Политические региональные
процессы
Доктор Ph.D
Оспанова А.Н., Куспан Р.К
Астана, ЕНУ им.Л.Н.Гумилева
Шанхай ынтымақтастық ұйымның құрылымдық ресімделуі
Шанхай
ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ-ШОС) тұрақты
үкіметаралық ұйым ретінде 2001 жылғы маусымның
15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай,
Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан
мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер
аумағының 3/5-ін құрайды, ал жалпы ауданы 30 миллион
189 мың шаршы шақырым. Халық саны - 1 миллиард 455 миллион
адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын
мекендеген тұрғындардың төрттен бірі осы
ұйымның мүшелері болып отыр дегенді білдіреді [1].
ШЫҰ ауқымында оған мүше
мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары
әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік
шараларын нығайту; лаңкестіккке және экстремизмге,
заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына,
трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл
қою; экономикалық ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде
Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп
жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы
төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және
болдырмау, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
бағыттары бойынша атқарылады.
Азиялық
мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы жемісті
ынтымақтастығының анағұрлым көрнекті мысалы
«Шанхай бестігінің» қызметі болды (2001 жылғы маусымнан
бастап – Шанхай ынтымақтастық ұйымы). Қытайдың,
Қазақстанның Ресейдің және Орталық
Азияның басқа да мемлекеттерінің өзара іс-қимылы
сенім білдіруді нығайтуға және әскери текетірес
деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды шеше білудің
үлкен дәлелі бола алады. Шанхай ынтымақтастық
ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен
Мәскеуде қол қойылған келісімдердің әлемдік
дипломатияда тұрақтылық кепілі ретінде қызмет ететіндей
практикалық құндылығы бар.
Орталық
Азия аймағында елдер мен олардың көршілеріне жан-жақты
бағытта жұмыс жүргізетін Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымын құруға түрткі болған негізі
факторлар:
Біріншісі –
аймақтың бүгінгі таңдағы нақты тіршілігі
мен геосаяси және геоэкономикалық жағдайы.
Кеңес Одағы
құлағаннан кейін Орталық Азия ашық теңізге
тікелей шыға алытындай мүмкіндігі болмаса –дағы,
өзінің геоэкономикалық және геосаяси
маңызының арқасында тығырыққа тірелген
жоқ, қайта Каспийдегі, Закавказьдегі жағдайлардың
дамуына, әсіресе энергетикалық ресурстар тұрғысынан
ықпал етті.
Бүтіндей Еуразия аймағы мен оның
көршілері (Көршілері ғана болса бір сәрі)
ғаламдық және аймақтық державалар
мүдделерінің қақтығысына айналған аумақ
болып табылады [2].
Екінші себеп,
аймақтағы өз ішінде де жалпы қауіп бар және де
осы тұрғыдан мынандай төрт факторды бөліп атауға
болады:
Бірінші – АҚШ-тың саяси
қолдауының және кей-бір араб елдерінің
қаржылық көмегінің арқасында
Ауғаныстанның көп бөлігін басып алған Талибан
секілді экстемистік ислам бағыттарының пайда болуы. Олардың
Исламды өздерінше түсіндіруі орталық-азия республикалары мен
олардың көршілерінің, тіпті мұсылмандар тұратын
Қытайдың кейбір батыс аймақтарының да
тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатер
төндіріп тұр.
Екінші фактор ретінде Ауғанстанда есірткі
заттарын жаппай шығару мен контрабандалық таратыудың
белең алғанын, дәл қазіргі уақытта бұл
жөнінен аталмыш елдің әлемде бірінші орын алып
отырғандығын, өкінішке қарай, онда коалициялық
күштер барып орныққалы бері есірткі өндіру төрт
есеге өскенін айтуға болады. Бұл мәселе, ел
аймақтарының әлеуметтік-имангершілік келбітіне
нұқсан келтіріп қана қоймай, бұл елдердің
есірткі тасымалының транзиттік бағытына айналдырып жіберді.
Үшінші фактор, терроризм секілді
жексұрын құбылысқа қатысты, ол
құбылыс жалпы аймақтық қауіптер мәселесі
аясында талқылануға тиісті. Бұл жиркенішті феноменнің
себептерін түбегейлі түсіну – бүкіл әлемнің
алаңдаушылығын туғызып отырған қасіретті
түп-тамырымен жоюға септігін тигізді. Уақыттың
қысқалығына тоқтала алмай тұрмын, әйтсе де
оның үш түрлі негізгі себептерін атап өткім келеді.
1.
істің жай-жапсарынан
хабарсыздық;
2.
кедейшілік пен әділетсіздік;
3.
саяси арандатушылық.
Төртінші
фактор, ШЫҰ-ның құрылуына негіз болған төртінші
фактор аймақта орын алып отырған кедейшілік пен экономикалық
және әлеуметтік теңсіздік. Біріншіден, аймақтағы
көнеден келе жатқан мәдениеті мен тарихи мүмкіндіктері
бар халықтардың зайырлы қоғамда өмір сүруге
хұқы бар; екіншіден, кедейшілік пен теңсіздіктің
өзі-ақ көп жағдайларда экстемистік топтардың
пайда болуына әкеліп соқтырды да, оларды «әділеттілік
үшін» күрес қозғалыстарына айналдырып жіберді, ал
бұл топтарды арнайы күштер пайдаланып, этникалық, діни
сезімдерді оятудың құралы етіп алуы әбден мүмкін
[3].
Ал енді,
ШЫҰ-ның құрылуына негіз болған үшінші себепке тоқталар
болсақ, халықаралық тұрғыдан
қауіп-қатерлергі назар аударуымыз қажет.
Өткен
ғасырдың соңғы кезіңінде өзінің
геосаяси және геоэкономикалық жағдайларына байланысты Каспий
аймағының маңызы артқан шақта Орталық Азия
аймағы тек аймақтық державалардың ғана емес,
сонымен бірге көптеген трансаймақтық күштердің де
назарын аударды.
2001
жылғы маусымда қызметін бастаған Шанхай
ынтымақтастық ұйымы мынандай принциптерді атап
көрсетті:
1
ұзақ мерзімді тату
көршілік және достық қатынастарды нығайту
және дамыту
2
шекара аймағындағы
қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту
3
Азия-Тынық мұхиты
аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау
4
Біржақты әскери
басымдылықты болдырмау
5
Шекараға таяу жердегі
қрулы күштерді шектеу және қысқарту, оған
тек қорғаныс сипатын беру.
Терроризмге,
сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай
конвенциясына қол қойылды (2001 жылғы 15 маусым).
Конвенцияның негізінде осы «үш зұлымдыққа»
қарсы күресті өзара ықпалдастықты арттыру
үшін Өңірлік антитеррорлық құрылым
(ӨАТҚ) өмірге келді.
ШЫҰ - әскери блок емес және
басқаларға қарсы бағытталған жабық
альянсқа да жатпайды, керісінше, құрамын ұлғайту
арқылы кең көлемді халықаралық
ынтымақтастықты қолдайтын ашық ұйым. Ал Азиядағы
өзара ықпалдастық және сенім шаралары Кеңесі –
ұйым емес, ол – форум, немесе Президент Н.Назарбаев айтқандай,
«Азия қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультациялар және
пікір алмасулар өткізетін алаң».
Азиядағы өзара ықпалдастық
және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру туралы
Қазақстан Республикасы бастама көтеріп, ол еліміздің
сыртқы саясатында басымдықтарға ие болып келеді. Жалпы, Азия
Кеңесін шақыру туралы идеяны Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев алғаш рет 1992 жылы
5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында
көтерген болатын. Шындығында бұл идея еліміздің
алғашқы ғаламдық бастамасы болатын. Саяси
құрылымды ұйымдастыру жөніндегі құнды бастама
еліміздің сыртқы саяси қызметінің әлемдік
қауымдастыққа еркін көрсете алатын басты құжаты
болып табылады. Қазіргі кезде АӨСШК-нің жұмысына
әлемнің 17 мемлекеті тұрақты, 7 мемлекет
бақылаушы ретінде қатысады. Оның процестеріне
БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері лигасы. Орталық Азия
ынты мақтастық
ұйымының Атқару комитеті секілді халықаралық
ұйымдар белсенді қатысып отыр [4].
2001 жылдан бері ШЫҰ-ның құрамы
өзгерген жоқ және оған қатысушы ұйым
мүшелері өз қатарын кеңейтуге аса ықылас
танытпай отырған сыңайлы. Ұйымға мүше
болғысы келген елдердің көпшілігі бүгінде
байқаушы мәртебесіне ие. Олар Пәкстан, Иран, Үндістан,
Моңғолия, т.б.
ШЫҰ-ға
құрлықтағы көптеген елдердің
қызығушылығы оның ықпалының күрт
өсуіне де байланысты десек, қателеспейміз. Ұйымның беделі
мен болашағын АҚШ-тың өзі де мойындауға
мәжбүр болып отыр. АҚШ Мемлекеттік хатшысының
Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Ричард
Баучердің мәлімдегеніндей, ШЫҰ Еуразиялық аймағындағы
мемлекеттер үшін аса пайдалы екендігін айғақтап, атап айтқанда,
шекаралық бақылауды нығайтуда, экономикалық транзитті
қамтамасыз етуде үлкен жұмыс атқарды.
ШЫҰ
осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және
сенім шараларын нығайту мәселелерін бірлесіп шешу
ұмтылысының нәтижесінде пайда болды. Ұйымның
мүдделері саяси, экономикалық және
мәдени–гуманитарлық салаларға таралды.
Соңғы кездерде ШЫҰ-ның
халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы,
Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың
мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы,
ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар
ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр. 2004
жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы
ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде
ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен өзара түсінісу
туралы меморандумы қабылданды.
ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық
салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт
алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар
жүргізілуде.
2007 жылдың қаңтарынан бастап,
ШЫҰ-ның бас хатшысы Қазақстанның өкілі, ал
ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры
Қырғыз Республикасының өкілі болады [5].
2001 жылдан бастап Шанхай ынтымақтастық
ұйымының құрылымдық рәсімделуі басталды.
Түрлі салалар бойынша мүше-мемлекеттері арасында
ынтымақтастықты дамыту мақсатында жоғарғы
деңгейде кездесулер өтіп, ондаған келісімдерге қол
қойылды. Осындай кездесулер барысында Шанхай ынтымақтастық
ұйымының экономика, саясат, мәдениет және т.б. салалардағы
мәселелрді шешетін құрылымдар пайда болды. Шанхай
ынтымақтастық ұйымы өзінің даму жолын
таңдады. Бірақта бұл келісімдердің және Шанхай
ынтымақтастық ұйым құрылымдарының
қызметі тек қағазда қалу практикасы айқындала бастады. Бұның негізгі
себебі ретінде талаптарды орындамау жағдайындағы жауапкершілікке
тарту практикасының болмауы деп тұжырымдама жасалып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
2.
ШЫҰ
- өңірлік ынтымақтастықтың бүгінгі үлгісі / Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар,
қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Астана,
2008.
3. ШОС:
становление и перспективы развития: материалы международной конференции:
(Москва, 1 июня 2005 г.) / под ред. М. Ашимбаева, Г. Чуфрина: Институт мировой
экономики и политики при Фонде Первого Президента Республики Казахстан;
Институт мировой экономики и международных отношений Российской Академии наук.-
Алматы, 2005
4.
Центральная Азия: новое пространство для сотрудничества
/ под ред. Табашалиевой А. – Бишкек, 2000.
5.
Оразалин Е.Н. ШОС – Алматы, 2005.