Зергерлік әшекейлердің киімдегі
атқаратын ролі.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, «ЖӨБТК және
дизайн» кафедрасы,
Тараз қаласы.
Аға оқытушы, магистр – Иманбекова Калдыбике
Көбейевна
Аға оқытушы, магистр –Смагулова Гулнара
Спанбаевна
Өзгеріп
жатқан сәндік ағындар зергерлік әшекейге де
әсерін тигізбей қоймайды. Зергерлік жұмыс – адам
баласының көркемдік
көп қырлы ісінің бір көрінісі, халық
өнерінің бір түрі болып табылады. Көптеген зергерлік
бұйымдар материалдық байлық болып табылады және
жоғарғы өнердің
шығармасы ретінде жалғасады. Қазіргі заманның
талабына сай зергерлік әшекейлер – бұл сәндік
ағынның бөлінбейтін бөлігі және ол
өзінің ережесін талаб етеді. Бұл әшекейлер тек
қана мерекелік киімдер үшін емес, күнделікті киімдерді де
толықтыру үшін де қолданған жөн. Әшекейлер
сәннің талғамына аса ерекшелікпен қарағанды
қажет етеді. Барлық кезеңде зергерлік әшекейлерге
тән зор әдемі, естетикалық
мәнді, кең түрде алуан түрлі
тұтынушылардың талғамына тән әдемілікке
бұйымның түрлілігіне ұмтылады. Варъерленген
шығармашылық ойларды ұсынатын зергер, сәннің
демократиялығы жоғары көркемдік бұйымдардың
пішіндері мен түрлерін жасаудың мүмкіндіктерін
қамтамасыз етеді. Түрлі әшекей бұйымдардың
фурнитурасын біріктіре отырып тек киімдер, костюмдерді ғана емес, сонымен
қатар бас киімдер, қолғаптар, белдіктер, сөмкелер,
аяқ киімдерді де уақыт пен маусымға қарамай
толықтырып отырады. Зергерлік бұйымдар үлкен пішінде немесе
кіші пішінде, әр түрлі түстер мен немесе пішіндер мен
үйлестіре отырып тағуға болады, бірақ бір шартты естен
шығармаған жөн: олар міндетті түрде адамға
жарасып тұру керек. Ол заманауй
әшекей бұйым болса да немесе ұрпақтан ұрпаққа
берілетін отбасылық әшекей бұйымдар болса да. Әшекей
бұйымдардағы бағалық дәреже – бұл
қатысты көрсеткіш. ХХVIII ғасырға дейін зергерлік
бұйымдар киімге қадап, не іліп қоюға ғана
арналды, себебі ол кезеңде адам денесін мүмкіндігінше жабық
ұстауға тырысты. Уақыт өткен сайын, дәуір ауысуына байланысты, жаңа
технология дамуына қарай зергерлік бұйымдардың
қажеттілігі, ролі, әр түрлілігі өзгереді. Әр
кезеңнің әшекей бұйымдар жасауының өз
әуені бар. Осыған байланысты мынадай сұрақтар
туындайды: Не үшін әшекей бұйымдарды тағады, оның
қандай ролі мен әсері бар? Бұл сұраққа
әрбір зергерлік бұйымдар дизайнері жауап бере білу керек. Адамды
әр дәуірде зергерлік бұйымдарды тағуға
мәжбүр еткен, ол - сырттағы әр түрлі жын-сайтандардан сақтану үшін
қорғаныш есебінде пайдаланды. Алғашқы зергерлік
бұйымдар –әр түрлі жағдайлардан қорғайтын
күрделі белгілер құрамы. Осы
күнге дейін зергерлік бұйымдарға қорғаныс
тұмар есебінде қарайды. Кез-келген зергерлік дүкендерден
бағалы тастардың емдік, қорғаныс есебіндегі
қасиеттері туралы ақпараттар алуға болады. Зергерлік
бұйымдар әйел келбетінде үлкен роль атқарады.
Әдемі, әсем зергерлік бұйымдар әйел келбетінің
сұлулығын, әдемілігін ерекше етіп көрсетеді.
Әрбір әйел өзінің киім гардеробында бірімен бірі
жарасымды немесе киімге соңғы нүкте қоятын бірнеше
аксессуарлар болады. Сонымен қатар зергерлік бұйым әлеуметтік
статусты білдіру үшін де қолданылады. Зергерлік әшекейлер
бағалы тастардан және металдардан жасалынатын
болғандықтан бағалы құндылық ретінде
сақталады, қажетті болған кезде сатып жіберуге де болады.
Қазіргі кезде олардың қатарына тарихи антиквариатты
құндылықтар қосылды. XXI ғасырда табиғи
қымбат бриллианттардың иегерлері жылтыраған
әдеміліктерін, табиғи әдемі
жоғарғы сапалы қымбаттылықтарын
өздерінің жоғарғы статусын көрсетуге және
белгілі, аты шыққан бренд ретінде таңқалдырады.
Әшекейді таңдауда қымбат бағалысын алып тағу
міндет емес. Әркім өзінің мүмкіндігіне қарай
алады. Зергерлік бұйымды киімді қажетті жерін толықтырып
тұратын аксессуар есебінде, сол адамның естетикалық
талғамын, жеке мінез құлқын, өмір сүру
ортасын көрсететін есебінде қабылдауға болады.
Литература:
1.
Зябнева О. А. Дизайн ювелирных изделий –
трансформеров. Автореферат. ВАК 17.00.06. М.
2.
Нотаристефано
Л. Визуальные продажи ювелирных украшений. Ювелирная витринистика. Текст.
/Лаура Нотаристефано; пер с англ. Н.Баженова. М. Изд. дом 6 карат, 2009.
3.
Шаталова И.В.
Стили ювелирных украшений Электронный ресурс.
http://www.bibliotekar.ru/3a1velir/ - 27.12.2010.