала
отырып, алдын ала көреген ақын елдің болашағын болжай
білген. Идеяшылсымақтар «халық үшін, отан үшін»
деп үн тастап, аңқау
елді сол идеяның соңынан
шұбыртып қояды да, өздері ойлағандарын істеп
бағады. Топты өздеріне ашықтан ашық қарсы
қоймай басқа ағынның сарынында ұстау идеяшылдарға пайдалы.
Халықта бесіктен басталар рухани
байлықты «халыққа ту қылып» бермек деген ойды
ұқтыратын сияқты.
Бір шумақта ел сөзін үш рет
қайталау арқылы нақты (обьектіні) нысананы еске алумен тығыз
байланыстылықты көрсетеді. Тәуелдік жалғауда қолданылған «еліңе» есімін
барыс жалғауында қайталап айту сөз мағынасын
үдемелі мәнде ұқтырады.
Етістіктерді
басқа сөз табынан айырудың басты өлшемдерінің
бірі оларға болымсыздық жұрнақтарын
қосуға болатындығы десек, мұндай қосарлы етістіктердің соңғы
сыңарларына қажетке қарай болымсыз мәнді
жұрнақтарды тіркеп қолдануға болады.
Етістіктерді
қайталап қолданудан жаңа мағына тумайды. Сөзге тек стильдік, реңдік тағы сондай мағыналар
жамалады.
Қайталама
әдісі туралы сөз
қозғағандардың пікірін мысалдармен дәлелдеуге бет бұра отырып,
бізден бұрынғы ғылыми
тұжырымдардың
нақтылығына шүбә келтірмейміз:
Градациямен
келген қайталама қол жетпейтін, көз жетпейтін іс- әрекеттерден
үлкен іс-қимылға апарып соқтырады.
Қайталама арқылы оқиға болып
жатқан уақытты
шектеу үшін емес, кейде оны алға жылжыту үшін қолданылады.
Қайталама әдісін сөз зергерлері терең психологиялық талдауға бару
үшін пайдаланады.
Қиын
текстерді түсіндіру үшін, жеңілдету үшін
қайталама әдісі қолданылады.
Қорыта
келгенде қазақ тілі білімінде
бір сөздің қайталануы арқылы жасалған
сөз байланыстары арнайы зерттеліп, оның толық мағыналы сөз
тіркесі деңгейінде байланысу
формалары мен амалдары, синтаксистік қатынасы мен түрлері айқындалады. Сонымен
бірге қайталанып айтылатын толық мағыналы сөздердің өзара
тіркесу қабілеті негізінде
олардың семантикалық ерекшеліктері де анықталады.
Поэзия
тіліндегі арнайы сөз болған
осы мәселенің яғни
бір сөздің қайталануы арқылы және барлық
сөз табынан қалай жасалатындығы және олардың өзара тіркесу қабілеті, табиғи жолдары, кезеңдерін рет- ретімен дәлелдеуге
тырыстық.
Қазақ
әдеби тілін қалыптастырушы
сөз зергерлерінде бұрыннан бар және тілдік қарым-қатынаста кәдеге жарап, айтылар ойдың
мән-мағынасын тартымды түсіндіруде орны бар осы тақырыпты
дәлелдейтін кейбір мағыналы- мәнді өлең жолдары мысалға алынып, талданды.
Сондықтан көркем әдебиет тілін көріктендіруде сапасын көтеруде , бір
сөздің
қайталануы арқылы
жасалған сөз байланыстарының
өзіндік орны бар мәселе
болып табылатынын жарқын мысалдармен дәлелдеуге
тырыстық.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
1.
ЫсқақовА. Қазіргі қазақ тілі.- Алматы,1974.-
233 б
2.
Кеңесбаев С.К. «О
трансформированных повторах в казахском языке»// «Вопросы тюркологии» Ташкент,
1965.-с. 4.
3.
ҚалабаеваТ.Б. Лексико-семантическая
структура повторов в казахском языке: .диссертация
канд.филол.наук- Алматы,-1980.- с. 157.
7.Балақаев М., ҚордабаевТ. Қаіргі қазақ
тілі.-Алматы,1971.-340б.
8. [Сайрамбаев Т. Қазіргі
қазақ тіліндегі
күрделі сөз тіркестері.-А., 1981-82 б
А.Байтұрсынов
атындағы ҚМУ
Гуманитарлық-әлеуметтік
факультеті
Тіл және әдебиет
теориясы кафедрасының
доценті,ф.ғ. к., А.
Қайыпбаеваның «Қайталама
әдіс туралы таным» атты ғылыми мақаласына
п і к і р
Қазақ тіліндегі ғылыми еңбектерде
сөздердің қайталанып қолданылуы көптеген
зерттеулердің объектісі болды. Атап айтсақ, ол жөнінде А.Ысқақов.
С.К. Кеңесбаев., Т.Б. Қалабаева., З.Н. Қожабергенова., Ә.Т.Қайдаров., Н. К.Дмитриевтер
жазған еңбектер бар.
Осы ретте мақаланың авторы қайталама әдісін
жалаң қарастырмай, тілдік бірліктердің мағынасы мен
қызметін, өзара байланысын жан-жақты талдап, тереңірек
барлай түскен.
Қайталама әдіс туралы
бұрынғы ғылыми
тұжырымдардың нақтылығына да
тоқталған:
Градациямен
келген қайталама қол жетпейтін, көз жетпейтін іс- әрекеттерден
үлкен іс-қимылға апарып соқтырады.
Қайталама арқылы оқиға болып
жатқан уақытты
шектеу үшін емес, кейде оны алға жылжыту үшін қолданылады.
Қайталама әдісін сөз зергерлері терең психологиялық талдауға бару
үшін пайдаланады.
Қиын
текстерді түсіндіру үшін, жеңілдету үшін
қайталама әдісі қолданылады.
Қайталама әдіс туралы сөз
қозғағандардың пікірін мысалдармен дәлелдеген.
Қорыта келгенде
автордың «Қайталама әдіс туралы таным»
тақырыбындағы мақаласы өзекті. Ғылыми
мақалаға оң пікір бере отырып, баспаға беруге болады
деген ойдамын.
Пікір
беруші: ф.ғ.д. А.А. Әбсадықов