Құрақтағы бояулар сыры
М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ, «ЖӨБТК және дизайн» кафедрасы,
Тараз қаласы.
Аға
оқытушы, магистр – Иманбекова Калдыбике Көбейевна
Қазақ қолөнерінің,
оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан
алуан. Халқымыздың ұғымында көгілдір түс
аспанның символы, қызыл түс – оттың,
қанның, өмірдің, жасыл түс -
өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ
түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс –
даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта
бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында
ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік
мандаланың философиялық мағынасынан да артық
мән-маңызға, құпия сырға толы екенін
байқатады. Қазақ қолөнерінің қандай
түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан
жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен,
қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен
астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша,
бұл жерде ұшбұрыштың және оған
қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша.
Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының
мәні үш дүниені тұтастыра білуінде.
Қазақтың дәстүрлі көзқарастары
бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның
белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты
меңзейді. Егерде
осы
үшбұрыштың
ішіне
қошқар
мүйіз
оюы
қиысса, ол
отты
бейнелейді. Жалпы, қазақтардың
ұғымында
ою-өрнек
магиялық
сипатта, ол
барлық
кіріс
пен
шығысты, қиысуды белгілейді. Зат
салатын бұйым. Ертеде жарапазан айтқан балалар
иығына қоржын арқалап, қазақ ауылдарын аралаған.
Әрбір үй оларға қолында бар құрт, ірімшік,
жент тәрізді тәттілерін беріп, күміс түйген орамалдар
сыйлап, балалар өз отбасына қоржынын несібеге толтырып
қайтатын болған. Алыс сапарға шыққандар да
астындағы атына қоржын теңдеген. Тіпті, сүндетке отырғызған
баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына
қоржын байлағаны мәлім. Қазір түрлі
қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді
қазақы қоржындар құдағилар арасында жүріп, сыйластықтың
бір дәнекері болуда
Құрақ көрпе: Оны трикотаж
тоқымалардың қиықта-рынан да, жібек маталардың
құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан
жасалған құрақ көрпелер жұмсақ
болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген
құрақ көрпенің ені жіңішкілеу,
ұзы-ндығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені
сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке
құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш
түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн
матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал
енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам
жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың
құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде
құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең
оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп
құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне
тұтас материалдан белдеу
жүргізеді.
Қиық сырмақ: Оны үйді
әшекейлеп, қабырғаға ілу, тақта үстіне
төсеу үшін жасайды. Кейбір дәулетті кісілер қиық
сырмақты палас ретінде еденге де төсеп тастайды.
Сырмақтың тұтас материалы үшін түйенің
жүні қажет. Өйткені, ол әрі жұмсақ,
әрі жеңіл, әрі жылы, әрі таза. Осы негізгі
материалдың үстіне ұлттық ою-өрнек
түріндегі құрақтар шаршылап орналастырылады.
Сырмақ үстіне ою тек қана ашық және біртекті
материалдардан әзірленеді. Сосын оны жымдастырып тігіп, шетін тегіс
әшекейлеп шығады.
Құрақ жастық: Үйдегі
құрақ көрпенің үстіне
құрақ жастықты қойып, қонақтар
оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір
ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады.
Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл,
әйтпесе қою көк түсті материалдан жасап, бетіндегі
өрнегін ақ немесе ашық сары түсті матадан орнатып,
жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті
көрікті болыпшығады.
Әдебиеттер.
1.
Шаңырақ энциклопедиясы, 145 бет
2.
Шебердің сиқырлы қалашығы. Шымкент баспасы, 2000 ж
3. Еңбекке үйрету.
Республикалық ғылыми әдістемелік журнал, №9-10, 2009
4. Бастауыш мектеп.
Әдістемелік журнал, №6, 2007ж