Имамбекова
Г.С., Бисмакова А.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
Жалпы әлеуметтік-психологиялық
бейімделу белсенді икемделу процесін білдіреді, ал физиологиялық бейімделу автоматты түрде
жүзеге асады.
Шындығында, біздер
жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге
көшкенде, ештеңе көрмейміз, бірақ біраз уақыттан соң адамдар мен заттарды
ажырата бастаймыз. Біздің көзіміздің сезгіштігі
жоғарылап артады және ол жаңа жағдайларға
бейімделеді. Және мұның барлығы біздің
тарапымыздан арнайы мақсатты түрдегі әрекетімізден, аралсуымыздан тыс жүзеге асады.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделуде барлығы басқаша
болады. Мұнда бейімделу
үшін, арнайы күш-жігер жұмсау қажет. Бейімделуге тиісті
ортамен қарым-қатынас өзгеше болады. Мұнда
адамға орта ғана әсер етіп қоймай, ситуация да әсер етіп
өзгереді. Сондықтан да, бала тек қана сыныпқа, мектептегі өз орнына, мұғалімге ғана емес, жаңа өзімен бірге
тәрбиеленушілерге де бейімделуі қажет. Мектептегі алғаш
келген сәтінің өзі баланың жаңа
жағдайларға әлеуметтік-психологиялық бейімделу
кезеңі болады.
Бірақ, балалардың барлығы бірдей
жаңа өмір сүру жағдайларына нәтижелі түрде
еніп кете қоймайды. Г.М. Чуткинаның зерттеулерінде балалардың мектепке
бейімделуінің 3 кезеңі
анықталған. Бұл әрбір кезеңдер үшін
қандай сипаттамалар тән болады,
соны қарастыралық.
Бейімделудің
жоғары деңгейі. Бірінші
сынып оқушысы мектепке жақсы қарайды, қойылатын талаптарды дұрыс, адекватты қабылдайды; оқу материалын жеңіл меңгереді; бағдарламалық материалды
терең әрі жүйелі игереді;
күрделенген есептерді шешді;
ұқыпты,
нұсқауларды бар
зейінділіікпен тыңдайды,
мұғалімнің айтқанын тыңдайды; сыртқы бақылаусыз тапсырмаларды
орындайды; дербес оқу жұмыс
орындауға үлкен қызығу байқатады; барлық сабақтарға
дайындалады;
қоғамдық тапсырмаларды жауапкершілікпен және бар
ниетімен орындайды; сыныпта
қолайлы статустық орынға ие.
Бейімделудің
орташа деңгейі. Бірінші сынып оқушысы мектепке жақсы
көзқарасты, мектепке бару
оған теріс әсер ете
қоймайды; егерде
мұғалім оқу материалын толық әрі
көрнекілікпен баяндап берсе;
жақсы түсінеді; оқу
бағдарламаларының негізгі мазмұнын игереді, типтік міндеттерді дербес шешеді; ересектердің нұсқау, тапсырмаларын орындауда зейінді және
дербес, бірақ ересек
бақылауымен ғана; кейде
болады, яғни оған
қызық болғанда
ғана зейінін шоғырландырады;
үй тапсырмаларын және сабақты үнемі
орындайды; қоғамдық
тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды,
сыныптағылардың көбісімен дос.
Бейімделудің
төменгі деңгейі. Бірінші сынып оқушысы мектепке теріс немесе
атүстірт қарайды; кейде
денсаулығына да көңілі толмайды; басылыңқы көңіл-күй үстемдік етеді; тәртіп бұзушылық
байқалады; мұғалім
түсіндірген материалды фрагментарлы меңгереді; дербес жұмыс істеуі қиын; оқу тапсырмаларын дербес
орындауда қызығушылық
танытпайды; сабаққа жүйелі дайындалмайды; ол үшін оған үнемі
бақылау қажет және мұғалім мен ата-ана тарапынан
жүйелі түрдегі еске түсіріп отыру қажет; демалыс үзілістерінде жұмыс
қабілеттілігі мен зейінін
сақтайды; жаңа міндетті
шешуде және үлгі бойынша міндетті шешуде мұғалім мен
ата-аналардың едәуір көмегін талап етеді; қоғамдық тапсырмаларды
бақылау арқылы, еш
құлықсыз, пассивті,
яғни енжар орындайды; жақын достары жоқ; сыныптағылардың кейбір
бөлігінің ғана аты-жөндерін біледі.
Әлеуметтік микроортаның қандай факторлары
баланың мектепке бейімделуінде жағымды, позитивті рөл атқарады? Төмендегі кестеге қарайтын болсақ, өте қолайлы бір факторлардың бірі - баланы
өзінің орнын бағалаудағы дұрыс, адекватты бағасы, отбасындағы тәрбиенің
дұрыс әдіс-тәсілдері,
онды кикілжің
жайлардың болмауы,
құрбылар тобындағы қолайлы статус. Баланың
мектепке бейімделуінде жағымсыз факторлардың әсер етуі, келесі кезектестіктің болуына
әкеліп соғады:
отбасындағы тәрбиеніңқате әдіс-тәсілдері, мектепте оқуға функционалды
дайындықсыздығы, ересекпен
қарым-қатынасына қанағаттанбауы, құрдастар тобында өз орнын
дұрыс емес сезіну; анасының
білімнің төмен деңгейлі болуы, маскүнемдікке орай
кикілжің жағдайдың болуы,
бірінші сыныпқа бармас бұрынғы баланың
статусының теріс, нашар
болуы, әкесінің
білімінің төмен деңгейде болуы, отбасындағы киклжің жағдай, бірінші сынып мұғалімінің
балаларға қарым-қатынасының нашар болуы, дайындық сыныбы
мұғалімінің балаға қарым-қатынасының
нашар болуы, отбасының
толық еместігі.
Жүргізілген
зерттеулер нәтижелері мынаны көрсетеді: оқу бағдарламасын меңгеруде қиындық
педагогикалық коррекция
жұмысы ойын түрінде жүргізілсе, онда оның дамытушы
әсері қосымша сабақ жүргізуден гөрі тиімдірек
болады. Баланың мектепке бейімделуінде маңызды рөлге
жұмыс істеу әдістері мен балабақша тәрбиешісі
және 6 жастағы балалармен жұмыс істейтін мектеп педагогтары
арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың
бірізділігі ие болады. Себебі, алты
жастағылардың мектепке бейімделуінің
қиындылығының себептерінің жиі кездесетіні
педагогтың балалармен қарым-қатынасының күрт
өзгеруінде. Балаларға
жағымды қатынастың өзінде мұғалім жиі
жағдайда қатал,
педагогикалық әсер етудің авторитарлы формларын
қолданады. Бұл формаларды
жиі жағдайда балалар жеке ұнатпаушылық ретінде
қабылдап, олар
енжарлыққа бейімделіп кетеді,
және бұл жағдай балалардың құлшынысын
басады, дербестігін тияды, бойларында сенімсіздікті, өздеріне сенбеу сезімдерін тудырады.
Мектепке
бейімделудегі тұлғалық дайындық дегеніміз баланың
өзіне-өзінің,
өз қабілетіне қарым-қатынасын білдіреді. Егер де бала өзін «мен
жақсымын», «менің суретім
өте жақсы» десе оған
әрі қарай мектепте оқу қиындық келтіреді. Мұндай балалар сабақта қол
көтерместен-ақ жауап беріп отырады, бір-бірін бөледі.
Оларға тапсырма орындау берілсе,
олар тек мұғалімнің үздіксіз нұсқауымен
орындап отырады, қалған
уақытта басқа іспен шұғылданады, сыныпта не болып жатқанынан бейхабар
болады, тәртіп бұзады. Мұның барлығы
олардың оқу іс-әрекетіне нұқсан келтіреді, әрі өзге оқушыларға
кедергі жасайды. Мұндай балалар
өзіне-өзі жоғары баға бере отырып, сын-ескертпелерге
ренжиді, сабақ
қызықсыз, ал
мұғалім - жаман нмесе қатал деп кінә тағады.
Балалардың
мектепте оқуға бейімделуіндегі тұлғалық
дайындығын анықтаудың белгілі бір тәсілдері бар. Мысалы,
баланың танымдық немесе ойын мотивінің қайсысы
үстем екендігін іс-әрекетті таңдауы арқылы
анықтауға болады,
яғни ол іс-әрекеттер мыналар - ертегі тыңдау немесе
ойыншықпен ойындар. Мысалы, бөлмедегі ойыншықты бір минут
ішінде көріп қарастырған балаға ертегі оқып
бастайды және ең қызық жерінде оқуды тоқтатады. Психолог балалардан былай деп сұрайды: ертегі тыңдағың келе ме
немесе ойыншық ойнағың келе ме? Мектепте оқуға
бейімделуде тұлғалық дайындығы бар бала ертегіде не болатынын
білуге ұмтылып, соны
қалайды. Ал, оқуға дайындығы жоқ
балаларды ойын қаттырақ қызықтыратын болады. Ал мектепте
оқуға бейімділіктің интеллектуалды яғни ақыл-ой
жағынан дайын болуыд ойлау процестерінің дамуымен байланысты
қарастырады. Яғни
балалардың объектілерді жалпылай алу,
салыстыра алу, мәнді
сипаттарын жинақтай алу,
тәуелділікті анықтай алу,
және қорытынды жасай білулерінен көрінеді. Мектепте
оқуға бейімделуде инттеллектуалды дайындықсыздық
оқушының мұғалімді түсіне алмауынан, әрі оның талаптарын орындай
алмаудан көрінеді. Міне, осыдан төмен және нашар
бағалар орын алады.
Бастауыш
мектеп оқушысының жемісті,
нәтижелі оқуына оның жаңа мектеп
өміріне,
сабақтарға,
«жауапты» тапсырмаларға ұмтылысы үлкен себеп
болады. Егер де бала өзі
қаламаса, оны бір нәрсеге
үйрету қиындық келтіреді.
Оқуды қалау ниеті бала бойында ересектердің
ықпалымен пайда болады, әрі
бұл бала өмірінде жаңа кезең, есею кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің дамуына әрі өзге
балалардың қарым-қатынасы,
олармен теңесу ниеті де әсер етеді. Нәтижесінде, бала бойында оқушының ішкі
бағдар-тұрқы қалыптасады. Алғашқыда балаларды мектеп өмірінің
сыртқы атрибутикасы - яғни,
түрлі-түсті сумкалар,
әдемі қораптар,
ручка, қалам тағы
басқа қызықтырады.
Балада жаңа әсер алуға, жаңа жағдайға,
жаңа достармен кездесуге қажетсіну қажеттілігі пайда
болады. Содан кейін барып, оқығысы келу ниеті пайда
болады, жаңа бір нәрсені
білгісі келеді (әрине жақсы бағалар) және
айналадағылардан мақтау
күтеді.
Баланың ересек
болғысы келу, мектеп
оқушысы болғысы келуге ұмтылуы оның мектептегі
міндеттерге жауапты қарым-қатынасын дамытады: бала енді оған қызықты
ғана тапсырмаларды орындап қана қоймай, әрі кез-келген оқу жұмысын
орындайтын болады.
Баланың
мектепте оқуға бейімділігін арттыруда оның
мұғалімге,
құрбыларына,
өзіне деген қарым-қатынасының алатын орны
зор. М.И. Лисинаның пікірінше,
ересектер бала үшін үлкен бедел көзіне айналуы тиіс .
Әдебиет:
1.
Абрамова Г.С., Данилова Н.Н.
Возрастная психология. -М, 1997, 245б
2.
Библер В.С., Арсеньев А.С., Кедров Б.М. Анализ развивающегося понятия. -М,
Наука, 1967, 118 б.
3.
Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. -Алматы, 1959,
120б.
4.
Ушинский К.Д. Детство. Собрание сочинений. -М, 1950, 25б.
5.
Блонский П.П. Психология младшего
школьника. -М, Воронеж,
1997, 165б.
6.
Выготский Л.С. Вопросы детской
психологии. СПб, 1997,213б.
7.
Костромина С.Н. Популярная психология для родителей. - М, 1997, 245б.
8.
Захаров А.И. Что снится детям, -М,
1997, 145б.
9.
Козырева Е.А. Программа
психологического сопровождения школьников,
их учителей и родителей с 1 по 11 класс. -М, 1997, 36б.
10.Корсакова Н.К. Неуспевающие дети: нейропсихологическая диагностика трудностей в обучении младших
школьников. -М, 1997, 312б.