А/ш.ғ.
магистрі, 1 санатты оқытушы
А.М.Джусупова
Қазақ
гуманитарлық заң және техникалық колледжі
Құрылыс материалы
қасиеттерінің құрамы мен құрылымына
байланыстылығы
Құрылыс материалдарының
қасиеттері олардың құрамы мен құрылымына
байланысты. құрамдар химиялық,
минералдық және фазалық болып бөлінеді.
Материалдық химиялық, яғни химиялық элементтерден
тұратын, құрамына қарай, оның отқа,
микроорганизмдер әсеріне төзімділігін, механикалық және
тағы басқа техникалық қасиеттерін жорамалдауга болады.
Құрылыс материалдары ішінде көп тараған бейорганикалык
байланыстырғыш заттардың және табиғи тас
материалдардың химиялык кұрамы әдетте оксидтермен
(тотықтармен) сипатталынады.
Минералдар негізгі және қышкыл
тотықтардьң өзара байланысуынан түзіледі
(күралады). Мысалы, портландцемент құрамында үш
кальцийлі силикат - минерал 3СаО×SіO2
(қыскаша С3S) көбейсе (45-60%), оны құм
және сумен араластырғанда цемент тез катаяды, оның беріктілігі өседі.
Фазалық құрам қатты каңқа және ауамен, сумен
толған саңылауларда түзіледі. Саңылаулар ішіндегі
судың катты затқа (мұзга) айналуына байланысты
материалдың қасиеттері өзгереді - аязға
төзімділігі төмендейді, ал жылу өткізгіштігі өседі.
Көп құрылыс материалдарының
құрылымы олардың бөлшектерінің
(түйірлерінің) ірілігін, формасын өзара орналасуын,
байланысуын көрсетеді. Құрылым үш дәрежеде
анықталынады: 1) материалдың макроқұрылымы
(құрылымдағы саңылаулардың мөлшері бір-екі
мм) жәй көзбен көру аркылы; 2) микроқұрылымы
50-ден 2000 есеге дейін оптикалық микроскопта үлкейту арқылы
және 3) материал құрайтын заттың ішкі
құрылымы ондаган мың есе үлкейтіп көрсететін
электрондық микроскопта және рентген сәулесімен зерттеу
арқылы.
Катты құрылыс материалдарының,
ұялы, ұсақ саңылаулы, талшықты, қабатты
т.б. болуы мүмкін. Мұнда конгломератты (латынша жиналған,
құрылған деген сөз) құрылым
әртүрлі, мысалы, құмнан, малта (жұмыр) немесе
жарықша (қиыршык) тастардан, осыларды байланыстыратын заттардан
құралған құрылым-көбінесе бетондардың
сан-алуан түрлеріне., ұялы құрылым макросаңылаулы
газ және көбік бетондарга, ұялы пластмассаларға, ал
ұсақ саңылаулы құрылым ерітіндігеға
көп су қосу және оны күйдіргенде жанып кететін
қосындылар қосу әдістерімен жасалған керамикалық
материалдарға тән. Талшықты құрылым ағаш
материалдарға, шыны мактадан жасалған бұйымдарға,
қабатты құрылым қағазпластқа, текстолитке
тән.
Материалдардың микроқұрылымы
олардың бөлшектерінің мөлшерін, формасын, материал
көлеміндегі санын (оптикалык микроскопта ауданның бір шаршы
сантиметріне келетін бөлшек саны мен сипатталады) көрсетеді.
Материал түзетін заттардың ішкі
құрылымы кристалл немесе аморф түрлі болады. Кейбір
заттардың, мысалы, кварцтың ізі құрылымы осы екі
түрде де кездеседі; кристалды түрі тұрақтырақ,
өйткені ол әкпен қосылу үшін 175°С және 1МПа
қысым кажет, ал аморфты түрінде кездесетін кварцтрепел
кәдімгі температурада (20°С шамасында), ешқандай кысымсыз
әкпен байланысып кристалл түрлі сулы силикат түзеді.
Құрылыс материалдарының берік,
қатты, балқығыш т.б. қасиетті болуы оларды
түзетін заттардың ішкі құрылымына-кристалл
торларының түріне (текшелі, гекоагональды т.б.) байланысты.
Атомдардың кристалл ішінде орналасуын және атомдардың аралығын
рентген сәулесінін заттың атомдық жазыктықтарынан,
атомдарынан кері шағылысып экранга түсетін дақтарына
қарап, анықтауға болады, өйткені затты
құрайтын атомдардың ара кашықтығы рентгендік
сәуле толқынының ұзындығымен шамалас. Электрон
сәулесі толқынының ұзындығы рентген
сәулелерінен әлдеқайда кем екені ақикат. Сондықтан
рентгенограммада өте майда фазалардың сызықтары өте
көмескі көрінеді, оларды жоғарғы дәлдікпен
өлшеу мүмкін емес. Мұндай жағдайда электронография
(электрондардың затқа жұтылмай қарқынды
шағылысатындығына негізделген) заттың өте
ұсақ бөлшектерін зерттеуге кеңінен пайдаланылады.
Қолданылған
әдебиеттер
1.
Микульский В.Г., Горчаков Г.И., Козлов
В.В. и др. Строительные материалы.- М.: АСВ, 2004;
2.
Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строителъные
материалы.-М.:"Стройиздат", 1986;
3.
Попов Л.Н., Попов Н.Л. Строительные
материалы.- М.: Стройиздат, 2004;
4.
Домокеев А.Г. Строительные материалы. -М.:"Высшая школа, 1989;
5.
Казак ССР Ғылым академиясының тіл мен әдебиет институты. Орысша-казақша терминология
сөздігі, І және І І
томдары.-Алматы, 1959 және 1962;
6. Казак ҒА тіл білімі институты. Орысша-казақша сөздік. Том
І.ІІ. Алматы, "Кітап, 1978 және 1981;
7. Махмудов X., Мұсабаев Г.
Казақша-орысша
сөздік. Алматы, КЭС бас
редакциясы, І988 (2-басылымы), 1988 (3-басылымы).