Оморов Т.М., Бисенбаева А.О.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУ

 

Қазіргі таңда жан- жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы міндет. Белгілі ғалым Ахмет Махметұлы Жүйнекидің пікірінше, бала туғаннан кіршіксіз таза. Ал осы мөлдірліктің әрі қарай бүлінбей сақталуыайналаның ықпалымен байланысты. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, салт- дәстүрін, тілін, білімін, мәдениетін, адами қасиеттерін, ұлттық құндылықтарды терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Балалардың қарапайым білім негіздерін неғұрлым терең меңгеру үшін, олардың ой- өрісін, білім- дағды деңгейін кеңейту, сана- сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білуге деген қызығушылықтарын арттыру, өздігінен еңбектену болып табылады. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуына мән береді.

Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлері, сондай-ақ оқушыларда қалыптасатын танымдық дербеіктің бөліктері ескерілді. Сонымен қатар психологтердің, дидакт ғалымдарының және әдіскерлерінің ілгері еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамдық бөлігі ретінде нақты негізделген. 

Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігі ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-әрекет жандандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты сабақ жүргіздің ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады (П.Пидкаеистыи, А. әбілқасымова және басқалары

Біздің зерттеудің нәтижесі қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылырдың білім, білік және дағдыларында кездесетін негізгі кемшіліктер мектептердегі білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктерінің төмендегінен деген қорытынды жасап отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық тұрғыдан алғанда оқу үрдісін дамытатын кез келген мәселені шешу арнайы ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен түсіндіріледі. Ендеше жоғары сынып оқушылары мен төменгі курс студенттерінде танымдық белсенділікті қалыптастыру біз тағайындаған психологиялық-педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттың бірі-сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармышылық тапсырмалар беру , ойындар және т.б.) пайдалану. Екіншісі – Ұлттық ойындарды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдалана білу. 

Ұлттық ойындарды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен тұлғалық қатынасын(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт - дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілікғ қонақжайлық, мейірімділік, т. б сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым - қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт - дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс - тәсілдер құралы сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде ұрпақтан - ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл - ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар», «Асық», «Сиқырлы қоржын»т. б. балалардың танымдық белсенділігін, еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін арттырады.