Магистрант Еркебекова Г.Ж.,

Т.ғ.к., доцент Уалиев Б.М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

         АР ДЕКО СТИЛІНІҢ  ЖАЛПЫ КӨРКЕМДІК  БАРЫСЫН ТАЛДАУ

 

         Ар Деко стилінің түсінігіне мәдениет аумағын кең қамтыйтын көркемөнер дамуының жалпы заңдылықтары, еуропалық тамыры бар немесе еуропалық мәдениетінің терең әсері бар әлемдік елдер мен халықтардың өнерлері жатады. Бұл көріністің пайда болуын 1908- 1912 жылдары Ар Нуво стилінің өтпелі кезеңінде, яғни ыдырауында байқауға болады. Сол кезеңде көптеген ойлар отшашу секілді шашылып, өз беттерінше дамып және түрлі ойлар жүзеге асырыла бастағандықтан, модернизмнің ерте кезеңіне ұласа бастады.  Ал енді Ар Деко стилінің аяқталу кезеңінің шекарасын анықтау шартты түрде айтылады, себебі, бұл стилдің өше бастауы жайлап Екінші Дүние жүзілік соғыстың аяғына дейін жалғасты. Түрлі мемлекеттер мен аумақтардың мәдениеттерін зерттеу мен салыстырудың алғышарттарына жүгінсек, Ар Деко стилі Еуропа, АҚШ және Ресейде пайда болған. Еуропада (Глазго, Вена, Мюнхен, Париж) 1920 жылдары пайда болған бұл көркем көрініс сәулет өнерінде, дизайнда, жарнамада, Құрама Штаттағы кино өнерінде жалғасын тапты. Сонымен қатар Ресейде осындай ұқсастық барысы 1910 жылдардан бастап 1950 жылдарға дейін көрінген [1].

Ар Деко стилі бүгінде отандық ғылымда аз зерттелген шетелдік өнердің бөлімі болып саналады. Алайда жалпы еңбектерде Ар Деко стилі жиі еске түсіріліп жатса да, бұл көркем құбылыс жайлы кәсіби зерттеулер көп емес. Бұл стиль шетелдік сәндік өнер көрмелерінің тізімдемелерінде, энциклопедиялық баспалардағы қысқаша түсініктемелерде, сәулетөнері мен дизайнның арнайы саласына арналған аздаған көлемдегі арнайы ғылыми мақалаларда көрсетіліп, тек  жеткіліксіз мәліметтермен шектелінген. Ал стилдің біздің отандық аналогтары жөніндегі сұрақтары зерттелмеген күйінде.
         Қазіргі таңда шетелдік әдебиеттерде Ар Деко стилі жайлы біршама үлкен тарихнама жиналған, онда стилдің жиналу барысы, көркем материалдардың топтастырылуы, біртіндеп мағыналануы көрсетілген. 

Алайда бұл стиль тек біріңғай еуропалық мәдениеттің көрінісі ғана болмай, әлемдік стилдің құбылысы болды. Ар Нуво және Ар Деко стилдерін жиі шатастырады. Себебі Ар Деко стилі әрдайым өз бетімен құрылған стиль болып саналмайтын. Оның бастауы Ар Нуво стилінен табиғи түрде өзгеріліп шықты. Ар Деконың тұрғын үй кеңістігінің заңдылықтары  модерн стиліндегі үйді орнықтыру ұстанымдарын жалғастырады. Ар Деко стиліндегі интерьердің абстракты пішіндері  конструктивист, кубист, фовисттер мен футуристтердің авангардтық өнерінен алынған.
        
1960-жылдардағы сәулет өнері мен дизайндағы Ар Деко стиліне қызығушылық сәндікке деген көз қарастың өзгеруімен байланысты болды. Қазіргі таңда ғалымдардың Ар Декоға «ғаламдық стилдік ерекше құбылыс» (С.Эскрит айтуы) рөлін бөлгендіктен, оның атауы шарттырақ болды.
        
«Ар Деко» терминінің шығуына сәндік өнер әсер етіп, кейбір жалпы  ішкі түрлерінің стилдік ерекшеліктерін көрсету үшін берілген. Сонымен қатар  дәстүрлік және жаңа өнердің түрлерінде (жарнамада, өнеркәсіп дизайнында, кинематографта), кейінірек сәулет өнерінде сәл ұқсас бағыттарын байқаған кезде, Ар Деконың қиын да көпқырлы жалпы стилдік көрінісіне сәйкес келмейтіні айқын көрінсе де бұл терминді кең қолдана бастады. Қазіргі таңда ғалымдардың Ар Декоға «ғаламдық стилдік ерекше құбылыс» (С.Эскрит айтуы) рөлін бөлгендіктен, оның атауы шарттырақ болды [2].
         Поп-арт және оның дизайнда пайда болуы, кейінірек постмодернизм деп аталған стиль сияқты, Ар Деко стилі де сәндіктің заманауи үрдісінің бөлігі болып табылды. Постмодернизмнің ұсынушылары өнер мамандары мен білімпаздарының арасындағы келісімнің керектігін толықтай түсініп, бір жағынан кең көрерменге (тұтынушыға) арналған өнер, екінші жағынан хабары бар және хабары жоқтарға арналған шартты белгіленген (өнер тарихында алғаш рет саналы түрде) түрлі қатардағы мағыналы көркемдік жүйелерді жасады. Постмодернизмнің атаулы негіздемелері  мен пішін құрылуының негіздері де Ар Деко стилінде кездеседі.
        
Ар Деко стилі бірінші қайта өрлеуін өткізіп жатқан жоқ. Яғни, «еуропалық астаналарының соңғы сәнді стилі» қайтадан сәнде. Өз уақытында осы стиль халыққа керемет заттарға толы әдемі және қамсыз өмірдің елесін сыйлаған. Мүмкін сол себептерден де Ар Деко стилі әлі күнге дейін сәннен орын алады.
        
Авангард – конструктивизм-историцизм  Ар Деко дамуының үш фазасын білдіреді. Көрсетіліп кеткен барлық ерекшеліктер осы көркем құбылысты стиль ретінде мінездемелеуге негіз береді. Авангардтың жаңашылдығын қабылдау қабілеттігінің арқасында, техника жетістіктеріне, аймақтық дәстүрлердің әсерінен, және де көркем шығармашылықтың көпғасырлық тәжірибелерінің ұстанымдарына берік болғандығынан, Ар Деко жан-жақты қабілетке ие болып, заманауи стилдің іргесінен құқылы орын алды.
         Әлеуметтің кең қатпарына танымал болу стилдің тұрақты «тұтынушылық» қызығушылығын және коммерциялық тартымдылығын қамтамасыз етті. Дизайн және сән саласында Ар Деко стилі заманауи безендіру эстетикасын енгізуге үлес қосты.
         Халықаралық заманауи безендіру стилі белгілі бір «тең әрекетті» білдіріп, жалпы көркемдеу барысының жылжу бағытын анықтады. Осы көзқарастан алсақ, Ар Деко стилінің тарихи көркемдеу тәжірибесіне қосқан үлесін бағалауымыз керек. Дәл осы Ар Деко стилінің ұсталары көркем сөздікте «естелік», «нақыш»,  «бейне» түсініктерін сақтап қалу үшін барлығын жасады. Ар Деко стилі таза тарихи стиль болған жоқ, алайда жасаушылардың ұстанымдары көбіне дәстүрмен жүргізген диалогтарынан туындаған ойларынан шыққан.

Ар Деко стилі джаз заманы секілді шығармашылық өрлеудің ерекше көрінісі болды. Классикалық стилден  Ар Деко қатаң симметрияны, кубизмнан соған сәйкес пішіндер, ал орыс балетінен жаңа жарқын түстерді алды. Соның ішіндегі кубизм стиліндегі негритяндық музыка- джаз кейде Ар Деко стилінің таңбасы ретінде «джаздық модерн» деп аталынып кеткен. Бірақ замандастар бұл стилді көбіне алабажақ, талғамның жоқтығы мен қымбаттылықтың боямалық түрі деп санады [3].
         Уақыттың «заманауи болу» деп қойылған талабына толық қанды жауап берген тек Ар Деко стилі ғана. Ар Деко стилінің негізіне салынған ымыра  көркем шығармашылық назарында болу мүмкіндігін беріп және ХХ ғасырдың барлық қиыншылықтарын тасасынан тыс қалдырмай отырғызып, таңдаулы топқа және жалпыға арналған мәдениетінің қиын қақтығыстарын шешіп, заманауи өмірдің қайғылы да жарқын жақтарын, адамзаттың үміттерін, армандары мен қиялдарын көрсете отырды.
        

 

 

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

 

·     Боков А. Про Ар Деко Проект «Россия». 2001.

·      Протопопов В.В. «Дизайн интерьера. Теория и практика организации домашнего интерьера». Март, М.,Ростов-на-Дону, 2004.

·     Михайлов С.М., Михайлова А.С. «История дизайна» Союз дизайнеров России, 2004.