ӘӨЖ: 37013-05787

 

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ОҚУ ПРОЦЕСІ БАРЫСЫНДА ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ

 

Камардинова У.О., П.ғ.к., доцент ҚХДУ,

Жулдызбаева Г.Ж.

магистр 2-курс,  ПиП 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

 

Резюме

В данной статье рассматриваются  гносеологические аспекты самопознания подростков в учебном процессе в контексте современных психологических исследований

 

Summery

This article discussed the epistemological aspects of consciousness of teenagers in the educational process in the context of modern psychological research

 

Кілттік сөздер: Адамгершілік, рухани, өзін-өзі тану, мінез-құлық, даму, көзқарас,                       

өзіндік бағалау, ақыл-ой, бағыт-бағдар, сана.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жас суверенді мемлекет ретінде өзін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру үстінде. КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстан халықтың ұлттық-мәдени сұраныстарын, даму қажеттіліктерін есепке ала отырып, білім беру саласына қатысты талаптар мен сұрақтарды өздігінен шешуге мүмкіндік алды.

Сара Алпысқызы Назарбаеваның “Өзін-өзі тану“ бағдарламасын құру мен білім беру процесіне жаңа “Өзін-өзі тану” сабағы арқылы ендірудегі негізгі инициативасы төмендегідей болып табылады, яғни, өзінің жекелік қасиеттерін, өзіндік құндылықтарын  және қоршаған ортаны тани білуге қабілетті жан-жақты және жарасымды дамыған жалпы жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, өзін-өзі тани білуге, өзін-өзі басқара білуге үйрету және творчестволық саналы білім дағдыларын дамыту мен қалыптастыруды көздейді.

Сара Алпысқызы Назарбаеваның өзінің алдына қойған мақсат-міндеттеріне  теңдессіз мақсаттарының бірі, ол – балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің негізгі кезеңдерінде негізінен ата-аналарды, педагогтарды өнегелі-рухани біліммен қамтамасыз ету және жалпы қоғамды адамгершілік-рухани біліммен  ағарту болып табылады. Көптеген діни-наным сенімдерде,  философиялық, психология-педагогикалық концепцияларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың құнды жақтары туралы бекітулер байқалады [1].

Әрбір адам өзінің өмірлік жолын өзі құрып, таңдау жасайды. Өзге адамдармен де өзі қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, өз өмірінде кейбір қателерді өзі жасап,  өзі түзеп жатады. Отбасы мен білім беру орталықтарының алдына қойған мақсаттары – қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өсіп келе жатқан адамның жекелік қасиеттеріне тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзіндік сана механизмдерін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі құруы үшін қажетті жағдайды жасау болып табылады. Ғылым мен практикада гуманистік бағыт  шеңберіндегі арнайы технологиялар өңделіп, дайындалады. Онда өзін-өзі дамыту идеясы басты мәселеге айналып, “Жеке тұлғаға бағытталушы қатынас”, “Жеке, бағытталған білім беру”   түсініктері қалыптасқан [2].

Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын таба біліп, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап, қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады?  Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану. Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.

Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.

Өзін–өзі   танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:

-               өзін-өзі тану –  жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;

-               өзін-өзі тану –  ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;

-               өзін-өзі тану –  жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі  жетілдіруінің негізгі жолы.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзін-өзі тану  - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.

Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді:

·  Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы – жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің  “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.

·  Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды  өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды. Өзін--өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір сүру стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі құрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсаттарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну -  өзіндік сананың басты элементі.

·  Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды-психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.

Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Қазіргі заманда топтағы әрекет ету қабілеті, сенімділік, көмектесуге дайын болу, сезімталдық, көзқарастың кеңдігі, шыдамдылық және өзін-өзі құрметтеумен қатар, ізделінді жеке қасиеттердің бірі болып табылады.

Ынтымақтастық адамдарды байланыстырады, ал бәсекелестік адамдарды оқшаулайды. Дегенмен соңғы жылдары ынтымақтасу идеялары танылуда..

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің топтың дамуына, сонымен қатар жеке адамның дамуына психологиялық әсерінің алғышарты – топты құрудың нәтижесінде топтағы қарым-қатынас процесінің сапалық өзгерісі және әрбір жеке адамның өзін-өзі тануға белсенділігін арттыру. Тренингке қатысушылардың маңызды кезеңінің бірі олардың белсенді позициясы. Тренингтің негізгі мазмұны оған қатысушының өзі қатысып отырған топ арасында өзін нақты көре алуы. Сондықтан маңызды ереже  ретінде тренингтің өту шеңберінде ғана жағдайды талқылау шектеледі және пікірін жеке өзі айтады. Тренингтің ерекше атап өтетін тұсы топтың эмоциялық әулетіне назар аударуы. Топтағы қарым-қатынас шектеулі уақыт аралығында, топ дамудың нақты кезеңдерінен өтетіндей ұйымдастырылады. Ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа кәсіби проблемаларды шешу іскерлігін жаттықтырады. Негізгі рольдік ойындар жан-жақты психологиялық мәнге ие және мазмұнына қарамастан кез-келген психологиялық проблемаға қолданылды.   Қазіргі экономикалық жағдайда бізге құнды болып табылатын мынадай адамгершілік қасиеттер қажет: шығармашылық энергия, беріктік, қайсарлық, сонымен бірге командалық рух, әлеуметтік-жауапкершілік сезімі және азаматтық батылдық. Экспериментальдық бөлімде қарастырылып отырған тапсырмалар осы сапаларды дамытуға көмектеседі.

Жеткіншектердің білімді игеру процесінің ерекшеліктеріне жете тоқталып өтейік, өйткені бұның тек қана жеткіншектің ойлау қабілетінің және олардың танымдық қызығушылықтарының дамуында ғана емес, сонымен бірге олардың жалпы жеке тұлғасының қалыптасуында маңызы бар. Мектептегі оқыту баланың өзінің бұған дейін өмірден алған тәжірибесінің негізінде жүргізіледі. Оқу барысында жеткіншектер алдында жаңа міндет пайда болады: арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттің нәтижесінде шындық мәнерінің объективті маңызын түсіну, олардың арасындағы заңдылықтарды түсіну. Заттың маңызы оның сырт көрінісімен сәйкес келмейді, жеткіншектің оқуды естіп – білгенінің бәрі оған оның өмірлік тәжірибесіне қайшы көрінуі мүмкін. Сонымен мектептегі білім жаңа мәліметтердің, жаңа түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес: мектептегі біліммен жаңа ойлау тәсілдері, шындыққа деген оқушылардың жаңа танымдық іштей байланысқан. Жоғарыда айтылғандардың туындайтыны: мектептегі меңгерудің сандық жиындықпен, оқушы оқуға дейін білетіндерін кеңейтумен және тереңдетумен шектелмейтіндігі.

Бұл өз кезегінде, жеткіншектің қоршаған шындықты қабылдауын және оның оған қатынасын өзгертеді. Жеткіншектердің оқу іс-әрекетінің мотивацияларын табудағы жүргізілген зерттеулерде оқушылардың класс ұжымындағы жолдастарының ортасында өз орнын табуға ұмытылуы олардың мінез-құлқының және іс-әрекеттерінің негізгі мотивациясы болып табылатындығын анықтады.

Кіші мектеп жасында балалар бәрінен де өз қатарларының оларды үлгілі оқушы ретінде сипаттайтын қасиеттерін жоғары бағалайды. Жеткіншектердің арасында, бұдан басқа, жеке тұлға дамуының өнегелі деңгейін сипаттайтын және жеткіншектің ойы бойынша жолдасының бойында болуға тиісті қылықтар мен қасиеттерді бағалау қалыптаса бастайды және тіпті бірінші орын алады. Мұндай қасиеттерге ерлік, беріктік (шыдамдылық), қайраттылық, жолдастық сезімдер жатады. Бұл орта мектеп жасында талаптардың жаңа жүйесінің және жеткілікті дербес, оқу іс-әрекетінің шегінен шығатын бағалаудың жаңа критерийлерінің пайда болуын дәлелдейді. Бұдан туындайтын, орта мектеп жасындаға оқушылар ұжымы жеткіншектің моральдық сферасының қалыптасуына оның көзқарасына, бағалауын, әсерленушілігіне және оның жеке тұлғасының маңызды қасиеттеріне үлкен әсер ететін тікелей орта болып табылады [3].

Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды жағымды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілерді игілікті игеруге, ересектермен, жолдастарымен қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға және өзінің қоғамға мүше болудан-сезімінің қалыптасуына бағытталады. Жеткіншектің әлеуметтік белсенділігінің қарқынды дауын қамтамасыз ететін іс-әрекет, бір жағынан, оның өзінің танытудағы қажеттіліктеріне сай болу керек, екінші жағынан, жеткіншектің қоғам мүшесі ретінде мойындауды куәландыратын белгілі бір қатынас түрлерін дамытуға жағдай жасауы керек. Жеткіншектің қоғамдағы пайдалы жұмысқа қатысуы тек қана олардың үлкендердің (ересектердің) мойындауын қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар «мен және басқа адамдар», «мен және қоғам» жүйелерінде ашылатын қатынастың барлық формаларының кеңеюіне мүмкіндік береді (Д.И. Фельдштейн) [4].

Жеткіншек кезең қиын, өте күрделі процесс деп есептеледі. Олай дейтініміз, біріншіден осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде жеткіншектің бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгеретінін сипатта болады. Өзіндік таным құбылыстары дамып, басқа адамдармен, ересектермен өзін салыстыру формаларының негізі қалыптасады. Жас жеткіншектің мінез-құлқы өзін-өзі бағалау арқылы реттеліп отырады.

Өзін-өзі бағалау ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде қалыптасады. Жас жеткіншектердің өзіндік бағалауы қиыншлықтарға тап болып отырады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды. Соның салдарынан ересектерге қарсылық пен наразылық көрсетудің әртүрлі қиқарлық, дөрекілік,  қарсылық, тентектік сияқты т.б. формалары жас жеткіншектің бойында пайда болады. Енді жеткіншектік «дағдарысқа» және одан туындайтын қиыншылықтарға тоқталып өтейік.

12-14 жаста көптеген балалардың психологиялық дамуында «Жеткіншектік дағдарыс» деп аталатын өзгерісті кезең басталады. Сырттай бұл жеткіншектіктің мінез-құлқының дөрекілігімен және әдейілігімен (қасақаналығымен), ересектердің талаптарына және ықыластарына көсе көлденең жүруге ұмытылуынан, ескертпелерді «әлі бала» деп қарауына келіспеушіліктен көрінеді. Жеткіншектің дағдарыс балалық шақтан есейгендікке өту кезеңінің ең биік шыңы болып табылады.

Айта кету керек, баланың дағдарыссыз дамуының болуы да мүмкін. Бұл көбіне ересектер балалардың мұқтаждығына (қажеттілігіне) көңіл қойып қараған жағдайда және бұл қажеттіліктердің өзгеруінің алғашқы көріністері көріне бастағаннан –ақ өздерінің балаларға деген қатынастарын балалар өздерінің жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай өзгерткен жағдайда болды. Кейде дағдарыс бәсеңді түрде өткендіктен және де сол басқа себептедің күшімен уақытпен білінбей кеткендіктен дағдарыссыз даму болып көрінуі мүмкін. Бала дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өтудің дағдарыстық сипаты оның бойында қанағаттандыру қиынға түсетін жаңа мұқтаждықтардың пайда болуын көрсетеді. Жеткіншектік дағдарыс басқа дағдарыстарға (1 жастағы, 3 жастағы, 7 жастағы дағдарыстарға) қарағанда ұзақтылығымен  ерекшеленеді. Л.И. Божович бұл осы жастағы мектеп оқушыларының әлеуметтік пісіп-жетілуінің жетіспеушілігі арқасында қанағаттанбайтын мұқтаждықтардың түзілуіне әкеліп соғатын жеткіншектердің физикалық және ақыл – ой дамуының жоғарғы қарқынына байланысты, сонымен қатар пайда болған мұқтаждықтар өте күшті, өте ынталы деп есептейді [5].

Батыстың кейбір психологиялық концепцияларының өкілдеріне өзіндік сананы индивидте оның өмірлік оған қас әлеуметтік қоршаған ортаның алдындағы қорқынышының және қорғансыздығының әсерінен пайда болатын механизм ретінде көрсету әрекеті тән. Индивид пен қоршаған орта арасындағы қайшылықтар жөніндегі тезисті З. Фрейд өзінің жеке тұлғалық теоретикалық концепцияларында ұсынады. Оның ойы бойынша, өзіндік сана, оның пайда болуының бастапқы кезінен бастап, бұрмаланған туынды болып табылады, өйткені ол – индивидтің дұшпандық сыртқы әсер етулерге өзінің инстинктивті әуестіктерін бейімдеу әрекеттерінің нәтижелері. Жеке тұлғаның өзі жөніндегі түсінік болуы –оның өзіндік бағалауы ішкі талаптану мен сыртқы тыйым салу арасындағы қарама – қайшылықтан құралады [6].

Адам жеке адам ретінде - өзін - өзі бағалаушы тірі организм. Өзін - өзі бағалаусыз өмірде өз тағдырын шешу қиын немесе тіпті мүмкін емес. Өзіндік бағалау  - өзінің бойында білгілі қасиеттердің барлығының деңгейі жөнінде адамның пікірі.

Бұл адамның өзіне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы. Өзіндік бағалау, ең алдымен, талдау, теңестіру, іріктеу, ойлау операцияларының нәтижесі. Сондықтан өзіндік бағалаудың рационалды компоненті негізгі болып табылады. Бірақ әсерленушілік компоненті де бар, өйткені бағалауда жеке тұлғаның өзіне деген белгілі қатынастары пайда болады.

Адамның жеке тұлғасының даму процесі бүкіл өмір бойы тоқтамайды. Яғни, өзіндік бағалау да және онымен байланысты қалыптасумен дамудың бағалау қабілеттілігі де өмір бойы тоқтамайды. Адамның бойында басқа адамдармен араласу тәжірибесі қанша көп болса, ол жеке тұлға ретінде өзі жайлы сонша көп мәлімет алады, оған, практикада өзі жайлы өз пікірлерін басқа адамдардың пікірлерімен сонша жиірек салыстыруға тура келеді және оның бойында өзінің мінез – құлықтарын, қылықтарын, сондай-ақ басқа адамдардың жеке тұлғалық қасиеттерін дұрыс қабылдау және бағалау қабілеттілігі сонша тезірек және сонша белсендірек дамиды. Араласудың (қатынасу) жетіспеушілігі бағалау қабілеттілігінің толық дамуын (піспегендігін) тудырады және бұның салдары ретінде, өзіндік бағалаудың сипатында айтарлықтай ерекшеліктерді тудырады.

Өзіндік бағалау өзіндік сана және өзіндік бақылау сияқты сипаттармен тікелей байланысты.

Өзіндік бағалау - өзіндік бақылаудың маңызды бөлігі. Өзіндік бақылау - өзіндік сананың адамның жеке тұлғалық маңызы бар мотивациялары мен мақсаттарын бағалайтын бөлігі. Өзіндік сана өз өзіне қатысты бағыт – бағдар (нұсқау) ретінде көрінеді.

Өзіндік бағалау кіші мектеп жасында пайда бола бастайды. Бірақ ол онда тұрақсыздықпен ерекшеленеді. Ал жеткіншек бойында ол тұрақты сипатта болады.

Жеткіншек жасының басына қарай балалардың бойында өзінің оң (жақсы) қасиеттері мен кемшіліктері жайында түсінік болады. Жеткіншектер өздерінің әртүрлі кемшіліктерін көре алады, бірақ көбіне өзіндік бағалау аса көтеріңкі болады, олар өздерін шындап келгенде істей алмайтын істі істеуге қабілетіміз деп есептейді [7].

Ал жеке тұлғаны тәрбиелеу жөнінде  айтқанда, оның  мүдделері, мақсат мұраттары, ұйымшылдығы, жауапкершілігі және басқа қасиеттері айтылады. Сонда оқу практикасының өзі оқу міндеттерін меңгерудегі жетістіктер тек қана баланың ойлау қабілетіне байланысты емес, сондай – ақ оның жеке тұлғалық және басқа, қасиеттеріне байланысты екенін көрсетеді. Оқыту және тәрбиелеу процесінде белгілі бір нормалармен құндылықтарды меңгере отырып, оқушы басқалардың бағалау байымдаулардың әсерінен өзінің шынайы нәтижелеріне де, өз - өзіне де жеке адам ретінде белгілі бір түрде қарай (көңіл аудара) бастайды.  Жасы есейген сайын ол өзінің шын жетістіктерін және ол белгілі бір жеке қасиеттерге ие бола отырып өзі жете алатын жетістіктерін үлкен анықтықпен ажырата алады. Сонымен, оқушы бойында оқу – тәрбиелеу процесі кезінде өз мүмкіншілігін бағалауға деген мақсат қалыптасады – бұл өзіндік бағалаудың негізгі компоненттерінң бірі. Өзіндік бағалау күрделі жеке тұлғалық туынды екендігін жоғарыда айтылғандардың барлығы куәландырады. Өзіндік бағалауда бала өзі жайында басқалардан білетін нәрселер көрінеді және өз іс - әрекеттерін және жеке тұлғалық қасиеттерін жете түсінуге бағытталған ұлғаюшы өзіндік белсенділік көрінеді.

Практика жүзінде оқу – тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыра отырып, мұғалім негізінен балалардың ұмытылуы нәтижелерді олардың ойлау қабілетімен және оқуға деген қатынасымен салыстарады, баланың өзіндік бағалауын, оның өз қабілеттілігі жайында және сол мүмкіншіліктерді және қабілеттіліктерді оқу процесінде іске асыру жайында өз түсініктерін есепке алмайды. Сонда да бұл түсініктерден оқушының өз күшіне азды – көпті сенушілігі, алынған нәтижелерді табыс немесе табыс емес деп жете түсінуге, жіберілген қателіктерге қатынасы, күрделігіне қарай есепті шешу жолдары және басқа оқу қызметінің бірқатар моменттеріне байланысты болады. (Липкин А.М.) [8].

Жеткіншекте өзіндік сананың қалыптасуы оның ары қарай психикалық дамуының барлық жолдарына үлкен әсерін тигізген. Ол өзін өзі бағалаудың және талдаудың өте қажеттілігімен, ал жеткіншектің бұл жағдайы мүмкіншіліктерінің әлі шектеулігімен түсіндіріледі. Өзін өзі шындап түсінуді білмейтін жеткіншек бұл жаста ол жайындағы қоршаған ортаның пікіріне өте әсерленгіш. Осыдан жеткіншектің тез ренжіп қалуы, өзін өзі ұстай алмауы, үлкендердің көзқарасы бойынша, болмас нәрсеге еш себепсіз бұлқынуы пайда болады. Жеткіншектің оны қоршаған ортаға және өзіне деген қатынастарының өзгеруі өзіндік бағалаудағы өзгерістерге әкеліп соғады. Өзіндік бағалау адамның өз мүмкіншіліктерін сынды бағалай алуында. Басқаша айтқанда, өз күштерін өзі немесе өмір оның алдында қойып отырған міндеттермен өлшеп салыстыра алу [9].

Оқушылар үшін өзіндік бағалаудың маңызы зор, оқушы есейген сайын қоршаған ортаның пікіріне емес, өзінің пікіріне құлақ асады. Тура өзіндік бағалау оқушы мен мұғалімдердің, ата – аналарының, жолдастарының арасындағы дұрыс қарым – қатынастарды қалыпқа келтіру үшін маңызды. Ғалымдардың оқушылардың өзіндік бағалауының қалыптасуы жөнінде жүргізген зерттеулердің нәтижелері психология ғылымына, оқыту және тәрбиелеу теориясы мен  практикасына қосқан құнды үлес болып табылады. Бірақ оқушылардың барабар емес өзіндік бағалауын жеңу мәселесі бүгінгі күні әлі толық және жан – жақты шешілмеген. Бұл маңызды мәселені зерттеуде басқа жолдардың болуы мүмкін және болуы керек.

Талаптану жеке тұлғаның өзінің мүмкіншіліктерін және өмірлік тәжірибесін, белгілі бір деңгейде және күрделі тапсырмаларды орындауға табыстар мен сәтсіздіктерді бағалау кезінде құрылады. Талаптану деңгейі жеке тұлға алдында пайда болатын бірнеше мақсаттардан, оның ойы бойынша, өзінің мүмкіншіліктеіне сай мақсатты талдау қажеттілік жағдайындағы өзіндік бағалаудың проекциясы болып табылады. Іске асыру процесінде талаптану деңгейі жеке тұлға процесінің кез келген кезеңінде фактіге негізделген нәтижелерді таңдау кезінде есептеген нәтижелермен салыстыра алады. Талаптану деңгейі тек қана өзіндік бағалауға, атап айтқанда, оның мынадай көрсеткіштеріне: барабар, оның жоғарылығы мен төменділігіне байланысты емес, сондай-ақ жеке тұлға талпынып отырған мақсаттарға жетуде қандай қиыншылықтар барын жете түсінуге де байланысты. Талаптану деңгейі, сонымен өзіндік сана мен, өзіндік бағалау мен бағалау объектілерімен тікелей байланысты. Бұған қоса, талаптану деңгейін жеке  тұлғаның өзіндік бағалауының белгілі жағдайларында дәлелдеп түзететін маңызды механизмі болып табылады. Сонымен, өзіндік бағалау мен талаптану деңгейі бір-біріне айырылмастай байланыста болғанымен бір- біріне ұқсас, барабар емес компонеттер. Өзіндік бағалау мен талаптану деңейі жеке  тұлғаның әлеуметтік үміттерімен байланысты (М.И. Боришевский ) [10].

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Назарбаева С.А. “Өзін-өзі тану“ бағдарламасы. 2010 ж.

2.Мягков И.Ф. Учителю о психологии и физиологии подростка М. 1986

3.Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возросте М. 1968

4.Фельдштейна Д.И. Психология современного подростка М. 1987

5.Божович Л.И. Изучение мотивации поведении детей и подростков.

6.Фрейд З. Я и Оно: Сочинения. М. Изд. ЭКСМО – пресс Хорьков. Изд «Фомю», 1998г. – 1040с

7.Краковский А.П. О подростках М. 1990

8.Липкика А.И. Самооценка школьника М. 1976

9.Ананьев Б.Г. Избр. Психолог труды.: в 2 – хт – М, Педагогика, 1980. Т 1, - 288 с.

10.Боришевского М.И. Психологические особенности самосознания подростка М. 1980