Танатарова Г.Д.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
МҰҒАЛІМНІҢ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ
Қазіргі замандағы
мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті ол
ізгілендіру бағытындағы жеке-дара және күрделі әлеуметтік
жүйе.
Мұғалімнің
қарым-қатынас мәдениеті - бұл оның кәсіби
қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық
іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы
көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет,
сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас
мәдениеті, педагогтың коммуникативтік
қарым-қатынасының нәтижесі т.б.
Педагогтің мәдени
қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және
сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға
деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет
атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі,
оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай
алуы.
Кәсіби компоненті:таңдаған
мамандығына деген тұрақты қызығушылығы,
оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс
қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін
жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базынаның болуы.
Психологиялық компоненты:
педагогикалық ойлау, қиялдау, бақылау, ерік-жігер,
сабақ берудегі қызығушылығы, шығармашылығы,
уайымдау қабілеті, оқушының жеке тұлғасына қатысты
іс-әрекеттің нақтылығы.
Сынып жетекшісінің атқаратын
қарым-қатынас қызметі:
• оқушылар арасында өзара
қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға
үйренуге, қатарларының арасындаөзін
қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• "оқушы-оқушы,
оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара
қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған
ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға
қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Педагогтің қарым-қатынас
мәдениетін дамытуға педагогикалық тренинг,
әлеуметтік-психологиялық тренинг (танымдық,
эмоционалдық, кәсіби бағытта жүзеге асады),
интерактивті семинар, коммуникативті түзету әдістемесі,
коммуникативті шығармашылық және коммуникативті философия
әсер етеді.
Педагог қарым-қатынас
мәдениетін дамыта отырып өзіне не алады? Білімділікті,
ұсталықты, берекелілікті, жауапкершілікті және іскер
сапаларын яғни, кәсіби білімін жетілдіре алады.
Қазіргі заман талабына сай педагог
оқыту –тәрбиелеу барысында коммуникативті мәдениетті
іс-әрекет арқылы ғана адами құндылықтарды
дамыта отырып жеке тұлғаның бойына сіңіруі қажет.
Сонда ғана жеке тұлға мына өзгермелі, өркениетті
заман талабына төтеп бере алады.Қазіргі жеделдету, демокрияландыру
жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің
бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім
мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру.
Ғылыммен қаруланған, әр
нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ
арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады
"( Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын
кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі
талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик
бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу
қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі
жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой
мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде
тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты,
өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр.
Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың
өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды
өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз
ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін:
өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация
мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби
мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы
мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті,
мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін
меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге,
әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала
алуы тиіс.
Педагог әрқашанда өзін
қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын,
адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа
тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар,
өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен
тәжірибесі тоғысқан, өзінің
қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз
елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға
үлгі болуы керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
"Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан
ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын.
Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің
терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық,
педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси
экономикалық білімділік және ақпараттық
сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде
жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен
жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың
жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана
білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты
саналады деп ойлаймын.