Оморов Т.М., Үсенова С.М., Бисенбаева А.О.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ. Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінде
егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Әлемдік
заңдылық нормасы тұрғысынан келгенде кемелденген
мемлекетке қажетті барлық құқық
қолымызға тиді. Төл
мәдениетінен нәр алған, әлемдік мәдениеттен
сусындаған тұлға ғана қоғамның
тұтқасы бола алады. Олай
болса жас ұрпаққа салт-дәстүрді қолдану
арқылы ұлттық тәрбие беру мен ұлтжанды
тұлға қаыптастыру отбасынан бастап, үздіксіз
әлеуметтік орта, қоғам, білім беру жүйесі арқылы
жүзеге асатынын нақтылайды. Сол арқылы ұлттық
рух, отансүйгіштік, ұлтжандылық, адамгершілік
қасиеттерді дамыту болып табылады. Білім
беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен
қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамның
қазіргі даму кезеңінде білім беру ұйымдарының
оқу-тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке
тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асырып,
этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға
мүмкіндік беріп, халықтың рухани мәдениетін зерде мен
ой елегінен өткізіп, оны қазіргі заман құндылықтарымен
байланыстыра білуге машықтандырады. Ол ұлттық салт–
дәстүрлерді (бала тәрбиесіне байланысты салт –
дәстүрлер, тұрмыстық салт – дәстүрлер
және әлеуметтік салт – дәстүрлер)
оқу-тәрбие процесімен
байланыстыра жоспарлау. Танымдық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы
қоршаған ортаға әсемдік пен сұлулық
енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру
жүйесі арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім
беру – түрлері өнерге баулу, олардың қыры мен сырын
игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам
өміріндегі атқаратын қызыметін толық мәнде танып
білудің барысын қамтиды. Соған байланысты, көркемдік
білім берудің жан-жақты формалары, түрлері,
әдіс-тәсілдері жас ұрпақты танымдыққа
баулудың негізгі дамыту құралы болуы тиіс.
Адам психикасының дамуында
іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, сананың
күрделене түсуіне ықпал жасайды. Белсенділік - оқытуда заттар мен
құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін,
сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп,
қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға
баулитын дидактикалық үрдіс. Оның танымдық ізденісі мен әдістеме
жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер
пайдалана білуді талап етеді. Ол адам
әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да
өзіне тән мотивтері болады.
«... Баланың танымдық
процестерін дамыту психология ғылымының маңызды және
өзекті мәселесі...» - деген
көзқарастарды Л.С. Выготский, В.В.Давыдов, В.А.Крутецкий, Я.А.
Пономарев. С.Л. Рубинштейн. Д.Б.Эльконин т.б. болды. Танымдық процестер жаңа материалдарды
меңгерудің мәнді алғы шарты және
танымдыққа өтуде алынған білім мен өзіндік
дамудан өтетінін дәлелдеген.
Бастауыш
жастағы балалардың танымдық
қабілеті әр баланың табиғатында
болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға
оның бойында жасырын
жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің
басшылығымен
орындаған
танымдық жұмысының нәтижесінде өзінің
ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Баланың
мінез-құлқындағы қабілеті мен
талантын дамытуды неғұрлым ертерек
бастасақ,
соғұрлым
оның қабілеті толық
ашылуы мүмкін. Сондықтан жасырын қабілеттің дамуына
түрткі бола білу
керек.
Бастауыш сынып оқушысының іс-әрекетіне үнемі
дұрыс басшылық етіп отыру – ой өрісінің, өмір
тәжірибесінің жан – жақты қалыптасуына байланысты
жүргізілетін жұмыстарының басты бөлігі. Түзету
– дамыту жұмыстарының мазмұнын жоспарлау барысында жалпы жас
кезеңінің қажеттіліктері, құндылықтары
және ерекшеліктері жайлы ескеру ғана емес, сонымен қатар
оқушылар тиесілі болып отырған әлеуметтік және
мәдени ортаның ерекшеліктері және де әр баланың
жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері жайлы білімдерге сүйене
отырып, қызмет атқару өте маңызды.
Соңындағы манызды сәтінің бірі: жүргізілетін
түзету – дамыту жұмыстарында әдістердің қолдану
ерекшеліктеріне қарай кезектестігі мен реттік тәртібін сақтау
кезеңі болып табылады.
Мұғалім оқушылардың
практикалық қабілетін дамытып отыруды да ұмытпауы керек.
Бұл үшін ол оқушыларға қоғамдық
тапсырма береді, оның орындалу сапасын тексереді, сондай-ақ
баланың ыждағаттылығын, ұқыптылығын
қадағалап, оның қабілетінің дами түсуіне
бағыт көрсетіп отырады. Баланың практикалық
қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық
ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс,
диспут, ән – күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып
табылады. Тапсырманы қалай орындауды
және пәндер
сабағына тәуелділігі әртүрлі болады.
Оқу әрекетін тексеру
кезеңі осыған мән
берудің үлкен маңызы бар. Күнделікті кейбір
балалардың, нашар оқушылардың тапсырманы
орындап біттім деген
соң соның нәтижесін тексермей
сабаққа бірден келуінен оқушының сәтсіздігі кішкентай кезден бастап
мән бермеуінен
кездеседі. Ал мұнымен күресіп, бала
тапсырманы орындаған соң, қаншалықты дұрыс
екенін оны тексерсе, соны балаға
үйретсе,
балалардың бәрі қатесіз оқиды. Себебі балалар
тапсырманы қате орындағанын үйінде отырып білсе,
уақытын бос өткізбей, сол қатені жоюға
әрекет жасаған болар
еді.
Ауыз әдебиеті
жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, жылдам қабылдауды,
зейінділікті, санамақтар арқылы сан үйретуді, есте
сақтауды, жұмбақтар арқылы ойды дамытуды, мазақтамалар
арқылы намыс оятуды, мақал-мәтелдер арқылы
адамгершілікке баулуды, терең ұғынуды, тұрмыс-салт жырлары арқылы
дүние танымды, еңбекке баулуды, терме-жырлар арқылы бірлікке,
достыққа тәрбиелеуді, үйлесімді
қарым-қатынасқа бағыттауды, айтыс өнері арқылы
өнерге тәрбиелеуді, танымдық қабілетін, ойлау
ұшқырлығын дамытуды, ойын
арқылы дене тәрбиесін беріп, әсемдікке
қызықтыруды, өтірік өлеңдер мен ертегілер
арқылы баланың қиялын, танымдық қабілетін
дамытуды, аңыз әңгімелер арқылы болашаққа
сенуді, алдына мақсаты қоя білуге, өткеннен
үлгі-өнеге алуды үйретеді.
Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетінің басты
ерекшелігі – оның ұжымдық сипатта болатындығы.
әрине, 8-9 жастағы балалардың іс-әрекеті әліде
тұрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық
қарым-қатынас жасауға әлі де жөнді
дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы
екі – үш баладан аспайды. Ал ұлттық ойындар арқылы
баланың қабілеттері жақсы жетіледі.
Балаға берілген білімнің жүйелі
болуы үшін сабақты қорытындылағанда дұрыс талдау
қажет.
Қазақ тілі.
Қазақ тілі сабағында
“Сөйлемдегі сөздердің байланысы” тақырыбын
қорытындылағанда “Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыру” немесе “Сөз - әр
адымға” әдістемелік
жаттығулары пайдаланылды.
“Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыру” бірінші әдістемелік жаттығу
бойынша айтылған ойды сөйлемдегі сөздердің орнын
ауыстырып жеткізу керек. Мысалы, мұғалім мынадай сөйлем
айтады:
“Құлыншақтың шабысы
балаларды таң қалдырды”.
а). “Балаларды таң қалдырғаны
құлыншақтың шабысы болды”.
ә). “Балаларды
құлыншақтың шабысы таң қалдырды”.
б). “Шабысы құлыншақтың
балаларды таң қалдырды”.
Бұл жаттығуды орындау кезінде
балалардың тез ойлауын, қиялының ұшқырлығын
дамытамыз. Балалар зейіні бірнешеге бөлінеді, біріншіден, олар
сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырады, екіншіден, жауабы
дайын құрбысының ойын тыңдайды, үшіншіден,
құрастырған ойын жүйелеп тыңдаушыға
жеткізеді.
Ал есеп ойындары
тапқырлықты, шындап ойлануды қажет ететін және
мазмұны мен шешуі негізінен тұрмыс – тіршіліктің, мал
шаруашылығы мен аңшылыққа байланысты ойын түрі
болып есептеледі. Ұлттық ойындарды балаларға санау
қабілетін арттыру мақсатында қолдану тиімді. Ол үшін
осы жастағы балаларда аз, көп деген ұғымдарды
үйрету мен санауға жаттықтыруда «Санамақ» ойыны қызығушылық тудырды.
Бұл ойын алғашқы ондықты оқып-үйрену
кезеңінде толық мүмкіншілік береді.
Мақсаты: Есте сақтау, ойлау
қабілетін және тілін дамыту. Әріптерді дұрыс
байланыстыруға машықтау.
Бір дегенім білеу; Екі дегенім егеу;
Үш дегенім үскі; Төрт дегенім төсек;
Бес дегенім бесік; Алты дегенім асық;
Жеті дегенім желке; Сегіз дегенім серке;
Тоғыз дегенім торқа; Он дегенім оймақ.
Балалардың ойлау
қабілетін дамыту мақсатымен «Кім жылдам» ойыны
ұйымдастырылды. Ол үшін шеңбер сызылады да, ол тең
бөліктерге бөлініп, әрбір бөлікке бір-бірден жеміс
суреттері қойылады. Балалар сол жемістердің атын атап беруі
қажет. Екі топқа бөлініп жалғастырылды.
Ауыз
әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда,
мақалдың өзіне тән ерекшеліктері мен
өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан
алғанда, мақал үлкен толғау, образ арқылы берілген
логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде,
тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық жағдайларда
кездесетін әртүрлі құбылыстарға, тарихи
мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға,
тұжырымды түйін есебінде қолданылады. Халқымыздың
тәлім-тәрбиесін халық мақал-мәтелдерімен
байланыстырып сабақтарды өтуде бастауыш сынып
оқушыларының сабаққа ынтасы артып, түсініктері
молайып, еңбек ету қабілеттері дами түседі.
Сол сияқты
білімнің адам өмірі болашағы үшін
маңыздылығын, жақсы қасиеттерді марапаттау,
адамгершілікке баулыр ерекшеліктерін, ата-ана мен бала арасындағы
сүйіспеншілік маңызын ашатын мақал-мәтелдерді
жатқа айтқызу, топтық сөз жарыстарын ұйымдастыру,
мазмұнын қара сөзбен өрбіту арқылы өзіндік
пікірлерін айтқызу секілді әдістерімен дүниетанымын
кеңейту мен меңгерту оқушылардың ұяттық
сана-сезімін оятары сөзсіз.
Мектеп
оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.
Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде
қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани
өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін
тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу
пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық
пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын
қалыптастырып, дамытады. Адам әрекетінің барлығы бір
мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып
отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде
болсын адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже
шығаруға ұмтылады. Осындай мақсаттардың бірінде
адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс -
әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші
орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке
даралығы – дарындылығы.Сондықтан баланың
қабілетін көре білу, оның дамып қалыптасуына
ықпал ету қазіргі
таңда өзекті тақырыптардың бірі.
Қорытындылай келе, танымдық
белсенділіктің адам өмірінде алатын орнын, әр түрлі іс
- әрекеттерге қабілеттерінің маңыздылығы,
соның ішінде баланың танымдық іс әрекетін, қабілетін
дамытуға ықпал етуші
тұлғалардың
еңбектерінің ерекшелігі анықталды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға
кіріспе. – А.: Қазақ университеті, 2007.
2.
Тоқсанбаева Н.Қ. Танымдық іс-әрекетке кіріспе. - А.:
Қазақ университеті, 2007
3. Бегалиев Т. Этностық құндылықтардың
қазіргі кездегі маңыздылығы – Этнопедагогика. - 2001. № 9 -
3-6 б.
4. Малайсарин Ж. Қазақтың,
мақал – мәтелдері. А. 2006.