Есбергенова
С.Н., Умбетей М.
Жамбыл атындағы
шағын жинақталған орта мектеп оқушысы,
Қазақстан
БАЛАЛАРДЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық,
өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға
көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке
дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді
және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине
баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының
даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның
оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру
қажет. Яғни, бұл баланың
мотивациялық-қажеттілік және психикалық
үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста
қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл
қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап
оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы
ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан
да балалар оқу ісіне машықтануға,
қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылу
қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін,
дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.Мектепке
дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық
жағынан және физиологиялық жағынан да қиын
кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады,
әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының
жаңа әлеуметтік рөлін меңгере
бастайды.Бүгінгі күнгі баланың мектепке
дайындығын анықтауда оның
психологиялық және физиологиялық
дамуы басты назарда болып отыр.
Баланы оқуға дайындауда
үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн.
Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы
ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды
роль атқарады.М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала
мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған
болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың
сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала
жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу
әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен,
қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы
керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан
құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып
қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын
және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға
икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза
алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут
сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте
сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын
меңгеруде әрбір жетістігін мақтап «Сенің
қолыңнан келеді,біз көмектесеміз», «Сен істей аласың»
деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені
қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін
тигізеді.
Бала жазу жазуда қарындашты немесе
қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді
ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда
сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді
оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса
мән беріңіз және «Мына суретте не бейнеленген?
Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр?» деген сұрақтарды
қою арқылы кітапқа қызығушылығын
арттыруға болады. Ата-ана
баласын санауға үйретуде «Үстелде неше кесе? Суретте неше
доп? Киімде неше түйме?», - деген сұрақтар қойып баланы
санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың
оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты
қабылдай алуы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, бала
мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай
дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың
үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы
мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын
талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу
үшін өзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері
мен ойлануы жеткілікті даму деңгейіне көтерілуі тиіс. Кез-келген
ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп
тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен
қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани
және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан
жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім
баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді.
Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде
баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық
өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет
екендігі түсіндірілуі керек.
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп
қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл
үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың,
мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс
істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес
дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір
сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни,
баланың мектеп өміріне еніп және өзінің
әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан
көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижені
игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл
баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және
ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады.
Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін
жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті
мәселелердің бірі болып қала бермек.
Әдебиет:
1. Нижегородцева Н.В.Шадриков
В.Д. Оқушының оқуға
психологиялық-педагогикалық дайындығы. – М.:
Гуманит ВЛАДОС орталығы, 2001
2. Мектеп оқушысының
белсенді шығармашылығын дамыту. А.М.Матюшкинаның
редакциялық басшылығымен; - М.: Педагогика, 1991
3. Коломинский Я.Л., Панько
Е.А Алты жасар балалардың психологиясы
туралы мұғалімге көмек М.: Просвещение,
1988.