Тұрдалиева
Ш.Т., Маманова А..,Стыбаева А.Ш., Оралымбетова
Г.Ү.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТарМПИ, Тараз қ.,
Қазақстан
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі
заманғы Қазақстанда отбасы және неке институттарын
бекітуге баса назар аударылып жатыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2030» жолдауында отбасын қолдайтын тиімді
демографиялық саясатқа ерекше мән беріледі. Онда отбасы
мәселесі туралы былай дейді:
· Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын
мұқият талдау;
· Жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек;
· Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,
жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы
балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз;
· Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен
жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға
көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.
· Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен
денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың
өркениетті жолына түсуіміз керек [1,61].
Отбасында
ананың рөлі мен аналық
сезімі бізге табиғаттан берілген.
Кез келген ана баласы үшін барлық жағдайларға дайын болады. Бірақ,
өкінішке орай барлық жүкті әйелдер
жүктілік кезіндегі оның психологиялық күйі мен
сыртқы қоршаған ортаға ықпалы оның ішіндегі
баласына тікелей әсер ететінін түсіне бермейді. Түсінсе де,
материалдық жағдайды қамтамасыз ету үшін бос
уақыттың аздығы кедергі болуы да мүмкін.
Сондықтан кейбір жағдайларда жүкті әйелдің
босануы сәтті бола
бермейді. Әйел баланы босануға емес, ол балаға жүкті болуға да алдын ала дайын болуы қажет.
Жүктілік - бұл баланың өмірге
келуін күтумен байланысқан қорқыныш және
ойландыратын уайымдармен қабаттасатын уақыт. Ол әйелдің
аналық құрсағындағы жаңа
өмірдің пайда болуы. Жүктілік әйелдің жыныс
аналық жасушасының жетілген немесе сперматозоидпен қосылып
ұрықтануынан басталады. Жүктілік кезеңі орта есеппен 9
ай 9 күнге (40-41 апта).
Жүктілік кезінде әйел психикасына
жағымды және жағымсыз әсер тигізетін түрлі әлеуметтік және
психологиялық себептер болады. Жүктіліктің
алғашқы белгілері бастың айналуы, жүректің айнуы,
ашуланшықтық немесе үнемі ұйқы
қанбаушылық, кейбір жүкті әйелдерде дене
бітімінің өзгерісі бірден байқалады. Мұндай
өзгерістер жүктілік кезінде өте түсінікті
және ағзаның
жаңа жағдайына деген реакциясы мен
болашақ баланың денінің
саулығына байланысты уаймы. Сонымен қатар жүйке жүйесі де жүктілік кезінде әйел
ағзасында болып жатқан
физиологиялық өзгерістерге байланысты көтерілген
ой-уайымдарына жауап береді. Ой уайымдары
артық күшті болса және ашушаңдықпен, көңіл-күйінің
тез өзгергіштігімен байланыста, оның мұндай көріністері
әйелдің жүйке жүйесінің әлсірегенін білдіреді.
Сөз жоқ мұндай күйзелістік жағдай өз орнына
жүктіліктің ағымы мен
болашақ баланың
денсаулығына кері әсерін
тигізеді.
Жүктілік
кезінде пайда болатын психологиялық
мәселелердің себептері оның ашуланшақтығы мен кез
келген жағдайларға жағдайлары сезімталдығы болуы
мүмкін. Жүкті әйел
әлсіз, сондықтан
көбінесе
басқаларға қарағанда жабырқауды басынан
кешеді. Жабырқау уайымдары белгілі себептердің қарқындылығы мен
ықпалдылығы бойынша ерекшеленеді.
Жүктілік кезіндегі
психологиялық ауытқу мен өзгерістер болашақ
баланың дамып-жетілуіне
әсер етуі мүмкін. Жүктілік
кезіндегі әйелдің жағымсыз эмоциялық күйі,
жағымсыз мұңаюдың зардабы болашақ баланың
мінез-құлқы мен тұлғалық дамуына
ықпал етеді. Ол баланың дүниеге келгенннен кейінгі дамып
жетілуінен анықталады. Сонымен
қатар, жүктіліктен кейінгі де ананың
мінез-құлықының өзгерістері байқалады. Мысалға,
қояншыққа
шалдығу көбінесе жүктіліктің бірінші және үшінші айларында
болады. Бұл жағдай іштегі нәрестенің дұрыс дамып жатқанына сенімсіздік
пен күдіктен, жүктілікті қаламағандықтан
және жүкті әйелге шамадан тыс қысым мен жағымсыз
моральдық-психологиялық ахуалдың ықпалы. Сонымен,
жүктілік жүкті әйелдің психикасының бұзылуын қолдайтын себеп болуы
мүмкін. Жүкті әйелдерде негізсіз дау, үрей, ұйқының
бұзылуы, қорқу және ашуланшақтық
көрініс берген кезде оның психикасының
бұзылуының
алғашқы көріністері болуы мүмкін. Сол себепті
жүкті әйелге дер кезінде психологиялық-медициналық
көмек көрсету қажет.
Әрбір әйелдің жүктілік
кезеңі әр түрлі және жүктілікті түрліше
басынан өткізеді. Қазіргі кезде психологияда төмендегідей
тұрақты пікір қалыптасқан: жүктіліктің
көптеген ерекшеліктері ананың психикалық ахуалына,
соның ішінде осы жүктілікке және болашақ баланың
туылуына деген қатынасына байланысты. Ол қуаныш пен
қорқыныш. Ал жүктіліктен кейінгі кезең баланың
туылуы. Баланың туылуымен байланысты әйел өмірінде
өзгерістер орасан көп. Олар онының өмірінің
дәл мәніне қатысы бар. Ол тек өзін ойлауды қояды,
өйткені одан енді жаңа адамның өмірімен байланысты. Балаға
деген жауапкершілікті оның физикалық және тұлғалық дамуын ол ешкімге итермелеп
немесе сеніп тапсыра алмайды. Өйткені ана үшін баланың
физикалық денсаулығы мен психикалық саулығы ең
бірінші орында болуы қажет. Көбінесе жүктілік әр түрлі дәрежеде
болғанына қарамастан ол отбасында, өмірде, кәсіби еңбек іс-әрекетінде
басқа адамдармен қарым–қатынаста өзгеріске
ұшырайды. Әйелдің
өзі де өзгереді, оның тәні мен жанында өзгерістер болады. Бұл
өзгерістер бала әлі тірі ағза болып білінбеген кезде, яғни
жүктіліктің бірінші үш айында басталады. Сол себепті, мұндай өзгерістер
өзінің өзгеруі болып қабылданады, әрі әйел
үшін қайтарылмас және қажеті шамалы .
Жүктілік
кезінде әйелдің дене
құрылымында біршама өзгерістер мен психикалық
күйінде жаңа сезім пайда болады. Оның сыртқы келбеті, дене
сымбаты өзгере бастайды
және бұл өзгерістердің болуы болашақ
ананың психологиялық күйіне тікелей ықпал етеді. Егер
ол өзінің жүктілігіне психологиялық тұрғыда
дайын болса, оның бұл өзгерістерге қатынас
қалыпты, ал керісінше мұндай даярлықтың болмауы кері
әсерін беруі мүмкін. Сонымен қатар, жүкті әйел
үшін маңызды міндеттердің
бірі еріне деге қатынасы. Олар
бір-біріне тек қана ерлі-зайыпты
ролін тоқтатады, енді олардың алдындағы жаңа
міндет дүниеге жаңа адам әкелу. Әрі сол адамның
болашағына жағйда жасау. Олар бірге баланың ата-анасы болады, ерлі-зайыптылық
позицияны ұстануды ғана емес, отбасылық балаға деген ортақ позицияны ұстануды талап етеді. Отбасы адамның жекелік жағынан
да, рухани жағынан дамуына үлкен әсерін тигізеді. Отбасын
құрған соң адам баласы қоғам алдында,
жаңа статусқа ие болады, яғни өз болашақ
ұрпағына деген жауапкершілік пайда болады. Отбасының
қалай құрылуынан тұлғаның жалпы дамуы,
рухани дамуы, қабілеттерінің дамуыжәне т.б. байланысты.
Әсіресе балалардың туылуы
үлкен әсерін тигізеді. Ата-аналар бала туылғаннан кейін қарапайым
әйел мен еркек емес, олар ана және әке статусына ие болады.
В.Т.Лисовкий
«Жастар, неке, отбасы» мәселесін қарастыра отырып отбасына даярлау
жүйесінде келесі жүйені бөліп көрсетеді:
1)
жастардың болашақ отбасының қызметтік моделін
елестетулері;
2)
болашақ отбасылық өмірді елестеті;
3)
ерлі-зайыптылық және неке туралы елестері (азаматтық неке,
мейманды неке, топтық неке, гогмосексуалды неке, бисексуалды неке);
4) ата-ана
болуды елестету;
5)
өзара белгілі бір әрекеттестік модел бағыттары, яғни
отбасылық өмірдегі дәстүрлі құрылымдарға
бағытталған.
Демек,
теориялық және эмпирикалық зерттеулердің талдау
деректеріне сүйене отырып, мынадай неке-отбасы құрылым
компоненттерін бөліп ашуға болады: ерлі-зайыптылық
құрылымы және баланың дүниеге келуі,
жыныстық-ролдік құрылымы, отбасылық
құндылықтар құрылымы.
- Ерлі-зайыптылық құрылымы. Отбасы адамға
толық психо-физиологиялық комфорт туғыза отырып
«эмоциялық баспананың» қызметін атқарады.
Л.Б.Шнейдердің айтуы бойынша «отбасында жеке тұлға
өзінің керектігін сезінеді. Көптеген жағымсыз
жағдайлар, трагедиялар «керексіздігін» түсіне отырып жүзеге
асырылған. Отбасы әр адамды өзінің бірегейлігін,
қайталанбастығын, керектігін қажетті көлемде
қанағаттануына жағдай жасайды
- Бала туу құрылымы. Л.Б.Шнейдер
сенімді түрде әкелікке даярлықтың ерекше бөлімі -
балажандылықты тәрбиелеу деп санады. А.И.Антонова бойынша репродуктивті құрылымдар жеке
тұлғаның әр түрлі жағдайларға деген
өзара бір келісімділігін ескертетін және туылған бала санына
жағымды немесе жағымсыз қатынасының психикалық
күйі деп түсіндіреді.
И.А.Антонов және В.А.Борисов
бала туылуын зерттей келе мынадай қорытындыға келіп отыр: бала
көбеюі отбасының жақсы тарапқа қарай дамуына
әсерін тигізетіндігін, ал керісінше бала жоқтығы немесе
аздығы әйелі немесе күйеуінің отбасынан тыс қызығушылығының
пайда болуына және некенің тұрақсыздығына
әкелетіндігін айтады.
- Жыныстық рөлдер
құрылымы. В.А.Сысенконың айтуы
бойынша жастар өз жұбының мінез ерекшеліктерін
көңіл аударулары тиіс. Өйткені әйелдің де ер
адамның да өз мінезінде айыра білетін бітстер болады.
- Отбасылық құндылықтар
құрылымы. Жастарды отбасылық
өмірге даярлаудағы маңызды элементтердің бірі - отбасы
құндылығын қалыптастыру, яғни неке сенімділігі,
бір-бірінің қамын ойлау, сезімнің болуы, парыздарын орындау
және т.б. Қазіргі
таңда отбасы адамдық қасиеттерді, (бір-бірін сыйлау, сезімге
берік болу, бір біріне қолдау көрсету, ұрпақ
тәрбиелеу т.б.) құндылықтарды сақтап қалу
және оны әрі қарай жалғастырып отыратын
жүйелердің бірі болып табылады.
Сонымен,
ата-ана болу бұл ұлы бақыт. Олар
өздерінің балаларының
ертеңгі күніне
жауапты, сол үшін
болашақ ана да әке де өздерін психологиялық
тұрғыдан даярлауы керек,
медициналық салауатты, отбасының татутлығы мен
үйлесімділігін, материалдық қамтамасыздығын,
әлеуметтік жағдайын
ойластыру. Отбасының негізгі міндеті жүкті әйелге
көмектесу, стресс
жағдайын жеңе білуге
үйрету, жүктіліктің жағдайы, қолайлы
нәтижесіне сендіру, релаксация әдісін, демалу гимнастикасын
үйрету. Бұл жаңа өмірдің дүниеге
келуіне өте қажет. Бұл сөзсіз, әйел мен
баланың дене және
психикалық денсаулығын сақтап қалуына
көмектеседі. Ал әйел мен баланың денсаулығы
бұл ұлттың ден
саулығы.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 – А.: 2007. 220 б.
2.
Артамонова. Е.И., Екжанова.Е.В., Зырянова Е.В. Психология
семейных отношений с основами семейного консультирования. - М.: Академия. 2002. – 233 с.
3. Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психология: Оқу
құралы. - Алматы:
Қазақ университеті, 2007. – 243 б.
4. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М., 2005.