Әлімбекова А.С.,Тұрдалиева
Ш.Т., Әбілдаева Г.Ж.
М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ, №25 Ақтөбе тірек мектебі, Қазақстан
ТІРЕК МЕКТЕП (РО) ЖЕЛІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ
ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі қалыптасқан білім
беру жүйесі барлық күш-жігерді тәрбиеленуші
өмірдің жағдайына бейімделуіне бағыттады. Адам –
қоғамның ең жоғары құндылығы
және қоғамдық дамудың өз мақсаты
ретінде қарастырылады.
Өмірдің әлеуметтік жағдайының
өзгеруімен, қоғамның және жеке
тұлғаның қажеттіліктерінің дамуымен
әлеуметтік факторлар қалыптасады.
Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда
өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның
күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелділігі,
тұлға білімі мен тәрбиесі, тұлғалық дамуы мен қалыптасуы әлеуметтік
тұрғыда қолдау мен сүйемелдеуді қажет етеді.
Адамның объективті қоғамдық
қатынастарын жүзеге асыратын іс-әрекет тұлға
субстанциясын, оның жекелік санасын көрсетеді. Іс-әрекетке
қайта жасала отырып, индивид қасиеттері тұлға дамуына
өз үлестерін енгізеді. Баланың әлеуметтенуі түрлі
әлеуметтік рөлдерді игеруге, әлеуметтік мінез,
тұлғаның қоғамдағы орны, әлеуметтік
көзқарасы, өмір салтымен шарттасқан
тұлғаның басқада әлеуметтік- типтік
көріністерінің қалыптасуына әкеліп соғады. Тұлға дамуында әлеуметтік
орта рөлін талдауда тұлғаны қоғам тарапынан
қарау көз тартады, тұлға қоғамдық
даму объектісі ретінде қарастырылады. Осыдан тұлғаның
әлеуметтену процесі- әрқашанда тұлғаның
индивидуализациялану процесі болатыны туралы дәйектемені
абстракциялауға мәжбүрлік жүзеге асырылады.
Нормативті
берілген іс-әрекетті қайта жасай отырып, түрлі
әлеуметтік көзқарастарды таңдай отырып
тұлға өзін ерекшелік ретінде күрт білдіре бастайды. Ол
қоғам тарапынан ықпалдар объектісі болып қоймай,
сонымен қатар қоғамдық процестің белсенді
жасаушысы бола бастайды. Тұлға белсенділігінің алғашқы
көріністері қажеттіліктер нәтижесінде ғана
байқалмайды.
«Әлеуметтендіру»
ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың басында
американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде
қолданыла бастады. Сондықтан да болар, бұл ұғымды
ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында
американдық психолог-ғалымдар А.Бондураның,
Д.Доллэрдтің, Дж. Кольманның, А.Парктың, В.Уолтерстің
және басқаларының аттары атала бастайды. Дегенмен, бұл
феноменнің мән – мағынасы мен қоғамда
атқаратын қызметін екшелеуге деген қызығушылық
өткен ғасырдың 70-жылдары белең алды. Мұның
себебі – батыстық жалаң, даңғаза, бейресми өмір
салтынан түңілген жас, өсіп келе жатқан
ұрпақтың бойында немқұрайлық психология
пайда бола бастады. Бейресми топтар көбейіп кетті. Басқару
жүйесіне жаппай наразылық көрсетулер орын алды. Өмірден
түңіліп, өз - өзіне қол жұмсаушылық,
нашаға әуестенушілік, жезөкшелік, тағы да басқа
қоғамға жат құбылыстар өрітеді.
Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып,
өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай
өрістеген осындай әлеуметтік дерттің, келеңсіз
құбылыстардың астары мен мәнін, жас
ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарларын
бағамдаған ғалымдар оның алдын алудың, жастар
арасынан мүлдем аластатудың, жас ұрпаққа
тәлімді тәрбие беріп, оларды қоғамдық
өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла –
амалдарын іздестіре бастады. Нәтижесінде өскелең
ұрпаққа дұрыс тәлім – тәрбие бере отырып,
оларды әлеуметтендірудің, яғни әр бір жас ұрпақты
мақсатты түрде тәрбиелеп, қоғамдық
өмірге қосуды ғылыми тұрғыда негіздеп, жан –
жақты қорытқан ондаған тұғырнамалар пайда
болды. Олардың мазмұнында негізінен, әрбір жаңа, келер
ұрпақтың өмірден, қоғамдық
қатынастар жүйесінен өз орнын тауып,
қоғамдық өмірге бейімделіп, қосылу
үрдісінде олардың бойында қалыптасатын мінез–құлықтың
белгілі бір қоғами ортаға тән типінің қалыптасуының диспозиялық
иерархиялық құрылысын бағамдау басты орында
тұрды.
О.Нұсқабаевтың пікірінше
«әлеуметтендіру» ұғымы өзінің мазмұны
жағынан «тәрбие», «білім беру» және «оқыту»
ұғымдары мазмұндық қосындыларының
мәнінен де тереңірек, ауқымды. Ол «тәрбие, оқыту,
білім беру ұғымдары әлеуметтендіру ұғымының
құрамдас элементтері, мазмұнын толықтырар
бөлшектік компоненттері» деп тұжырымдайды. Дей
тұрғанмен, түрлі ғылымдар мазмұнында
«әлеуметтендіру» жеке тұлғаны қоғамдық
қатынастар мен талаптар негізінде тәрбиелеудің сапалы белгісі
ретінде қарастырылады. Мысалы, бұл мәселе философияда
«Әлеуметтендіру – ғасырлар бойы жиналған,
ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын еңбек
дағдыларын, білімін, этикалық нормаларын,
құндылықтарын, дәстүрлерін жеке
тұлғаның игеруі мен одан әрі дамыту және
оның бойында әлеуметтік сапаларды қалыптастыру арқылы
қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу үрдісі»
тұрғысынан қарастырылса, ал психологиялық
сөздікте: «Жеке тұлғаны әлеуметтендіру – ол өмір
сүріп отырған қоғамның толыққанды
мүшесі ретінде әрекеттенуіне мүмкіндік туғызатын
белгілі білім, ғылым, құндылықтарды меңгеру
үрдісі» - деген анықтама беріледі.
Тірек мектеп
(ресурстық орталық) - базасында жақын маңдағы
шағын жинақты мектептің білім беру ресурстары шоғырланатын
білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа
бірнеше шағын жинақты мектептер бекітіледі. Шағын
жинақты мектеп деп балалардың саны аз, оқу-тәрбие
үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар,
біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Шағын жинақты мектептегі балалар бір оқу жылында үш рет
(оқу жылының басында, ортасында және соңында) он
күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық
және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық
кезеңде шағын жинақты мектептің оқушыларын
оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен
және қашықтықтан оқыту технологияларының
көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар
шағын жинақты мектеп оқушыларының сапалы білімге
қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
2020
жылға қарай шағын жинақты мектеп негізінен, бастауыш
және негізгі орта білім деңгейлері үшін жұмыс істейді.
Шағын жинақты мектеп проблемасы тірек мектептер (ресурстық
орталықтар), интернаттар, жеткізу есебінен шешіледі
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын»
басшылыққа ала отырып, 2012 жылдан бастап облысымызда шағын
жинақталған мектептің қызметін жандыру үшін құрылған
тірек мектептерде (ресурстық
орталық) эксперименттік
алаңдар ұйымдастырылды. Эксперименттің негізгі мақсаты:
ресурстық орталықтың
дәстүрлі көздерін қолдай отырып, магниттік
мектеп оқушысына заманауи бейімделген тәрбие және білім алу
кеңістігін құру арқылы олардың сабақтан тыс
уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, шығармашылық
қабілеттері мен өзіндіктанымын жүзеге асыратын, ұлтжанды азаматтықты
қалыптастыратын, кәсіби бейімділікті анықтайтын және жаңа
ақпараттық технологияларды еркін игеруді қамтамасыз ететін
оқушыны әлеуметтендіруге бағытталған эксперимент жұмысын
жетілдіру.
Ол,
мұнда әлеуметтену ұғымының мазмұны,
оқушылардың әлеуметтенуін ұйымдастыру мәселелері,
эксперименттің бағдарламасы, тұжырымдамасы мен
іс-әрекет бағыттары және тәжірибелік жұмыстар
ұсынылған. Ал, тірек
мектебінде психологиялық қызмет көрсету жұмысының
негізгі мақсаты – білім беру
жүйесіндегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің
жұмысын жүйелеу, педагогикалық ұжымда үйлесімді
ахуал қалыптастыру, сонымен қатар практикалық
психологиялық көмек бағыттары бойынша оқушылар,
ата-аналар мен мұғалімдермен диагностикалық зерттеу
жүргізу, психопрофилактикалық, психокоррекциялық
жұмыстарды, психологиялық кеңес беру, психотерапия
элементтерін ұйымдастыру, педагогтарды психологиялық
сауаттылық пен кәсіби іскерліктерімен қаруландыру, оқу
мен тәрбие үрдісінде оқушылардың жағымды
мінез-құлқын қалыптастыру мен тұлға ретінде
интеллектуалды дамуын белсендіруіне ықпал ету. Бұл бағыт бойынша баланы терең
психологиялық–педагогикалық зерттейтін, жеке ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеуде
қиындық тудыратын себептерін анықтайтын психологиялық
қызмет бағыты болып табылады.
Бала туралы құжаттарға жасалынған
талдау оқушының педагогикалық жетістігін көрсетсе
(бағалары), оқушылардың күнделікті жұмыс
дәптерлері олардың қосымша танымдық ерекшеліктерін
анықтауға негіз болды. Оқушыларды оқу-тәрбие
процесінде сырттай бақылай келе олардың оқуға
және жекелеген пәндерге деген қызығушылығын,
ерекше қабілеттерін байқадық (ұқыптылық,
қызығушылық, жауапкершілік, ерекше қабілеттілігі). Оқушылардың
әлеуметтенуіне қолдау көрсету арқылы олардың
танымдық және
әлеуметтік-психологиялық бағытта жүзеге
асырылады.
Танымдық:
- Танымдық
іс-әрекет: Оқудағы белсенділік пен тәуелсіздіктің
жоғары деңгейі, оқу тапсырмасына көңілді аударту,
сауатты және бай сөздік қор, мектепті қабылдау;
- Оқу іс-әрекеті: Тапсырма
талаптарының бүкіл жүйесіне бағдарлау, логикалық
операцияларды қолдануға дағдылану: маңызды белгілерді
көрсету, білімдерді жүйелеу, оқу тәртібі.
- Физикалық
даму деңгейі: Берілетін тапсырманың жас шамасына сәйкестігі,
дене күшінің шама шарқы, жазба жұмыстарының
тиянақты жасалуы, әр түрлі қол жұмыстарына
бейімділік
- Интеллектуалды
дамуы: Сабақ оқуға белсенділігін және
қоғамдық жұмысқа қабілеттілігін
сақтау, оқу-тәрбие жұмысына бейімдеуі, сыныппен
бірлесіп қарқында жұмыс жасау мүмкіндіктері
Әлеуметтік-психологиялық:
- Сыныптарымен өзара қарым-қатынас:
Сыныптас құрдастарымен қарым-қатынас әдістерін
игеру, өзара достық қатынастарды қалыптастыру,
конфликтілерді алдын алу мен достық жолдармен шешу, сезімдік достыққа бейімділік;
- Педагогтармен қарым-қатынас: Педагогтармен
сабақта және одан тыс жақсы қарым-қатынасты
нығайту, үлкендерге сыйластықты көрсету және
тұлғааралық сабақтастықты жақсарту
- Әлеуметтік
белсенділігі: Белсенділік пен
дербестілік, танымдылық және әлеуметтік
- Эмоциясын басқаруы: Мұғалімнің
балалармен жағымды
қарым-қатынастар жүйесін құруы, баланың
мұғалімді, мектеп пен оқуды қабылдауы,
оқу-тәрбие процесінде эмоциясын басқара алуы.
Осы
мәселені шешудегі маңызды фактор бірлескен педагогикалық
іс-әрекетке қатысушылардың субьект-субьекттік
өзара үйлесімді
психологиялық жағдаймен қаруландыру нәтижесінде
оқытудың нәтижелілігін арттыру. Экспериментті жүзеге асырудан күтілетін түпкі
нәтиже: 12 жылдық
білім беру жүйесіне көшу жағдайында тірек мектеп желісінде
оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырудың
мүмкіндіктері анықталынып, оқушыны әлеуметтендіруді
зерттеудің нәтижесінде оның әр түрлі
әлеуметтік ортада қалыптасып, өзінің
бағыт-бағдарын, көзқарасын, өзіндік бағасы
мен құндылықтарын қалыпты деңгейде
басқарудың педагогикалық құрылымы жасалады.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана,
2010 ж.
2. Асмолов А.Г. Личность как
предмет психологического исследования. –М.: Изд-во Моск. ун-та, 1984.-105с
3. Қалиев
С. Шағын комплектілі мектептер
проблемасы. – Алматы, // Қазақстан мектебі. 1989 ж. №7,11 – 13 б.
4. Абилгазинов
Г.З. Подготовка будущего учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе. – Алматы, 1994 ж.
5. Анисин Н.М.
Большие заботы малокомплектной школы. – Москва, 1986г.