Шаймуратова М.С., Нуркенова Г.Қ.

Қарағанды Болашақ Университеті, Қазақстан

Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына теледидардың әсері

 

Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу үнемі өзекті мәселелердің бірі болатын, ал қазіргі таңдағы ақпараттандыру қоғамында да ол ерекше мәнге ие болып отырғандығы баршамызға мәлім. Осы мәселе аясында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасасақ, рухани тәрбиенің назардан тыс қалмағанына көзіміз жетеді. Осыған орай тәрбиенің тал бесігі ол балабақшадан басталып, бастауыш буынмен жалғасатының ескере отырып, біздің зерттеп отырған мәселеміз де бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына теледидардың әсері болмақ.

Философиядан қысқаша сөздікте адамгершілік ұғымын мораль ұғымымен теңестірген. «Рухани (лат. moralis-әдет-ғұрып) – нормалар, принциптер, адамдар әрекеттерінің ережелері, сонымен қатар адамдардың өз әрекеттері (іс-әрекет мотивтері, ісінің нәтижелері), адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер (ұжыммен, сыныппен, халықпен, қоғам) арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида».

Жылдар өткен сайын адамгершілік ұғымы өзгерді. С.И. Ожеговте «Адамгершілік – бұл адам басшылыққа алатын ішкі, рухани сапалар, осы сапалармен анықталатын жүріс-тұрыс ережелері, этикалық нормалар».

Адамгершілікке тәрбиелеу жүйесін қарастыра отырып, Н.Е. Ковалев, Б.Ф. Райский, Н.А. Сорокин бірнеше аспектілерін ажыратады: біріншіден, нақты педагогикалық міндеттерді шешуде оқыту ұжымы және мұғалім арасында тәрбиелеу әсері келісіледі, ал сынып ішінде – барлық оқушылардың бірлескен іс-әрекеті; екіншіден, оқу қызметінде адамгершілікке тәрбиелеудің қалыптастыру тәсілдерін қолдану; үшіншіден, адамгершілікке тәрбиелеу жүйесі деп сонымен қатар балаларда өзара байланыс пен өзара әсер етуді тәрбиелеудің қазіргі моральдік сапалары түсіндіріледі; төртіншіден, адамгершілікке тәрбиелеу жүйесін, балалардың ақыл-ой және белгілі бір тұлғалық өсу сапаларының ретімен дамуын да ескеру керек.

Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің мәні жайлы біздің көзқарасымыз жаңа ғылыми тұжырымдамалардың пайда болуымен ғана емес, сонымен қатар тәрбиелеу аясында шынайы жеткен жетістіктермен де өзгеріп отырады. Тәрбиелеу жұмыстарына соңғы жылдары таралған амал мұғалімді құндылықтарды таратуда сөздік формасына бағыттаған. Сол себепті жеке іс-шаралармен бірге ұзақ монологтар басым болды. Баланың өмірлік тәжірибесіне сүйену, оның дара қабілеттерін ескеру, жеке тәсіл жетіспегені анық [1].

Заманауи қалаларда адамның бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы күніне 11 сағаттан асады, теледидар үйлерде күн сайын орташа алғанда 7 сағат 38 минут қосылып тұрады, ал екі жастан он екі жасқа дейінгі балалар орташа алғанда аптасына 25 сағат теледидар көреді екен.

Осылайша бұқаралық ақпарат құралдары жыл өткен сайын адамдардың өмірінде және білім беру үрдісінде үлкен роль атқарып келеді. Осыдан келіп бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының негізі болып табылатын медиабілімнің жүйелі дамуының маңыздылығы туындайды.

К. А. Тарасов былай деп жазады: «ТМД елдеріндегі экрандық өнерлердегі зорлық-зомбылық бейнелеуінің кең көлемді тұсау кесері бәрінен бұрын кино шығармашылығында коммерцияланудың болып өтуімен, кинематографтың теледидар мен бейне өнердің дүниежүзілік нарыққа енуімен және соған байланысты бұқаралық кино мәдениетінің голливудтық стандарттары бойынша жаһандануымен түсіндіріледі. Барынша көп пайда табуға бейімделген заманауи индустрияның шеңберінде зорлық-зомбылықты егжей-тегжейлі сипаттау фильмнің неғұрлым экономикалық тиімді элементі болып табылады. Зорлық-зомбылықта фильмде санының артуы сонымен бірге америкалық кино жасаушылардың айтарлықтай дәрежеде шетелдік тұтынушыға тәуелділігімен және жаһандық аудиторияға кедергісіз қабылдайтындай сюжеттерді табуға мәжбүр болатындығымен түсіндіреді.

Кәмелет жасына толмағандар экраннан баяндалатынның бәріне сенуге бейім. Теледидарлық зорлық кішкентай, әсіресе 8 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті, өйткені олар шынайы өмірдің қайдан басталатынын, қиял-ғажайыптың қай жерде аяқталатынын дәл айыра алмайды. Олар кинодағы сұмдылықтарды шындық өмір ретінде қабылдайды. Бірнеше қайғылы мысалдар келтіруге де болады. 1980 жылдардың соңында бес жасар бала MTV-ден Бивис пен Батхед туралы мультфильм көрді. Бұл мультфильмде топас кейіпкерлер сіріңкені пайдаланбақ болып босқа әуреге түседі. Ал бала жасаған тәжірибе сәтті болып шықты – нәтижесінде оның отбасы және екі жасар қарындасы тұратын баспана өртеніп кетті. Супермен туралы фильмдерді көргеннен кейін балалардың ұшуға әрекеттеніп, екінші қабаттың терезелерінен секірген оқиғалары да белгілі.

Көптеген зерттеушілер теледидардың қоғамдық санаға жағымсыз ықпал етуінің мынадай негізгі тәсілдерін бөліп көрсетеді:

-           күш қолдануға, өзінің құрдастарына себепсіз озбырлық жасауға немесе «озбырлықты бейнелеуге» шақыру;

-           қылмыс құрбандарын жазалаудың зорлықшылдық көріністерін шамадан тыс егжей-тегжейлі көрсету;

-           аудиторияның назарын қатыгез, зорлықшыл іс-әрекеттерді күнделікті өмірдің нормасы ретінде қабылдауға әдейі бет бұру;

-           қорқыныш, қауқарсыздың сезімін күшейту;

-           қылмыскерлікпен күрес ұстанымдарын әлсірету;

-           жеке тұлғалық қатынастардағы өнегелілік пен өнегесіздіктің арасындағы шекараны өшіру.

«Ұлттық теледидардағы зорлық көріністерін зерделеу» зерттеушілік қоғамының (National Television Violence Study) ғалымдары мынадай қорытынды жасайды: зорлық-зомбылық көріністері бар медиаөнімдердің көпшілігі көптеген көрермендердің, әсіресе балалардың психикалық саулығына елеулі қатер тудырады.

Тәуелсіздік алғанан бастап елімізде кабельді және спутниктік телеарналар көбейіп кетті. Онда түрлі елдердің атыс-шабысқа, ұрыс-керіске, түсініксіз оқиғаларға толы кинолар мен мультфильмдері көрсетіледі. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омарұлы: «Ұлттық болмысымыздың тұтастығы туралы айтар болсақ, спутник байланысы арқылы берілетін “Никелодеон” телеарнасы еске түседі. Батыстың бізге арнап хабар тарататын бұл арнасы бала біткенді бірден баурайды. Бұл арнадағы мультфильмдердің перзент психологиясына әсер ету мүмкіндіктері терең ойластырылып, шебер қиюластырылған. “Никелодеонның” хабарларын үзбей көрген бала айғайлап-шыңғырып, басын қабырғаға соғып жүретін кейіпкерлердің қимылын айна-қатесіз қайталайды”- деген. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, мектепке дейінгі балардың 70-80% адамның суретін салып көрсетші дегенде, адамның басын олар үшбұрышты, төртбұрышты етіп салып берген. Бұрын мұндайды тек психикасында кемістігі бар балалар ғана салған. Негізінен қазіргі кезде балалардың осылай ойлауына мультфильмдердің әсері зор. Себебі кей мультфильмдерде адмадардың басы үшбұрышты, төртбұрышты. “Никелодеон” арнасында да адамдардың басы осындай мультфильмдер көрсетілген. Осыдан санасы енді жетіліп келе жатқан балада адам осындай екен деген дұрыс емес ой қалыптасады.

Шетелдіктер мультфильмдерді немесе бағдарламаларды жасауда балалардың психологиясын жаулап алуға көңіл бөлетінге ұқсайды. Себебі шетелдік мультфильмдерді көріп отырған баланы орнынан қозғау қиын. Ал,ата-аналардың айтуынша, балалар түгілі мультфильмдердің ересектерді де еріксіз өзіне тартып алатын әсері күшті екен. Жоғарыда айтылған телеарналардағы мультфильмдерді көретін сана-сезімі толық қалыптаспаған балаларда бірнеше жағымсыз мінездер пайда болатынын байқауға болады. Осындай мультфильмдердің балаға тигізген теріс әсерлерін айтатын болсақ. Мысалы, Жапонияда пакемон, құбыжықтар деген мультфилімнің бір сериясының көрсетілімінен кейін қояншық ауруы ұстаған 625 бала ауруханаға түскен. Алысты айтпай тұра тұрайық, себебі мұндай келеңсіз оқиғалар өз елімізде де болып жатыр. Мысалы,осындай мультфильмді көріп алған 7 жасар Айғаным деген қыз бала 6 айлық інісін 5-ші қабаттан тастап жіберген. Мұны қалай түсіндіруге болады? Негізінен бала туа сала бұзық болмайды. Ол көргенін, естігенін еліктеп жасайды. Экрандағы атыс -шабыс, ұрыс-керіс, қатігездіктен бала психологиясы бұзылады [2].

Экранның тәуелсіздігімізді алып, даму сатысын бастан өткізіп жатқан еліміздің тілі мен дініне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне, болашағымызға кері әсері тимесін десек, балаға дұрыс тәрбие беруді қазірден бастап қолға алу қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Семенов Г.С., О проблемах формирования у современных школьников миропонимания и нравственной жизненной позиции.\\Воспитание школьников № 2 – 2010

2. Лемиш Д. Жертвы экрана. Влияние телевидения на развитие детей. М., 2007.