Шалтықов Ә.Е., саяси ғылымдар докторы, профессор,

Орынбаева Т., магистрант

(Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы)

 

НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖӘНЕ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

 

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында «Таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді»,  деп атап көрсетеді.  Елбасы өзінің тағы бір сөзінде «Әлемдік рыноктарда энергия көздері мен металл бағаларының құлдырауы экономикалық тәуекелдерді күрт ұлғайтып жіберді. Барлық дерлік мемлекеттер елеулі геосаяси және экономикалық сын-қатерлерді бастан өткеруде»  деп жалғастырды.

   Мемлекет басшысы өзінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында  «Өткен 5 жыл ішінде индустриялдандыру бағдарламасы шеңберінде энергетикада үлкен жұмыстар жүргізілді», деп, энергетика инфрақұрылымының дамуына баға берді.

     Бұл қабылданған «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты Қазақстанның экономикалық туекелге жауабы болып табылады. Ол, біріншіден, инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде  экономиканың құбылмалылығына қарсы тұру шаралары болса, екңншіден, екінші бесжылдықты интустрияландыру бағытын жалғастыруды қамтиды.

    Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы әлеуеті өте зор. Еліміз әлемде энергия ресурстарын өндіруде 18-ші орында, мұнай және газ қоры бойынша 12-ші орында, уран бойынша 2-ші орында тұр.  Сондай-ақ, дәлелденген көмір қоры бойынша республикамыз әлемде 7-ші  орында. (1).  Осылайша, Қазақстан экономикасы өзінің шикізаты жәнеотын-энергети ка қорымен толық қамтамасыз етілген және оларды экспорттауда едәуір табысқа ие.

       Қазақстанның энергия ресурстары  экспортының негізін мұнай, көмір және табиғи газ құрайды.

      2014 жылы мұнай өндіру 808 млн. тоннаны құрады,  жыл ішінде 14,9 млн. тонна мұнай өңделді. Мұнай және газ конденсатын экспорттау көлемі   2014 жылы 72 млн. тоннадан асты.  2014 жылы газ өндіру 43,2 текше метр ді құрады.(2).  (Сонда).

     Өнеркәсіпті одан дамытудың келесі кезеңі өңдеу саласы үшін жағдай жасау болып табылады. Мұнай-газ саласында бұл мұнай мен газды  терең өңдеп, мұнай-химия өнімін алуды дамытуды білдіреді.

   Қазіргі таңда Қазақстанның мұнай-химия өнеркәсібі заманауи технологияларды батыл ендіру арқылы дамуда. Қазақстанда мұнай- газ, химия өндірісін дамыту мүмкіндіктерінің оң бағасын, халықаралық сарапшылар ды  қоса алғанда, зерттеу нәтижелері де растайды. Осы күні республикада мұнай мен газды терең өңдеу бойынша «якорлық» өндірістерді құру жөнінде инвестициялық жобалар іске асырылуда.

      Қазақстан Республикасының мұнай-газ, химия саласын дамыту шаралары  2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялық – инновациялық бағдарламаның, сондай-ақ 2014-2018 жылдарға арналған мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаның ережерінде көрсетілген.

      Қазақстанның энергетикалық, оның ішінде, электр тасымалдау инфрақұрылымын дамыту, экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.   Президент Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында «... магистральдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының , орталық және шығыс  облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген  энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді», деп атап көрсетті.

     Осы міндеттерді орындау үшін республикада «Екібастұз –Семей- Өскемен және «Семей –Ақтоғай –Талдықорған –Алматы» шығыс және оңтүстік бағыттары бойынша жоғары вольтты желілер салынатын болады, соның арқасында бірқатар энергияға тапшы теміржол участклері электрмен қамтамасыз етіледі, шекара маңындағы аумақты дамытуға және жаңғырмалы энбергия әлеуетін игеру бойынша жобаларды кеңейтуге қосымша серпін береді.  Қазақстанның жаңғврмалы энегетиканы дамыту үшін үлкен әлеуеті бар –ол судың, желдің күші мен күн сәулесі және бұл мүмкіндіктерді пайдалану өте қажет.

   «Нұрды жол» Жаңа экономикалық саяаты және индустри ялық дамудың екінші бесжылдығы шеңберінде іске асырылатын жаңартылған ағымдағы және стратегиялық міндеттер тұр.  Мысалы, газ саласын дамыту жоспары еліміздің барлық  аумағын газбен жабдықтаумен қамтуды кеңейтуді көздейді.  Атап айтқанда, 2014 жылғы  4 қарашадағы Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасынын газдандырудың 2015- 2030 жылдарға арналған бас схемасы бекітілді.  Бұл бағдарламалық құжат – еліміздің тұтынушыларын газбен жабдықтауды қамтамасыз етудің сенімді экономикалық-негіздемелік стратегиялық бағыттарын айқындайды.

   Бұл схеманы әзірлеу барысында тауарлық газ бойынша жаңғыртылған ресурстық база құрылды, газды тұтыну көлемінің болжамды есебі шығарылды, инвестицияның қажетті көлемінің ұлғайтылған есебінің талдауы аяқталды,  сондай-ақ газ құбыры ұзындығын бағалау белгіленді.

      Бас схеманы және тұжырымдаманы іске асыру Қазақстанның газ секторын кешенді дамытуды қамтамасыз етуге, саланың жаңа инфрақұрылымын дамытуға, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  үлес қосуға мүмкіндік береді. «Нұрлы жол» бағдарламасы талаптарына сәйкес, мемлекеттің күші және ресурстары көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды,  шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталатын болады және газдандыру  жағдайында газ экономикалық өсімінің қозғаушы күші болуы тиіс, елімізде жүргізілетін индустрияландыруүшін негіз, тұтастай еліміздің әлеуметтік-экономикалық  және экологиялық әл-ауқатын көтеруге себепші болуы тиіс.            «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Президенттің Жолдауына сәйкес, Мемдекет басшысы өндірісте энергияның жаңғырмалы және балама түрлерін дамыту бойынша 2050 жылға қарай  еліміздің барлық энергия тұтыну үлесінің жартысынан кем болмауы қажет деген міндет қойып отыр.  

    Бүгінгі таңда энергия көздерінің ең бәсекеге қабілеттілерінің бірі ретінде атом энергиясының әлеуеті өте зор.  Қазақстанда матом саласын құру және дамыту үшін барлық объективті алғышарттар  бар. Олар барланған уран қорының едәуір мөлшернің болуы, дамыған уран өндіру және уранды қайта өңдейтін өнеркәсіптің болуы, атомдық ғылымның, жоғары мамндырылған жеке мамандардың, сондай-ақ  АЭХА талаптарына сәйкес келетін атом энергиясын пайдалану мәселелернін реттейтін нормативтік құқықтық базаның болуы.

    Қазақстан 2009 жылдан бері атом энергиясын әлемдік жеткізуші болып табылады. Біздің елімізде 2014 жылы 22,8 мың тонна атом энергиясы өндірілді, осылайша көшбасшы ретінде стратегиялық шикізатты елісіз әлемнәң  атомға қажеттілігін   40% тұрғыда қамтамачыз ете отырып, өз позициясын сақтап қалды.

    Бүгігі таңда елімізде тәуелсіз Қазақстанның алғашқы атом стансасын салу туралы мәселе қарастрылуда.  Өзімізге меншікті атом генерациясын дамыту елімізде  бар отандық  және минералды ресурстарды тиімді және  теңестіріле пайдалануға , экспорттық әлеуетті көтеруге, энергетикалық технлогияның  эелогиялық  тазалығын қамтамасыз етуге, экономиканың түрлі салаларында  пайдалану үшін ядролық технолгияны дамытуға, еліміздің АЭС салу ұйғарылған өңірлерінде  әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасызетуге мүмкіндік береді.

    Әрине, күшті және бәсекеге қабілетті кәсіпорын ашу үшін экономиканың энергетикалық қауіпсіздігі міндетті шарт боблып табылады.

    Қазақстан өзінің ширек ғасыр тәуелсіз ел ретінде дамуында кеңестер елдер кеңістігінде танылған көщбасшы елдердің біріне айналды.  Елбасымыз өз Жолдауында айтқандай, «Нұрды жол Жаңа экономикалық Саясаты – біздің әлемнің ең бәсекеге қабілетті 30  елінің қатарына кіру жолындағы ауқымды қадамымвз». (3)     

 

Әдебиеттер:

1.       Егемен Қазақстан,  1 сәуір 2015 жыл

2.       Сонда

3.       Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына  Жолдау «Нұрлы жол» -болашаққа бастар жол», Егемен Қазақстан, 12 қараша 2014 жыл.