Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы
А.Байтұрсынұлы
атындағы Қостанай мемлекеттік университет, Қазақстан
А.Байтұрсынұлы мен Абайдың
парасаттылық ұстанымдары
Ер қадірін білмеген -
Ел қадірін білмейді .
(халық мақалы)
ХХ1
ғасырлық Қазақстан ‘‘орнында бар-оңалар’’
демекші, Еуроазия құрлығында дүниежүзілік
тарихтан белгілі ’’Жібек жолын’’ салған өркениетті елдердің
біріміз. Кезінде тарихта өшпес із қалдырған ’’Номадтық’’
үлкен этно-мәдени қоғамның жалғасы
екенін,бүкіл әлем мойындап отыр. Егемендік алғаннан кейін Ата тарихымызды
зерделеп, рухани мұраларымыздың құндылықтарымен
танысуға кеңінен жол ашылды.
Батыстық Еуропалық ой-өрістің сонау Қайта
Өрлеу дәуірінен бастап материалдық дүниенің
соңынан кетіп,сол себептен рухани әлемін кейін қалдырды.Енді
қазіргі ғаламдық нарықтық дағдарыстың
тууына себепші болып отыр.Ал, «Шығыс - өте нәзік
құбылыс» демекші, екеуінде (рухани және материалдық
жағын ) бірегей қамтып келді. Содан болар Шығыс
(Жапония,Қытай,Малазия т.б) елдерінің, бүгінгі Қазақстанның аз уақытта (24
жыл) дамуындағы саяси және экономикалық жағынан жеткен
жетістіктеріне Батыс біршама қызығушылық танытып жатыр.
Түркі әлемінің қара шаңырағы
болып отырған Қазақстанның жаратымпаз ел болуымен
қатар жан – жағына танылуы, Х1Х ғасырдың өзінде
–ақ егемендіктің ұрығын салынып кеткен. Сол үшін
жанын құрбан еткен Ахмет Байтұрсынұлы мен Абайдай
ақылмандарымыздың айтқандары қоғамымызды
әрі қарай жетілдіруге септігін тигізетін,тұлғаның
ондғы орнын білдіретін
тұжырымдарға тұнып тұр.
Байтұрсынұлы Ахметтің:
Басынан ер
жігіттің нелер кетпес,
Қажыма,
қайратты бол, еш нәрсе етпес.
Бейнетің
көрген түстей болар ұмыт,
Шығарсың
азаттыққа ерте иә кеш.[1] – деп, біздің болашағымызды
болжап қойғандай ''қас өреннен ұл туса –
заманынан озам дер'' демекші, қиындыққа мойымайтын жігер
ғана елді көркейте алатынын жастарға
ұқтырмақшы.
Енді
ұлы Абайға жүгінсек: ”Қайрат айтыпты:...дүниеде
ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын әуел өзіңді
білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек... ерінбей, жалықпай
орнына келтірмек те – менің ісім, деген екен “[2] деуі, қандай да
болмасын аласапыран заманда, адамға қажымас қайрат керек
екенін алға тартады.Қарап отырсаңыздар көшбасшымыз
Н.Назарбаев ұсынған, оны ел қолдаған «Нұрлы жол»
атты халыққа Жолдауында: ’’Өткен тарихымызға
тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш
та,гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген
құдіретті ұғымға сыйып тұр.’’[3]
деп,атамұра қағидасы
''Ең нағыз адам – бәріне өзі ғана
қол жеткізе алмақ ''деген ұстанымы бар халық қана
Қазақстанды Мәңгілікке айналдырмақ деген дана бабаларымыздың аманатын
орындауға шақырады.
А.Байтұрсынұлы замана ағымын аңлай
білген ерекше қоғамтанушы ретінде: «...Жеке кісі түгілі,
жалпақ ел –заманның бұйдалап жетектеген түйесі. Енді
заманның жетегінде жүрмеген шаруаның мұрны
жырылмақ».[1] деп, ХХ1ғасырлық жаhандасуды,ондағы саяси
және экономикалық дағдарысты өз көзімен
көріп отырғандай бізді таң қалдырады.Бір
таңғаларлығы Ахаң бұдан шығу жолы: «...Ақысын
жібермейтін дәрежеге жеткенше қазаққа қай
жағынан да болса теңдік жоқ. Бұл заманда қолы
жетпегенді теңдікке жеткізетін өнер – білім. Бұлар да басында
біздей,...бізден де өнерсіз болған. Халық жүре,
оқи, талаптана келе осыған жеткен... » [1] дей келе ұлттар
мен халықтар, тіке айтсақ бұл жалған дүниеде
адамның адамнан артықшылығы жоқ екенін жақсы
болуда, жаман болуда, қоғамды өркендетуде,
құлдыратуда әркімнің өз қолында екенін еске
салады. Иә,ХХ1ғасыр бәсеке дәуірі, қайсысы
заманға сай жаңа технологияларды тиімді пайдалана білсе сол
алға сытылып шығады. Осыған орай елімізде өтіп
жатқан іс – шараларға көз жүгіртейік.
Елбасымыз Н.Назарбаев 2015жылы 10 сәуірде Астанада
өткен жастар форумында: «Тарих екі түрлі бағаны ғана
біледі – не ұттың, не ұтылдың. Сондықтан,
мемлекет сіздерге даму үшін барлық жағдайлар жасады, тіпті,
одан да артық десе де болады. Өзіңнің талантың
мен еңбегіңнің арқасында жақсы
оқудың, өзіңнің мансап жолыңды таңдай
білудің, қоғамда өз орныңды таба білудің
маңызы өте зор.» [4] дей отырып, жастарға үлкен сенім
мен жауапкершілік артады.
Биылғы 2015 жылғы
нарықтық дағдарыс жер бетінде өмір сүріп
жатқан адамзат баласының басына түскен бір жағынан
ауыртпалық болса, екінші жағынан - үлкен сынақ екенін
мойындауымыз қажет-ақ. Бұл турасында одан шығу
үшін Абай данамызға жүгінсек:’’...- білімді – ғылымды
көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза
(ойласу, пікір алысу), екінші – мұхафаза (сақтау,
қорғау). Бұл екі қуатты зорайту жаhатінде болмақ
керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.’’ [2] дегенін,
қазіргі иновациялық технологияның қарқынды даму
кезінде ''жеті рет өлшеп, бірақ рет кесу '' керектігін және
барлық жаңа дегеніміз адам игілігіне қызмет етсе ғана
абройлы іс екенін түсінуіміз қажет- ақ.Енді Ахмет
Байтұрсынұлының қандай да болмасын
қиыншылықтан шыға алатын тұлғаның, ер
жігіттің қайратты болуын қалайтын «Азаматқа»
шығармасында:
Жігіттер, қақ оңса, біз де
оңамыз
Қақсыз қалай адам біз
боламыз
Хақ кетсе айағынан азып -тозып
Ат мініп адаммын деп неғыламыз [5] деп
''ақылдымын десең- неге дәрменсізсің ''
дегізбей-ақ, елағаларынан бастап,қарапайым
тұрғындардың бәрі бірдей өмірімізді
гүлдендіруге ат салысқанда ғана толыққанды
мемлекет құруға болатынын тілге тиек етеді. Иә, адам
боп жер басып жүрген соң, Абайша айтқанда: ‘‘...Үмітін
үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян
жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады
дейсің? Қары қалың қатты қыстың
артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші
ме еді?” [2] деп толғанады. Ахмет Байтұрсынұлы мен хакім Абай
адам бойындағы дәрменсіздік пен қайратсыздықтан
көп опық жемек деп,жас ұрпақты ‘‘талаптыға –
нұр жауар демекші” өмірдің қай саласында болмасын
тынымсыз еңбектену керектігін алға тартады.
Естеріңде болса Тәуелсіздік таңы оңай
атқан жоқ. Ескіні ескермей, жаңаның қадірін
қалай білмек болар. Хакім Абай мен егемендік үшін
құрбан болған алаш арыстарының, соның ішінде
ұлттың ұлы ұстазы атанған Ахмет
Байтұрсынұлының тағлымдары зая кетпегеніне
бүгінде көзіміз жетіп отыр. Әлемде болып жатқан этноаралық және
мемлекеттер арасындағы қантөгістерді көріп отырмыз. Біз
көпұлтты мемлекет бола тұра ата-бабаларымыз ”алтау ала
болса-ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса-төбедегі
келеді “ қағидасын берік ұстанғанымыздан,
нарықтық дағдарысты онша елемей ілгері басып келеміз.
Бүгінгі Қазақстан бірлігі мен ынтымағы жарасып,
шар-тараптың үлгі тұтарлық елге айналдық!
Қолданылған әдебиеттер
1.
Байтұрсынұлы Ахмет.Ахметтің елге сәлемі.- 6 том.-Алматы.-
2013,51бет., 161-162бет.
2.
Абай Құнанбаев.17сөз.-2 том.-Алматы.-1977,-152 бет., 175
бет., 184 бет.
3.
Н.Назарбаев.Президент
Жолдауы.Егемен Қазақстан.-12.11.2014,-2 бет.
4.
Н.Назарбаев.’’Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!’’.-Астанадағы
жастар форумы.-Егемен Қазақстан.№66,11.04.2015.-2бет.
5.
Байтұрсынұлы А. Азаматқа.- 5 том.- Алматы.-2006.-186 бет.