Р.Қисықов
№25
Ақтөбе тірек мектебі, Жуалы ауданы,Қазақстан
«СЫМАЙЫЛ» АҢЫЗЫ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ИМАНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН
ДАМЫТУ
Кез келген
халық өзінің ұрпағын білікті және парасатты,
білімді және мәдениетті болуын қалайды. Қай
халықта болмасын өзінің салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптарына тән сан ғасырлар бойы
жинақтаған мол тәжірибелері бар. Ол ұрпақтан
ұрпаққа халыктық педагогика арқылы беріліп
отырады. Халық педагогикасы әлемдегі барлық халықтарда
бар. Олардың әрқайсысында жалпы адамдық және
ұлттық ерекшелік толық сақталған. Сондықтан
да еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қолы жеткен күннен
бастап, барлық тәлім-тәрбие жүйесі халық
педагогикасына негізделіп жүргізіле бастады.
Халықтық педагогика сол ұлттың рухани тәрбиесінің бір
бөлігі, ақыл-ойдың асыл қойімасы. Ал рухани
тәрбие - ол имандылық.
Жас
ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі тұлға
болып қалыптастыру әр мемлекеттің байлығы,
әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің
кепілі мен сол елдің мақтанышы. Ал мұндай тәрбие
отбасынан, мектепке дейінгі білім беру мекемесінен және баланың
негізгі білімі мен тәрбиесін қалыптастыратын мектеп
қабырғасында беріледі. Мектеп қабырғасында
тәрбиеленген жас ұрпақ тәрбиелі, білімді,
мәдениеті және дене тәрбиесі мықты болуы шарт. Тәрбиелілік - иман жүзді, адамгершілікті,
өзін өзгенің орнына қойып түсіне білуі.
Имандылыққа тәрбиелеу деп жеке бөліп алу сырт
көзбен қарағанда оғаш екені рас. Тек намазға,
оразаға, т.б. діни уағыз сияқты афанатизмге
бағышталғандай. Ал шындығына жүгінетін болсақ осы
имандылықтың ішіне адамгершілік, еңбек эстетикалық
тәрбие денсаулық, ұлттық әдеп-ғұрып барлығы
еніп жатыр. Имандылықты адамгершілік тәрбиесіне енгізуге болмайды,
адамгершілік имандылықтың бір бөлігі. Х-ХІ
ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі
шығыс елдеріне мәшқұр болған данышпан-ойшыл
энциклопедист-ғалымы белгілі қоғам қайраткері
Жүсіп Баласағұн "Құтты білік"
дастанында имандылыққа ерекше мән беріп, зор шабытпен
жазылған аса маңызды мәселелердің бірі адамдардың
бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйласуы болып
табылады. Ол жастардың қарттарға, қариялардың
жастарға, әкімдердің, өнімдердің өз
қол астындағы қызметшілеріне, жолшылардың өз
қожаларына, балалардың өз әке-шешелеріне,
ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі
қандай болу керек сауалға жауап берілген. Сонымен қатар,
әль-Фараби өзінің "Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары" атты еңбегінде
бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық
мәселелерді қарастырған. Ғалым бұл
шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы
теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала әкімдеріне
қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның
бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып,
бірігіп тіршілік ету керектігі. т.б мәселелер жайындағы өз
пікірін ортаға салады.
5-сынып
оқушыларымен «Сымайыл»тақырыбында
ұйымдастырылған сабақтың мақсаты мен күтілетін
нәтиже оқушыларға
оқулықтағы материалды игерте отырып, өзіндік ой
түюге дағдыландыру, оқушыларды
жанашырлыққа, адамгершілікке, имандылыққа баулу,
қатігездіктен жирендіру, топтық жұмыс жасау, өз ойларын
дәлелдеп мен пікірлесу дағдыларын арттыру.
Сын
тұрғысынан ойлау элементтері енгізілген сабақта: топтастыру,
сұрақ-жауап, диалог, Джигсо, «Үшбұрыш», «Сиқырлы
таяқша», әңгімелеу, түсіндіру, өзін-өзі
бағалау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Сабақтың
көрнекілігі: флипчарттар
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих
Өткен сабақты
қайталау мен тексеруді ұйымдастыру жұмысынан кейін жаңа
тақырыпты игерту жоспары жүзеге асырылды. Оқушыларға «Сымайыл» аңызы
түсіндірілді. Ол: «Ибрахим
әйелі Сараны және
күңі Ажарды алып
Палестинаға келді.
Ибрахимнің әйелі Сара
бала көтермеген еді. Сондықтан Сара
өзінің адал күңі Ажарды некесіне алуды
еріне ақыл етіп айтты. Ибрахим әйелінің
ақылын алды. Арада көп
өтпей Ажар ұл
туды. Оған Сымайыл деп
ат қойды. Бала өте зерек ақылды болып ер жетті. Ибрахим бұған қатты қуанды.
Бірақ Сараның өзегі
қызғаныштан
өртенді. Бір күні
Сара күйеуінен
Сымайылды шешесімен бірге
алыс жерге апарып
тастауды өтінді...
Ибрахим әйелінің талабын
құптады. Ибрахим ана
мен бала екеуін құла далаға апарып тастайды. Әйелінің жылағанына да қарамастан:
- Бұл Алланың әмірі
оған сөзсіз бойқсынуымыз керек деді ол...
- Алла бізді
әсте қараусыз қалдырып қоймайды, - деді
Ажар ақырында.
Ибрахим ботадай боздап келеді. Алайда ол Пайғамбар
ретінде мұндай айырылысу
азабына шыдамақ керек. Ол:
«ана мен бала екеуіне
жар бола гөр!», - деп Аллаға жалынды.»
Келесі
кезекте төмендегі жұмыстар жүргізілді:
- әр
топтан ерік білдірген оқушыларға түсінгендерін айтқызу,
кейіпкерлерін тақтаға жазғызу;
- флипчарттармен жұмыс жасатып, постер
қорғатқызу;
- басқа топтардың
сұрақтарына жауап бергізу (1сұрақтан);
- мадақтау (шартты фигуралар беріп отыру
арқылы);
2. Сергіту
сәті. «Мүсін»
3.
«Үшбұрыш» әдісі: «Ибраhим – Сара – Ажар»
Оқушыларға
«Сымайыл» аңызы түсіндіріліп, жаңа сабақты
қорытындылап, бекіту келесідей ұйымдастырылды:
-
«Сиқырлы
таяқша» әдісі арқылы Сымайылды сөйлету (әр топтан
1 оқушы)
Сұрақ-жауап:
- Сымайыл
өмірге қалай келді?
- Сараның
қызғаныш
сезімін айт.
- Ибраһимнің Сара
өтінішін Алла
өміріндей орындауы не
себепті?
- Ажар ананың зарын
әңгімеле.
- Алланың шексіз мейірімі
туралы ойлан.
Тәлім-тәрбиенің
бүгінгі көрінісі өз халқының өйткені мен
бүгініне дұрыс байланыс арқылы іске асады. Соңғы
жылдардағы тарихи өзгерістері есепке ала отырып, бұл
күндері бүкіл ел болып өткендегі адамдық қасиетті құрайтын барлық
жарқын, өшпейтін озық
дәстүр-салтымызға, әдет
ғұрпымызға, кәде-сыйымызға, жол-жоралғымызға
іздеу салып, ең қажеттерін ғасырлар қойнауынан аршып
ала бастадық. Қазақ
дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату ойнату,
тәрбиелеу үстінде оның алдына неше алуан тілек-мақсат
қою өлеңмен, жырмен, әнмен, көркемсөз
айшықтарымен айтылған ауыз әдебиетінің дәстүрлі
түрлерімен отбасында сәбилік шақтан таныс бола бастайды.
Бесік жыры мен қатар хайуанаттар жан-жануарлар айтысы, ертегілер,
жұмбақтар, жаңылтпаш сөздер,
мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер – бәріде
баланы қызықтырып, оны қуынышқа бөлейді.
Сөз өнерінің әдемі өрнектері олардың
сөздік қорын байытып бірден-бір мағыналы да мәнді
сөйлеуге жаттықтыра береді.
Оқушылармен салт-дәстүр, әдеп-ғұрып туралы
ұлттық аңыз-әңгімелерді және т.б. туындыларды
өткенде халықтык педагогиканы шебер пайдалану маңызды. Сол
арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу үшін: Ата-ана, үлкендер алдындағы борыш
халық даналығы туралы мақал-мәтелдер, аңыз
әңгімелер, кейбір деректі оқиғалар т.б. қосымша
материалдар ана, әке туралы ән, жырлар арқылы оқушы
санасына жеткізіледі. «Сымайыл» аңызының негізгі мақсаты да
осы қасиеттерді бала бойына сіңдіру болып табылады.
1.
Оразбекова Қ. Иман және инабат.- Алматы, 1993
2.
Жарықаев Қ., Табылдиев
Ә. Әлем және жантану. – Алматы, 1994
3.
Маджанов Қ.Л.
Имандылық сабақтар. – Шымкент, 1998