ҰЖЫМДА БАЛАНЫҢ ОҚШАУЛАНУЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам адам болып жарытылғаннан соң,
оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен
қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру
жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып
табылады. Сондықтан балалардың
қарым-қатынасындағы мәселе – бүкіл
қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.
Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін
дамыту үшін, жеке тұлғалық
ерекшеліктерін жетілдіру үшін,
сондай-ақ білім меңгеріп
тєжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас
жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің
кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін
басқалармен салыстыру арқылы басқа
адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.
Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы олардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.
“Әлеуметтік
оқшаулану”, “оқшаулану”, “ұялшақтық” –
жалғыздыққа душар болған адамның жағдайын
сипаттайтын терминдердің бірі. Әлеуметтік қобалжу,
қоршаған орта алдындағы қорқыныш,
қауіптенушілік сезімі – семантикалық жағынан жақын
түсініктер.
Психология
ғылымында осы бағыттағы зерттеу жұмыстары
жоқтың қасы. Дегенмен қарым-қатынас
мәселесіне байланысты анықталатын қарым-қатынасында
өзгешелігі бар екенін сипаттайтын түсініктер кездеседі.
Түсіндірмелі
сөздіктерде “оқшаулану” ұғымы медициналық
және құқықтық терминологиялық
мағынада түсіндіріледі. “Оқшаулану” – термині ауру адамды
немесе қылмыскерді әлеуметтік ортадан мүлдем бөлектеп
тастаумен сипатталынады.
К.Рубинштейннің
[1] ойынша «Әлеуметтік
оқшаулану», «Әлеуметтік оқшаулану»,
«Тұйықтық», «Тежелгіштік», «Ұяңдық»
сияқты терминдер шындыққа келгенде, әртүрлі
феномендерді белгілейді. К.Рубин өз еңбектерінде «Әлеуметтік
оқшаулану» терминін «Әлеуметтік оқшаулану» терминімен
алмастырады. «Әлеуметтік оқшалану» термині зерттеуші топ үшін
жалғыздықты сипаттайтын әртүрлі формаларды жалпылаушы
ретінде көрсетеді.
Т. Гутеил және Р.
Шейдер [2] еңбектерінде оқшаулану ұғымын
жан-жақты түсідіруге тырысады. Олардың айтуы бойынша
адамдардағы бостандықты
шектеу - әрдайым үлкен жауапкершілікті іс. Тәрбие
саласында баланың қандайда бір теріс қасиетіне байланысты
өз бөлмесіне қамап қою, яғни бір өзін
болдыру жазасы қолданылады. Көптеген балалар мұны
қатаң сөгіс, жазалау деп қабылдамайды. Дегенмен кейбір
балалар өзін мен қажетсіз адаммын, маған бєрі теріс
қарайды деп сезінеді.
Медицина саласында
оқшаулану ұғымы емдеу әдісі ретінде өз алдына,
медикаментоздық емдеу мен психотерапияда қолданылады. Адам
сырқаттанған кезде оны сыртқы қозу әсерлерінен
қорғау мақсатында бөлмеде жалғыз ұстайды.
Оқшаулану
ұғымы - қабылдау, қарым-қатынас, әрекет
және мінез-құлқы сферасында да қолданылады.
Ендігі кезекте бұларға сипаттама беруге тырысайық.
1.Қабылдау
сферасындаѓы оқшаулану - оқшаулану кезінде біртекті жағдай
құрылуына орай, сенсорлы информацияларды қабылдағысы
келмейтін күйі көрінеді.
2.
Қарым-қатынас сферасындаѓы оқшаулану. Мұнда
оқшаулану әрекеті - ауру адамды басқа адамдардан
уақытша бөліп тастау көрінеді. Дегенмен мұнда
оқшаулану ұғымы толық мағынада айтылып
түрған жоқ. Себебі ауру адам басқа ауру адамдармен, қызметкерлермен көрісіп
араласа алады. Дегенмен, құрылған дистанция ауру
адамның айналасындағылардың алдағы қорқыныш
сезімін төмендетеді.
3.Мінез-құлық
сферасындаѓы оқшаулану. Егер ауру адам өзінің әрекетін
басқара алмаса, онда оқшаулану арқылы оны өзінен
және айналасындағыларынан алшақтап бөлектеу
арқылы агрессивті әрекет мүмкіндіктерінен арылуға
болады. Бұдан кейін онда кінәлілігін, ұялу сезімдері
туындайды.
Оқшаулануға
көрсеткіш ретінде патогенездік жағдайдағы түрлі
психикалық дамуында бірқатар ауытқулар көрінген
жағдайда бола алды. Ауру адамды қоѓамдық ортадан
оқшаулануламас бұрын, оны оқшаулаудың, яғни
бөлектеуді алдын-ала мұқият ойланып және ресми
тұрғыда дәлелді болатындай етіп алу қажет.
Біз оқыған
әдебиеттеріміздің көмегімен медицина тєжірибесінде
қолданатын оқшаулаудың бірқатар ережелерін
көрсете отырып, оны психология ғылымында қолданатын
жағдайға орай түсіндіреміз.
Жалпы адамды топтан
оқшауланулаудың өзіне тән ережелері болады:
1. Адамның өз
қалауы бойынша оқшаулау, мұны ұжыммен байланыстыратын
болсақ, оқушы сыныпта өзіндік ерекшіліктері мен қалауы
бойынша бөлек жүруді ұнататындығын көрсетеді.
2. Дәрігерлік емдеу
мақсатында жоспарлы түрде құрылуы мүмкін. Ал
мұны психология тәжірибесімен байланыстыратын болсақ, кей
жағдайда баланың өз мінез-құлқындағы
теріс қылықтарды жөндеу мақсатында мұғалім
ол баланы топтан оқшаулата отырып, жеке әрекеттер орындату
арқылы, жалғыз өзі орындату шараларын қолдану негізінде
психологиялық коррекциялық жұмыстар жүргізілетінін
көрсетуге болады.
3. Медицина саласында
оқшауланулау әрекеті емдеу әдісіне қосымша ретінде
қолдануы сияқты педагогикалық тәжірибеде де бала
тәрбиесінің әдіс-тәсілдеріне қосымша
қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.
4. Медицинада эффектті
емес әдістердің орнына қарай оқшаулану белгіленуі
сияқты психологиялық іс-шараларда балаға
қолданылған тәрбиелік әдістер тиімсіз жағдайда
оны жалғыз қалдырып, оқшаулау арқылы жаза қолдану
негізінде жүргізілуі мүмкін.
Жалпы адамды
әлеуметтен оқшаулау, яғни оқшауланулау өз еркі
немесе міндетті түрде болып бөлінеді. Міндетті оқшаулану экстремалды
жағдайда қолданылуы мүмкін. Изолятор бөлмесі ауру
адамға да оған қарайтын қызметкерлерге де
қауіпсіз болу қажет. Оқшаулану адамға
өзінің қауіпсіздігі үшін жасалатындығын, ол адам
үнемі бақылауда болатындығын, кейін босатылатындығын
ескерту қажет.
Ендігі көрсетілетін
оқшауланулау ережелері оқшауланулауды басқару ретінде
қолданылатын талаптар болып табылады.
1.Оқшаулануланатын
адаммен жұмыс істейтін адамдар оқшаулануланудың
медициналық, құқықтық және
этикалық ережелерімен танысу қажет.
2.Оқшауланулануда
адамнан рұқсат алады, рұқсат берілмеген жағдайда,
күштеуі мүмкін (медицина немесе заң саласы бойынша).
3.Ауру адамға
жауапты жанұя мүшелеріне тезарада байланыс жасау қажет.
Олардың сұрақтарына жауап беру қажет. Дегенмен
дәрігерлік құпияны ұстану керек.
4.Оқшауланулауды
белгілеу парақта түсінікті етіп тіркелуі тиіс.
5.Шұғыл
жағдайларда ауру адам дәрігермен телефон арқылы
хабарласуға болады. Американ психиатрлары оқшауланулану
ұстаным уақыты бойынша оқшаулануланған адамды
алғашқы 3 сағатта єрбір 30 минут сайын үнемі
бақылап отыру қажет деп есептейді.
6.Оқшаулануланатын
адам медицина қызметкерлерімен алдын ала мүмкіншілігінше
талқыланады. Жоспар бойынша оқшауланулану арқылы
аурудың қай жақтары емделенетіндігін алдын-ала кµрсетілуі
қажет.
Ендігі кезекте осы
айтылғандарды педагогикалық тәжірибеде қолдануға
байланысты сипаттауға тырысайық.
Педагогикалық [3]
саладағы оқшауланулау әдістемесі төмендегі схема
бойынша жүргізілуі мүмкін.
1) Оқшауланулау көрсеткіштері сипатталады,
қандай адам оқшаулануланатындығы сипатталады, яғни
баланы не себептен топтан оқшаулау керектігі туралы мәлімет болу
керек. Баланың жеке даралық ерекшеліктері мен эмоциялық
әсерлігіштігіне орай кейінгі жағдайда психологиялық
жарақаттың болмайтындығына сенім болу керек.
2) Оқшауланулау тактикасы, яғни баланы
ұжымнан оқшаулаған жағдайда оған қандай
технология қолданылытындығын анықтап алу керек.
3) Оқшаулануланатын жағдайлар мен
ситуацияларға қойылатын талаптар міндетті түрде
сақталыну қажет.
4) Оқшаулануны өткізу барысы балаға
ешқандай теріс әсер етпеу керек.
5) Оқшаулануны аяқтау жағдайларында
одан шыққан нәтиже мүмкіншілігінше толығымен
нақты көрсетілуі қажет.
Әрбір адамның, әрбір
ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің
бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан
құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың
табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы
позицияларды үстануына, әртүрлі қызығушығы
бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына
байланысты өзінің қажеттіліктерін,
қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге
асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің
қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен
түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған
қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес,
сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де
қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің
қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау
мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын
қанағаттандырмауын тілейді немесе оның
көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын
орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп
төндіру арқылы, физикалық күш пен қару
қолдану арқылы жүретін
қарама-қайшылықтық қақтығыстарда
кездесуі мүмкін.
Мұндай жағдайдың баланың жеке
дара ерекшеліктеріне әсер етпеуіне кім кепіл.
Бірақ жоғарыда айтылғандардың
барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың
қарама-қайшылығы өзара конфликтіге әкеп
соқтыратынын мүлдем білдірмейді. Қарама-қайшылық
пен конфликт – бір нәрсе емес, және
қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда
конфликтіге ұласпайды. Конфликт туындауы үшін қарсыластар,
яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден,
өздерінің мақсаттары мен
қызығушылықтарының қарама-қарсылығын
сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына
белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе оданда
көп жеке тұлғалардың топтардың,
партиялардың, елдердің, т.с.с.-дың бір-біріне белсенді
қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда
ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік
конфликтердің негізі болып табылады.
Қарым-қатынастағы
қарама-қайшылық, келіспеушілік, дау-дамай
ұғымдарының элементтері қақтығыс, дау,
күрес, қарсы тұрушылық деген сөздермен пара-пар
келуі мүмкін.
Берілген сөзге мұндай мағына беру
бөлек индивидтердің арасындағы, олардың
топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың
арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы
шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі
түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі
әлеуметтік қоғамның позициялары,
қызығушылықтары құрайды (оларға отбасы,
ұйым, территориялық құрылым, қоғамдық
қозғалыс, т.б.). ал екіншісі, үкімет
құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі
формасынан немесе экономикалық, үкіметтік, политикалық
қарама-қайшылықтар болып табылады.
Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі
қоғамда конфликттің объективті-реалдық негізін
тудырады.
Қоғамдық өмірдің
барлық сфералары – экономикалық, саяси, әлеуметтік рухани
жағы – барлығы өзара көптеген
дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға,
әртүрлі мақсаттар мен
қызығулықтарының қақтығыстарына толы.
Сондықтан да қоғамда әртүрлі конфликттерге орын
бар. Конфликтке индивидтер жєне олардың топтары немесе әлеуметтік
топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да
түсуі мүмкін. Әртүрлі конфликт түрлерін тудырушы
объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар
конфликтті әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес
— олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жұмысшылар
немесе студенттер оқымыстылар
немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың
бүкіл топтары — профисоналдық жағынан, партиялық,
ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да
болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және
субъектісі бойынша, қарама-кайшылықтарының
әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі
негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, тереңдігі мен өту
ұзақтығына байланысты конфликттердің әртүрлі
де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ
конфликттердің әрекеттерінің интенсивтілігінің
функцияларының, қоғамдаѓы ролінің
әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін
аударсақ, олардың барлығына ортақ
ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.
Үнемі
қарма-қайшылықты тудырудағы қасиеттерден
өзге балалар оқшаулау жүргенді үнатуы ықтимал. Ал
бұл жеке балалардың өз алдына ешкіммен қатынас
жасағы келмейтін жағдайларды да тудыруы мүмкін
Оқушының
топтан оқшауланулану жағдайларында оған кері әсер
ететін жағдайларда кездесуі мүмкін, яғни кейбір басқа
мұғалім көтпеген нәтиже, эффектілер көрінуі мүмкін.
Мектеп
қабырғасында көрінетін баланың ұжымнан
оқшаулану жағдайлары бірнеше себептің негізінде болады.
Мұны біз зерттеуіміздің басқа тарауларында кейінірек
кеңінен тоқталамыз. Дегенмен балалардың өз арасында
туындаған оқшаулану жағдайларын сынып мұғалімі
аңғарысымен-ақ оны тиімді және дәрыс
басқаруды, оны басқаруға қойылатын талаптарды тиімді
жүзеге асырып отыру қажет.
Оқшаулануланатын
адаммен жұмыс істейтін адамдар, топтан оқшаулап тастаған
оқушылар оқшаулануланудың педагогикалық,
құқықтық және этикалық ережелерімен
танысу қажет. Ережелерді білмеген жаѓдайда сынып жетекшісі сынып
оқушыларымен әңгіме жүргізуі қажет.
2. Баланы ұжымнан
оқшауламас бұрын, оған алдын-ала ескерту жағдайлары,
өз кемшіліктерін жоюға мүмкіншіліктер берілу қажет тек
одан нәтиже шықпаған жағдайда ғана күштеуі
мүмкін.
3. Оқушылар
арасында туындаған мұндай жағдайдағы
оқшауланған баланың ата-анасымен немесе балаға жауапты
жанұя мүшелерімен тез арада байланыс жасау қажет.
Олардың мұндай жағдайдың не себептен
туындағандығын білгісі келген сұрақтарына жауап беру
қажет.
4. Сыныпта болып
жатқан бұл процесті мұғалім үнемі бақылап,
қадағалап, ситуацияларды белгілеу арқылы парақта
түсінікті етіп тіркеп отыруы тиіс.
5. Шұғыл
жағдайларда бала мұғаліммен кеңесе алатындай
жағдайды ыңғайластыру керек, яғни бала ең
болмағанда мұғалімге шағымдануға
болатындығын сезіне алу керек. ұжымда оқшауланған
баланы аңғара салысымен-ақ мұғалім оны
алғашқы күндері жиі бақылау арқылы ондағы
эмоциялық күйлерді үнемі бақылап отыру қажет.
6. Оқушылар
арасында өздері оқшаулап тастаған бала туралы
мұғалім басқа балалармен оның соңы немен
аяқталатынын алдын ала мүмкіншілігінше талқылап алған
жөн. Олармен оқушылардың ойлары бойынша баланы ұжымнан
оқшаулау арқылы оның қай жақтары
жөнделетіндігін алдын-ала көрсете алатындай болу қажет.
Осы зерттеулерден
шығатын ой – балалардың топтан тыс болуының бір себебі –
олардың ақыл-ой деңгейі, сабаққа үлгерімі,
сондай-ақ оқу тапсырмаларына селқостық болып табылады.
1. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии //сост. А.В.Брушлинский, К.А.Абульханова-Славская. СПб: Издательство "Питер", 2000
2. www.psychiatrictimes.com/authors/thomas-g-gutheil-md
3. Берікұлы Н.Педагогика.
–Ақтөбе, 2004.
Резюме
В данной статье рассматривается психологические
проблемы изоляции детей в коллективе. Изучены основные причины и правила
изоляции детей в коллективе. Даются рекомендации по профилактике и решению
психологических проблем непринятия детей в коллективе.
Summary
This article discusses the psychological
problems of isolation of children
in the team. Examine the primary causes
and rules of isolation of children in the team. The recommendations for the prevention and resolution of psychological problems
of children in the collective failure.
К докладу прилагается регистрационная форма
Ф.И.О. педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Танирбергенова А.Ш.
Психология мамандығының 3-курс
студенті Жанапина А.
Название доклада
ҰЖЫМДА БАЛАНЫҢ ОҚШАУЛАНУЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Секция:
Социально-гуманитарные и психолого-педагогические проблемы современного
общества
Место учебы
«Тұран-Астана» университеті
Адрес Ы.Дүкенұлы 29
Телефон/ e-mail 8-701-867-529
Anar-tanirbergenova@mail.ru