Орындаған: Адилбаев Айтжан

Тақырыбы: «Бағдарламалық инженерия бағыты бойынша оқыту бағдарламасының экспертизасын автоматтандырылған жүйесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

Қазіргі таңда көптеген ақпараттық жүйелер бар. Солардың ішінде жан-жақты бағытта дамып, көптеген салаларды қамтып отырған «Бағдарламалық инженерия» бағыты. Дәл осы бағытта қозғалатын мәселеге байланысты, көптеген мекемелердің жұмысын автоматтандыру кажеттілігі туындауда. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құрастыру қазіргі кезде білім саласында да қажеттілігі туындауда. Білім саласында жұмыс жасайтын тәлімгерлерге арналған біріңғай ақпараттық жүйенің программалық модулін, және мүмкіндігінше  қолданыста бар басқа программалық ақпараттық жүйелермен интеграциясын қарастыру. Қарастыратын мәселелер бағыты бойынша қазіргі заманға сәйкес әдістерді, бағдарламалық инженерия, визуализация, және ақпараттық жүйелердің құрылымы мен осы процесстердің автоматтандырылуы.

Жүйеге спецификацияның жасауының бастапқы кезеңдерден қолдауға дейін бойымен өндiрiстiң барлық аспектiлерiмен байланған инженерлік тәртiбi бұл пайдалануға тапсырудан кейін бағдарламалық инженерия -. Бағдарламалық инженерлер жүйелі қолданылуы керек және ең жоғары тиiмдiлiктi жетiстiк үшін жобаның үстінде жұмысқа ұйымдастыру тәсiлдерi және жүйенің сапасы. Көпшiлiк мақұлдаған сiздiң ұрысқақ тәсiлiңiз дұрыс емес сапада теріс айтқан пiкiр, және жүйенің өткiзуi мерзiмдерi. Әдiс келесi құрамдастар тұру тиiстi:

·         жүйе модель сипаттамас және олардыңның өсиеттерiнiң объектiнiң үлгiлерi - автоматты үлгiлер және тағы басқалар;

·         үлгiлердi жүйеде пайдалануға шектеу үстiне қоятын ережелер;

·          ұсыным - эвристика жобалаудың жақсы тәсiлдерi осы әдiсте мiнездейтiн;

·         жұмысқа басшылықты - үлгiлердi жасау уақытында еруге болған iс-әрекеттердi сипаттама, және келесi олардыңның (төлсипат бәрi осы объектiден байланған операцияларды ұйғарымға дейiн құжаттауы керек бол) пайдалануы.

Жалпы «технологиялық тиімділік» деп, программалық жабдықтың жобасының сапасын түсінеді. Программалық жабдықты жасауға және оны кейіннен жетілдіріп отыруға кететін еңбек және материалдық ресурстар тікелей жобамен (проектімен) байланысты болады. Барынша жан-жақты, сауатты құрылған жобаны кодтау, тестілеу, жөндеу және  және модификациялау да жеңіл болады.

Программисттердің жинақталған тәжірибелері бойынша программалық жабдықтың технологиялылығы келесі факторлармен анықталады:

-         модельдің жан-жақты қарастырылғандығы (проработанность моделей);

-         модульдердің өзара тәуелсіздігінің деңгейі (уровень независимости модулей);

-         программалау стилі (стиль программирования);

-         кодтарды қайталап қолдану дәрежесі (степень повторного использования кодов).

Програрммалық жабдықтың моделі неғұрлым толық зерттелген, жан-жақты ескеріліп жасалған болса, онда жалпы есепке кіретін бөлек есептерді (подзадачаларды), мәліметтердің құрылымын  және т.б. анықтау да соғұрлым нақтырақ болады, оларды жобалау және жүзеге асыру жеңіл болады, қателер азаяды. Ал модульдер неғұрлым өзара тәуелсіз болса, соғұрлым олардың жүзеге асырылуы, модификациялануы, олардағы қатені іздеу және т.б. жеңіл болады.

Программалау стилі деп программаны әрлеу стилін және құрылымдылығын түсінеді. Программаның құрылымдылығы оның оқылуына (читаемость программы) және программалауда қате жіберілмеуіне әсер етеді. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы кризис, яғни спагетти- программалар осы құрылымдылықтың болмауының  нәтижесі.

Бойымен әзірлеу жоба күйреуге барлығы бағдарламалық инженерлiктiң талаптарын есептеусіз мүмкін әкелу. Бойымен жасауға тиiмдi өнiмдi жасауға ең тиiмдi жолымен бағытталған құрылымдық тұрғыда қарау бағдарламалық инженерлiктiң әдiсi -. Салынған мынау үлгiлердi келесі пайдаланумен жүйенің график түрінде үлгiлерiн жасаудың ойында әдіс бәрі іс жүзінде спецификация ретінде немесе жүйенің архитектурасы. Әдiс келесi құрамдастар тұру тиiстi

Кодтардың қайта пайдаланылу дәрежесі, бұл бұрыннан бар кітапханаларды, кластарды, подпрограммаларды пайдаланумен және жаңадан жасалған кодтарды унификациялаумен анықталады. Бұл барлық жағдайда тиімді болмауы мүмкін, мысалы кодтарды қайта пайдалану жасанды  түрде жоғарылатылса, онда жобаның  технологиялылығы да соғұрлым төмендеуі мүмкін.

Программалық жабдықтың жалпы құрылымы анықталғаннан кейін, әдетте  ұстаным таңдалынады: құрылымдық ұстаным немесе объектілік ұстаным немесе компоненттік ұстаным .

Ұстаным  анықталғаннан кейін, жоғарыдағы айтылған программаның жалпы құрылымын жеке компоненттерге декомпозициялау басталады, бұл декомпозиция мүмкін емес болғанға дейін жүреді. Мұндай  декомпозицияның нәтижесі, құрылымдық ұстанымда  – подпрограммалар мен модульдердің иерархиясы болып шығады, ал объектілік ұстанымды пайдаланатын декомпозиялауда, класстар түріндегі иерархия алынады. 

Программалық жабдықтың өмірлік циклының негізгі кезеңдерінің бірі- есептің қойылуы  кезеңі. Мұнда программалық жабдықтың орындайтын қызметі және программалық жабдыққа қойылатын талаптар анықталады. Бұл талаптар екіге бөлінеді:

-         функционалдық талаптар, яғни бұл болашақта жасалатын программаның қандай жұмыстарды, функцияларды орындайтынын анықтайды;

-         эксплуатациялық талаптар, бұл болашақ программалық жабдық қандай жағдайларда жұмыс жасайтынын анықтайды.

Программалық жабдықтарға қойылатын негізгі эксплуатациялық талаптарға төмендегілер жатады :

-         дұрыстығы,  техникалық тапсырмаға сәйкес жұмыс жасауы ;

-         универсалдығы – кез-келген мүмкін  жағдайларда дұрыс жұмыс жасауы  ;

-         сенімділігі  – түрлі қателерден кейін дұрыс жауаптарды қайтара алуы;

-         тексерілуі  - нәтижелерді тексеру мүмкіндігі;

-         нәтиженің дәлдігі  -  нәтижелер ауытқуының берілген шамадан аспауы;

-         қорғалған болуы  - ақпараттың құпиялылығын сақтай алуы;

-         программалармен үйлесімділігі -  басқа программалармен үйлесімді жұмыс жасау  мүмкіндігі;

-         аппаратпен үйлесімділігі  -  кейбір құрылғылармен үйлесімді жұмыс жасау  мүмкіндігі ;

-         тиімділігі  - техникалық ресурстарды аз және жылдам пайдалану мүмкіндігі  ;

-          қайта пайдаланылуы  - қайта жүктемей-ақ іске қосыла беруі  ;

 

Техникалық тапсырма - программалық жабдықты құру мақсаттары, оған қойылатын талаптар, жасау уақыты мен кезеңдері, тапсырыс берушіге өткізу мерзімі және т.б. көптеген мәліметтер қамтылған  программалық жабдық туралы толық мәлімет  беретін құжат. Техникалық тапсырманы жасауға тапсырыс беруші де және оны орындаушы да қатысуы керек.  Ол келесі бөлімдерді қамтиды:

-         кіріспе;

-         программалық жабдықтар жасаудың қажеттілігін негіздеу;

-         программалық жабдықтардың қызметі;

-         программалық жабдықтарға қойылатын талаптар;

-         программалық жабдықтардың құжаттарына қойылатын талаптар;

-         техникалық-экономикалық көрсеткіштер ;

-         құру кезеңдерімен стадиялары;

-         программалық жабдықты қабылдау және бақылау тәртібі.

Құрылымдық ұстанымға негізделген программалық жабдықтарды  құруда, талдауда және жобалауда негізінен келесі модельдер элементтері қолданылады:

-         мәліметтер ағынының диаграммасы (DFD – Data Flow Diagrams) бұл ақпарат көзі  мен оны қабылдаушының арасындағы әрекетті жүйенің (программалық жабдықтардың) процесі түрінде сипаттайды;

-         «мәнді байланыс» диаграммасы (ERD – Entity – relationship diagrams) жүйенің (программалық жабдықтардың) деректер қорын сипаттайды;

-         күйлер ауысуының диаграммасы (STD –State Transition Diagrams) жүйенің уақытқа байланысты күйінің өзгеріп отыруын сипаттайды;

-         процестердің спецификациясы, оны көрсету үшін әдетте тексттер, псевдокодтар, Flow-формалар , Насси-Шнейдерман диаграммалары қолданылады;

-         терминдер сөздігі – бұл спецификациялы беруде қолданылатын терминдер, қысқартылған сөздерге берілетін түсініктемелер.

Күйлер ауысуының диаграммасы (диаграмма переходов состоянии) – бұл ақырғы автоматтардың графиктік формасы болып табылады. Бойымен әзірлеу жоба күйреуге барлығы бағдарламалық инженерлiктiң талаптарын есептеусіз мүмкін әкелу. Әдiс келесi құрамдастар тұру тиiстiАқырғы автоматтар (конечные автоматы)-  техникалық құрылғының дербес іс-әрекетін (детерминированное поведение)  модельдеу үшін қолданылатын математикалық абстракциялық ұғым, автоматтар теориясында анықталған. 

Күйлер ауысуының диаграммасының  қызметі басқару кезіндегі оның реакцияларын немесе поведениелерін (спецификацияны анықтау кезіндегі) көрсету болып табылады. Мұнда басқарушы сигнал немесе қолданушының командасы болуы мүмкін. Бұл команданы алғаннан кейін, жүйе оған жауап ретінде бір әрекет жасайды, яғни сол күйін сақтап қалады, не болмаса басқа күйге ауысады. Автоматтар теориясына сәйкес, мұнда диаграмма тұрғызу үшін, анықталады: бастапқы күй (терминальное состояние); әсер етуші басқарушы сигнал (немесе көшу шарты); орындалатын әрекет немесе бірнеше варианттар.

Функционалдық диаграммалардың қызметі программалық жабдықтар құрамындағы  функциялардың өзара байланысуын, иерархиясын көрсетеді. Функционалдық диаграммалардың  функционалдық модельдер деп те атайды. Функционалдық моделдің көп тараған түрінің бірі SADT (Structured Analysis and Design Technigue –технология структурного анализа и проектирования). Оны  1973 жылы  Д. Росс ұсынған. Функционалдық диаграммаларды  тұрғызу келесі қағидаларға негізделген :

-         әрбір функция  бір  блок ретінде қарастырылады;

-         әрбір блок үшін  бастапқы мәлімет, басқарушы команда, функцияны орындаушы механизм (программалық жабдық немесе техникалық құрылғы) және нәтиже анықталады.

Объектіге бағдарланған программалау – бұл программалық жабдықты, қандай да болмасын кластың өкілі болып табылатын, объектілердің жиынтығы түрінде құратын программалау методологиясы.

Объектіге бағдарланған жобалау – бұл құрылатын ақпараттық жүйенің (немесе программалық жабдықтың) барлық статикалық және динамикалық модельдерін  объектілі декомпозициялау процесі мен модельдердің логикалық, физикалық тұрғыдан беру тәсілдері негізінде  жобалау методологиясы.

Объектіге бағдарланған талдау – бұл жобаланатын жүйеге қойылатын талаптар, пәдік облыстағы анықталған кластар мен объектілер тұрғысынан қарастырылатын методология. 

         Объектіге бағдарланған ұстанымның концептуалдық негіздеріне объектіге бағдарланған ұстанымның моделі жатады. Объектілік модельдеудің негізгі элементтері: абстаркциялау, инкапсуляция, модульділік және иерархия.  Қосымша элементтері: типтелу, паралеллизм және тұрақтылық.

         Абстракциялау – бұл  қандай да болмасын объектіні, өзге объектілерден ажырататын белгілері, сипаттамалары және т.б. арқылы бөліп алу, жалпы абстракциялау объектінің сыртқы ерекшеліктеріне негізделеді. Объектіге бағдарланған ұстанымда, берілген объектінің дұрыс абстракциялануы, жобалаудың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

         Инкапсуляция – бұл объектінің, өзінің ішкі элементерінің, бір бірінен ажыратылу процесі. Бұл процесс кезінде объектінің ішкі құрылымдары мен оқиғалары бір- бірінен дұрыс ажыратылады. Инкапсуляция объектінің интерфейсін қорғау үшін қолданылады немесе объектілік ұстанымда класстың ресурстарын, тек оның өзінің ғана пайдалануын қолдайды. Абстракциялау мен инкапсуляция бірін бірі толықтырады.

         Модульділік – бұл программалық жабдықтың декомпозициялану кезінде өзара байланысқан, бірақ өте әлсіз байланысқан модульдерге бөліну қасиеттері. Инкапсуляция мен модульділік қасиеттері абстракцияларды бір- бірінен ажыратады.

           Иерархия  – бұл жүйедегі абстракцияланудың бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын тағайындайды. Бұл күрделі жүйедегі класстардың құрылымы (иерархиясы). Мысалы, жай және көп қабылдаушылықты айтуға болады.

Типтелу – бұл абстракцияға байланысты класстарды бір бірінен ажырату үшін қойылатын шектеулер.

Паралеллизм –  бұл объектінің актив және пассив түрде болуын көрсетеді.

Тұрақтылық – бұл объектінің өмір сүру уақытын көрсетеді.

Объектіге бағдарланған ұстанымның негізгі түсініктері: объект, класс.

Объект класстың  экземпляры тұрғысынан қарастырылады. Объектінің күйі, оқиғасы және жеке  қасиеттері болады. Объектіге әсер етуді әдіс деп атайды. Класс қабылдаушылық пен инкапсуляция және полиморфизмді (абстракцияны) қанағаттандыратын құрылымдық жиынтық тип ретінде қабылданған..

Объектіге бағдарланған анализ бен жобалау әдістері модельдеу тілі мен модельдеу процестерінің сипаттамаларынан тұрады.

 Модельдеу тілі жобаның сипаттамасын беру үшін қолданылатын нотация.  Нотация – бұл модельдерде қолданылатын графиктік объектілердің жиынтығы. Модельдеу тілінің синтаксисі де нотациямен анықталады.  Процесс – бұл жобаны құру кезінде жасалатын қадамдардың сипаттамалары.

UML (Unified Modeling Language) – бұл 1980-1990 ж. қолданылып келген, объектіге бағдарланған анализ бен жобалаудың орнына келген әдіс болып табылады. UML алу үшін бірнеше авторлардың әдістерін біріктіруге тура келді:  Boosh  – авторы Гради Буч; OMT (object modeling technique) – авторы Джеймс Рамбо; OOSE (object oriented SoftWare engineering) –  авторы Ивар Якобсон.

UML  тілінің негізгі мақсаттары мен мүмкіндіктері:

-         қолданушыға түсінікті болатын визуальды модельді құру;

-         модельдегі базалық концепциялардың кеңейтуге бейім болуы;

-         программалау тілдеріне, құру процессіне тәуелсіз болуы;

-         модельдеу тілінің формальды негізде болуын қамтамасыз етеді;

-         объектілік бағдарланған жабдықтар нарығына стимуляция жасайды;

-         практикалық тәжірибелердің ең жақсысын біріктіру және тарату;

Класстар диаграммасы  – жүйедегі класстардың статикалық құрылымын модельдеу үшін және класстар арасындағы байланысты көрсету үшін жасалады.

Класстар диаграммасы  объектіге бағдарланған ұстанымдағы негізгі диаграмма болып табылады. Класстар диаграммасының қызметі: жүйедегі объектілердің типін анықтау және олардың арасындағы байланысты көрсету болып келеді. Байланыстың статикалық екі түрі қолданылады: ассосация және подтиптер (тума типтер).

Бұлардан басқа класстар диаграммасының элементтеріне атрибуттар, операциялар және объектілер арасындағы шектеулер жатады. Класстар диаграммасын жобалаудан бұрын, ол диаграмманың қандай мақсатта қолданылатынын анықтап алу керек.

Класстар диаграммасын жобалаушы  үш түрлі мақсатта қолдануы мүмкін:

-         концептуалдық аспект    мұнда класстар даграммасы зерттелетін пәндік облыстағы негізі ұғымдарды анықтайды. Бұл ұғымдар болашақта құрылатын класстарға сәйкес болу керек, бірақ іс жүзінде ол барлық уақытта бірдей орындалмайды. Сондықтан концептуалдық модель болашақ ақпараттық жүйемен әлсіз байланыста болады және ол программалау тіліне тәуелсіз болады;

-         спецификациялық  аспект – мұнда құрылатын диаграмма ақпараттық жүйенің (программалық жабдықтың) интерфейсі деңгейінде жасалады. Класстың өзінің ішкі құрылымы қарасытырылмайды;

-         жүзеге асыру аспектісі (реализация) – мұнда класстар диаграммасы ақпараттық жүйеге (программалық жабдыққа) қатысатын класстарды ішкі құрылымдарымен қоса анықтайды. Бұл аспекті программистер үшін негізгі диаграмма болып табылады.

 

Стандарттарға сипаттама.

Программалау технологиясы, бұл - программалық жабдықтарды жасау процесінде қолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы.

Электрондық-есептеуіш машиналар алғаш қолданыла бастаған кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін  оларға арналған программалар жазу  негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Программалық жабдықтың өмірлік циклы деп, оны құру туралы идея  пайда болған кезден бастап, оны жасаған фирманың программалық жабдықты  әрі қарай қолдап жетілдіруі тоқтатылғанға  дейінгі уақытты айтады.

Программаның өмірлік циклының құрылымы   ISO IEC 12207: 1995 Information Technologe - Software Life Cycle Processes (Информационные технологии - Процессы жизненного цикла программного обеспечения) халықаралық стандартымен анықталған, мұндағы ISO – International Organization for Standardization (Международная организация по стандартизации)  және ІЕС - International Electrotechnical Commission (Международная комиссия по электротехнике).

Аталған стандарт бойынша  программалық жабдықты құру келесі процесстерден тұрады:

-         даярлық жұмыстары;

-         болашақ жүйеге немесе программаға  қойылатын талаптарды анықтау;

-         болашақ жүйенің немесе программаның архитектурасын жобалау;

-         программаға қойылатын талаптарға талдау (анализ) жасау;

-         программалық жабдықты детальды жобалау;

-         программалық жабдықтың кодын жасау және тестілеу;

-         программалық жабдықты жүйеге кірістіру;

-         программалық жабдықты құжаттау;

-         программалық жабдықты қолдап отыру.

 

Жоғарыда аталғандардың барлығы ортақ стандарттар деп атап өтуше болады. Дәл осы жобада қарастырылатын стандарттар қатарын атап өтуге болады. Негізгі жұмыс жоспары:

·         «Ұсыныс берушінің» келіп түсетін өтініші;

·         Өтініш қарастырушы «Экспертке келіп түсуі»;

·         Келіп түскен өтініш деректер базасымен интеграция жасай отырып, критерийлерге байланысты талаптардың белгіленуі;

·         Деректер базасы алдын ала құрылған деректер базасынан тұрады? Ол базада көптеген мәліметтер және мемлекеттік оқу стандарттары қарастырылады;

·         Соңғы нәтиже ретінде, эксперттердің, ұсыныс берушіге деген дайын бағалау нәтижесін шығару болып табылады.

1 – сурет.

Қолданушының интерфейсін құру. Қолданушы интерфейстерінің түрлері және оларды құру кезеңдері

 

Программалау технологиясында, қолданушының компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарымен жұмыс жасау үшін пайдаланатын әдістері мен құралдарының жиынтығын  «қолданушының интерфейсі» деп атау келісілген. 

Қазіргі заманауи ақпараттық жүйелердің жұмыс жасау мүмкіндіктері қолданушының  интерфейстерімен тығыз байланысты. Мысалы, қандай да болмасын объектінің (компьютер, программалық жабдық немесе подпрограмма) интерфейсі өзгермейтіндей тұрақты болса, онда объектінің өзін өзгертуге көбірек мүмкіндік болар еді, яғни оның басқа объектілермен (мысалы, қолданушымен) қарым-қатынас қағидалары қарастырылмайды.

 Есептеу жүйелеріндегі интерфейстерді компьютерлік техникаға қатынас тұрғысынан келесі топтарға бөледі (1- сурет):

-       аппараттық интерфейс;

-       программалық интерфейс;

-       қолданушының интерфейсі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Командалық жол интерфейсі

Графиктік интерфейс

Диалогтық интерфейс

Кәдімгі  тілдегі интерфейс

Тактильдік интерфейс

Дыбыстық интерфейс

Нейрокомпьютерлік интерфейс

 
                    

 

 

Функция  интерфейсі

Қосымшаны программалау интерфейсі (АРІ)

Процедураларды қашықтан шақыру

СОМ- интерфейс

Объектіге-бағдарланған программалаудағы интерфейс

 
 

 

 

 

 


2 - сурет.  Есептеу жүйелеріндегі интерфейстер

 

Қолданушының интерфейсі барынша  қолданушыға жақын болуы қажет, себебі қолданушының назары программада емес, керісінше өзінің жасап жатқан құжатында болуы керек.  Мысалы, жиі қолданылатын командалардың бірі 2-3 деңгейлерде яғни басқа бір ішкі мәзірлерде  орналасса , оны іздеуге қолданушының біраз уақыты кетіп отыратын болса, онда интерфейсті қолданушыға жақын немесе ыңғайлы деп айтуға келмейді.  Программалық жабдық үшін интерфейстің маңызы өте зор. Программа  қанша жерден жақсы бола берсін, егер онымен жұмыс жасау ыңғайсыз болса, онда оны қолданушы қабылдай алмайды. 

Қолданушы интерфейстерінің қазіргі көп тарағаны- графиктік интерфейс. Мысалы, Windows операциялық жүйесінің көп таралуының бір себебі, оның қолданушыға ыңғайлы графиктік интерфейсінің болуы деп айтылып жүр. Қолданушының графиктік интерфейсі (Graphical User Interface, GUI) 1970-ші жылдардың ортасында, Xerox Palo Alto Research Center-де (PARC), Smalltalk ортасында жұмыс істейтін Alto және Star машиналары үшін жасалған алғашқы жұмыстардан басталды.  Кейде оны «визуальды интерфейс» немесе «терезелі графикалық орта» деп атайды. Қазіргі заманауи жүйелердің көпшілігінде, мысалы,   Microsoft Windows,  Mac OS, Solaris, GNU/Linux, NeXTSTEP, OS/2, BeOS,  Android,  iOS,  Bada, MeeGo жүйелерінде қолданушының графиктік интерфейстері пайдаланылған.

Қолданушының графиктік  интерфейсі графиканы растрлық экран дисплейінде қолдануға мүмкіндік береді. Графика экранда элементтердің нақты орнын көрсетеді, ақпаратты берудің визуальды ортасы және көрнекі графика және форматталған мәтіндер барлығы бірігіп «не көрсең соны аласың»  (WYSIWYG - What you see is what you get) мүмкіндігін береді.

Қазіргі қолданушылар компьютерді үйрену және жаңа программаларды меңгеру үшін көп уақыт шығындамайды. Windows үшін жазылған программалық жабдықтардың көбінде дерлік бір типтес қолданушы интерфейстері пайдаланылатындықтан, олар  қолданушы үшін бір мағынада қабылданады.  Windows жүйесі осыған көмектеседі. Windows үшін жазылған программалық жабдықтардың қолданушыға арналған интерфейсінің негізгі элементтері: терезелер, мәзірлер, сұхбат терезелері, суретті батырмалар және т.б.  болып табылады.

Қолданушының интерфейсін құру кезеңдері программалық жабдықты құзу кезеңдерімен сәйкес келеді және есептің қойылуы, талаптар мен спецификацияларды анықтау, жобалау, жүзеге асыру, тестілеу мен жөндеу секілді кезеңдерді қамтиды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Дейт, К., Дж. Введение в системы баз данных. 6-е изд. – К.; М., СПб.: «Вильямс», 2000. – 848с.

2.   Ступин А.А., Ташкин В.Е. Анализ тестовых заданий в системе управления обучением MOODLE // Технологическое образование и устойчивое развитие региона: сб. тр. Межд. науч.-практ. конференции, посвященной 25-летию факультета техно­логии и предпринимательства НГПУ/ под ред. В. В. Крашенинникова. - Новосибирск : Изд. ГОУ ВПО НГПУ, 2008. - Ч. 2. -С. 84-90.

3. Сайт компании Omron Электронный ресурс. URL: http://www.Omron.ru (дата обращения 16.08.2012).

4. Карасева О.А. «Курс Программной инженерии»

5. Позин Б. А. SEMAT — Software Engineering Method and Theory.

6. D.L. Parnas, «Software Engineering Programmes Are Not Computer Science Programmes,» CRL Report 361, Communication Research Laboratory, McMaster Univ., Apr. 1998; to be published in Annals of Software Eng., 2001

7. Information Technology of America, «Major New Study Finds Enormous Demand for IT Workers: Research Pinpoints Hot Jobs and Skills Needed, Offers Insights on Employer Preferred Training Approaches».

8. Махмутов Г.Р., ГОУ ВПО «Методика применения методов программной инженерии на этапах разработки информационной системы»

9. Хорошилов А.В. Управление информационными ресурсами. Учебник Гриф МО РФ / А.В.Хорошилова, С.Н.Селетков, Н.В.Днепровская. - М.: Финансы и статистика, 2006. – 271 с.