Сәлімбаева
Ш.О., Дүйсенова С.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ЖАС МАМАННЫҢ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ- БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ
ҚАЖЕТТІ ФАКТОРЫ
Қоғамда
болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге
сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік
даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен
қаруландыруды және үлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді
көздейді.
Егеменді
еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер,
жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық
деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан
азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп
— қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік
практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа
әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің
қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің
сан – салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға
бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркылы
баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің
алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп. Бастауыш саты — білім,
дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып
табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы
мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта
қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері,
оның адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі
тәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының
рухани күш – куаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық
қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш
мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның
алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін
нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға
дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып
табылады.
Ендеше,
осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға —
Ұстаз. Тек мықты үстаз ғана осындай
ауъір жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін
көтеріп, аса жоғары кастерлеп, бағалаған.
«Ұстаздық еткен жалыкпас, Үйретуден балаға»,
«Адамның адамшылығы жаксы ұстаздан болады», деп айтқан
ұлы Абай.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының
өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген
ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту
әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім
берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті
қанағаттандырудың арасындағы қарама
–қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп
соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің
әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың
біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың
кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру
қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға
қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет
және ол қоғамның қандай қажетін өтей
алады» деген сұраққа жауап береді.
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру –
бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің
бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды
дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту
арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан
туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп
қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің
нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған
білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен
маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның
жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім
беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау,
нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген
білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.
Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім
берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару
жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби
біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал
мұғалімдерден негізгі кәсіби
құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі
- белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі
мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің
ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің
оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония,
Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі
мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру,
яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы
емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды.
Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында
жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді
шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар,
дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы,
деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму,
оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми
тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп
жүзеге асырушы мұғалім.